Әдеби- теориялық ұғымдар. - Қазақ әдебиеті - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Қазақ әдебиеті

Әдеби- теориялық ұғымдар.
22.06.2013, 22:08
шендестіру).Екі зат не құбылысты шендестіру арқылы басқа бір құбылыстың, ұғымның, нәрсенің суреті,сыр-сипаты, кескін-кейпі аңғарылады. Мыс, "Қара жерге қар жауар, Қарды көр де, етім көр"(Ер Тарғын)."Қар- аппақ, бүркіт- қара, түлкі- қызыл. Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға"(Абай).

   Гипербола(әсірелеу)- өмірде кездесетін әртүрлі құбылыстарды н/е белгілі бір нәрсені шамадан тыс асырып айт тәсілі. Әсірелеу батырлар жырында, ертегілерде, мақал-мәтелдерде көп қолданылады.Мыс, "Көп түкірсе- көл"(мақал).

...Астындағы бурылдың

Жоғарғы ерні көк тіреп,

Төменгі ерні жер тіреп...

                                                 ("Қобыланды батыр")

                                               Қараңғы қазақ көгіне

                                               Өрмелеп шығып күн болам!..

                                                                          (Сұлтанмахмұт Торайғыров)



Баллада-орта ғасырларда француз, испан, итальян поэзиясында туып, қалыптасқан лириканың ерекше түрі.

Градация(дамыту)- алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсу(түйдектеу, баяулату болу бөлінуі).

Импровизация-өлең- жырды тұтқиылдан  суырыпсалып айту өнері.Ауыз әдебиетінде өлеңді табан астында суырыпсалып айтуға қабілеті жоқ адамды нағыз ақын деп санамаған.

Инсценировка-прозалық н/е поэзиялық туындыларды сахна, теледидар, радио қойылымдарына лайықтап, шығарма мазмұнын, идеялық мәнін, көркемдік ерекшеліктерін сақтай отырып, драмалық формада жазып шығу түрі.

   Көркемдік қиял- көркемдік ойлау ерекшелігі, суреткердің дүниеде,өмірде болатын, болуы мүмкін нәрселерді,жай-жағдайларды қиял арқылы елестету қабілеті, бейнелеп көрсету әдісі, тәсілі.

   Көркемдік қиял шындық пен шарттылықтың бірлестік тұтастығына негізделеді.

   Көркемөнерде тақырып таңдау,оның тереңіне бойлау, өмір құбылыстарының ішкі қабаттарына барлау жасау, солардың әлеуметтік-эстетикалық мәнін ұғыну, сан алуан кейіпкерлердің бейнесін, жан дүниесін, жүріс- тұрысын суреттеу көркемдік қиялға байланысты. Сайып келгенде, "Неғұрлым жазушы қиялға бай болса,пікірге шебер болса,соғұрлым  шығарма сөзі пікірлі, әсерлі болып шықпақ" деп көрсетеді А.Байтұрсынов. Бұл жерде ескертетін жайт- көркем әдебиеттегі шындыққа сай келетін өмір көріністері де, сондай-ақ  армандау, қиялға берілу арқылы жасалатын болжам, әдемі елес түріндегі, мыс, қиял ғажайып ертегілерде кездесетін бейнелерді ойдан шығару, көркемдік қиял негізінде туады.

   Метафора(ауыстыру)-екі нәрсені, құбылысты, салыстыру мен жанастырып жақындату негізінде жасалған, астарлы тың мағына беретін бейнелі сөз н/е сөз тіркесі. Мыс, Абай өлеңдерінде кездесетін жастық оты,жүрек көзі, дүние есігі, өмірдің өрі.Сондай- ақ:

                             Көздің жасы жүректің қаныменен

                             Ерітуге болмайды іштің мұзын.   

                                                                        (Абай)

   Мотив- тақырыптық сарын, қалыптасқан дәстүрлі тақырыптық әуен, оқиға желісіндегі кезең. Бірнеше жазушының шығармасында, әртүрлі әдеби нұсқаларда, әр дәуірдің әдебиетінде белгілі бір сарындар қайталанып келеді.

Әдеби термин ретінде ХХғ-дың  20-жылдарынан бері А.Веселовский, В.Я.Проп еңбектерінде зерттеле бастады. Бұл зерттеушілер әр халық әдебиетінде бұрыннан келе жатқан, бір әдебиеттен екінші, дәуірден дәуірге көшіп жүрген сюжеттік сарындар бар деп қарайды.Алайда ұқсас сюжеттік сарындарды өз дәуірінен, нақтылы шығармалардағы көркемдік шешімнен,ұлттық әдеби үдірістен бөліп алып, жеке қарастыру ұтымды бола бермейді. Ұқсас сарындар көп жағдайда өмірдің өзінен туады, оларды халықтардың өмір тұрмысындағы ұқсас  жағдайлардың әдебиеттегі көрінісі деуге лайық.Кейде олар сараланып, іріктеліп, қалыптасқан дәстүрлі сарындар болады н/е шығарманың құрамындағы бір жеке бөлігі сияқты болып келеді. Мыс, ауыз әдебиетіндегі сиқырлы айна, ақымақ қатын бейнесі, әкесі мен баласының жекпе-жегі, абжыланның ханшаны ұрлап әкетуі, т.б. Кейбір жанрда тұрақты сарындар, мотивтер ұшырасады.

Көптеген әдеби мотивтер  мифологиясымен бірге адамзат мәдениетінің рухани қазынасына келіп қосылады.

   Мысал-өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін, сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма. Мысал тақырыбы сан алуан, кейіпкерлері аң, құс, балық, өсімдік дүниесі, кейде оқиғаға адам да қатыстырылады.Негізгі сюжетке қоса, нақыл түрінде келетін  түйіндемесіде болады.

   Нақыл өлең- ғибратты,тағылым берерлік мәні бар, ойды ықшамды, ұтымды

түрде жеткізетін, өткір нақышты сөздерге негізделетін терме жырлар,

өлеңдер.

   Новелла (итал.novella)- көлемі жағынан әңгімеге теңдес прозалық шығарма,кейде өлеңмен жазылады. Новелланың әңгімеден айырмасы- онда әдеттен тыс, өзгеше жағдай, ғажайып оқиға баяндалады.Оқиға желісі таңғаларлықтай қызықты етіп өріледі ж/е тосын, күтпеген жерден аяқталады.

   Өмір шындығы ж/е көркем шындық- көркемөнерде, оның ішінде әдебиетте шығарма өмір шындығына сүйеніп жазылады.Нақтылы өмір құбылыстарын, оның сырын, қайшылықтарын терең түсінбей, тебіреніп- толғанбай, сезінбей көркем шығарма тумайды. Тарихи ж/е қоғамдық шындық әдеби туындының бастау көздері болып табылады.Әлеуметтік өмір, саясат,халық тұрмысы- бәрі де өмір шындығын танытатын жағдайлар.Ешбір жазушы өмір шындығынан, оның нақты болмысынан алшақ кетпейді.

   Көркем шындық- өмірді образды түрде бейнелеп, оны озық көзқараспен, ж

оғары эстетикалық мақсат тұрғысынан терең ашу.Адам үшін маңызды деген жайларды типтік дәрежеге көтеріп бейнелеу. Жинақтау- тұжырымдау, типтендіру тәсілін ұтымды қолданып, өмірлік- қоғамдық құбылыстардың ақиқатын суреттеу. Өмірді көркемдік шындықпен суреттеу үшін жазушы ойдан шығару, фантазиялық қиялдау тәсілдерін қолданады. Бұл қасиеттер өмір шындығымен үйлесіп жатуы тиіс. Ол үшін творчестволық тәжірибе, ерекше қабілет керек.

   Параллелизм- екі нәрсені қатарластыра, жанастыра алып бейнелеу тәсілі. Мыс, Ер Тарғынның қиналған тұстағы монологі психологиялық параллелизм арқылы былай беріледі:

Асыл туған Ақжүніс,

Күнді байқап қарасам

Күнді бұлт қоршайды

Күн жауарға ұқсайды

Айда бұлт қоршайды,

Айды байқап қарасам-

Түн жауарға ұқсайды,

Бойды байқап қарасам

Қол -   аяғым   көсіліп,

Аузы - мұрным  ісініп,

Алланың хақ бұйрығы

     Маған таяғанға ұқсайды.

Осы жерде Ер Тарғынның мертігіп жатқандағы көңіл- күйі табиғат көрінісімен қатар алынып суреттелген.Ай мен күнді бұлт қоршап, жауын жауатындығына ұқсауы батырға қауіп төнгенін меңзейді.

  Пейзаж- әдеби шығармадағы жаратылыстың яқи табиғаттың әсем көрінісі, көркем бейнесі. Ж.Аймауытовтың "Қартқожа" романында мынадай табиғат суреттері бар:

   1."Аспанда ақ сабынның көбігіндей, ақ мақтадай ақ бұлттар".

   2."Жаздың бір түні.Көреген аспандағы көп жұлдыз бен көк торғынға шашылған бриллиант тасындай жылт-жылты етеді. Айдын көлге шомылған аққудай көк торғындай көкте сұлу ай жүзеді.

   Пьеса- драматургиялық шығармалардың жазылу түрі. Трагедия да, драма да, комедия да пьеса түрінде жазылады.Пьесада прозадағы, поэзиядағы сияқты авторлық суреттеулер, мінездеулер, баяндаулар болмайды. Шығарманың барлық оқиғасы, ойы, кейіпкерлер бейнесі- бәрі кейіпкерлердің өз сөздері арқылы жасалынады.   

   Сұхбат(интервью)- пікірлесу, сұрақ- жауапқа өте ұқсас болғанымен, өзінің жеке ерекшілігі бар. Сұхбат, негізінен, еркін түрден гөрі ресми жағдайға байланысты жүргізіледі. Радио, теледидар, газет- журнал,т.б тілшілері кез-келген тақырыпта сұхбат ала береді. Бұл бір ж/е бірнеше адамдар арасында бір мезгілде кезекпен, тез ауысып сөйлесу арқылы жүзеге асады.

   Сұхбат кезінде әңгіме тақырыбы жағдайға байланысты өзгеріп отыруы

мүмкін, сұхбатқа қатысушылардың тез сөйлеуіне,бірдей жауап беруіне

байланысты ойдың қысқа айтылып жеткізілуі қажет.   

   Сценарий(итал. scenario, лат. scena, scena- "сахна" дегенді білдіреді)- кинофильмнің, теледидар қойылымының композициялық түрі, негізі. Сценарийдің әдеби- драматургиялық  шығарма ретіндегі  ерекшеліктері кино мен теледидардың синтетикалық сипатынан туындайды. Сценарий- драматургияның да, прозаның да тәсілдерін бойына сіңірген, сондай-ақ болашақ кино н/е телешығарманың дыбыстық, музыкалық әліптелуін де қамтитын өзгеше драматургиялық түр. Сценарийдің өзіндік бітімі бар әдеби, публицистикалық туынды екенін мойындай отырып, оның ең әдемі экрандық қойылым үшін жазылатындығын ескерген жөн.Сценарий образдық жүйе экранда бейнеленгенде ғана тәмамдалған , толыққанды сипатты иеленеді.

   Драматургиялық түр санатындағы киносценарий ж/е теледидар сценарийі болып бөлінеді.

 

 

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Жадыра
Просмотров: 7105 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.9/7
Всего комментариев: 0
avatar