Аудармашылар сайысы - Қазақ Тілі және Қазақ әдебиеті - ҰБТға Дайындық - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » ҰБТға Дайындық » Қазақ Тілі және Қазақ әдебиеті

Аудармашылар сайысы
[ Скачать с сервера (26.8Kb) ] 16.01.2013, 21:14

Материал толық емес, Жүктеңіздер сонда барлығы жазылған Microsoft office Wordпен ашасыз 


Қысқаша: 


Аудармашылар сайысы

 

Іс-шараның   мақсаттары:

1.     Оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету;қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;сұрақтарға тез,дұрыс жауап беруді меңгерту,сөзжұмбақтарды шешу арқылы оқушылардың білімдерін шыңдап,ой-өрісін кеңейту;

2.     Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін,ауызша,жазбаша сөздік қорларын дамыту; сөздерді, өлең жолдарын, мақал-мәтелдерді аудара білуге  жетілдіру;

3.     Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құштарлығын арттыру; отаншылыққа, мемлекеттік тілге деген құрметке, көптілді маман болуға тәрбиелеу,тілдің үштұғырлығын насихаттау.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы,қазақ әдебиеті,орыс тілі,ағылшын тілі,география.

Сабақтың әдісі: жеке сұрақ-жауап,сөз құрау, аудару, мапқал-мәтелді сәйкестіру, тақырыптық әңгіме құру-көркем сөз (монолог), сауатты жазу,тест сұрақтарына жауап беру.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: тапсырмалар жазылған қиықшалар,таблица,сабақтың эпиграфы жазылған плакат,сөзжұмбақтар,тестік тапсырмалар,1-ден 10-ға дейін сандар.

Сабақтың эпиграфы:

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы-

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

а) Іс- шараның  мақсатымен таныстыру;

2. Іс-шараның барысы:

1.Кіріспе.

-Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы.Қазақстан Республикасының өз Елтаңбасы, Әнұраны, Туы, төл теңгесі бар.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ата Заңы –Конституциясында белгіленген өз мемлекеттік тілі бар.Ол, әрине,қазақ тілі. Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы-мемлекеттік тілді білу, оны құрметтеу. Қазір мектепте қазақ тілі апталығы өтіп жатыр, соған орай біз өз іс—шарамызды өткізуге рұқсат етіңіздер.  Бүгінгі біздің іс-шарамыздың мақсаты-осы мемлекеттік тіл-қазақ тілінің білгірін анықтау. Бұл мерекелік шара сайыс түрінде өтеді. «Сайыс» сөзіне синоним тапсақ, «жарыс», «турнир» деген мағына береді. Сайысқа 6а, 6б, 7 а сыныптарының командалары қатысады. Тапсырма саны-5, әр кезең сайын  команда жолғары ұпай жинап, белсенділік таныту керек. Соңғы кезеңде жеңімпаз анықталады.

Әділ-қазы алқасымен таныстыру:

1.      Мектеп директоры: Бошанова Б.Қ.

2.      Директердың орынбасары: Әкімбекова Г.С.

3.      Қазақ тілінің мұғалімі: Аяпбергенова Г.Қ.

4.      Қазақ тілінің мұғалімі: Айтқұлова Р.З.

Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:

1.   Өзін—өзі таныстыру .  «Сәлемдесу, ұраны, команда аты».  10 ұпай;

2    «Бәйге» .Сұраққа жауап бер- 10 ұпай;

3.     Мақалдарды сәйкестіру- 10 ұпай;

4.     Өлең жолдарын аудару-10 ұпай

5.     Сөзжұмбақ шешу. «Қай қала?»-10 ұпай

3.Сайыстың жүруі:

1-кезең: «Сәлем-сөздің анасы»  Сәлемдесу, ұраны, команда аты.

 Ал, енді бірінші кезеңді бастайық! 1 топ -6 «А» - «Төле би», 2 топ- 6 «Б» - «Қазыбек би»,  3 топ - 7 «А» - «Әйтеке би»

6        «А» - «Төле би», ұраны: Төле бидің төрелігін айтып, елге жар саламыз!

-Амансыздар ма, жиналған жұрт! Бүгін біз осы сайыта өзімізді көрсетіп, білмегенімізді үйреніп, жолға шықтық. Келген жеріміз әйгілі Ұлы жүз  Төле бидің ұрпағымыз!

 6 «Б» - «Қазыбек би», ұраны: Қаз дауысты Қазыбек бидің ұрпағы біз боламыз!

-Сәлем бердік, баршаңызға! «Сәлем –сөздің анасы» Дұрыстап амандасып алайық, жөн сұрасайық. Қайдан боласыздар? Біз  Орта  жүздің биі Қазыбек бидің ұрпағымыз. Таныс болайық, ағайын!

 7 «А» - «Әйтеке би», ұраны: Әйтек бидің еліне жасаған жақсылығына бас иеміз!

-Ассалаумағалейкум,  бар халайық!

Бармысың, базарлықпен алаш халқы!

Бүгінгі тамашаға біз жиналдық

Белгілі  Әйтеке би ұрпақтары!

 2- кезең: «Бәйге». Сайыскерлердің қолында 1-ден 11-ге дейін сандар.Бұл сандар тізім бойынша беріледі.Қай сайыскер сан жазылған карточкасын бұрын көтерсе, сол жауап береді. Жауабы дұрыс болмаса, басқа сайыскерлер жауап бере алады. Жауаптарын орысшаға аударады.

1.Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай Құнанбаев)

2.Абайдың шын аты? (ИбраҺим)

3.Қазақ тілінде неше септік? (7) аудару

4. «Закон сингармонизма» сөзінің қазақша мағынасы қандай? (Үндестік заңы) аудару

5.Сөйлем  аудармасы ? (предложение)

6. «Подлежащее» деген не? (бастауыш) аудару

7. Қыс  айларын ата (желтоқсан,қаңтар,ақпан) аудару

8.Қыста не жауады,не соғады? (қар,боран) аудару

9.Барыс септігінің сұрақтарын ата? (кімге,неге,қайда) аудару

10.Ілік септігінің жалағауларын ата? (-ның, -нің т.б)

11. Көмектес септігінің сұрақтарын ата? (кіммен?немен?)

12.Күнпарақ дегеніміз не? (күнтізбе)

13.Бір жылда неше күн бар? (365) аудару

14.Бір айда қанша апта бар? (4) аудару

15.Бір тәулікте қанша сағат бар? (24) аудару

16.Бір сағатта неше минут бар? (60) аудару

17.Бір ғасырда қанша жыл бар? (100) аудару

18.Бір аптада қанша күн бар? (7) аудару

3-кезең «Мақалдарды сәйкестір»..................


Материал толық емес, Жүктеңіздер сонда барлығы жазылған Microsoft office Wordпен ашасыз 

Категория: Қазақ Тілі және Қазақ әдебиеті | Добавил: Peka | Теги: сайыс, сайысы, Аудармашылар, тілі, Қазақ
Просмотров: 2899 | Загрузок: 622 | Рейтинг: 5.0/13
Всего комментариев: 0
avatar