Ана тілі 3-сынып Сабақтың тақырыбы: ҚАНАҒАТ ҚАРЫН ТОЙҒЫЗАР (ел аузынан). - Ашық сабақтар - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Ашық сабақтар

Ана тілі 3-сынып Сабақтың тақырыбы: ҚАНАҒАТ ҚАРЫН ТОЙҒЫЗАР (ел аузынан).
[ Скачать с сервера (76.5Kb) ] 02.09.2014, 07:49

Сабақтың тақырыбы: қанағат қарын тойғызар (ел аузынан).

 

Сабақтың мақсаты:

1. Тақырыптың идеясын ашу, қанағатшыл, шыдамды болуға үйрету.

2. Өтілген сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру арқылы шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:

  1. Кішіпейіл, қарапайым, қанағатшыл болуға үйрету.
  2. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді үйренуге тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын әдістер: Ой шақыру, топқа бөлу, топпен жұмыс, салыстыру кестесі, түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең, жұптасып сурет салу, болжау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою, көрнекілік стратегияларын пайдалану.

Сабақтың көрнекіліктері: ватман қағаз, карточкалар, қосымша кітаптар, қағаздар, суреттер, маркер т.б.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Ой ашар: Сабақты бастамас бұрын оқушыларды жаңаша топқа бөлуден бастаймын. Қабырғаға ара, құмырсқа, көбелектің суреттерін ілемін. Сосын сол суреттегі бунақденелілерді, жәндіктерді балалардың әрқайсысы өзі таңдап, жақсы көретін насекомдардың жанына келіп тұруын өтінемін. Оларды үш топқа бөліп, сұрақ қоямын? Неге бұл насекомды таңдадың? Ол несімен ұнайды?

Сол туралы марапаттап, өлең, тақпақ айтуын сұранамын. Ойлануға 3,5 минут уақыт беремін. Әр топ уақыт біткен соң сұраққа жауап береді.

І топ – “Құмырсқа”.

ІІ топ – “Көбелек”.

ІІІ топ – “Ара”.

Олар таңдап алу себебін және өлең тақпақтарын айтып береді.

Енді, балалар, осы 3 топтан қосып тағы 4-топ құрамыз.

Балаларға кеуделеріне суреті бар эмблеманы, топқа бөлінген соң өздері таңдап тағуын ескертемін.

Әр топта бір құмырсқа, екі көбелек, бір арадан болу керектігін айтамын. Балалар 4-4-тен топталады, топқа бөлініп, жаңадан орын алып отырады.

Сосын сабақты бастаймын. Үй тапсырмасы тексеріледі. Үйге Ғ.Қайырбековтың “Комбайншы” өлеңі жаттауға берілген. Сонан соң егіс даласы, нан түрлері, дақыл, астық түрлері туралы сурет салу берілген. Оқушылардан тақпақты айтқызып болған соң сурет бойынша әңгіме сұралады. Магнитті тақтаға ілу, түсінігін әңгімелеу, 5-6 оқушыдан мақал-мәтел, жұмбақтар сұрау. Салған суреттерін қабырғаға ілу. Өткен сабақты қорытындылау.

Жаңа сабақ: Сабақты бастамас бұрын жұмбақ жасырамын.

Бейнеткер көпшілікте көрдім халық,

Күнінде бір отырмас дамыл алып.

Өзінен ауыр жүкті көтереді.

Үйінде жатып жейді рахаттанып.

(Құмырсқа).

Екі басы жұдырықтай,

Ортасы қылдырықтай.

(Құмырсқа).

Шешуін тапқан соң “Қанағат қарын тойғызар” (ел аузынан алынған) атты тәрбиелік мәні бар мәтінді мәнерлеп оқитынымызды айтамын. Ауыз әдебиетінен үлгі ретінде берілгенін ескертемін, авторы жоқ.

Мәтінді мәнерлеп оқымас бұрын “Қанағат” деген сөзді қалай түсінетіндіктерін сұраймын. Тақтаға бормен жазылады. Қанағат деген не?

Ой қозғау.

  • аз демеу керек
  • жоққа шыдау керек
  • ең асыл қасиет
  • қанағат қарын тойғызады т.б.

Қанағаттың не екенін білген соң мәтінді мәнерлеп оқып беремін. Ұнаған, ұнамағанын сұрап, өздеріне диалог бойынша рольмен кезекпен оқытамын. Енді сөздік жұмысын жүргіземін, v + ? – белгілері бойынша.

Топпен жұмыс:

І топтың сұрағы: Оқиға қалай басталды?

ІІ топтың сұрағы: Оқымысты мен құмырсқаның сөйлесуі. Диалог құру.

ІІІ топтың сұрағы: Бір жыл өткен соң не болды?

ІV топтың сұрағы: Құмырсқа дәнді неге үнемдеді?

V топтың сұрағы: Құмырсқа болсаң не істер едің? Ол сендерге ұнай ма? Неге?

VІ топтың сұрағы: Құмырсқа туралы не білесіңдер? Тағы басқа қандай шығарма өлең оқыдыңдар? Құмырсқа қандай екен?

Әр топқа 5 минуттай уақыт беріледі. Талданады, топпен жұмыс біткен соң салыстыру кестесін құрамыз. Тақтаға ақ ватман қағазға ортақ ой жазылады.

 

Салыстыру кестесі

 

1.

Мысалдың аты,

тақырыбы

Шегіртке мен

құмырсқа

Қанағат қарын тойғызар

2.

Авторы

Крылов (Абай аударған)

Ел аузынан

3.

Оқиға орны

Егіс даласында

Бақ ішінде

4.

Кейіпкерлер

Шегіртке мен құмырсқа

Оқымысты мен құмырсқа

5.

Құмырсқа қандай?

Біреу, еңбекқор, қарапайым, үйі бар, дән жинайды

Құмырсқа біреу және көп дән жинады, күзетті, інін кеңейтеді

6.

Мазмұны, идеясы қандай?

Қарапайым, еңбекқор болу керек

Ақылды, шыдамды, қанағатшыл болуы керек

 

Сабақты қорыту. Осы І, ІІ тақырып бізді неге тәрбиелейді?

  1. Еңбексүйгіштікке, қарапайымдылыққа.
  2. Шыдамдылыққа, төзімділікке, қанағатшыл болуға үйретеді.

Бағалау.

Үйге тапсырма: Стратегиялар. Еркін жазу немесе Sinkuein бойынша бес жолды өлең жазып келу, түсінігін айту.

 

Ана тілі

3-сынып

 

Сабақтың тақырыбы: қасқыр қысты қалай Өткізеді? (М.Дулатов).

 

Сабақтың мақсаты:

  1. Жабайы аңдар, олардың өмірімен таныстыру.
  2. Қасқыр, оның жабайы, жыртқыш аң екендігін ұғындыру, пайдасы, зияны туралы айту, түсінік беру.
  3. Халық педагогикасы арқылы имандылыққа тәрбиелеу.
  4. Әр түрлі ой дамыту стратегияларын пайдаланып, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Табиғатты қорғауға, жан-жануарды, Қызыл кітапқа енген жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: қасқыр т.б. жабайы аңдардың суреттері, “Зоопарктегі аңдар” сюжетті суреттер, жеке үй жануарларының суреті, қосымша суреттер, кітаптар, энциклопедия, Ақсу-Жабағылы қорығы туралы буклеттер, аңдардың маскілері, ватман қағаз, М.Дулатовтың портреті т.б.

Сабақта қолданылатын әдістер: Ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою, топпен жұмыс, салыстыру кестесі, 5 жолды өлең т.б. стратегияларды пайдалану.

Пән аралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, математика; өмірмен, қоршаған ортамен байланыс, халық педагогикасын пайдалану, көрнекілік қолдану.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Ой ашар:

  1. Қыс туралы жұмбақ өлең оқу, жауабын сұрау. Мәнерлеп оқимын, жауабын сұраймын (күз, қыс).
  2. Жыл мезгілдерін сұрау. Қыс мезгіліне тоқталу. Сурет бойынша әңгіме, “Қыс туралы” қыс айлары, қыс мезгіліндегі мерекелер туралы сұрау. 16 желтоқсан тәуелсіздік алған күн, Жаңа жыл мерекелерін сұрау. Қай жылы, қай ғасырда өмір сүрудеміз? т.б. сұрақтар қою.
Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Jahcepik | Теги: Сабақтың, аузынан)., (ел, ҚАРЫН, ана, ТОЙҒЫЗАР, 3-сынып, тілі, ҚАНАҒАТ, Тақырыбы:
Просмотров: 725 | Загрузок: 187 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar