Атом құрылысы теориясы тұрғысынан Д.И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі және периодтық заңы. - Химия пәнінен - ҰБТға Дайындық - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » ҰБТға Дайындық » Химия пәнінен

Атом құрылысы теориясы тұрғысынан Д.И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі және периодтық заңы.
[ Скачать с сервера (57.0Kb) ] 16.08.2015, 19:13
Қысқа мерзімді жоспар
Сыныбы: 9
Пәні : Химия

№ 2 сабақ

Химия
Күні:

Сабақ тақырыбы: Атом құрылысы теориясы тұрғысынан Д.И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі және периодтық заңы.
Сілтеме: Жалпы білім беретін мектептің 9 – сыныбына арналған оқулық «Химия» Алматы «Мектеп» 2012, Н.Нұрахметов, К.Сарманова, К.Жексембина, орта мектептің 8-11 сынып оқушыларына арналған оқу құралы Химия есептері мен жаттығуларының жинағы Алматы «Рауан» 1997 Я.Л.Гольдфорб, Ю.В.Ходаков, Ю.Б.Додонов, Химия жұмыс дәптері, Н.Нұрахметов, К.Сарманова, Н.Заграничная,Алматы «Мектеп» 2008ж.
Жалпы мақсаттар:
Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің маңызы мен мәнін еске түсіру, атом құрылысы, ядро заряды, электрон бұлттарының құрылысы туралы ұғымды қалыптастыру, білімдерін тереңдету мақсатында өз бетімен ізденуге, жеке және топта жұмыс жасай білу дағдыларын дамыту
Күтілетін нәтижесі Атом құрылысының заманауи теориясын,атомдағы электрондармен олардың күйін, қозғалысы туралы теориялық түсінігі артады
Түйінді идеялар Элементтерді периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттау, жаңа химиялық элементтерді табуда периодтық заңның және жүйенің маңызы.
Сабақтың әдісі Топтық жұмыс, Т кестесі, Миға шабуыл,Сандар сыр шертеді,Жұптық жұмыс, Деңгейлік тапсырмалар, Лингвистикалық қатарлар.
Сабақтың көрнекілігі Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, интерактивті тақта, маркер, қарындаш, плакаттар, слайдтар. 9-сынып электрондық оқулық. АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар, ББү кестесі
Ұйымдастыру кезеңі • Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
• Оқушыларды топқа бөлу элементер таңбасы арқылы.
• Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады.
Қызығушылықты ояту
Миға шабуыл
1.Реттік нөмірі №35 болатын элемент периодтық жүйеде:
а) қай периодта, қатарда;
ә) қай топта, топшада орналасқан;
б) сыртқы энергетикалық деңгейінде неше электроны бар;
в) ең көп дегенде неше электрон бере алады;
г) қанша электрон қосып алуға мүмкіндігі бар екенін айтып түсіндіріндер.
2. Мына:
а) рубидий, б) стронций,
в) иттрий, г) цирконий
атомдарының электрондық қабықтары құрылысының
схемасын құрыңдар. Олардың қандай айырмашылықтары бар?
3. Мына:
а) иттрий №39; б) индий
№49 атомдарының сыртқы қабатында неше электрон бар?

Жаңа сабақ

Жұптық жұмыс
Түсініктер мен заңдылықты атом құрылысы теориясы тұрғысынан түсіндіру Мысалдар.
1 Элементтің реттік нөмірі және ядро заряды атомдағы электрон санына сәйкес келеді.

2. Период нөмірі берілген элемент атомының энергиялық деңгейінің санына сәйкес, яғни атомдағы энергия қабатының мөлшері сан жағынан элемент орналасқан периодтың нөміріне тең.

3. Элементтердің химиялық қасиетінің периодты өзгеруі электрондардың энергиялық деңгейде периодты орнала- суына байланысты. Элемент атомының ядро зарядының өсуіне байланысты бірдей валентті электрон бар эле- менттер периодты түрде қайталанады.

4.Элементтердің жоғары оксидтерінде валенттіктерінің өсуі сутекті қосылыстарында кемуі (периодта солдан оңға қарай) ішкі энергиялық қабатта электрон санының өсуімен түсіндіріледі.

5. Периодта солдан оңға қарай ядро заряды біртіндеп өседі, ядро мен валенттілік электрондардың ара қашықтығы кемиді. Осыған орай электрондарды беріп жіберу қиындап, металдық қасиет әлсіреп бейметалдық қасиет күшейеді.

6. Элементтің жоғары оксидтегі валенттілігі сыртқы электрон қабатындағы электрон санына, топ нөміріне сәйкес болады. Ал сутекті қосылысында валенттілігі сыртқы электрон қабатын аяқтауа жетіспейтін электрон санымен анықталады.

7. Негізгі топтың элементтерінде атомдық массаның өсуіне қарай (жоғарыдан төмен қарай) валенттілік электрон мен ядроның ара қашықтығы ұлғаяды, сондықтан элементтің электрон беру қабілеті мен металдық қасиеті артады. Негізгі топ элементтерінің сыртқы электрон қабатындағы электрон саны топтың нөміріне сәйкес келеді. Натрий элементінің реттік нөмірі –11. Атомның ядро заряды –11, оның айналасында теріс зарядты 11 элетрон орналасады.
Кальций элементі ІҮ-ші периодта орналасқан. Оның атомында электрондар 4-ші энергиялық деңгейде орналасқан.
Азоттан фосфорға, одан мышьякқа қарай қасиеттердің периодты қайталануы, осы элементтердің сыртқы энергиялық деңгейінде 5- электроннан орналасуымен, яғни сыртқы энергиялық деңгейде электрон санының қайта- лануымен түсіндіріледі.

Кремний элементінен (ішкі қабатта 4- электрон) фосфор элементіне қарай (ішкі қабатта 5-электрон) жоғары оксидтерінде валенттілік 4–тен 5–ке дейін, сутекті қосылыстарында 4-тен 3-ке дейін кемиді.

ІІІ периодта натрийден (Na →СІ) хлорға қарай металдық қасиет азайып бейметалдық қасиет басым болады. Мұндай заңдылық барлық периодта сақталады.

Хлор элементі VII–топта, сыртқы электрон қабатында 7-электрон орналасқан. Осыған орай хлордың жоғары оксидінде валенттілік VII, ал сутекті қосылысында–1.

4–ші топтың негізгі топшасындағы көміртегі элементті бейметалл, ал ең төменгі қорғасын - металл.

Тапсырмалар Топтық жұмыс
1-Топ. К элементінің атом құрылысы теориясы және периодтық кестедегі орны бойынша сипаттамасы
1.Химиялық таңбасы, аталуы
2.Хим.эл. периодтық жүйедегі орны(периоды, тобы, рет саны) салыстырмалы атомдық массасы
3.Атом құрамы және құрылысы
4.Қасиеті
5.Оксид, гидроксид, ұшқыш сутекті қосылысының формуласы

2-Топ. F элементінің атом құрылысы теориясы және периодтық кестедегі орны бойынша сипаттамасы
1.Химиялық таңбасы, аталуы
2.Хим.эл. периодтық жүйедегі орны(периоды, тобы, рет саны) салыстырмалы атомдық массасы
3.Атом құрамы және құрылысы
4.Қасиеті
5.Оксид, гидроксид, ұшқыш сутекті қосылысының формуласы

3-Топ. Al элементінің атом құрылысы теориясы және периодтық кестедегі орны бойынша сипаттамасы
1.Химиялық таңбасы, аталуы
2.Хим.эл. периодтық жүйедегі орны(периоды, тобы, рет саны) салыстырмалы атомдық массасы
3.Атом құрамы және құрылысы
4.Қасиеті
5.Оксид, гидроксид, ұшқыш сутекті қосылысының формуласы

Кейінгі тапсырмалар Лингвистикалық қатарлар.
1. Екі жағынан оқыса да мағынасы бар металдың атауы?
2. Қаңдай элемент артық: Аu, Аg, СІ, Ғе, N?
3. Қасиеті бойынша қай металл артық: АІ, Ғе, Со, Nі?
4. Аталуында балалар қызықтайтын ойын-сауық орнының аты барэлемент?
5. Дәрігер мамандығының аты бар элементті табыңдар.
6. Қаңдай элементтің тұрақты мекен-жайы жоқ?
7. Қандай элементтің аталуында балдырдың (тина) аты бар?
8. Қандай элементтің құрамында өзен аттары кездеседі?
9. Қандай элементтердің аталуында теңіз арағының аты кездеседі?
10. Қандай элементтердің аталуыңда музыкалық элементтер атаулары кездеседі?
11. Қандай элементтің атауыңда косметикалық құралдың аты кездеседі?
Жауабы:
1. Мыс- сым; 2. СІ-метал емес; 3. АІ- магниттік қасиеті жоқ;
4. Цирконий;5. Хлор-лор; 6. Сутек; 7. Платина- тина;
8. Нильсборий-Нил, индий – Инд, полоний –По, радон- Дон; 9. Бром-ром, хром-ром; 10. Радон – до, рений-ре, алюминий –ми , кобальт – альт; 11. Кремний – крем.
Құпия кілтін шешіп көр.
1. Иісі күшті, сары түсті
Активтігі керемет
Ондай ылаң қылған
Болмаған еш элемент. (Фтор)
2. Күміс түсті металл өзі
Ақ бор, әктас, мәрмәр еді
Жер металы десек те
Сан құрылыстың өзегі. (Кальций)
3. Жануарда да адамда да болатын
Талай снаряд, бомбаларды жаратын.
Полиграфияда да сенім артып,
Жапырақта хлорофилді түзетін. (Магний)
4. Тағады оны төсіне
Алтыннан басқа алдына
Салмақты та сабырлы
Теңеу айтып оған да. (Күміс)
5. Иісі, дәмі де жоқ ұсталмайды,
Ол болмаса тіршілік өмірде жоқ.
Ол болмаса, отын да тұтанбайды,
Қалады қарауытып көмір боп шоқ. (Оттегі)
6. Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық,
Буланбас, қайнатсаң да отынды үйіп.
Көрсететін суықты, жылуды анық
Қандай зат құрал жасар соны құйып (Сынап)

Бағалау Формативті бағалау: екі жұлдыз, бір ұсыныс.
Топтағы оқушылар бағалау парақшаларына критерий арқылы бағалайды
Кері байланыс Оқыту үшін бағалау. «2 жұлдыз,1 тілек».Өзін-өзі, өзара, топтық бағалау. Оқу үдерісіне нұсқау Бүгінгі сабақта не үйрендім? Оқушы рефлексиясы
Үйге тапсырма
Категория: Химия пәнінен | Добавил: Исабековна | Теги: 9 сынып, химия, ашық сабақ
Просмотров: 1099 | Загрузок: 128 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
avatar
1 dmt_67 • 21:35, 06.09.2016
как скачать?
avatar