Салауатты өмір салтын дәріптейік - Ашық сабақтар - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Ашық сабақтар

Салауатты өмір салтын дәріптейік
30.06.2013, 11:13
Салауатты өмір салтын дәріптейік

  Мақсаты: білімділік- оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру қажеттілігін,  бағалы байлық екендігін түсіндіру, оқушылардың салауатты өмір туралы ұғымдарын кеңейту, дене, жеке бас гигиенасын сақтау және жаман қылықтардан бойын аулақ ұстау; тәрбиелік- денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.

  Көрнекілігі: денсаулыққа байланысты нақыл сөздер, қабырға газеттері.

Барысы.

  Жоспары:

  1."Тәні саудың жаны сау" (Зиянды әдеттер тақырыбындағы сұрақтарға жауап беру)

  2."Бірінші байлық - денсаулық" (Зиянды әдеттер тақырыбына байланысты мақал- мәтелдердің жалғасын табу)

  3.Түрлі жағдайлардан шығу.

  4."Уланбасың өмірің" (Зиянды әдеттердің алдын-алу  шараларын  дәріптейтін көрініс көрсету)

                   :Адамның денсаулығы- қоғам байлығы, әрбір адам өз денсаулығының мықты болуы жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашашн құлшына кіріседі. Халқымыз "Дені саудың жаны сау" деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың- салауатты өмір салтын сақтау. Салауатты өмірге тәрбиелеуді баланың сәби шағынан бастау керек. Жас сәбидің дұрыс тамақтанып, дене бітімінің қалыпты жетіліп, ой-өрісінің дамуына  ата-ана  жауапты.

  Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі "Салауатты өмір салтын дәріптейік" атты шарамызға қош келдіңіздер!

  1."Тәні саудың жаны сау"  Зиянды әдеттер тақырыбындағы сұрақтарға жауап беру.

  1.Сара Назарбаеваның салауатты өмір салты туралы қандай кітабы бар? ("Ұстаздан ұлағат")

  2.Есірткінің әлеуметтік салдары қандай? (Отбасының бұзылуы, қылмыстың артуы)

  3.Құрамында этил спирті бар. Ол не? (Ішімдік)

  4.Темекі құрамындағы улы зат (Никотин)

  5.Туберкулезге қарсы күрес  күні (24-наурыз)

  6.СПИД неліктен қорқынышты? (Ауырғанна кейін ең көбі 5-7жыл өмір сүреді, емі жоқ)

  7.Салауаттылық сөзінің  негізгі мағынасы (Парасатты ,байыпты, ақылды, ойлы, зерделі, сабырлы)

  8.СПИД нашақорларға қалай жұғады? (Ортақ қолданылған ине арқылы)

  9.Дүниежүзілік СПИД- пен күрес күні (1-желтоқсан)

  2."Бірінші байлық - денсаулық"

  Ұлтымыздың болашағына қауіп төндіріп отырған наша, темекі,  арақ-шараптың зияны, денсаулық  туралы мақал-мәтелдерді тыңдайық.

         Іздеп алған аурудың емі табылмас.

        

         Демі бардың емі бар.



         Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың  жолын ізде.



         Арақ ішкен азар, шылым шеккен тозар.



         Наша тартқан өз көрін өзі қазар.



         Мешкейдің түсінен тамақ кетпейді, маскүнемнің түсінен арақ кетпейді.



         Денсаулық қайда, сұлулық сонда.



         Дені саудың жаны сау.



         Бірінші байлық -денсаулық.

  3.Түрлі жағдайлардан шығу.

  1.Темекі шекпейтіндердің қасында  темекісін будақтатып тұрған адамға  сен қалай қарайсың?

  2.Сенің досың дүкеннен шарап алып шықты, сен не істер едің?

  3.Сенің бірге өскен досың  кішкентайынан темекі шегеді.Бір күні оның темекі шегіп тұрғанын көрдің.Сен не істейсің? Достығың жалғаса ма, әлде көрмей кетер ме едің?

  4.Сенің досың жұқпалы ауруға шалдықты. Не істейсің? Достығың жалғаса ма, әлде көрмей кетер ме едің?

   4."Уланбасың өмірің".  Зиянды әдеттердің алдын-алу  шараларын  дәріптейтін көрініс көрсету.

Кітапханашы : Өмір адамға берілетін қымбат дүние.Адам денсаулығына кері әсер тигізетін ауруларға жол бермеу мақсатында "Дос ақылы" атты көріністі тамашалауға шақырамыз.

                   : Екеуміз доспыз ғой, ә?                

                   : Иә, доспыз.

                   : Сен ешкімге айтпа, менде керемет нәрсе бар.

                   : Ол не?

                   : Әкемнен көрсетпей алдым. (көрсетеді)

                   : Әкеңнен неге аласың? Темекі деген жаман нәрсе, денсаулыққа зиян.

                   : Менің әкем неге тартады?

                   : Ой, достым, сенің әкең жас күнінде темекіге әуестеніп, сол қателігін жөндей алмай жүр.

                   :Дегенмен осыны тартып көрсек қайтеді?

                   : Жоқ. Мұндай жаман әдеттен  аулақ болғанымыз абзал. Одан да ойынымызды жалғастырайық.



Кітапханашы: "Ақырын жүріп анық бас" тақырыбында поэтикалық қойылым.

Автор:      

         Кім мұндайды естіпті,

         Есірткі жұртты есіртті.

         Иіскеген жастардың

         Жан- тәнін түгел кесіпті.

         Сақ болайық, ағайын,

         Қатерлі жау- есірткі!(Басы төмен салбыраған жас жігіт шығады)

Автор:      

         Ей,  жас жігіт,

         Жан едің сен гүл жүзді.

         Солып қапсың,тынышыңды кім бұзды?

Кейіпкер:

         Өмір қатал,

         Көңіліңе қарай ма?

         Душар болдым қайғыға

         Енді арылу оңай ма?

Автор:      

         Не деп кеттің,

         Қандай қайғы айтқаның?

         Қане, отыр да

         Түсіндіріп айт бәрін.  

Кейіпкер:

         Ізгілікті зұлымдыққа талаттым,

         Денсаулықтың барлық алтын- асылын.          

         Пенделіктің орманында тонаттым.

         Жастайымна құлы болдым, қайтейін,

         Наша үшін қиған жастай өмірін.

         Ең сорлы жан мен болайын,

         Ең соңғы жан мен болайын, тәңірім!

Автор:

         Жоқ, сабыр ет,

         Әттең, өзің жанбай жатып,

         Жақын тұрсың сөнуге!

         Пенделікті шалғайда айтып,

         Тағдырыңмен қол ұстасып көруге

         Жетер ме екен батылың?



Арақ:Тоқта, тоқта!

         Мені көрсе ішіп алар шыдамай,

         Ішу үшін өмірде сылтаулар көп мынадай:

         Табысы мен атақ- даңқы, қолы жеткен мансабы,

         Себепсіз құр ішу мақса ауып кетсе аңсары,

         Осы арқылы мен алдымен адамдарды аулаймын.

         Ақырындап уақыт өте әлемді де жаулаймын. (Әдемі киінген Темекі жан- жағына жымия қарап, кіріп келеді.)

Темекі:      Уа,тақсырым!

                   Мен барлық адам өмірін

                   Көк түтінге улатып,

                   Тәнін жаулап аламын.

                   Тағы кім бар?

(Жылтырап сахнаға наша шығады.)

Наша:       Мына мен бар!

                   Уа халайық, қараңдар,

                   Көз көрмейтін сиқырым бар

                   Еліктірер адамды.

                   Осы өнермен әп- сәтте - ақ

                   Жаулап алам ғаламды!

Арақ: Ей, адамзат, неге жүрсің серіксіз?

Наша: Танысайық, жақындасаңшы сен бізге!

Темекі:  Біз достықта әрқашан берікпіз!

Арақ:Бұрын көргем дейсің бе?

         Қатал сезім шекпеніне оранған

         Білем сенің жүрегіңде налаң бар.

         Мен арақпын, жаза бассаң, сүрінсең,

         Шақырмай- ақ жетіп келем өзіңе.

Темекі:

         Жас өмірің атқан кезде таң болып,

         Есіңде ме, мен де саған жолыққам,

         Талай- талай бірге жүрді серік боп,

         Сонан кейін бір күні әкең өлгенде

         Наша қалмай меніменен еріп кеп,

         Түнек алдық сенің балғын кеудеңде.

Наша:

         Мұнан кейін бір күннен соң бір күні,

         Есігіңді жиі қағып тұрдым мен.

         Жиі қақтым, келмейді оны жасырғым.

         Кей күндері бірге жүрген досыңның

         Баянсызын сезінгенде жолықтым.

Кітапханашы: "Адам азса, заман тозады" дегендей оны жаңғырту да, құрдымға құлату да өзімізге байланысты.

  Арақ ішу, темекі тарту аздай жастарымыз енді есірткіге бой ұра бастады. Темекі түтінінің құрамында ағзаға зиянды 1200- дей зат бар. Оның ең зияндысы- никотин. Темекі тартатындардың өмірі темекі тартпайтындарға қарағанда 7-15жылға қысқа келеді.

         Ойлан , тап!

         Желден жүйрік, таудан алып,.......(жалғасын тап)

         Жетеліге жеті өсиет (аңыз)

  Лұқпан хакім 1000 жасаған. Ерекше таланты,білімі және зеректігі арқасында Лұқпанның даңқы шартарапқа жайылған. Лұқпан хәкім қандай дауды болмасын оп- оңай шешіп, қандай кезде де болмасын ауруды емдеп жазып отырған.

  Күндердің бір күнінде Лұқпан өз шәкірттеріне "Қымбатты шәкірттерім, мені емдеп босқа әуре  болмаңдар. Мен көз жұмғанна кейін қайғырмаңдар. Сендерге қалдырар жеті өсиетім бар.Сол өсиетке бойұсыныңдар. Өзгелерге де тарата жүріңдер" деп жеті өсиетін айтыпты. "Міне, бұлардың барлығы- денсаулықты сақтаудың негізгі кепілі" депті.

Кітапханашы: Балалар, денсаулығымыз мықты болуы үшін не істеуіміз керек?

Оқушылар:Шынығып, спортпен айналысып, тазалық сақтауымыз керек.

Кітапханашы: Сонымен ішімдіктің, темекінің, нашақорлықтың денсаулыққа зиянды екенін білдік. Тағы нелерге зиян?

Оқушылар: Еңбек етуге, қоғамға, ұрпаққа , отбасына зиян.

Кітапханашы: Қадірлі ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі "Салауатты өмір салтын дәріптейік"атты шарамыз аяқталды. Жаман әдеттерден аулақ болыңыздар!
 
Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Жадыра
Просмотров: 6554 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar