Достық пен бірлік- бұл толеранттық - Ашық сабақтар - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Ашық сабақтар

Достық пен бірлік- бұл толеранттық
30.06.2013, 11:08
Достық пен бірлік- бұл толеранттық

  Мақсаты: оқушылардың арасында жағымды қарым- қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен сыйлас болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту, толеранттылық дегенді ұғындыру.

  Міндеті: адам қарым- қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру; оқушылардың арасында  достық сезімдерін дамытуға ықпал ету; оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Барысы.

І.Сәлемдесу.

Оқушылар:       Үлкенге де "Сіз",

                   Кішіге де "Сіз".

                   Бар адамға құрметпен,

                   Бас иеміз біз.

Сабақтың ұраны.

Кітапханашы:   Әрбір адам-

Оқушылар:       Туысым, досым , жұрағат.

Кітапханашы:   Әрбір сабақ-

Оқушылар:       Үйрену, ұғу, ұлағат.

Кітапханашы:   Әрбір ісің-

Оқушылар:       Тірлік, тірек, адалдық.

Кітапханашы:   Әрбір сөзің-

Оқушылар:       Шындық, бірлік, адамдық.

ІІ.Психологиялық даярлық. "Мен тілектеспін!"

- Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің сәтті өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. Ол үшін қолымыздағы гүлді бір- бірімізге  тілек айту арқылы ұсынып отрайық. (Оқушылар"мен тілектеспін!" оыйны арқылы бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады. Мысалы: Бес алуыңа тілектеспін! Көңілді болуыңа тілектеспін! Ата-анаңда бәрі жақсы болуына тілектеспін! Жақсы бала болуыңа тілектеспін!т.б)

  Сабақтың ережелерімен таныстыру

1.Көңіл  күйімізді көтеру

2.Сабаққа белсене араласу

3.Сабақта бос сөйлемеу

4.Достарымызды сыйлау

ІІІ.Толеранттық дегенді ұғындыру. Толеранттық дегеніміз- достық, сабырлық, бұл бейбіт  көңіл күй арқылы ашыла  түседі және ол агрессия, өшпенділік, ашу дегендерге қарсы тұрады.

  Толерантты таныстыру. (Әркім өзінің көршісінің есіміне сын есім қосып таныстырады) Мысалы:    Әдепті Жадыра  Үлпілдеген Ақмарал

                                               Жағымды Мұса  Мейірімді Диас

                                               Нұрлы Айым      Аққудай Аружан

                                               Оқымысты Расұл         Ынталы Рахат

                                               Ажарлы Нарғыз Жақсы Әділет

І ."Сырласайық".

Жанар Айжанованың орындауындағы "Достарым" әнін тыңдату.

Енді, балалар, мына әнді тыңдап көрейік.

         Дос көп еді жүретін сыр ақтарып,

         Жандарынан тұратын шуақ тамып

         Домбыраның үні де естіледі.

         Достарымның сырлары сияқтанып.

         Дос жүрегі- қашанда аңсағаным.

         Соларменен қосылып ән саламын.

         Ақпейілді, аңсаған достарымды

         Қуанышпен  күлімдеп қарсы аламын

         Дос қамалдар ешқашан алынбайды,

         Дос көңілдер есепке алынбайды.

         Дос жүректер өсекке бағынбайды.

         Күн шығады дүниені нұрландырып,

         Достар әні өшпейтін бір мәңгілік

         Дос көңілі сияқты шашырайды.

         Күннің өзі көктегі тұрған күліп.

- Достық дегенді қалай түсінесіздер?

-Шын досты қалай білуге болады?

-"Досы көпті жау алмайды" деген сөзді түсіндіріңдер.

-Досы көп болуы үшін адам қандай болуы керек?




Дос









адал


мейірімді


көмектеседі


шыншыл


қайырымды


ұқыпты


жанашыр


қамқор







V."Дос болсаң берік бол,  досыңа серік бол!"

"Екі дос" (Ел аузынан)

Ертеде жаугершілік кезінде қазақтың екі жауынгері дос болады.

  Бірде  жаудың  қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға  түсіп қалғанын  естігенін екінші  батыр суық суды елеместен  өзенді жүзіп өтіп жауға келеді. Жау әскері оны тарпа бас салады.Жауынгер өзін қолбасына апаруын өтінеді. Келген соң қолбасына:

  -Мен қолдарыңа түскен  бір жауынгерге  құн төлеп сатып алуға келдім.Менің оған айырбастап берер мал-мүлкім жоқ. Бір -ақ нәрсе беремін. Ол- өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін мені жанымды алыңдар,- дейді

  Қолбасы оны сынамақ болады да:

  -Жарайды, мен сені өлтірмеймін. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады,- дейді.

  -Ол не?- дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.

  -Маған сенің көздерің керек?-дейді қолбасы.Екі көзіңді ойып аламын.

  -Олай болса, көзімді ал да, досымды тезірек босат, дейді жігіт

Жігіттің көзін алады.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип, соқыр күйі қуанып, күліп келеді.

  Мұны көрген жаудың қолбасы "Мынадай ерлері бар халықты  тұтқиылдан келіп қапы да бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады" деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне  шегінуге бұйрық беріпті.

  Талдау

  1.Екі жауынгер қалай дос болыпты?

  2.Жауынгер досын тұтқыннан  құтқару үшін не дейді?

  3.Қолбасы оны қалай  сынамақ болды?

  4.Қолбасының өз әскерлерін алып кетуіне не себеп болды?

  5.Бұлар қалай достасты?

VІ. "Достық, бірлік" үйін салу.

  Балалар, біздің адал достарымыз әлде де көп болу үшін  үлкен үй салуымыз керек. Сол үлкен үйді бәріміз бірге салып көрейік.

















"Достық, бірлік" үйі










Досы жоқпен сырлас,                       Шын дос үшін қалайда,                    Дос басқа қарайды,

Досы көппен сыйлас.                        Тік қатерге басыңды.                        Дұшпан аяққа қарайды.

                                               Айыра біл алайда

                                               Досың менен қасыңды.

                                              

                                               Досың менен досы болғанға

                                               шаттан

                                               Дұшпаныңмен дос болғаннан

                                               сақтан.




































VІІ.Қорытындылау.

  -Балалар, енді көзімізді жұмып,  әркім өзінің досы, оның жақсы қасиетттері  туралы ойлаймыз. (2-3 секунд)

  Балалар, достарымызды ойлап болсақ, көзімізді ашайық. Параққа  аты- жөнімізді жазып, ойлаған досымыздың есімін жазайық.

  Есте сақта!

  Енді, балалар, бүгінгі тақырыбымызға сай мынадай "Өміршеңдік ережесімн" естен шығармайық.

  Әр адамның ережесі - өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты  иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып, өміршеңдік  ережелерін айтайық.

  Жігер деген- Мен,

  Күш деген- Мен

  Махаббат деген- Мен

  Кешірім деген- Мен

  Құдірет деген- Мен

  Жасөспірімдік деген-Мен

  Жастық шақ деген- Мен

  Денсаулық деген -Мен

  Адалдық деген -Мен

  Жарқындылық деген- Мен

  Бар ғажайып деген- Мен

  Мұғалім: Бақытты болу өмір жолында.

  Оқушылар хормен: Бәрі менің қолымда.
Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Жадыра
Просмотров: 3276 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar