Сыныптан тыс жұмыс «Алтын қақпа» - Ашық сабақтар - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Ашық сабақтар

Сыныптан тыс жұмыс «Алтын қақпа»
[ Скачать с сервера (44.0Kb) ] 02.09.2014, 09:00

Сыныптан тыс жұмыс

«Алтын қақпа» интеллектуалдық ойыны

 

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен алған білімдерін, ел тарихы, салт-дәстүрлерін қаншалықты білетіндіктерін тексеру.

 

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын дамыту, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету.

 

Тәрбиелік мақсаты: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, ел тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін ұмытпай, қадірлеуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі: Алтын, күміс, тас қақпалар, сұрақтар, конверттер, сандықша.

 

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.

 

Сабақтың барысы:  Ұйымдастыру кезеңі.

 

         Оқушыларға жалпылама сұрақтар беру арқылы топ жинау. Сұраққа жауап берген оқушылар ойынға қатысатын болады. Топта бес адам болады. Топтың сұрақтары конвертке салынып, қақпалардың жанына қойылады. Әр конверттің ішінде үш сұрақтан болады. Үш сұраққа толық жауап берілген жағайда, қақпа ашылады. Үш қақпаны да ашқан топ алтын сандықтың сұрақтарына жауап береді. Алтын сандықтың сұрағына жауап берген топ жеңіске жетеді.

 

Жалпылама сұрақтар:

  1. Сөзді дыбыстық жағынан тексеретін ғылым қалай аталады? (фонетика)
  2. Көк ат деген тіркесте қандай ықпал түрі  бар? (ілгерінді ықпал)
  3. С. Сейфуллиннің туғанына неше жыл толды? (110 жыл)
  4. Көп сөзінің антонимін тап (аз).
  5. Республика күні қашан атап өтіледі? (25 қазан)
  6. Көкшенің сал-серілері (Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай т.б.)
  7. Көкшетау қаласы қай жылы құрылды? (1824 жылы)
  8. Бір-біріне мағыналары жуық сөздер қалай аталады? (синоним)
  9. Жыр алыбы атанған ақын (Жамбыл)
  10. Ш.Уәлиханов қай жылы туды? (1835 жылы)
  11. Екі етіске ортақ жұрнақ (-ын, -ін, - н)
  12. Қобыландының тұлпары (Тайбурыл)
  13. Қазақ лицейі қай көшеде орналасқан? (Менжинский)
  14. Қара өлең ұйқасы (ааба)
  15. Конституция қай жылы, қай күні қабылданды? (1995 жылы, 30 қыркүйек)
Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Jahcepik | Теги: жұмыс, тыс, «Алтын, Сыныптан, қақпа»
Просмотров: 752 | Загрузок: 175 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar