Айбек Қалмағанбетовтың жазған Дос туралы дастан - Қазақ әдебиеті - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Қазақ әдебиеті

Айбек Қалмағанбетовтың жазған Дос туралы дастан
[ · Скачать удаленно (55.5Kb) ] 07.11.2012, 14:27
Дос туралы дастан

Авторы: Айбек Қалмағанбетов

Жан досымнан айырылғалы,
Қанатымнан қайырылғалы,
Сұм тағдырға бағынғалы,
Дос бейнесін сағынғалы,
Уақыттың содан бері,
Өтті қанша ағындары.
Содан бері табиғаттың,
Соқты қанша дауылдары.
Жеткізбеді амал қанша,
Дос бейнесі сағымдағы,
Ұстатпайды екен дағы,
Сағым бәрі, сағым бәрі!!!

Досым Аман ғашық болды бір қызға,
Теңеуші еді ол ғашығын жұлдызға.

Көрмесе оны тұра алмаушы еді, бірақта,
Жұлдыз деген қол жетпейтін жырақта.

Ғашық жанға кездеседі зор қамал,
Баса-көктеп ала-алмаған сол жаман.

Ойлаймын деп солбір қызды күн-түні,
Ұтытты дос ойын-сауық, күлкіні.

Тауысқанмен талай түндер төзімін,
Ұялатын айтуға оған сезімін.

Ал қыз болса жұлдызға ұқсас арайлы,
Өзін шексіз бақыттыға санайды.

Шамға түскен көбелектей жігіттер,
Өртенерін алған еді біліпте.

Жаратыпты өзін сондай көрікті,
Сұлулықты аямастан төгіпті.

Арманының жетегіне ерген ол,
Астанаға оқу іздеп келген ол.

Білім алу мақсаты еді негізгі,
Жолы болмай өмір опық жегізді.

Ұялды ма алған беттен тайқуға,
Асықпады ауылына қайтуға.

Жан дүниесін бойжеткеннің кім ұғар,
Жаны ашыр ақыл айтар кімі бар.
Уақыт қана бәрін емдеп жазады,
Ұмыт қылар тағдырдың да мазағын.

Су тасыса сай арнасы толмайма,
Сәтін салса ертең жолы болмайма.

Бір жыл бұған жұмыс істеу шарт шығар,
Ал оқуға келер жылы тапсырар.

Жұмыс тапты, үй де тапты, дос тапты,
Жаңа ортада жаңа өмірді бастапты.
**** **** ****

Бірақ мына сұм жалғанда,
Зұлымдықтар құр қалған ба.
-Дүниеде бәрі жалған,
Деуші еді көпті көрген,
Топты жарған кәрі тарлан.

Ақмақтадай ары таза аңқау қыз,
Залым құрған торға түсті байқаусыз.

Ой ойласа біреу егер қызғанып,
Көңіл көлі тоңазиды мұзданып.

Құрбы қызы сыр шертісіп ұғысқан,
Құлатуға сырттай бұны тырысқан.

Сақтау қиын арын таза сұлуға,
Өйткені оны бәрі құмар жығуға.

Құрбы қызы туған күнге шақырып,
Алдап соқты жас сұлуды ақыры.

Түсінді қыз жанбай жатып солғанын,
Бар асылын бір-ақ түнде жойғанын.

Бәрі бекер, жыла мейлі, жылама,
Түзелмейді ар асқары құлаған.

Сөндірмек боп жастықтың мол базарын,
Аласұрып іздеді ол ажалын.

Аяр тағдыр мазағына көнбек жоқ,
Шыңға шықты бір күні ол өлмек боп!

Жас арудың қызғалдақтай солғанын,
Құздан құлап тәні быт-шыт болғанын.
Дәті бармай, дәті бармай қарауға,
Күннің жүзін қап-қара бұлт торлады.

Жерана сен бермесең де төріңді,
Сорлы қыздан аядың ба көріңді.

Быт-шыт болар бойжеткеннің жас тәні,
Тасқа құлап сәлден кейін қас-қағым.

Бар ма еді сұлу қыздың жазығы,
Кететіндей асау өзен ағызып.

Тұншыққандай тау шатқалы тынады,
Шың басында қыз сүлдесі тұр әлі.

Ол қызды мен сырттай көріп жүруші ем,
Сымбатына сұқтана көз тігуші ем.
Сол бір қызды көрсем де ылғи түсімде,
Жан досымның махаббаты үшін тек,
Бұл сырымды ешкімге айтпай бүгуші ем.

Күннің көзі кенет бұлттан ашылып,
Шың басына сәуле түсті шашылып.

Қызға жетті күн сәулесі шашылып,
Құтқаруға сұм ажалдан асығып.

Күннің нұры қыз бетіне төгілді,
Кенет оған өмір ыстық көрінді.

Тұрса да өмір оған сірә қашық боп,
Қалды күнге қыз керемет ғашық боп.

Шақырғанмен ажал төмен жасырын,
Қалай қиып кете алады ғашығын.

Қарады да төмен қарай егіліп,
Шың басынан кетті кейін шегініп.

Жазылғандай дертті көңіл бүлінген,
Кетіп барад қыз алыстап жүгірген.

Қайдасың достым, қасымда жоқсың,
Мені тастап кеткенің бе мәңгіге,
Айтылмайма енді тәтті әңгіме.
Шыныменен жанбай жатып сөндің бе,
Шыныменен жер қойнына ендің бе.?
Жо-жоқ бекер, бәрі бекер жай ғана,
Бәрі де өсек лаулаған.
Мен тірімін, сен менімен біргесің,
Сөгілмейді ұлы достық іргесі.
Өзімді де өзгені де көндірем,
Лаулаған отқа су құйып
Өсекті мәңгі сөндірем.

Кіріп келді досым бір күн алқынып,
Қуаныштың бетінде ойнап жарқылы.

«бақыттымын, бақыттымын» дей берді,
Құшақтап ап кидірместен жейдемді.

Дос бақыты өз бақытым емеспе,
Күле бердім мен ештеңе деместен.

-Білесің бе мен онымен тілдестім,
Бұдан өзге бақыт бар деп білмеспін.

Одан өзге қызды көзге ілмеспін,
Деп жан досым әңгімесін бір кесті.

Сезімімді ерлігіме жеңдіріп,
Құттықтадым жан досымды мен сүйіп.
Жан досымның қуанышы аспандап,
Махаббаттың романы басталған.

Құс оралып қуанышты кез келді,
Жан досымда жас көктемдей өзгерді.

Бар шуағы бетінде ойнап тығылған,
Көңіл құсы көкке ұшты жығылған.

Құстарменен туған жерге оралған,
Махаббатын тапты досым жоғалған.

Теруші еді қырдың қызыл гүлдерін,
Сол қызға арнап досым менің күнбе-күн.

Бір айдан соң екі ғашық қосылды,
Асаба боп тойын аштым боп досымның.

Ақ тілектер шампан болып төгілген,
Сол той мәңгі кетпес естен, көңілден.

Тойда өтті екі кеште дүрілдеп,
Астанаға оралдым мен күлімдеп.

Досым қалды құшағында жарының,
Лаулатуға ләззат түндер жалынын!!

Мұң-қайғы мен қуаныш,
Тең болса өмір жұбаныш.
Қайғы мұңды білмесе,
Адамға болар сол қайғы,
Мұңсыз өскен адамда,
Аяушылық болмайды.
Қуанып егер күлмесе,
Адамға болар сол қайғы,
Мұңға батқан адамда,
Өмірге үміт болмайды.
Мұңая білсе бір кезде,
Қуана білсе тағыда,
Осындай жандар өмірді,
Сүйеді екен сағына!

Уақыт жылдам сусылдаған сынаптай,
Талайларды жер соқтырып жылатқан.

Уақыттың баласындай тағдырда,
Талайлардың кең өрісін тар қылған.

Бір адамға бақыт ұзақ қонбайды,
Ұшып жүрген құс секілді сол қайғы.

Бақытты еді кеше ғана досымда,
Бүгін міне мұңға батқан тосыннан.

-Шарап ішіп тарқатайық көңілді,
Ұмытайық мына арсыз өмірді.

Келші Достым ұмытайық бәрінде,
Құлшылық қып аспандағы тәңірге!

Деді досым мені естен тандырып,
Дауысым да әрең шықты қарлығып.

-Түңілердей мына өмірден ашына,
Не іс түсті айтшы сенің басыңа?

Болат мінез сынар бірден бүгілмей,
Көтерейік тағдыр сыйын түңілмей.

Не боғанын түсіне алмай дағдарып,
Қарап тұрмын жан досыма таң қалып.

-Бір күні досым, бір күні,
Естідім арсыз күлкіні.
Естілгенмен сыртымнан,
Есімді алды қылқылдап.
Мазалап шықты бір түні.
Жанымды жеді жегідей,
Шыдамның жетті шегіне,
Мазақтап мені жүргендей,
Жабылып бәрі күлгендей.
Сұмдықты жүрдім сезіне.

Поезбенен келе жатып осында,
Бір жігітпен жолдас болдым тосыннан.

Сампылдаған жігіт екен серігім,
Қыздырды тез әңгіменің көрігін.

Тыңдаушыны тапқанына шаттанып,
Бір әңгіме бастап кетті мақтанып.

Раушанды таниды екен сол жігіт,
Сыр тарқатқым келіп кетті ынтығып.

Қышығандай түлен түртіп құлағым,
Суыртпақтап Раушан жайлы сұрадым.

-Раушан ба, оны біздер қатырдық,
Бір күні алдап туған күнге шақырдық.

Бір жолдасым көндіре алмай өзіне,
Тісін қайрап жүрген еді өшіге.

Жігіттер боп сөз байластық басынан,
Сенде жігіт сенен несін жасырам.

Сол бір түні шайтан бастап сорға анық,
Қалған ол қыз торға түсіп алданып...

Шайтан бастап сорға анық,
Қалған Раушан алданып.
Шарап беріп алдадық,
Сосын топ боп зорладық.
Қалған ол қыз зорланып,
Зорланып, зорланып, зорланып...
Орнымнан тұрдым сұрланып,
Ашуым келді долданып.
Қайталанып жаңғырық,
Кетті басым қаңғырып.
Сол бойда әлгі жігітті,
Соққыға жықтым қан қылып.

Көрсем де талай өмірдің аяр сұмдарын,
Осылайша көрмеп ем мазақ қылғанын.
Соға бердім көзім қанға малынып,
Жұдырыққа жиналып қара жындарым.

Түк естімей құлағым кетті ызыңдап,
Есінен танып жігіт жатыр ұзыннан.
Досым сөзін аяқтаған сияқты,
Әлем-жәлем түрі қатты бұзылған.

Екеуміз де үнсіз қалдық тұнжырап,
Егіледі қосыла бізге түн жылап.

Уақыт жылдам сусылдаған сынаптай,
Талайларды зар илетіп жылатқан.

Сол түннен соң досым кетті алысқа,
өзегі от боп, кеуде жанып намыстан.
Құтылам деп ойлады ма білмеймін,
Қайғысынан екі иықты жанышқан.

Қоштасқан сәт әлі есімде, жүрер күн,
Бірге кетпей зор қателік жібердім.
Оралатын шығар дедім жеңілдеп,
Елге барып мауқын басып бірер күн.

Тосын хабар бұл пәниде жаманы,
Әркім бір күн сондай хабар алады.
Жай түскендей болды ашық аспаннан,
Қаза болды деген достың хабары.

-Өрт ішінен үш баланы құтқарып,
Аман-есен шықты, дейді сыртқа алып.
Қалмағаны өрт ішінде ешкімнің,
Болған кезде арпалысқан жұртқа анық.
Шешіп тастап аяқтағы етікті,
Досым қайта отқа еніп кетіпті.

Жанын жеген адамдардың мазағын,
Азаптаған түндерде жан азабын.
Жібергісі келген шығар мәңгілік,
Отқа өртеп, досым жаны жаралы.
Құтқарам деп өртке оранған баланы,
Ерлікпенен сөйтіп қаза табады...

Жеті қыс пен жеті көктем,
Содан бері жеті жыл өткен.
Сағынумен жүрмін әлі,
Жан досымның даусын өктем.
Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: туралы, жазған, Айбек, Қалмағанбетовтың, дастан
Просмотров: 1037 | Загрузок: 218 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar