Маңғыстау облысының құрылғанына 40 жыл - 10 Декабря 2013 - Анекдоттар - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » 2013 » Желтоқсан » 10 » Маңғыстау облысының құрылғанына 40 жыл
19:07
Маңғыстау облысының құрылғанына 40 жыл


Биыл Маңғыстау облысының құрылғанына 40 жыл толып отыр. 
Желі қолданушылары Қасиетті Маңғыстау өлкесінің суреттерін көре отырып, рухани байлығымен сусындап, әдеби жауһарларынан тағылымды әсер аларына сенеміз.

«Жұмбақ жайлап, аңыз өрген Маңғыстау!»


Маңғыстау – Қазақстанның оңтүстік -батыс бөлігінде орналасқан. Бүкіл Жер шары көлемінде алып қарасақ, Еуропа мен Азия/Азияның түйіскен тұсында. Бұл аймақтың жан-жақпен экономикалық қарым-қатынас жағдайы да өте тиімді. Өйткені облыстың батысы мен солтүстігін қоршай орналасқан Каспий теңізі арқылы Шығыс Еуропаға шығуға толықтай мүмкіндік болса, оңтүстігінде Түрікменстан, оңтүстік-шығысында Қарақалпақстан, солтүстігі мен солтүстік-шығысында Атырау, Ақтөбе облыстарымен шектесіп, күнбе-күнгі түрлі экономикалық байланыс мүмкіндігі жақсы жолға қойылған.









Маңғыстау орталығы - Ақтау қаласы.




Ақтау қаласы — Маңғыстау облысының орталығы. Қаланың алғашқы іргетасы 1963 жылы Ленинград жобасымен Каспий теңізінің жағасында салына бастады.
2005 жылдың басында Ақтау қаласының халқы 159,2 мың адамды құрады. Бұл барлық облыс халқының 44%. Ақтаудан Астанаға дейінгі ара қашықтық — 2413 км.
Ақтау қалалық әкімшілігіне мынадай поселкелер кіреді: Маңғыстау (тұрғындарының саны 19,4 мың адам) және Өмірзақ (1,4 мың адам).
2004 жылы қала мұнайшылары 9,5 млн. тонна шикі мұнай немесе облыс бойынша барлық өндірілгеннің 61% өндірді. 2,3 млрд. кВт. сағат электр энергиясы, 268 тонна өңделген сүт, 1478 тонна басқа сүт өнімдері, 21,5 мың жұп аяқ киім шығарылды.

Мұнайшылар қаласы - Жаңаөзен


Облыс қарауындағы қала Жаңаөзен 1968 жылы құрылған. Бұл қаламызға биыл 45 жылдығы болып отыр. 2005 жылдың 1 қаңтарына қалада 60,7 мың адам немесе облыстың барлық халқының 17% тұрған. Ақтаудан Жаңаөзенге дейінгі ара қашықтық — 150 км. Жаңаөзен қалалық әкімшілігіне кіретін ауылдар: Теңге (тұрғындарының саны 12,7 мың адам) және Қызылсай (4,0 мың адам) ауылдары кіреді.
2004 жылы қала мұнайшылары 6,2 млн. тонна шикі мұнай немесе облыс бойынша шығарылған көлемінің 39%, 0,9 млрд. текше метр табиғи газ шығарған.


Киелі Маңғыстау жері әулиелерге бай. Әрқайсысының өзіне тән қайталанбас қасиет ерекшелігі болғаны да аян.Уақыттың куәлік етуінше олардың әрқайсысының киесі мен шарапат-шапағатының әсер ету күші де әр алуан болып келеді. Айталық: бірі қан тамырын ұстау арқылы бүкіл болмысына деректерді қолға ұстатқандай, көріп-танып отырғандай баян етсе, енді бірі кәдуілгі қырық бір құмалықты ашып, сол арқылы айқын болжамдар жасаған; ал келесі біреуі болса кісінің бет-жүзіне қарап отырып-ақ, келген шаруасы мен ниет-пиғылын ашып беріп отырған.

БЕКЕТ АТА


Бекет-Ата 1750-1813 жылдары өмір сүрген әулие, көріпкел, батыр, сәулетші, ағартушы. Жем өзені бойнындағы Ақмешіт-Құлжан, Маңғыстау өңірі. Мүрдесі Маңғыстауда-Оғыландыдағы өз мешіт ғимаратында қойылған.
Ол 4 мешітті салған: Құлсарысының біріншісі – Ақ-мешіт, екіншісі Бейнеу ауылынан 20 километр жерде, үшіншісі – Үстірттегі Байшатыр, төртіншісі жерсасты мешіті шың массивті Оғланды. Бөлмелері – жеті. Оның ішінде киелі акустика. Осы мешіттің жанында жерленген. Бекет-Ата – діни, тарихи және сәулет ескерткіші.
Бекет-Атаға жол Шопан-Ата арқылы өтеді. Бекет-Ата өзінің соңғы күндеріне дейін Ұстазына, Шопан-Атаға мұсылмандар келгенде ерекше қуанатын. Бүгінгі күнге дейін Шопан–Атаға бару Бекет-Атаға соғу дәстүрлі бағыт болып кеткен.

ШОПАН АТА


Шопан-Ата –әйгілі Қожа Ахмет Яссаудің шәкірті. Ол 12-дың 2 жартысында өмір сүріп, ер ішінде мұсылман дінінін уағыздаған әулие адам. Шопан-Ата тұрғызған жер асты мешіт пен қорым ел ұғымында киелі, қасиетті орын саналады. Оңт. Маңғыстау өңірінде, бағзы Хорезм жолының бойында Солт. Шығысқа қараған сай тұйығынан қашалған үлкен бөлме. Оң жағында тағы бір шағын бөлме, оның едені биік. Сол жақ қабырға астынан қабірхана үңгіген. Төрден сай үстіне шығып кететін есік бар. Есіктің сыртқа шығар аузы алдында беті шымылдықпен перделенген қабірхана. Аңыз бойынша оған Шопан-Атаның қызы жерленген.

ОТПАН ТАУ



Отпантау – тарихи-мәдени кешен, кесене. 2007 ж. 25 қазанда ашылды. Кешен С.Адайдың бастамасымен 2004 ж. қолға алынған. Сарапшылар алқасының ұйғарымымен К.Демесіновтің жобасы кешен негізіне таңдалып алынды. Осы жоба бойынша Отпан таудың басында салынған 12 құлпытас ортасынан қос күмбез көтеріліп, ол алтынмен апталынды. Үш құлпытастың ортасындағысының қас бетіне алтын әріппен «Адай ата» деген сөз жазылды. Отпантау кесенесіне кірер есік екеу: олар «қасиетті қос босаға» деп аталады. Күмбезді көтеріп тұрған құлпытастарға Адайдың сегіз арысының аттары, ал күмбездің ішкі бетіне Адай ұрпақтарының аты мен рулық шежірелері алтын әріппен жазылған. Кіреберістегі керегелер биік мұнараларға бекітілген. 12 қанат керегенің ішкі беті гранитпен қапталып, оған әр түрлі тілдерде Адай туралы дерек-жазбалар ойылып түсірілген. Кесененің диаметрі 7 м, биіктігі 13 м. Кесене және оның шығысындағы төбе басында көк бөрілер мүсіні орнатылған. Тау басына көтерілетін айналма тепкішекті қоршай жаяу және көлік жолдарына тас төселген. Күмбез төбесіне сәуле шашып тұратын қуатты шырақ жағылған; газ, электр желісі мен тұщы су құбыры тартылған. Кесененің негізгі материалдары жергілікті орындардан алынған; гранит пен мәрмәр тастар шетелден әкелінген; ал көк бөрі мүсіндері мен алтын аптаулар шет ел зауыттарында құйылып жасалған.

Просмотров: 1466 | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Маңғыстау облысының құрылғанына 40 | Рейтинг: 0.0/0