Қазақ тілінен тапсырмалар, билеттер - Қазақ Тілі және Қазақ әдебиеті - ҰБТға Дайындық - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » ҰБТға Дайындық » Қазақ Тілі және Қазақ әдебиеті

Қазақ тілінен тапсырмалар, билеттер
[ Скачать с сервера (468.5Kb) ] 11.07.2013, 23:01

№ 1

Мына сөздердiң iшiнен синонимдi анықтаңыз.

А) қиын, оңай, жұлдыз

В) қимыл, үнсiз, үлгiлi

C) көгiлдiр, ақшыл, қуаныш

D) меруерт, алтын, күмiс

Е) жарық, нұр, сәуле

 

 № 2

Тура мағынада жұмсалып тұрған сөздi көрсетiңiз.

А) Iстiң көзiн табады

В) әкесiнiң көзiндей

С) көзін дәрігерге көрсетті

D) Көкiрегiнде көзi бар

Е)  Көзге ұрып тұр

 

 № 3

Ауыспалы осы шақта тұрған сөздi табыңыз

А) Ол ерте тұрады

В) Талапты ерге нұр жауар

С) Ащы тiл таяқтан өткiр

D) Шәкiртсiз ғалым - тұл

Е) Ана тiлiм - тiрлiгiмнiң тiрегi

 

 № 4

Қос сөз бола алатын сөздерді табыңыз.

А) қарақат, сексен, бәйшешек, биыл

В) ата, ана, қадыр, қасиет, ине, жiп

С) Ұлпан, ешқашан, таңертең, бүгiн

D) Қыстыгүнi, түрегел, әпер, бiлезiк

Е) Көкпар, қолөнер, сайыс, жарқанат

 

 № 5

Табыс септiгiн қажет ететiн сабақты етiстiктi табыңыз.

А) барды, қайт, ұйықта, тұр

В) кел, кет, жат, қаш, көш

С) ектi, жазды, оқыды, тердi

D) сарт-сұрт, ағыл-тегiл

Е) отыр, қорша, бастады, дауласты

 

 № 6

Өздiк етiстi анықтаңыз.

А) орманды

В) ойланды

С) жасырды

D) құттықтады

Е) өңдедi

 

 № 7

"Әкем қызық әңгiме айтып отыр” деген жай сөйлемнiң бастауышын көрсетiңiз.

А) әкем

В) әңгiме

С) айтып

D) отыр

Е) қызық

 

 № 8

Тура толықтауышы бар сөйлемді анықтаңыз.

А) Алда ұзағынан сұлап ақ басты Алатау жатыр

В) Шоқан бұл жерлерде бұрын болған жоқ

С) Қоянды қамыс өлтiредi, ердi намыс өлтiредi

D) Жылтырағанның бәрi алтын емес

Е) Өзiн - өзi билеген ел бақытты

 

 № 9

Мезгiл үстеудi анықтаңыз.

А) Қазiр Еркебұлан сол ақ отаудың төрiнде жалғыз отыр

В) Отанды сүю от басынан басталады

С) Армансыз адам алысқа бармас

D) Ерлiк пен бiрлiк жеңicке жеткiзер

Е) Бақыты оянған ерлердiң әрбiр ici оң болар

 

 № 10

Елiктеуiш сөзi бар қатарды анықтаңыз.

А) Ханзада оған сылқ-сылқ күлiп мәз болған

В) Тату болса, ағайын жақын, бауырмал болса, iнiң жақын

С) Үш жұрттың тiлiн бiлген - өзгеден үш есе биiк тұрады

D) Дұшпанға тастай қатты бол, досыңа балдай тәттi бол

Е) Ерiншектiк - күллi дүниедегi өнердiң дұшпаны

 

 № 11

Септеулiк шылауды тап.

А) Көкiрегi сезiмдi, тiлi арамды,

     Жаздым үлгi жастарға бермек үшiн.

В) Ауылдың жаны терең сай,

     Тасыған өзен күрiлдеп...

С) Адамның адамшылығы icтi бастағандығынан бiлiнедi

D) Адал еңбекпен мал iздемек - арлы адамның ici

Е) Еңбек өмiрдi ұзартады, ұят беттi қызартады

 

 № 12

Белгiсiздiк есiмдiгi қатарын анықтаңыз.

А) Бұл сөзiмдi бақыт тiлеп бастап едiм

В) Бiреу үшiн жасығым

     өзiм үшiн асылым

С) Кiсi айтпаған сөз бар ма?

D) Бәрiнiң айтқаны орынды

Е) Шәкiртсiз ғалым тұл

 

 № 13

Мезгiл пысықтауышты табыңыз.

А) Көктемде күн ұзарады

В) Еңбек етсең ерiнбей, тояды қарның тiленбей

С) Көптен берi сырласпыз

D) Армандарына жетiп, көңiлдерi бiр жайланды

Е) Анасының тiлiн алмаған азапқа қалады

 

 № 14

Анықтауыш қатысып тұрған сөйлемдi табыңыз.

А) Ортадағы қоңыр төбел үйден төрт - бес жiгiт шыға келдi

В) Бостандық өздiгiнен келмейдi

С) Асан екеуiмiз ақырын әңгiмелесiп келемiз

D)  Шоқан Сарымбетте бiр түн қонатын болды

Е) Абай мен Ербол қалаға кеп жатқаны бiрталай күн өттi

 

 № 15

Одағай сөздi анықтаңыз.

А) Кiтап - көп ауылдың құйылған көлi

В) Талапты ерге нұр жауар

С) Ер мойнында қыл арқан шiрiмес

D) Халық қаhары қамал бұзады

Е) Туу, есiм жаңа кiрдi ғой

Категория: Қазақ Тілі және Қазақ әдебиеті | Добавил: Lazzat | Теги: ҰБТ
Просмотров: 1769 | Загрузок: 575 | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 0
avatar