Иманжүсіп - Қазақ әдебиеті - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Қазақ әдебиеті

Иманжүсіп
[ · Скачать удаленно (77.5Kb) ] 21.11.2012, 15:36
ИМАНЖҮСІП

Ноқтаға басы сыймаған дала батыры жайлы не білеміз?

Ішім өлген, дүние-ай, құр сыртым сау,
Маған десең, көз жасым, жаңбыр боп жау.
Бүркіт салып басыңа шығар ма едім,
Көзіме бір көрінші Ерейментау.
Несібемді жазған екен менің түзден,
Қойыпты күдер үзіп ел-жұрт бізден.
Қайран ел, оқта-текте еске түссең,
Жасымды тыя алмаймын екі көзден.

Иманжүсіп.

Қазақ халқында "Алмас қылыш қап түбінде жатпайды” деген тамаша бір сөз бар. Ен даланы еркін жайлаған халқымыз бес ғасыр бойы ат үстінен түспей, жаугер¬¬шілік заманды бастан кешірді. Қос бүйір¬ден аждаһадай ысқырынған қытай мен аюдай ақырған орыс қысқанда, лажсыз¬дан соңғысының қолтығына кіріп, бодан болды. Қала берді кешегі кеңестік дәуірде қитұрқы қызыл идеологияның құрсауына түсіп, жетпіс жыл бойы ұлттық құнды¬лықтарын, тілін, ділін, қасиетті дінін сақ¬тап қалу жолында жанкешті¬лік¬пен ар¬палысты. Жылжып жылдар өтті. Қай¬та оралудың ұлы кезеңі туды. Бары¬мызды түгендеп, жоғымызды жоқтай бас¬тадық. Нә¬тижесінде, тәуелсіз еліміздің аспанын¬да ояну дәуірі атанған кезеңде өз халқына барын арнаған, сол жолда жан¬дарын пида еткен асыл тұлғаларымыздың үлкен бір шоқ жұлдыздары қайтадан жар¬қырай көрінді. Солардың бірі де бірегейі, қатал да қатыгез тағдырдың ноқтасына басы сыймай өткен, заманында қазақ даласына атағы кең жайылған атақты да қас ба¬тырлардың бірі – Иманжүсіп Құтпанұлы.
Елінің азаттығы үшін арпалысып өткен Иманжүсіп бабамызды Арқа мен Сыр өңірінің телқоңыр перзенті десек, артық айтқандық емес. Иманжүсіп Құт¬панұлы Қоқан хандығына қарсы азаттық күресте қазақтардың көсемі ретінде танылған Тұрғанбай датқаның немересі болғанымен, пешенесіне ерекше тағдыр бұйырып, Арқа топырағына кіндігімен байлануының өзі жатқан бір үлкен тарих.
Иманжүсіптің атасы Тұрғанбай датқа жайлы әңгімеде айтылғанындай, 1821 жылғы қанды оқиғадан кейін, Шашты қыпшақтың Құтым тармағынан тарайтын Сіргебай әулетіне бірі қалмай құрып кету қаупі төнгені белгілі. Осы қауіпті сезген Тұрғанбай датқаның әйелі Мәлике бір жасар ұлы Баймырза мен Тұрғанбайдың бес жасар інісі Басықараны алып қашып, Қаратаудың Өгізмүйіс деген жерін пана¬лайды. Екі баламен алысқа ұзай алмасын сезген соң өз ұлы Баймырзаны тасалау жерге жасырып, қайнысы Басықараны ертіп, Арқаға бет алады. Айдалада жасы¬ры묬ған, мойнында аманат белгісі бар шит¬тей жас баланы Қыр мен Сырдың арасына жиі қатынап жүрген керуеншілер ішіндегі Дайрабай есімді саудагер тауып алады.
– Қапыда тауып алған бала еді, әул嬬тім¬нің құты болсын деп атын Құтпан қоя¬ды. Кейін Ыбырай Жайықбайұлы Қара¬өт¬келдің (Ақмоланың) аға сұлтаны болып сайланған тұста Құтпан Есіл бойына қо¬ныс аударып, Күйгенжар деген жерді ме¬кен¬деп тұрып қалады. Сөз орайы келгенде айта кетуіміз керек, осы Күйгенжар ма¬ңында (Астана қаласынан 40-50 шақы¬рым¬дай жерде) оның баласы Иман¬жү¬сіп¬тің өз қолымен еккен емен ағашы әлі бар. Көлеңкесіне жиырма шақты адам ал¬қа¬қотан отырса сыйып кететін бәйтеректің саясында бертінге дейін ел ағалары мен ау¬ыл ақсақалдары жиналып, талай мବңыз¬ды мәселелерді шешіпті деседі. Бай¬мыр¬за¬ны асырап алған Дайрабай Кенесары хан¬ға қосылып, қанды шайқастардың бі¬рін¬де қаза табады. Уақыт өте келе Тұр¬ғанбайдың ағайындары өз кіндіктерінен тараған ұрпақтарын сұрастыра жүріп, Торғай маңындағы Дайрабайдың Ерәлі Шоқай деген құрдасынан мойнында аманат белгісі бар бала табылғанын естіп, Баймырзаны іздеп келіп тауып алады. (Кезінде кей аймақ¬тарда ел басына қысылтаяң кезең туғанда белгілі бір әулеттің ұрпағын аман сақтап қалу үшін шыққан тегін білдіретін хат немесе ерекше таңбасы бар аманат бел¬гісін жас сәбидің мойнына тағып немесе іліп кететін дәстүр болған деседі). Алайда, бұл кезде ержетіп, азаматтық жасқа келіп қалған Баймырза – Құтпан Есіл бойына тұрақтап, Арқада қалып қояды.
Жалпы Құтпан (Баймырза) Тұрған¬бай¬ұлы туралы мұрағаттарда сақталған тарихи деректер жоқтың қасы. Оның аты баласы Иманжүсіпке қатысты құжаттарда ғана кездеседі. Ел ішіндегі әңгімелерге қараған¬да, ат жалын тартып мінген тұста өкіл әкесі Дайрабаймен бірге Кенесары ханның бірнеше жорықтарына қатысады. Осы жорықтарда ол мергендігімен, көзсіз батыр¬лығымен атағы шығады. Талай ерлік істері, әсіресе, Жеке батыр, Ерқұлан есім¬ді батыр¬лармен бірге Ақмола бекінісінің қорған-қоршауынан атпен секіріп кіріп, солдат¬тар¬мен ұрыс салуы ел ішінде аң¬ызға айналады. Ел ішінде сақталған кейбір дерек көздерінде Ерқұлан – Мөң¬ке әулетінен тарайтын Жиенбайдың Опа¬ны¬нан тарайды деген пікір айтылады. Опан¬ның Ерқұланы мен Ке¬несары за¬ман¬дас болғанымен, нақтылы сол кісі ме әлде басқа адам ба, ол жағы бел¬гісіз, дәл ан¬ық¬талмады. Ал Жеке батырдың шын есімі атал¬мағандықтан, мүлде ұмы¬тыл¬ған. Сөй¬тіп, сол кездегі жас пері, жой¬қын күш¬¬тің иесі Кенесары ханның сүйікті жау¬ынгеріне айналып, Құтпан батыр атанады. Осындай көзсіз ерлікте¬рі¬мен аты шыққан, есімі Арқа өңірінде аңызға ай¬нал¬ған Құтпан Жетісуда, Лепсі уезінде (Қапалда) айдауда жүріп, 1914 жылы қай¬тыс болады. Сүйегі Қарасу маңындағы Сы鬬қымбай қажы қорымында жатыр деседі.
Елінің азаттығы үшін алысып өткен әулеттің аты аңызға айналған үшінші ұрпағы, Тұрғанбай батырдың немересі, Құтпаннан тараған үш ұлдың ең кенжесі – Иманжүсіп. Тарихи құжаттарда қазіргі Павлодар облысының Ақсу ауданындағы Алтыбай деген жерде дүниеге келгендігі көрсетілген. Иманжүсіптің ағалары – Ақша¬бай мен Шонай төңірегіндегі елге белгілі, беделді де дәулетті кісілер болған. Содан да болар, Иманжүсіп бала жасынан ерке, шол¬жың, айтқанынан қайтпайтын бірбеткей, телі-тентектеу болып өседі. Ат жалын тартып мінгеннен-ақ басынан сөз асырмайтын жас жігіттің атағы Сары¬ар¬қаға тез тарайды. Тәңірі жұрттан асқан қай¬рат берген алмастай өткір жігіт Арқ¬а¬ның кең даласына сыймай, Есіл, Нұра бойын жайлаған арғын, қып¬шақтың сері серкесіне айналады. Батырлық, балуан¬ды¬ғына қоса әншілік қабілеті бар сегіз қырлы, бір сырлы жігіт Ақтау мен Ортау¬ды, Бұғылы мен Тағылыны еркін шарлап, жастық дәуренін армансыз өткізеді.
Бірақ ер көңілді жігіттің бейбіт өмір¬дегі бұл дәурені ұзаққа созылмайды.
...Мен елімде жүргенде жұрттан астым,
Менменсіген талайдың көңілін бастым,
Жаныма ерген жігітке олжа салып,
Бір түнде сегіз қызды алып қаштым.

Менде дұшпан көп еді қамалаған,
Иттей болып, барлығы абалаған.
Кіргенде Қараөткелдің базарына,
Қызық көріп қазақ, орыс жағалаған.

Мен қалайша жалғанда тұрақтайын,
Өрт тиіп лаулап жанған құрақтайын?
Аузы түкті кәпірдің талайларын,
Бақыртып бауыздаушы ем лақтайын,
– деп өз өлеңінде айтқандай, шенді-шекпенді шенеуніктерге, би-болыстарға шекесінен қарауы, ең алдымен, билік басындағы орыстарға ұнамайды. Иман¬жүсіп осы жайды жақсы білсе де, ел бас¬қарған қазақтың би-болыстарын мазақ етіп, сөзін құлаққа ілмей: "Сендер біздің қол астымыздағы бодан халықсыңдар, не істесек те өзіміз білеміз” деген ойларын емеурінмен емес, ашық білдіріп, қазақтарға ойына келгенін жасап жүрген орыс шенеуніктеріне ашықтан-ашық қарсы шығады. Ресей империясының сол кездегі шешімдеріне, сот үкімдеріне құлақ аспай, бар даулы мәселені дала заңымен шешіп, оған көнбегендерді ақ білектің кү¬шімен, дойыр қамшының ұшымен бағын¬¬дыруға тырысады. Маған не қыласыңдар де¬гендей, қорланғандар мен қор¬сын¬ғандарды қасына жинап, олардың күш¬тілерде кеткен есесін берсе қолынан, бер¬месе жолынан деп талай мәрте қайтарып әпереді. Кеудесіне нан пісіп, қара қазақты менсінбеген кейбір әумесерлердің жағасын жыртып, жұрт көзінше сабаған кездері де болыпты.
Кейбір мәселелерді білек күшіне са¬лып шешкенімен, соншалықты қиянатқа бармайды екен. Оған ақмолалық ақсақал Теміртас Әубәкіровтің қазіргі Алексан¬дров¬ка ауылының тұрғындары Павло Пе¬ре¬сыпкин мен Иван Ткаченконың аузы¬нан естіген мына бір әңгімесі толық дәлел.
Иманжүсіптің Күйгенжарда отырған ауыл-әулеті бай-қуатты болыпты. Дәулетті ауылмен қоңсы қонған орыс мұжықтары қазақтардан егін салып, жер жырту үшін ат алып, ақысына бидай беріп отырады екен. Уақыт өте келе мұжықтар қазақ¬тар¬дың қыстаулық жерлеріне егін салып, уақытша жалға алған жылқыларын қайтарып бермей, әлімжеттік жасайды. Алған малдарды қайтарып беруді сұраған қазақ жігіттерін соққыға жығады.
Иманжүсіп қазақтарға әлімжеттік жасап жүрген орыстардың екі жігітін село тұрғындарының көзінше аттарынан ауда¬рып түсіріп, байлап-матап, өңгеріп алып кетеді. Екі жігітін қайтарып алу үшін келген орыстарға: "Жігіттерің дін ам¬ан, қылшығы да қисайған жоқ. Қыс¬таулық жерімізді босатып, жалға алған жылқыларымызды қайтарып берсеңдер ғана жігіттеріңді кейін қайтарамын”, – деп шарт қояды. Жасалған жүгенсіздіктің өздерінің тарапынан болғанын түсінген село басшылары сөзге келместен басып алған жерлерін босатып, жылқыларын түгелдей қайтарып береді. Кейін аттан аударып түсірген екі жігіт те өз қате¬лік¬терін түсініп, Иманжүсіппен араларынан қыл өтпейтіндей дос болып кетеді. (Дәл осы оқиға жөніндегі Теміртас ақсақалдың естелігі батырдың немересі Раушан Кө¬шенованың "Иманжүсіп” атты кітабында жан-жақты әрі толық баяндалған. Алматы. Қайнар, 2001 ж.).
Шынында да Иманжүсіп – сол кездегі патша өкіметінің заңдылық тәр¬тіп¬терін белден басып, өзінше есеп айы¬рысып кек алғаны болмаса, жөнсіз іске ешқашан да бармаған адам. Оған Ақмола қаласының байырғы тұрғыны, ұзақ жыл¬дар басшылық қызмет атқарып, 90 жастан асып дүниеден өткен Зәки Ғайну¬т¬диновтің мына бір әңгімесі тағы да толық дәлел болады.
...Атақты Қараөткел жәрмеңкесі қызу жүріп жатқан тұста, қандықол казактар сыныққа сылтау іздеп, қазақ ауылдарын қан қақсатады. Тіпті, бірнеше рет кісі өлімі болса керек. Құтырынған әуме¬серлерге жергілікті билік ешқандай тыйым салмайды. Тіпті ояздың өзі арыз-шағыммен келген ауыл қазақтарының сөзін құлағына ілмей, елдің көзінше мазақ қылады. Мына оқиғаға Иманжүсіп қатты ашуланып, қаһарына мінеді. Жәбірленген қазақтардың кегін алмақшы болып атына ер салып жатқанында, әлдебіреулер: "Қа¬раөткел базарына қазақ сал-серілерінің өнерін тамашалау үшін ояз келеді екен” деген хабарды жеткізеді. Мына хабар құлағына тиісімен салып-ұрып Иманжүсіп те келеді. Атақты Уәлидің Майрасының та¬мылжыта салған бұлбұл дауысына (бас¬қа бір әнші болуы мүмкін, ел ішінде ояз¬дың көзінше ән салған Майра деп айты¬ла¬ды) тәнті болған ояз биік сахнаға көте¬рі¬ліп, Майраның қолын сүйіп, құрмет көрсетеді.
Оңтайлы сәтті күтіп тұрған Иманжүсіп ояздың жанына қалың топты бұзып-жарып жетіп келеді.
– Әй, ояз! Сұлуымыздың қолын сүйдің, енді менің арызымды тыңда, – деп болған оқиғаны тайсалмай айтып береді.
– Бұл кім өзі? – дейді ояз қасын¬дағыларға бұрылып.
– Белгілі барымташы, ұры – Иманжүсіп осы, – дейді қазақ байшікештерінің бірі.
– А, вот в чем дело! Тебя дорогой, слу¬¬шать не обязательно, надо судить, – деп биік сахна мінберінен түсуге бет алады.
Қаны басына шауып, ашуға булыққан Иманжүсіп оязды жағадан ала түсіп, жақтан тартып-тартып жібереді. Оққағар міндетін атқарып жүрген солдаттар зорға айырып алады. Жиырма-шақты солдатты маса құр¬лы көрмей жан-жаққа лақтырған Иман¬жүсіп оқиға болған жерден кетіп қалады.
Сол секілді мына бір оқиға да Иман¬жү¬¬сіптің қазақ сахарасының Робин Гуді бо묬ғанын айғақтай түс¬кен¬дей.
Ақмолада Ресейдің шалғай түкпірінен ал¬ғашқылардың бірі болып келген Андрей атты кө¬пес болыпты. Жұмырт¬қадан жүн қырқатын әлгі сараң, Ресейге кіре айдау үшін қаланың қара табан қазақтары мен татар¬ла¬рын жалдайды екен. Бі¬рақ, жалшылардың табан ақы, маңдай терімен тапқан табысын әлдебір сылтау тауып, толық бермей мазақ қылады. Андрейдің үйі бұрынғы "Ақжапа” деп аталған дүкен-базардың қасында болыпты. Ақмолаға әл¬де¬қалай келе қалған Иманжүсіп көпес үйінің тұсынан өтіп бара жа¬тып, оның адал еңбе¬гі¬мен тапқан табысын сұ¬рай келген бір татар жігітін қамшының асты¬на алып ұрып жатқанын байқап қалады. Мына сұмдықты көре сала ба¬тыр дереу араша түседі. Жалшысына араша түс¬кен жанның даланың жас перісі Иман¬жүсіп еке¬нін білмеген Андрей қамшысын ба¬тыр¬ға тура сілтесе керек. Алдына жан келіп көр¬ме¬ген Имекең бұған шы¬да¬сын ба, қолындағы қам¬шы¬сын тартып алып, кө¬пес¬тің өзін күдірейген жел¬кесін орай екі-үш рет тартып-тартып жібереді. Қамшының ұшы көпестің көзіне тиіп, оң көзі ағып түседі.
Міне, осы оқиғаның соңы үлкен дауға айна¬лады. Андрей Иман¬жү¬сіп¬ті сотқа беріп, көзінің құнын даулайды. Алайда, даланың жас болса да қас батыры Иманжүсіпке Ақмоланың аға сұлтаны болған әйгілі Ыбырай Жайықбаевтың баласы Рахымжан болыс ара түсіп, батыр бұл жолғы пәледен тез құтылып кетеді. Елдегі көнекөз қарттар¬дың айтуынша, сол жолы көпестің көзінің құнын Рахымжан өзі төлепті деседі.
– Қалың қазақтың намысын жыртып өткен Тұрғанбайдай датқа мен Баймыр¬за¬дай асыл қазақтың тұяғын бір жолғы пә¬леден құтқара алмасам, менің болыс¬тығымның құны қанша? – деген сөзді де Рахымжан алқалы бір жиында ел ақсақалдарына ашық айтыпты.
Міне, осы оқиғадан кейін қазақтың қос асыл азаматы бір-бірімен ұзақ уақыт айырылмастай дос болады. Тіпті қазақтың тағы бір жас перісі Қажымұқанмен тізе қосып, талай жорықтарға қатысқаны да қоспасыз шындық екен. Үшеуінің осы қылықтары мен жүріс-тұрыстары сол кездегі қазақ даласына билік жүргізіп тұр¬ған орыс ұлықтары мен қазақ байші¬кештеріне ұнамайды. Аға сұлтан әулетінен шыққан Рахымжан болысты жөнге салу орыстарға соншалықты қиын шаруа емес еді. Өйткені, билік басындағы адам жоғары жақтың құзырында, заңнан аттап ешқайда кете алмайды. Ал Қажымұқан алып күш-қуаттың иесі, жүректі болға¬нымен, иіні жұмсақ, жаны таза, аузын ашса жүрегі көрінетін ақкөйлек жан. Мұндай адамдар әділдіктің жасампаздық құруын іштей қалағанымен, сол жолдағы айтыс-тартыс, текетіреске шорқақ. Ондай адамнан шенеу¬ніктерге келер қауіп жоқ. Ал Иманжүсіптің жөні мүлде бөлек. Демек, даланың тентек серісі Иманжүсіп пен билікке жақын Ра¬хымжанның арасы ашылса, орыс ше¬неу¬ніктеріне төнген қауіп бұлты сейіледі. Осы¬ны жақсы түсінген шенеуніктер қазақтың дәулетті байларын Иманжүсіпке айдап салып, оның сыртынан "ұры, басбұзар бұзақы” деген әдеттегідей қазақы ғайбатқа толы арыздарды қарша боратқызады.
Ол аз болғандай, Рахымжан болыс пен Иманжүсіптің арасын ашқысы келген кейбір алаяқ байлар екі араға от салудың небір қитұрқы түрлерін ойлап табады. Батырдың батылдығына басып, қаны қызған кезде алды-артын ойламай ұшқары істерге бара беретінін жақсы біліп алған кейбіреулер, ши шығарудың жолын қиналмай-ақ табады.
Қарқаралы маңының ұзын қыпшақ руынан шыққан Хасенәлі атты байдың баласы Айту молла тұқымы ішіндегі аға сұлтан Ыбырайдың үшінші ұлы Қошаның Іңкәр атты қызына ғашық болады. Бірақ, бесікте жатқанда басқа біреуге атастырып қойғандықтан, үлкендер жағы бірін бірі ұнатқан екі жастың қосылуына рұқсат бермейді. Ақыры Айту әкесі Хасенәлінің айтуымен, қызды алып қашпақшы болып, Иманжүсіптен көмек сұрап, қолқа салады.
Жаныма ерген жігітке олжа салып,
Бір түнде сегіз қызды алып қаштым, – деп өзі жырлағандай, қосыла алмай жүр¬ген талай ғашықтардың арманының орындалуына түрткі болған батыр, соңы¬нан бір шидің шығарын білсе де, қиылып тұрған жігіттің көңілін қалдыра алмай қа¬сы¬на бірнеше жігіттерді ертіп атқа қонады.
Иманжүсіп бастаған топ қыздың ауылына келсе, уәделескендей қыз үйінде күтіп отыр¬май, алтыбақан басына кетіпті. Алтыба¬қанның қызығы таң атқанша жалғасатыны белгілі. Ал қыздың топтан сытылып, оңаша шығар түрі жоқ. Уақыт болса өтіп барады. Одан әрі күтуге шыдай алмаған Иманжүсіп аяқ астынан құйындата шауып келіп, қызды іліп ала жөнеледі. Мұндай әрекетті күтпеген ауыл жігіттері қапелімде сасып қалады.
Қызды алып қашқанын сезген ауыл жігіттері есін жинап, дереу атқа қонады. Бұл кезде қызды алдына өңгеріп алған Иманжүсіп пен Айту жігіттерді қуғын¬шы¬лардың жолын бөгеуге қалдырып, өздері ұзап кеткен екен. Қуғыншылар сытыла қаш¬қан топты көп уақыт өткізбей қуып жетеді. Қызынған жігіттер кездескен жер¬де айқаса кетеді. Айқас кезінде мылтық атылып, қуғыншылардың екі жігіті қаза табады.
Міне, осы оқиғаның соңы бітіспес үл¬кен дауға айналады. Сот кезінде Айту то¬бының жігіттері екі жігітті атқан Иман¬жүсіп деп, бар пәлені батырға жабады. Бірақ, Иманжүсіптің Рахымжанмен жақсы дос екенін білген Молла тұқымының жі¬гіттері батырға тікелей баруға бата алмай:
– Сенің жан жеткізбейтін қимас досың осылай істеді, – деп Рахымжанға ба¬рады. Иманжүсіп өзіңмен арадағы дос¬тықты жөнсіз іске пайдаланды деген ағай¬ын сөзін көңіліне түйіп қалған Рବхымжан батырға өкпелеп, екеуі қайы¬рылмастай сөзге келіп, бірінің шамына бірі тиіп, қатты ренжіседі. Көп уақытқа дейін бір-біріне жоламай қояды. Басына төнген пәледен Иманжүсіп шектен тыс көп мөлшерде құн төлеп зорға құтылады. Жағдайдың бәрін сыртынан бақылап жүрген қазақ байшікештері Рахымжан "Басбұзар бұзақының қылығына тойып болдым” деп айтыпты деген сөзді Иман¬жүсіп естісін дегендей ел ішіне қасақана таратып жібереді.
Міне, осы оқиғалардың барлығы өткізілетін болыстық сайлауға тұспа-тұс келеді. Иманжүсіп тағы да мансапқой ағайындары мен жең ішінен жұдырық түйіп іштей жауығып жүрген кей алаяқтардың азғыруымен ел билеуге қыры жоқ болса да болыстық сайлауға түсіп, Рахымжанмен дауысқа таласпақ болады.
Қалың қара қазақтардың қамқор¬шысына айналып, ел ішінде беделі артқан Иманжүсіптен Рахымжан да сескенсе ке¬рек. Әрі Иманжүсіптің екі ағасының бірі – Ақшабай жылқылы бай, ал екінші аға¬сы – Шонай арғын, қыпшаққа танымал би бол¬ған адам. Сайлауға түсе қалса аяқ астынан Рахымжанды жеңіп кетуі де мүмкін еді. Осыны сезген Рахымжан уезд бастығының қолдауымен батырды "жасы толмаған” деп сайлауға қатыстырмай қояды.
Болыстың батырға деген көзқара¬сы¬ның өзгергенін көрген маңында жүрген жандайшаптар енді екеуін мүлде жақын¬дастырмау ниетімен, Иманжүсіп "Менің сағымды сындыру үшін ұлық¬тар¬дың алдында әділетсіздік жасады. Ендігі ісім Рахымжанмен болсын” дейтін көрі¬неді деп Рахымжанды шапқа түртіп, отқа май құю¬ды үдете түседі. Осынау сайқал қылықтар санасына мықтап ұялаған болыс пенде¬ші¬лікке салынып, сайлауда жеңіп шыққанын қанағат тұтпай, Иманжүсіптің соңына шы¬рақ алып түседі. Сөйтіп, Тұрғанбай датқа әулеті мен аға сұлтан Ыбырай әулетінің арасындағы ұзақ жылдарға созылған итжығыс тартысы басталады.
Қазақтың белгілі аталарының ұрпақ¬та¬рының қырқысы орыс ұлықтарына тиімді еді. Енді, олар үкіметтің заң-за¬ко¬нына пысқырмайтын дала серісін бір¬жолата құртудың қамына батыл кіріседі.
Сол кездегі уезд бастығы ("Шашты¬лар” атты шежіре кітабында уезд бас¬тығының фамилиясы Чулаков деп көр¬сетілген. "Қайнар баспасы, 2002 ж., 23-25-беттер.) неше түрлі жала жауып, арыз¬дың үстіне арыз жаздырып Иманжүсіпті ұстау үшін арнайы жасақ шығарып, тұтқынға алып, Ақмолаға әкеліп қамайды. Алайда, Иманжүсіптің ағалары Ақшабай мен Шонай ұлықтарға арыз түсіріп, бар даулы мәселені билер сотымен шешуді талап етеді. Билер сотының талқысына түскен Иманжүсіп бұл жолғы пәледен тағы да құтылып кетеді.
Бостандыққа шыққан Иманжүсіп со¬ңына түскен адамдардың малдарын айдап әкетіп, қарсылық көрсеткендерінің басын жарып, жауларына қырғидай тиеді. Ел ішіндегі даулы оқиғалар ушығып бара жат¬қан соң Ақмола уезінің бастығы Омбының әскери губернаторының атына (1898 жылдың 1 қазанында) рапорт жазуға мәжбүр болады. Жазған рапортында Иман¬жүсіпке: "На первых же днях всту¬пление моего в управление Акмолинским уездом (1893г.) вырисовывались весьма неблагонадежность киргиза Акмолинской волости Иман-Джусупа Кутпанова... Проживая в 25 верст от гор. Акмолинска у самого селение Александровского, им обкрадено поголовно и последнее, а путь между Акмолинском и Александровском стал не проезжим от воруженных на¬падений Иман-Джусупа, разбойничие дейс¬твие и личность которого в устах всего русского, так и туземного население стали легендарными” деп сипаттама береді. (Шаштылар. Шежіре. Алматы. "Қайнар” баспасы, 2002 ж.).
Сонымен бірге ол өзінің шағым-ра¬портында Иманжүсіптің өмір тарихына сипаттама бере кетіп, оған жаны ашып, қолдау көрсетіп жүрген бірқатар орыс ше¬неу¬ніктерінің де аты-жөнін жіпке тізген¬дей қылып көрсетеді. Иманжүсіптің Ақ¬мо¬ланы былай қойып, Павлодар, Қар¬қаралы уездері аймағындағы қазақтар мен орыстарға танымал, әрі беделді екенін қинала да қынжыла отырып баяндайды.
Міне, осыдан кейін Иманжүсіпті тұтқындау үшін арнайы жазалаушы отряд шығарылғанымен, олар дала ноянын қолға түсіре алмайды. Ызаға булыққан жазалаушы отряд әлденеше рет батырдың ауылын шауып, қартайған әке-шешесі мен бала-шағасын соққыға жығып, ағасы Ақшабайдың 200-ден астам жылқысын айдап алып кетеді. Ақыры ұлықтар Мә¬тінің Шәрібі деген болыстың жәрдемімен Иманжүсіпті қапылыста қолға түсіреді. Сөйтіп, қиянатшыл заманның жаласына ұшыраған Иманжүсіп Өскемен уезіне бес жылға жер аударылады.
Бір жағынан пендешілікке бой ұрған, екінші жағынан бақталастықтың уыты бойын билеген Рахымжан Иманжүсіппен қаншалықты текетіреске түсіп ерегіссе де, батырдың бес жылға жер аударылғанын естігенде қатты қынжылады. Ұзақ уақыт томаға тұйық күй кешіп жүріп, ақыры өз қолымен айдатып жіберген батырды, өзі ақтап алмақшы болып, Омбының әскери губернаторының атына және Петер¬бордағы патша үкіметінің кеңсесіне хат жолдайды. Арада біраз уақыт өткеннен кейін патша үкіметі Рахымжанның Ресей мемлекетіне еңбегі сіңген аға сұлтанның баласы екенін ескеріп, өтінішін қанағаттандырып, Иманжүсіпті ақтау туралы үкім шығарады. Өкініштісі сол, қайтып келсе тағы да елге ылаң салып, қырсығы бізге тиеді деп арам ойлаған, батырға қырын қарап жүрген бір топ ағайын Иманжүсіптің ақталғаны туралы үкімді жасырып, бес жыл бойы батырға сездірмейді.
Әйтсе де, әділет үшін алысқан жеке батырдың аты аңызға айналып, атақ-даңқы мен қысылған қиын шақтарда жүрегін жарып шыққан әндері қазақ даласын шарлап кетеді. Иманжүсіптің осы дақпырты ата-бабасының елі Сыр бойына да жетеді. Тұрғанбай датқаның қалған әулеті мен сол аймақтағы қыпшақтың игі жақсылары бас қосып, Досбол шешеннің бел баласы Әуез арқылы айдаудағы Иманжүсіпке "Иманжүсіпке хат” деп аталатын әйгілі жазбаша сәлем хаттарын жолдайды. Шиеліден шыққан ағайындар айдаудағы батырға хатты апарып бергенде қайтпас қайсар, нар жігіт еңіреп тұрып жылаған екен.
Өз ағайындарының қырсығынан бес жыл ғұмырын айдауда босқа өткізсе де, Иманжүсіп бәрібір Есіл бойына қайтып оралады. Өзін Рахымжанның ақтап алғанын білмей өткен Иманжүсіп, келе тағы да Жайықбай әулетімен қырқысып, алыс-жұлысқа толы күндер басталады. Мойнына құрық түсіп, бала-шағасымен Лепсі уезіне жер аударылады. Бұл жолы ағасы Шонай да ұлықтардың қырына ілігіп, інісімен бірге айдалады. Сол кезде айықпас дертке шалдыққан екінші ағасы Ақшабай Арқада қалып қояды. 1915 жылы айдаудан босаған Иманжүсіп, екі жыл бұрын ағайын-жұртымен танысуға барғанда өзін хан тәрізді аспанға көтеріп қарсы алған Шиелідегі ағайындарының қасына көшіп кетеді.
Ғұмыр бойы қара қазақтың қамын жеген Иманжүсіптің қай аймақта жүрсе де, қоғамдық ортада болып жатқан оқиғалардан тысқары қалуы мүмкін емес еді. 1917, әйгілі жылан жылы, Сыр елі жұтқа ұшырап, еккен егін күйіп кетеді. Осы тұста Иманжүсіп ауқатты байлардан қаржы жинап, қасына қосын ертіп, бидай әкелу үшін Арқаға бет алады. Иман¬жү¬сіптің атын естісе тізелері дірілдеп өлер¬дей қорқатын отырықшы қара шек¬пенділер қап-қап бидайларын Сырдан келген кірешілердің арбасына тиеп береді. Кірешілер жүретін жолдарда жортып жүретін қарақшы топтар керуенді тонауға Иманжүсіптен сескенеді.
Сыр бойында 13 жылдай бірсыдырғы тыныш өмір сүрген Иманжүсіп, егде тартқан шағында өз шаруасын күйттеп, дін жолын ұстанып, тыныш өмір сүруді де ойлайды. Алайда, 1927-28 жылдары Иманжүсіптің басына үлкен қатер төнеді. Бұл қазақ даласына келген жаңа жұт – атышулы кәмпеске еді. Датқаның тұқымы, нағыз тап жауы, күдікті элемент ретінде ұсталады, оған "атақты ұры” деген жаман атағы қосылып, Иманжүсіп тағы да темір торға қамалады.
Бұл жолы қамаудан "мал ұрлады” деген қылмысы дәлелденбей, әупірімдеп зорға құтылған, жасы ұлғайған батыр басына төнген қатерді сезіп, қайтадан атының басын Арқаға бұрады. 1928 жылы Қарқаралы округінің Шет ауданында қыстап шығады. 1929 жылы Жаңаарқа ауданына қоныс аударады. Жаңа үкімет түртпектеп тыныштық бермеген соң 1930 жылдың мамыр айына дейін Мойынқұм өңіріндегі бір ауылда тұрақтап қалуды ойлайды. Дәл осы тұста (1929-1931 жылдар) қызыл үкіметтің "асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын” деген идеяға негізделген саясатының қысымына шыдай алмаған Мойынқұм мен Созақ маңының қазақтары көтеріліске шығады. Бірақ, 1930 жылдың аяғында көтеріліс басшылары мен оған қатысқан сарбаздар қамауға алынып жазаланады. Осы тұста Иманжүсіптің бір баласы Мойынқұм көтерілісінің басшысы болған Орынбай деген кісінің қызына үйленеді.
Ел ішін итше тіміскілеп, пәле іздеп жүрген ОГПУ басшылары мұны қалт жіберсін бе? Ұрымтал тұсты пайдаланып, үстінен қылмыстық іс қозғап, көтеріліс басшыларының сенімді серігі ретінде жауапқа тартылады. Сөйтіп, аты аңызға айналған дала нояны РСФСР Қылмыстық Кодексінің 58-2-бабы бойынша айыпталып, 1931 жылдың 2 наурызында ату жазасына бұйырылады. Бұл тұста елі мен жерінің еркіндігі үшін алысып өткен әулеттің өкілі Иманжүсіп 68 жаста екен.
Хаттамада үштікке қатысқан жендет¬тердің аты-жөндері көрсетілмеген. Үкі¬м¬нің қай жерде, қай уақытта орындалғаны жайлы да нақтылы дерек жоқ. Кейбір дереккөздеріне қарағанда, үкім Тараз қаласында орындалып, атылған адамдар қала сыртындағы терең ұраға қалай болса солай көміліпті деседі.
Басты өкініш сол, елім деп еңіреп өткен есіл ерді туысқандары мен артында қалған ұрпақтары оны мұсылман дәстүрімен арулап көміп, жоқтау айтып, жылап-сықтап шығарып сала алмады. Бірақ оның есімі туған халқының жү¬регінің төрінен орын алып, бостандықты, елінің тәуелсіздігін жұмыр жердің бетіндегі барлық құндылықтардан артық көріп, өзін қазақпын деп санайтын әрбір азаматтың санасында жатталып қалды.
Иә, ол – бостандыққа қол жеткен қа¬зіргі тұста ескерткіші немесе қола мүсіні Сыр бойы мен Арқа өңірінде төбесі көк тіреп тұруға лайықты азамат. Бар қазақ¬тың баласы Түркістанды киелі санап, тәу етіп, қастерлеп, қадір тұтады. Міне, осы Түркістан мен халқының бостандығы және тәуелсіздігі жолында құрбан болған Тұрғанбай датқаның есімі қатар аталса мерейіміз өсіп, рухымыз асқақтай түспей ме. Халқымыздың бір әулетінің үш бірдей ұрпағы – атасы, баласы, немересі туған елінің еркіндігі жолында қатерге бас тігіп, өмірлерін құрбан етсе, оларды біз неге дәріптемейміз? Олардың өмір жолын бүгінгі және келер ұрпаққа неге үлгі етіп ұсынбаймыз?!

Авторы: Амантай ЕСІЛБАЙ, журналист.

"Егемен Қазақстан” Республикалық газеті" ААҚ, 2006
Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Иманжүсіп
Просмотров: 897 | Загрузок: 168 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar