Жаңаөзен қаласынa 45 жыл - 8 Декабря 2013 - Анекдоттар - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » 2013 » Желтоқсан » 8 » Жаңаөзен қаласынa 45 жыл
23:50
Жаңаөзен қаласынa 45 жыл


Жаңаөзен — Маңғыстау облысындағы қала, қалалық әкімшілік орталығы. Облыс орталығы — Ақтау қалысынан оңтүстік-шығысқа қарай 150 км жерде, Маңғыстау үстіртінің оңтүстік-батыс етегіндегі жазық шөлді белдеуде орналасқан. Тұрғыны 48,9 мың адам (1999). Қаланың іргесі 1968 жылы осы өңірдегі ірі Өзен мұнай кенінің игерілуімен қаланған. 1973 жылы 20 наурызда Жаңаөзен облыстағы дәрежелі қалаға айналды. Жаңаөзен Қазақстандағы ірі мұнай-газ өңдеу орталығы болып саналады. Мұнда мұнай мен газ өндіретін және оларды өңдейтін "Өзенмұнайгаз” АҚ-на біріккен 17 дербес кәсіпорын бар (2000). Олардың ең ірісі "Қазақгазмұнайөңдеу” зауыты. Оның бірінші кезегі 1973 жылы, ал қалған технологиялық қондырғылары 1979 жылы пайдалануға берілді. Бұлардан басқа Жаңаөзенде "Шапағат”, "Теміртас”, "Өзенкөлік”, "Жарқын”, "Бірлік”, "Өзенкәсіпгеофизика”, "Өзенастық”, "Жігер”, "Өзенмұнайөнімдері” және т.б. акционерлік қоғамдар мен серіктестіктер жұмыс істейді. Қалада 11 орта және орталау мектептер, 3 кәсіптік оқу орны, медициналық колледж, 18 балабақша, 20 кітапхана, облыстық балалар үйі, "Балдырған” балалар қалашығы, музыка мектебі, тарихи-өлкетану музейі, 2 кинотеатр, "Нефтяник” стадионы, "Энергетик” спорткешені, 2 спорт мектебі, мешіт, 9 емдеу-сауықтыру мекемесі, қалалық аурухана, балалар ауруханасы кешені, әйелдер босанатын үй, емхана, "Нефтяник” санаторий-профилакторийі бар. Тұрғындары облыс орталығымен, басқа елді мекендермен автомобиль жолдарымен қатынасады.



Көріп отырғаныңыздай, өзіміздің Жаңаөзеніміз әсемденіп, құлпырып келеді.





ӨзенМұнайГаз



Қала шетіндегі Вокзал


"Жалын" - Жастар орталығы

Жаңаөзен қаласының 45 жылдығына орай жасалған бейне

Просмотров: 2784 | Добавил: Злой_Админ)) | Рейтинг: 0.0/0