Ұлт- ұлысқа ортақ үй- Қазақстан. - Ашық сабақтар - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Ашық сабақтар

Ұлт- ұлысқа ортақ үй- Қазақстан.
30.06.2013, 11:12
Ұлт- ұлысқа ортақ үй- Қазақстан.

  Мақсаты: балаларды достыққа,бірлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу;

  1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін тәрбиеленушілерге жеткізу, олардың достығы мен ынтымақтығын , мәңгілік бейбітшілігін  дәріптеу.

  Коррекциялық мақсаты: оқушылардың ой- өрістерін кеңейту, танымдық үдерістерін дамыту, зейіндерін қалыптастырып, сөздік қорларын молайтып, тілдерін дамыту.

  Көрнекілігі: слайдтар, мақал- мәтелдер, шарлар, гүлдер мен  транспарттар, ұлттық тағам суреті.

Барысы

І.Кіріспе.

- Балалар, біз қандай мемлекетте тұрамыз? Біздің Қазақстан қандай мемлекет? Биыл тәуелсіздіктің неше жылдығын тойлаймыз? Демек, бұл қажырлы еңбектердің, жемістердің тойы болмақ. Республикамызда қазақ ұлтымен бірге  қанша ұлт өкілдері бар? (130ұлт өкілдері) Мына слайд арқылы еліміздің сипатын білейік.












Қазақстан халқы










Саны


%







Қазақ


10 096 763


63,07%







Орыс


3 793 764


23,70%







Өзбек


456 997


2,85%







Украин


333 031


2,08%







Ұйғыр


224 713


1,40%







Татар


24 229


1,28%







Неміс


178 409


1,11%







Өзгелер


721 691


4,51%







Барлығы


16 009 597


100,00%







-Балалар, сендерге мынадай тапсырма. Мына қағаз қиындыларына  Қазақстанда тұрып жатқан  ұлт өкілдерінің аттарын жазыңдар. Содан соң бұл  қағаз қиындыларын тақтаға жапсырамыз. Тақтада ненің суреті шықты? (Қазақстан картасы) Осы ұлт өкілдерінің барлығы қайда тұрып жатыр?

  Олай болса,  бүгінгі тәрбие сағатымыздың  тақырыбын " Ұлт- ұлысқа ортақ үй- Қазақстан" деп атайық.

  ІІ. Ата Заңымызда көрсетілген  Қазақстан азаматтарының  құқықтары мен міндеттері.

  "Жақсыда жаттық жоқ" деп халқымыз айтқан, біздің Қазақстан Республикасы  осындай  көп ұлт өкілдерін бауырына басып,  барлығы бір шаңырақтың астында тату өмір сүріп жатыр.

  Ұлтына, нәсіліне, діни сеніміне қарамастан бұл ұлт өкілдері  Қазақстан  халқын құрайды.  Осы елімізде  мекендейтін ұлт өкілдеріне қамқорлық жасау, олардың тыныштығы мен  құқықтарын қорғау Ата Заңымыз Қазаақстан Конституцияның баптарында көрсетілген.

- Балалар, слайдтан қандай құжаттй көріп тұрсыңдар? (Қазақстан Конституциясы)

- Конституцияда не жазылған? (Қазақстан азаматтарының  құқықтары мен міндеттері көрсетілген)

  Қазақстан Республикасының Конституциясында  барлық Қазақстанда тұратын  азаматтар өмір сүруге,  білім алуға, еңбек етуге, денсаулығын сақтауға, медициналық  көмек алуға құқылы, сонымен бірге олар Қазақстан Республикасын қорғауға, Рәміздерін құрметтеуге,  табиғат байлықтарын сақтауға міндетті екені  көрсетілген.

- Баллар, өздерің білетіндей, әр ұлттың өзінің тілі бар.Қазақстанда мемлекеттік тіл қандай тіл?(Қазақ тілі)

  (7 бап оқылады)

   -Балалар, әр ұлттың өз тілі бар, өз тілінде сөйлейді десек те Қазақстанның әрбір азаматы  мемлекеттік тілді білуі керек. Қазіргі таңда біздің елімізде басқа ұлт өкілдері де  қазақ тілін меңгеруде. Мәселен,  олардың балалары  қазақ балабақшаларында тәрбиеленіп жатыр. Мұның өзі мемлекеттік  тілдің мерейінің  өскендігін көрсетеді.

  ІІІ. Ұлт өкілдерінің тілектері.

   -Енді, балалар, Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің  атынан ұлттық  киім киген балалар ортаға шығып Қазақстан жайында пікірлерін , лебіздерін айтсын.  Алдымен Орыс мәдени орталығының  өкілдерін ортаға  шақырайық.

   - Наше государство- Республика Казахстан занимает огромную территорию. Повсюду в нашей стране  дружно живут и работают люди разных  национальностей: казахи, русские, уйгуры, корейцы, украинцы,  немцы, татары, узбеки и другие.

   Мы гордимся , что  Казахстан  обьединил  нации и народности в единое  братской семье. В нашей республике  полное равноправие разноправие разноязычных народов. Сближению  и расцвету культуры  народов  нашей страны способствует дружба.

  Дружба- симбол братства. Дружба - самое дорогое и самое  необходимое  условие жизни всего общества.

  -Келесі сөз Өзбек мәдени орталығына беріледі.

  - Мүмкіндікті пайдалана отырып бәрімізге айтарым: қашанда жүзіміз жарқын, көңіліміз шат болып тұру үшін ұлтаралық  достықты нығайту, жалған айтпай берген уәдені орындау  басты парызымыз екенін ұмытпайық. Конституциялық  құқығымызда ел қатарлы қорғалуда. Біз қазақстандықтар бейбіт өмірде, жақсы тұрмыста адамша өмір сүргенді қалаймыз. Ешкім де, ешқашан да  ұрыс-керіс, жанжал, айқай- шумен  жақсы тұрмыс құра алмайды.

  Жасасын достықты жақтаған Қазақ елі!

-Енді Украин мәдени орталығын тыңдайық.

-Қазақ жеріне ата- бабаларымыз қалай келіп тұрақтап қалғаны тарихтан мәлім. Қазақтардың кеңдігі мен бауырмалдығының арқасында біздің украин халқы да өсіп өніп жақсы тіршілік кешуде. Олардың біраз ұрпақтары қонақжай қазақ халқының жерінде тұрақтап қалды. Қазақстанды өз Отанымыз деп санайды.

  Байлықтың ең үлкені- халықтар достығы. Біз осы достықты нығайта  білуіміз керек, бір- бірімізді құрметтеп, еліміздің ертеңі үшін қызмет етеміз. Жасасын жүрегі бауырмал  Қазақ елі!

  -Енді Кәріс мәдени орталығын тыңдайық.

  - Біз қазақ халқының шексіз дархандығын айтқымыз келеді. Бүгінде бүкіл әлем Қазақстаннан үлгі алуына болады, өйткені дстығы, бірлігі мықты ел қашанда дараланып тұрады. Қазақстан Республикасында тұратын, мақтан тұтатын ұлттың бірі- біздің кәрістер.

  Дініміз бөлек болса да, түпкі тіліміз бір болғандықтан қазақ тілін үйренуге біздер де бейімбіз. Қазақ жеріндегі жақсы тұрмысымыз туралы сырттағы  бауырларымыздың аузынан естіп төбеміз көкке бір елі жетпей тұр. Жасасын Қазақстан!

  - Соңғы сөзді Қазақстан мәдени орталығына берейік.

  - Егемен ел жыл сайын еңсесін биіктетіп келеді. Осы тәуелсіз мемлекетімізді  уақыт талабына  сай ақылмен, терең парасатпен басқарып отырған Нұрсұлтан Назарбаевты қалай мақтап мадақтаса да жарасады. Көп халықтың арасында "ши" шығармай, бірлік пен ынтымақтың ұйытқысы болып, дер кезінде республикадағы Ассамблея жұмысын жандандырып,  олардың тілін, әдеп-ғұрпын насихаттауға мүмкіндік жасалуын қадағалап келеді.

  Мемлекетімізде жүргізіліп жатқан игілікті істеріміздің барлығы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты. Елбасымыздың есімі тәуелсіз Қазақстан атымен бірге өрлеп, үндесіп тұр. Жасасын Қазақстан!

  - Рахмет, балалар, біз әр ұлт өкілдерінің Қазақстан туралы жылы лебіздерін тыңдадық.

  ІV.1-мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күні.

         Болсын жер мен су ортақ,

         Болсын бізге ну ортақ

         Ақпыз,қара, сарымыз.

         Ағайынбыз бәріміз.

  Бір шаңырақтың астында қазақ ұлтымен  бірге бір ананың  баласындай болып 130ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Сендер теледидардан басқа мемлекеттерде  жиі-жиі соғыс тұтанып, алауыздық  болып жатқанын көріп жүрсіздер.

  (Жоқ, біздің мемлекетемізде ондай алауыздық, ұрыс-тартыс жоқ!) Бұл- Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізді дұрыс жолмен, көрегендікпен басқарып, ұйымдастырып отырғанының және қазақтардың  кеңпейіл болуының арқасы.

  Қазақстандағы барлық ұлт өкілдері осындай  тыныштық, ұлттық келісім болу  үшін ат салысып, еліміздің экономикасын, мәдениетін дамытуға үлес  қосып отыр, сондықтан  "1-мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күні" деп аталады.

  Бұл күні бірліктің, ынтымақтың, достықтың мерекесі тойланады. Осы мерекеге арналған балалардың өлең шумақтарын тыңдайық.

                  

                   Бірінші бүгін мамырда

                   Тойланады қала , ауыл да

                   Айналғанын халықтар:

                   Дос, туысқан, бауыр да

        

                   Қазақ елі- қашаннан да жыр елі,

                   Тарихында тұлғалар көп киелі

                   Қазақстан аясында бұрыннан

                   Талай халық бірге өмір сүреді.

                   Поем мы, и с нами поют миллионы

                   О Родине нашей, о славных делах,

                   О дружбе народов, обьединенных

                   Вказахстанских просторных степях



                   В этих синих неоглядных далях

                   Люди, как единая земля

                   Дружбой ста нардов и наречий

                   Степь преображенная сильна.

V. Ұлттар достығы- басты қазынамыз!

  -Міне, балалар, Қазақстандағы барлық  халық бірігіп өзара түсініскен жағдайда ғана еліміз бүтін болаы екен. Олай болса халықтардың достығы  біздің ең басты байлығымыз, қазынамыз екен.  Елбасымыз  Нұрсұлтан Назарбаевтың бірлік , ынтымақ жайлы  көрегенді сөзі де осының дәлелі: " Қазақ халқының ынтымағы  мен бірлігі мықты  болмайынша  мемлекетіміздің  тұтастық қабілетін сақтау мүмкін емес".

  -Балалар, енді осы достық  жайлы, ел бірлігі жайлы қандай мақал-мәтел айта аласыңдар?

1)Отан үшін күрес- елге тиген үлес.

2)Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады.

3)Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

4)Достық күші бірлікте.

VІ. Қазақстан халқы ассамблеясы.

  -Балалар, әрбір ұлт өзінің тілін, мәдениетін, әдеп- ғұрпын, салт- дәстүрін жоғалтпауы керек. Осы мақсатта Қазақстанда өмір сүріп жатқа барлық халықтардың Ассамблеясы құрылған болатын. Ассамблея- ұйым, мәдени орталық деген сөз. Ондай мәдени орталықта ұлттар өздерінің озық дәстүрлерін, мерекелерін, ұлттық киімдерін, ұлттық тағамдарын  насихаттап отырады.

  Енді Қазақстандағы кейбір халықтардың ұлттық тағамдармен  танысайық.

(Балалар ұлттық тағамдармен  танысып, дайындалу жолдарын айтып береді).

  VІ.Қорытындылау.

  Ертеде ел басқарған данышпан ақылды адам ұрпақтарына өсиет қалдырған екен. Данышпан адам баласына "Сындыр" деп бір шыбықты береді. Бала біреуін сындырады. Екеуін береді, сындырады, үшеуін зорға дегенде сындырады. Төртеу бергенде сындыра алмайды. Сонда данышпан баласынан "Не ұқтың?" деп сұрайды. Бала "Бәрің бірігіп өмір сүріңдер деген өсиет шығар" дейді. 

  "Дұрыс! Егер адамдар бірге өмір сүрсе, барлық қиындықты жеңуе болады, тірлік етуге болады" деп түсіндірген екен даныщпан адам.

  Олай болса,  "Бірлік түбі - тірлік" екен.

  Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызда халықтар  достығы туралы, бірлік туралы әңгіме қозғадық. Қазақстанда барлық ұлт өкілдері тату-тәтті , достықта өмір сүріп жатыр екен.

  Отан, достық, бейбітшілік деген киелі ұғымдарды тек біздер ғана емес,  басқа да халықтар өз тілінде айтып бейбіт  өмір сүруге шақырады.

  Балалар "Отан, достық, бейбітшілік" деген  сөздерді әр ұлт өз тілінде айтып, шар, гүлдермен ортаға шығады.

  Тәрбие сағаты Қазақстан әнұранының айтумен аяқталады.
Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Жадыра
Просмотров: 8300 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.7/11
Всего комментариев: 0
avatar