Қазақстан тарихынан 35 нұсқалық тест. - Қазақстан және Дүние жүзі тарихы - ҰБТға Дайындық - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » ҰБТға Дайындық » Қазақстан және Дүние жүзі тарихы

Қазақстан тарихынан 35 нұсқалық тест.
[ Скачать с сервера (1.39Mb) ] 18.03.2013, 23:53

Қазақстан тарихы

1 -  НҰСҚА

1. Қазақстан жеріндегі ежелгі адамның алғашқы іздері қандай дәуірлерге жатады

A) Неолит

B) Энеолит

C) Ерте палеолит

D) Мезолит

E) Соңғы палеолит

2. Андронов мәдениетінің тұрақтары алғаш рет ...  қаласына жақын жерде табылды

A) Орынбор

B) Тараз

C) Алматы

D) Ачинск

E) Шымкент

3. "Шошақ бөрікті" сақтардың мекені:

A) Мургаб аңғары.

B) Алтай.

C) Арал маңы.

D) Қара теңіз маңы.

E) Жетісуда.

4. ІХ ғ. мен ХІ ғ. бас кезінде қандай тайпалар Сырдариядан Еділге дейінгі аумақты иеленді?

A) Оғыз

B) Қарлұқ

C) Түркеш

D) Қарақытай

E) Қарахандықтар

5. Қазақстанның оңтүстігінде XІғ. Тұрғын үйдің жаңа түрлері, біркелкі, тура есіктермен жалғастырыла салынған бөлмелері бар үйдің атауы:

A) Крестік.

B) Анфиладалы.

C) Фасадтық.

D) Порталдық.

E) Бағаналық.

6. Ерте орта ғасырларда Орта Азияда соғдылықтар қандай дінді таратқан:

A) Будда.

B) Христиан.

C) Мұсылман.

D) Манихейлік.

E) Зороастра.

8. Моғолстан кімдермен болған соғыста әлсіреп бөлшектеніп кетті?

A) Ақ ордамен

B) Темір мемлекетімен

C) Алтын Орда хандарымен

D) Жоңғарлармен

E) Ноғай ордасымен

9. 1510 ж. Сығанақ түбінде Мұхаммед Шайбани кімнің әскерлерінен күйрей жеңіліске ұшырады?

A) Ойраттар

B) Қасым

C) Темір

D) Хақназар

E) Есенбұға

10. Кесенелерді салудағы негізгі үлгі:

A) Күмбез тәріздес.

B) Конус тәрізді.

C) Өткір ұшты.

D) Куб тәріздес.

E) Шатыр тәріздес.

11. XVІІІ ғ. І жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы.

A) Батыр сұлтан.

B) Барақ сұлтан.

C) Абылай хан.

D) Сәмеке хан.

E) Әбілқайыр хан.

12. Бородино шайқасында көрсеткен ерлігі үшін қай қазақ жауынгеріне көгілдір ленталы медаль берілді?

A) Әмен Байбатырұлы.

B) Сүлеймен батыр.

C) Нарынбай Жанжігітұлы.

D) Ықсан Әубәкірұлы.

     E) Қарынбай Зындағұлұлы.

13. Қоқан әскер күштерінің Қаскелең өзені жағалауында салған Таушыбек бекінісін орыс әскерлері қай жылғы жазда басып алды?

A) 1853 ж.

B) 1854 ж.

C) 1852 ж.

D) 1851 ж.

E) 1850 ж.

14. 1813 ж. Орынборда ашылған училищеде даярланған мамандар.

A) Молдалар

B) Офицерлер

C) Мұғалімдер

D) Аудармашылар

E) Ресейлік билеу әкімшілігі үшін шенеуніктер

15. 1867-68жж. "Ереженің" ең негізгі түйінді жері.

A) Округтардың жойылуы

B) Әскери губернатордың облыстағы казак әскерінің атаманы болып есептелуі.

C) Түркістан генерал -губернаторлығын құрылуы.

D) Әскери соттардың құрылуы

E) Әскери және азаматтық биліктің генерал-губернатор қолына шоғырлануы

 

16. Шоқан Уалиханов қашан Орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланды.

A) 1856 жылы.

B) 1854 жылы.

C) 1848 жылы.

D) 1857 жылы.

E) 1853 жылы.

17. ''Қалқаман-Мамыр'' поэмасының авторы:

A) Ш.Құдайбердіұлы.

B) А.Байтұрсынұлы.

C) Ә.Бөкейханов.

D) С.Сейфуллин.

E) М.Шоқай.

18. 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыстың әлеуметтік базасын атаңыз.

A) Қолөнершілер.

B) Шаруалар.

C) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс.

D) Зиялылар.

     E) Жұмысшылар.

19. 1917 ж. шілдеде Верныйда реквизицияланған жұмысшылардан құрылған Қара жұмысшылар одағын кім басқарды?

A) Ж.Алдоңғаров.

B) Р.Марсенов.

C) Ж.Аубаев.

D) Ж.Бабаев.

E) М.Айтпенов.

20. 1918 жылы наурыздың 2-нен 3-не қараған түні қарулы көтерілістің нәтижесінде Кеңес үкіметі қай қалада орнады?

A) Верный

B) Петропавл

C) Ақтөбе

D) Семей

E) Қостанай

21. Қазақ АКСР-нің құрылғанын жариялаған құжат:

A) Құрылтай съезінің резолюциясы.

B) "Қазақ АКСР-нің құрылуы жөніндегі" декрет.

C) Қазақ АКСР-нің құрылуы туралы заң.

D) КСРО Конституциясы.

E) Қазақ АКСР-нің Конституциясы.

22. 1921ж. еңбекшілердің жағдайын жақсарту үшін Түркістан ХКК-і декрет қабылдады:

A) Асханалардағы түскі ас ақысын төмендету.

B) Жанар-жағар май бағасын төмендету.

C) Сауда-саттық және отынды халыққа тегін жіберу.

D) Коммуналды қызметтер ақысын төмендету.

E) Сауда-саттық бағасын төмендету.

23. 1930-32 ж.ж. еліміздегі жағдай:

A) Қаржы дағдарысы.

B) Ашаршылық.

C) Саяси дағдарыс.

D) Экономикалық дағдарыс.

E) Діни негіздегі қарама-қайшылық.

24. 1931 жылы Қарағанды облысының аумағында Осакаров ауданында шамамен болған қоныс-обсервация саны:

A) 25

B) 35

C) 20

D) 30

        E) 40

25. Алматыда медицина институты қашан ашылды?

A) 1930 ж.

B) 1928 ж.

C) 1931 ж.

D) 1929 ж.

E) 1932 ж.

26. Әлия Молдағұлованың майдандағы әскери қызметі:

A) Пулеметші.

B) Байланысшы.

C) Мерген.

D) Медбике.

E) Бақылаушы.

27. 1945 жылы фашистік басқыншылардан зардап шеккен аудандарға 500 трактор мен ауыл шаруашылық машиналарды көмек ретінде қайда жіберді?

A) Латвия.

B) Украина.

C) Молдова.

D) Белоруссия.

E) Литва.

28. 1967 жылы Л.И.Брежнев КСРО-да төмендегідей қоғам орнады деп мәлімдеді.

A) Социализм негізі.

B) "Адам келбетті" социализм.

C) Коммунистік қоғам.

D) Кемелденген социализм.

E) Коммунизм негізі.

29. 1990 жылдың қазан айында Қазақстан өзінің :

A) Ішкі істер әскерін құрды.

B) Мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады.

C) Жаңа Конституциясын қабылдады.

D) Президентін сайлады.

E) Егемендік туралы Декларациясын қабылдады.

30. Қазіргі Конституция бойынша Қазақстан Республикасында басқарудың қандай формасы бекітілген?

A) Аралас.

B) Теократтық.

C) Монархиялық.

D) Президенттік.

Е) Парламенттік.

Категория: Қазақстан және Дүние жүзі тарихы | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: 35, ент тесты, тарихынан, тесты по истории Казахстана, Қазақстан, тест, нұсқалық, история Казахстана
Просмотров: 4240 | Загрузок: 1373 | Рейтинг: 4.4/18
Всего комментариев: 0
avatar