Шәкәрім Құдайбердіұлының философиялық дүниетанымы - Қазақ әдебиеті - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Қазақ әдебиеті

Шәкәрім Құдайбердіұлының философиялық дүниетанымы
[ Скачать с сервера (67.5Kb) ] 11.07.2013, 23:02

Шәкәрім Құдайбердіұлының философиялық дүниетанымын, оның тарихи санасының қалыптасуы мен шығармашылық жолын зерттеу барысында, жан–жақты талдау қажет ететін бірнеше мәселелерді кездестіреміз. Солардың бірі рухани жолда өзіне ұстаз тұтқан орыс халқының ұлы ойшылы Л.Н. Толстой мен Шәкәрімнің арасындағы рухани жақындық туралы мәселе.

Сөз жоқ егер біз бұл ойшылдардың арасындағы рухани жақындық туралы ой қозғасақ ең алдымен оларға ортақ рухани жол, ілім ислам дінінің болғандығы шындық. Л.Н.Толстой мен Шәкәрімнің де адамгершілік қағидаларына ислам дінінің гуманистік идеялары ерекше әсерін тигізген. Оны ойшылдардың өздері талай айтып, жазып та кеткен.

Дегенмен мәселенің екінші жағы бар. Бұл жерде әлем ойшылдарының арасында ислам дінін мойындап, оған ерекше құрметпен қараған ойшылдарды шығыс халықтарының арасынан іздемегеннің өзінде, батыста Гете, орыс халқында Пушкиннің ислам мәдениетіне деген көзқарасы қаншалықты болғаны белгілі. Бірақ Шәкәрім сияқты ойшыл дәл осылардың ішінде неге Толстойды өзіне ұстаз тұтып, оның көзқарастарын жоғары бағалады деген заңды сұрақ туындайды.

Жалпы Толстой өз заманында қазақ ойшылдарына біршама әсер етіп, оның әңгімелерін Әлихан Бөкейханов («Бір уыс бидай»), т.б. жазушылар да аударып, ХХ ғасырдың басында "Қазақ” және басқада газеттерде жариялаған болатын.

Бірақ Толстойға өлең арнап, оған жақтас болып, оны ерекше бағалап ұстаз тұтқан Шәкәрім болды. Неге?

Мәселеге бірден кіріспей тұрып ойшылдың Л.Н. Толстоймен хат алысқаны туралы дерекке көз жүгіртсек, бұл жайында Шәкәрімұлы Ахат және басқа да зерттеушілер талай рет жазған болатын.

Шәкәрімнің ұлы жазушы Толстоймен рухани байланыста болған. Ол Толстойға хат жазып үш түрлі сұрақ қояды. Бұл хаттың өзі сақталмағанымен, Шәкәрімнің ұлы Ахатқа айтқан естелігі арқылы біздің заманымызға жетіп отыр [1].

"Адамның арына ең ауыр тиетін не нәрсе? Ірі шығармалар жазуға бет алдым, бұған қандай кеңес бересіз? Жазушы өз шығармасының қатесін қандай әдіспен көріп, сынап түзеуге болады”– деген сұрақтарды Толстойға хат арқылы жіберген Шәкәрім, оларға жауап та алған.

Толстой: "Адам көпшілікке, жалпы қоғамға зиян келтіретін ақиқат істі біліп, соны үш нәрседен қорғанып, айтпай қалса, сол арға ауыр тиеді. Бірінші, сен өте бай болып, сол ақиқатты айтсаң байлығыңа зиян келсе, екінші, сен мансап иесі болып, сол ақиқатты айтсаң мансабыңнан айрылатын болсаң, үшінші сол ақиқатты айтсаң басың жазаланатын болса. Міне осы үш түрлі зардаптан қорғанып, көпке зиян келетін ақиқаты біле тұра айтпай қалсаң, арға ең ауыр тиетін осы”– деп жауап қайырады.

Екінші сұраққа, "Сенің жазған шығармаларың өзің сол оқиғаға қатысқандай шынайы болуы қажет”. Үшінші сұраққа, "Жазушының артық қасиеті – өз қатесін көріп, соны түзей алуы. Бұл әркімнің қолынан келе бермейді...

"...Егер адам өз істеген ісін, жазған сөзін ақ жүрегіне сыната білсе, ақ жүректің нәзік сезімі ашып бере алады. Ақыл толғауынан өткен қортындыны жүрек елегінен өткізу керек. Жүрек ықпалына беріліп дағдыланған адам өз мінін де, басқаның мінін де көре алады. Сондықтан әділ сыншы – ақ жүрегің”– дейді [2].

Толстойдан философиялық мәні терең осындай тағылым алған Шәкәрім, өз шығармашылығында бұл қағидаларды берік ұстана білді. Оны игілікті ар жолында іске асырды. Үнемі терең тағылымнан қуат алып отырды. Шәкәрімді Толстойға жақындастыра түскен себептің бірі осы рухани қуат еді.

Шәкәрімнің философиялық көзқарастарының ерекшелігі сонда, ол адамның ішкі рухани дүниесіне ерекше көңіл бөліп, қоғамдық процестерді адамдандыруға тырысты. Қоғамдық қатынастардан адамды іздеуге тырысты.

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Lazzat | Теги: ҰБТ
Просмотров: 3239 | Загрузок: 312 | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 0
avatar