“Алаш ісі” - Қазақ әдебиеті - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Қазақ әдебиеті

“Алаш ісі”
[ · Скачать удаленно (15.9Kb) ] 12.11.2012, 15:32
"Алаш ісі” — 1928 жылдан бастап Алаш қозғалысына қатысқандарды (Алаш партиясы мен Алашорда үкіметіне мүше болған және оларды жақтағандарды) Кеңес үкіметінің жаппай тұтқынға алып, тергеп, 1930 — 32 жылдардағы сот процестерінің шешімдері арқылы әр түрлі мерзімге түрмелер мен концлагерлерге қамауы. Олардың басым көпшілігіне 1918 — 20 ж-да Алашорда қатарында болып, Кеңес үкіметіне қарсы қарулы күрес жүргізді, ал одан кейінгі жылдары Кеңес өкіметін құлатуға қарсы әрекеттер жасады, контррев. орталықтар құрып, кең көлемде Кеңеске қарсы ұлтшыл үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, шетелдік кеңес мемл-іне қарсы орталықтармен байланыста болды деген жалған айыптар тағылды. 1930 жылғы 4-і сәуірдегі ОГПУ (Біріккен мемл. саяси басқармасы) алқасының үкімімен Ахмет Байтұрсынов басқарған 40-қа жақын адам әртүрлі мерзімдерге түрмелер мен концлагерлерге қамалуға, жер аударылуға, т.б. жазаларға кесілді. Байтұрсынов, М.Дулатов, Мырзағазы Есполов, Халел Ғаббасов, Дінмұхамед Әділов, Жүсіпбек Аймауытов, Ғазымбек Бірімжанов, Әбдірахман Байділдин, Асқар Дулатов, Теміржан Есмағамбетов т.б. (барлығы 20 адам) ату жазасына кесіліп, ол үкім кейін 10 жыл мерзімге концлагермен алмастырылды. Сол үкіммен Мағжан Жұмабаев, Елдес Омаров, Ибрагим Сәтбаев, Әбуәли Әділов, Асқар Әділов, Абдолла Ұзақбеков алғашында 10 жылдық мерзімге концлагерге кесіліп, бұл үкім кейін Солтүстік өлкеге жер аударумен алмастырылды. Ал Кәрім Жәленов, Дархан Кенжебаев, Төреқұл Мұратов, Ақбар Ыбыраев, Нұрлан Кәрібаев, Алғабек Байдуллаев бес жыл мерзімге концлагерге жіберілді. 1932 ж. 20 сәуірде ОГПУ үштігінің үкімімен Мұхаметжан Тынышпаев бастаған Алаш қозғалысының 20-дан астам мүшесі жазаланды. Олардың қатарынан Тынышпаев, Көшмұхамед (Қошке) Кемеңгеров, Халел Досмұхамедов, Алдаберген Үмбетбаев, Жаханша Досмұхамедов, Әшір Қожамқұлов, Кәрім Тоқтабаев, Ахмет Тұнғаншин, Әбдірахман Мұңайтбасов, Әшім Омаров, Жұмахан Күдерин, Мұстафа Бұралқиев, Әбдіхамит Ақбаев, Жақып Ақбаев, Сейдәзім Қадырбаев, Мұхтар Мурзин бес жыл мерзімге Ресейдің Воронеж облысына жер аударылды. Олар аударылып барған жерлерінде саяси сенімсіз адамдар ретінде ОГПУ органдарының бақылауында болды. Осы топпен бірге бастары істі болған Мұхтар Әуезов, Уәлихан Омаров, Біләл Сүлеев, Әлімхан Ермеков, Даниял Ысқақов алдын-ала тергеуде түрмеде отырған уақыты есептеліп босатылды. "Алаш ісімен” 1930 және 1932 ж. сотталғандардан М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Ә.Байділдин, А.Дулатов, К.Тоқтабаев елге қайтып оралмады. Ал қайтып оралғандары 1937 — 38 жылдардағы "үлкен террор” кезінде "халық жауы” деген жалған айыппен түгелге дерлік атылды.
Пайдаланған әдебиет
Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: “Алаш, ісі”
Просмотров: 1256 | Загрузок: 285 | Рейтинг: 5.0/3
Всего комментариев: 0
avatar