Өсімдіктердің тіршілік орталары. - биология пәнінен - ҰБТға Дайындық - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » ҰБТға Дайындық » биология пәнінен

Өсімдіктердің тіршілік орталары.
[ Скачать с сервера (22.4Kb) · Скачать удаленно (1500) ] 26.03.2015, 17:59
Сабақтың тақырыбы Өсімдіктердің тіршілік жағдайлары, оларға әсер ететін негізгі экологиялық факторлар. Өсімдіктердің тіршілік орталары. Өсімдіктердің көптүрлілігі. Өсімдіктердің табиғи жағдайлардағы өзгерістері, олардың өсімдік тіршілігіндегі маңызы. Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
Сабақтың жалпы мақсаты Оқушыларға өсімдіктердің тіршілік жағдайлары туралы білімін қалыптастыру, өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын ұғындыру.
Әдіс-тәсілдер «Миға шабуыл», поэзия сәті, «Жүреміз, ойланамыз”, “Фишбоун”, “9 алмаз”,топтық жұмыс,жеке жұмыс

Күтілетін нәтижесі Өсімдіктердің тіршілік жағдайлары туралы мәлімет алады.
Өсімдіктің табиғаттағы және адам өміріндегі мағызын түсінеді және өмірде қолдана алады.
Топтық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік ой-қорытуға тұжырым жасауға дағдыланады.

№ Уа-қыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Дерек көздер
1 2 мин Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Әр топтан бір қызды таңдап, сол қыздың жақсы мінездері мен қасиеттерін айтады.
2 2 мин Топқа бөлу
«Шартты белгілер»
1 топ: жаңбыр
2 топ: жел
3 топ: қар
4 топ: ашық күн Оқушылардың аты-жөндері қима қағазда жазылып тұрады және есімдерінің қасында ауа райының шартты белгілері жазылған. Оқушылар сол белгілер арқылы топқа бөлінеді Қима қағаздар
Шартты белгілер

3 1 мин Сабақтың бағалау критерийлерімен таныстыру
Миға шабуыл Жүреміз, ойланамыз Ой толғау «Фишбоун» әдісі 9 алмаз бағалау


4 5 мин Үй жұмысын тексеру
Қабырғадағы диктант
Қабырғаға үйге берілген тақырып ілініп тұрады
Әр топқа берілген сұрақтар бойынша қабырғадағы тақырыптан жауабын жылдам тауып жазу керек
1. Гүл дегеніміз не?
2. Өсімдіктер қалай көбейеді, көбею мүшелері дегенімізді қалай түсінесіңдер?
3. Гүлдің негізгі бөліктерін атаңдар?
4.Гүлдің жалпы сипаттамасы
5 5 мин Жаңа сабақтың ашылуы
І. «Миға шабуыл »
1. Өсімдіктердің өсуі,көбеюі үшін қандай жағдайлар керек?
2. Қандай экологиялық факторлар бар?
3. Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы қандай? Жеке жұмыс
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. слайд
6 3 мин ІІ. Поэзия сәті. Өлеңде ауаның қандай қасиеттері туралы айтылып жатыр?
Ол мөп-мөлдір, Көзге көрінбейтін газ.
Бізді әуеде қалқып,
Қоршап тұратыны рас.
Орманда да бар,
Емен мен самырсын аңқыған.
Тыныстаған сайын
Иісіне жаның балқыған.
Жазда жылы леп болып,
Қыста дірдек қақтырған.
Көзімізге көрінбейді,
Ұстағанға білінбейді.
Онсыз бізге өмір жоқ,
Таза ауаға жаның тоқ. Оқушылар өлең жолдарындағы айтылған ауаның қасиеттері жайлы айтады слайд
7 10 мин ІІІ. «Жүреміз, ойланамыз» әдісі
 Өсімдіктерге тіршілік орталары
 Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы
 Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы
 Өсімдіктердің табиғат жағдайларындағы өзгерістері Әр топ басшылары келіп сұрақтарды таңдайды. Берілген 4 сұрақ б\ша 4 топ әр түсті маркерлермен плакатқа жауап жазады. Белгілі бір уақыт ішінде топ мүшелері орындарын ауыстырады.Орындарын ауыстыра отырып, әр топтың жазған жауаптарын тексереді және өз пікірлерін қосады. Кейін әр топтан бір оқушы шығып қорғайды Плакат
Түсті маркерлер
8 5 мин ІV. Ой толғау
 Өсімдіктер болмаса адамның өмірі қандай болмақ? Жеке жұмыс
Оқушылар сұрақтарға жауап береді слайд
9 2 мин Сергіту сәті «Шоқ қыздар» әуеніне билейді бейнеролик
10 5 мин V . «Фишбоун» әдісі
Басы: проблемалық сұрақ
Сүйектері: шығу жолдары
Құйрығы: жауабы
1.Өсімдіктерді қалай сақтаймыз?
2.Табиғатты қалай қорғаймыз?
3.Өсімдіктердің табиғаттағы атқаратын ролі
4.Мектеп ауласын қалай көгалдандырамыз? 4 топтың лидерлері 4 түрлі проблемалық сұрақтарды таңдайды, өздеріне берілген сұрақтарға плакатқа сызылған балықтың сызбасына жауап жазады слайд
11 2 мин Бағалау
«5» - күн
«4» - бұлт
«3» - тамшы
Әр топ лидерлері өздерінің топ мүшелерін бағалайды. Қорытынды бағаны айтады. Бағалау критерийлері жазылған плакаттар
12 2 мин Кері байланыс
Не үйрендім? Не үйренгім келеді? Оқушылар стикерге сабақтан алған әсерлері жайлы жазады. Тақтадағы табиғаттың суретіне апарып жапсырады. Плакат
стикер
13 1 мин Үйге тапсырма
“ Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. ” тақырыбы бойынша қосымша іздену
Категория: биология пәнінен | Добавил: №26
Просмотров: 895 | Загрузок: 266 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar