Қазақ әдебиеті - Қазақ Тілі және Қазақ әдебиеті - ҰБТға Дайындық - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » ҰБТға Дайындық » Қазақ Тілі және Қазақ әдебиеті

Қазақ әдебиеті
[ · Скачать удаленно (93.5Kb) ] 04.11.2012, 00:09
Қазақ әдебиеті

І нұсқа (мат.бағыт)

1. Фольклор дегеніміз - не ?

а) халық даналығы б) ауыз әдебиеті в) халық сөзі

г) жазба әдебиеті д) халық ойы

2. Балалардың тілін дамыту үшін не айтылады ?

а) мақал в) жұмбақ д) жаңылтпаш

б) ертегі г) аңыз

3. «Қаңбақ шал» ертегілеріндегі басты кейіпкерлерді көрсет

а) шал, кемпір, түлкі, дәу в ) шал, дәу, мысық, ешкі д) кемпір, шал, дәу, қасқыр

б) шал, кемпір, балық, түлкі г ) шал, дәу, қыз, түлкі

4. «Әке мен бала» әңгімесіндегі әке тағаны неге айырбастады ?

а) шегеге б) шиеге в) қарақатқа г) құлпынайға д) алмаға

5. «Бес арыс» дегеніміз кімдер ?

а) М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев

б) М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин

в) А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин

г) А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, Ш.Уәлиханов, М.Жұмабаев

д) М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев

6. А.Байтұрсынов «әдебиет» сөзін қалай аударды ?

а) қымбат сөз б) асыл сөз в) алтын сөз г) жай сөз д) күміс сөз

7. Ертегілердің тобын анықта

а) 3 б) 5 в) 4 г) 6 д) 7

8. «Тоныкөк», «Білге Қаған», «Күлтегін» дастандары қай мезгілге жататынын көрсет

а) ХІХ ғасыр әдебиеті в) ежелгі дәуір әдебиеті д) қазіргі қазақ әдебиеті

б) ХХ ғасыр әдебиеті г) халық ауыз әдебиеті

9. Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі «Бес асыл» дегеніміз не?

а) талап, еңбек, оқу, қанағат, рақым г) талап, еңбек, сызу, ойнау, рақым

б) талап, еңбек, терең ой, білім, қанағат д) талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым

г) төзім, еңбек, сызу, оқу, рақым

10. «Аллегория» дегеніміз – не ?

а) ертегінің композициясы г) шығарманың құрылысы

б) шығарманың шарықтау шегі д) тұспал мәнді сипаттау

в) көркем шығарманың қорытындысы

11. Шектен тыс ұлғайту дегеніміз - ...

а) литота б) композиция в) гипербола г) кейіптеу д) аллегория

12. Батырлар жыры тұлғасына қарай неше топқа бөлінеді ?

а) 3 б) 2 в) 4 г) 6 д) 8

13. «Қобыланды батыр» эпосындағы Тоқтарбай неше жасында бала сүйеді ?

а) 60 б) 89 в) 80 г) 75 д) 85

14. Жыраулар поэзиясы қай ғасырдан басталады ?

а) ХІІ ғасыр б) ХҮІ ғасыр в) ХІҮ ғасыр г) ХІХ ғасыр д) ХҮ ғасыр

15. Жамбыл Жабаев «Ленинградтық өренім» өлеңін қай жылы жазған ?

а) 1941 жыл, қыркүйек в) 1941 жыл, қазан д) 1941 жыл, қараша

б) 1942 жыл, қазан г) 1942 жыл, қыркүйек

16. «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Айман – Шолпан» жырлары ауыз әдебиетінің қай түріне жатады ?

а) ертегілер б) аңыз - әңгімелер в) батырлар ж-р г) ғашықтық ж-р

д) тұрмыс-салт ж-ы





17. Лиро-эпостық жырлардың басты тақырыбы қандай ?

а) Отанды қорғау, елін сүю г) Отанын қорғау, екі жас арасындағы сезім

б) махаббат, ел арасындағы тартыс д) махаббат, батырлық

в) батырлық, жерін қорғау

18. «Құтты білік» поэмасын кім жазған ?

а) Ахмед Иүгінеки г ) Ахмед Яссауи

б) Әбу Насыр Әл-Фараби д ) Мұхаммед Хайдар- Дулати

в) Жүсіп Баласағұн

19. «Құтты білік» поэмасы неше тараудан тұрады ?

а) 80 б)75 в) 90 г) 85 д) 65

20. Шумақтың әр жолын не деп айтамыз ?

а) тармақ б) бунақ в) буын г) шумақ д) ырғақ

21. «Бардың пайдасы тиер тар жерде,

Жоқтың залалы тиер әр жерде.» - мақалда неше бунақ, неше буын ?

а) 7 бунақ, 22 буын в) 8 бунақ, 19 буын д) 6 бунақ, 20 буын

б) 5 бунақ, 18 буын г) 9 бунақ, 25 буын

22.Күлтегін ескерткішінің көшірмесі Астана қаласына қай жылы әкелінді ?

а) 2000 ж. б) 2003 ж. в) 2002ж. г) 2001 ж. д) 2004 ж.

23. Шоқан Уәлиханов – кім ?

а) ғалым, ұстаз, суретші, тарихшы г) ақын, суретші, тарихшы, географ

б) ғалым, жазушы, зерттеуші, тарихшы д) ғалым, суретші, тарихшы, географ

в) зерттеуші, ғалым, географ, ақын

24. «Қырық мысал» аудармалар жинағының авторы кім ?

а) Абай Құнанбаев в) Ахмет Байтұрсынов д) Сұлтанмахмұт Торайғыров

б) Бейімбет Майлин г) Сәкен Сейфуллин

25. «Қартқожа» романының негізгі тақырыбы қандай оқиғаны қамтиды ?

а) 1918 жылғы көтеріліс г) 1916 жылғы қазақтарды солдатқа алу

б) 1930 жылдардағы аштық д) Ұлы Отан соғысы

в) 1986 жылғы Алматыдағы көтеріліс

26. ХІХ ғасырдың І-ші жартысындағы қазақ әдебиетінің негізгі өкілдерін көрсет

а) М. Өтемісұлы, Д. Бабатайұлы, Ш. Қанайұлы, С. Аронұлы т.б.

б) М.Өтемісұлы, Ш. Жарылғасұыл, Жанкісі ақын, А. Құнанбаев т.б.

в) Д. Бабатайұлы, Қ. Бөрібайұлы, А. Азаматқызы, Ш. Уәлиханов т.б.

г) Ш. Қанайұлы,М. Мөңкеұлы,А. Азаматқызы,Ы. Алтынсарин т.б.

д) С. Аронұлы, Қ. Күржіманұлы,М. Сұлтанқожаұлы, А. Байтұрсынов т.б.

27. Махамбет Өтемісұлы қай жылы туған ?

а) 1830 жылы б) 1805 жылы в) 1820 жылы г) 1850 жылы д) 1803 жылы

28. Исатай Тайманов бастаған шаруалар көтерілісі қай жылдары болды ?

а) 1818-1816 ж.ж. . в) 1865-1867 ж.ж. д) 1845-1847 ж.ж.

б) 1836-1838 ж.ж г) 1890-1892 ж.ж.

29. Махамбеттің «...Хан емессің,ылаңсың,

Ысқырынған жылансың.

Хан емессің, аянсың,

Айыр құйрық шаянсың...» өлеңі кімге арналған ?

а) Абылай ханға б) Керей ханға в) Жәңгір ханға г) Тәуке ханға д) Нұралы ханға

30. «Еспенбет» поэмасының авторы кім?

а) Дулат Бабатайұлы в) Мұрат Мөңкеұлы д) Махамбет Өтемісұлы

б) Ыбырай Алтынсарин г) Сүйінбай Аронұлы
Категория: Қазақ Тілі және Қазақ әдебиеті | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: әдебиеті, Қазақ
Просмотров: 4530 | Загрузок: 813 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.5/20
Всего комментариев: 1
avatar
1 Имя • 15:33, 29.08.2014
жақсы
avatar