Ә.Нұрпейісовтың Қан мен тер романына салыстырмалы-салғастырмалы талдау - Қазақ әдебиеті - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Қазақ әдебиеті

Ә.Нұрпейісовтың Қан мен тер романына салыстырмалы-салғастырмалы талдау
[ Скачать с сервера (68.5Kb) ] 02.09.2014, 10:37

 Адамзат баласы өз басынан әр түлі қоғамдық өндіріс әдістерін өткізгені тарихтан белгілі. Олардың даму дәрежесін сиппайтын ортақ көрсеткіш бар. Ол-еңбек құралдары. Экономикалық дәуірдің айырмашылығы не нәрсе өндірілетіндігінде емес, оны қалай және қандай еңбек құралдарымен өндірілетіндігінде. Шындығында еңбек құралы қоғамның өсу дәрижесін анықтайды. Ұзақ мерзімді қамтыған қоғам дамуының тарихы, еңбек құралдарының даму тарихы десе де болады.Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс сонау ерте заманнан басталған еңбек құралдары дамуының түпкі нәтижесі және шарықтау шегі.

Бір кезде ең қарапайым құралдарына негізделгең қоғамдық құрылыс үстіміздегі ғасырдың екінші жартысында технологиялық өндіріс ретінде ең жоғары дәрежесіне жетті. Осы технологиялық өндіріс әдісі дегеніміз не? Қоғамдық өндірісті дамытуға тек қана еңбек құралының болуы жеткіліксіз.Оған қоса қажетті материалдар,тиісті технологиялар,қуаттар ақпараттар және өндірісті ұйымдастыру керек. Осылардың жиынтық мазмұны технологиялық өндіріс әдісі деп аталады. Демек; те хнологиялық өндіріс әдісі дегеніміз қоғамдық өндірісті дамытуға қажетті еңбек құралы,материалдар,технологиялар, қуаттар, ақпараттар және өндірісті ұйымдастырудың жиынтығы. Бұл арифметикалық сандық қосынды емес,сапалық категориялар. Технологиялық өндіріс әдісінің даму сатылары бар. Ол қоғам дамуының тарихымен ұласып жатады. Сондықтан жекелеген қоғамдық экономикалық формациялардың даму тарихы технологиялық өндіріс әдісі бірден пайда болған жоқ;әлі тарихи ұзақ мерзімді қамтитын күрднлі процесс.

 Алғашқы қауым тұсында адамдар ең қарапайым еңбек құралдарын пайдалады.Сондықтан олар табиғатқа бағынышты еді.Бертін келе от жағу пайда полды.Осы бір қарапайым құбылыс адам қоғамының дамуындағы тұңғыш революциялық қадам еді.Ол металлургия өндірісінің өмірлік өзегіне айналды.Тас,қола,темір «ғасырлары» атағына ие болған әр түрлі технологиялық өндіріс әдістері өмірге келді.Осы технологиялық әдістердің бәрі де бір ғана энергетикалық күшке негізделіп дамыды.

 Құл иеленуші, әсіресе феодалдық қоғамда технологиялық өндіріс әдістері елеулі табыстарға жетті.Олардың қозғаушы күштері сол кездегі мақсаттарға байланысты маериалдық өндірісті дамыту қажеттігі.Жаңа технология,техника пайда болды да өндірісті және еңбекті ұйымдастыруға өзгерістер енгізілді.Мұның бәрі туып келе жатқан жаңа қоғам-капиталистік қоғамның талаптарына сай келмеді. Капитализмге мүлдем басқаша технологиялық өндіріс әдістері қажет болды. Ол тек қанаеңбек құралының дамуының жаңа сапалық белгілерімен, ірі машиналы өндіріске жетудің жолдарымен белгіленеді.Ал ірі машиналы өндіріс бірден пайда болған жоқ,оның тарихи даму және қалыптасу белестері бар. Ірі машиналы өндірістің құрылуы бірнеше кезеңнен тұрады. Олар: жай кооперция мануфактура,фабрика.

 -2-

 

 Жай кооперация дегеніміз белгілі бір өндіріс процесінде немесе түрліше,бірақ бір-бірімен өзара байланысты өндіріс процестерінде көп адам ,жоспарлы түрде,бірақ бір-бірімен қатар, өзара әрекетте жұмыс істейтін еңбек нысаны.

 Екінші кезең- манифактура (XVI ғасырдың орта шенінен XVII ғасырдың 70-жылдарына дейін орын алды.).Манифактура машина әлі пайда болмаған, еңбек бөлінісіне негізделген коопнрация. Осы кезле еңбек бөлінісі, қолмен істейтін еңбек құралы шарықтау шегіне жетті, жиынтық жұмысшылар пайда болды және капитал қоғамына қажетті алғы шарттар қаланды. Өмірге үшінші кезең- фабрика(XVIII ғасырдың соңы ) келді.Ол ірі машиналы өндіріске негізделген.Фабрика дамуы ұзақ мерзімді қамтып, үнемі сапалық өзгерістерде болатын тарихы кезеңдері басынан өткізді. Қазіргі әр алуан, көп нұсқалы негізге сүйенген жаңа технологиялық өндіріс әдісі- фабрика дамуының түпкі жиынтық нәтижесі. Ғылыми- техникалық прогресте осы фабрика дамуының сапалық қорытындысы.

 Өндіргіш күштердің тарихи өркендеуінің нәтижесі қазіргі ғылыми техникалық прогресс. Сондықтан, қазіргі заман ғылыми-техникалық немесе технологиялық революция заманы. Олай болса осы құбылыстың басты көріністері және мәні қандай?

 -ғылыми- техникалық прогресс кең ауқымды, әмбебап сипатқа ие болды. Ол қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтиды, тұрмыс жағдайына да, ұдайы өндіріс фазаларына да ықпал етті. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру және басқару жүйесін мүлдем өзгертті;

 -ғылым мен өндірістің интергациялық қатынасы жоғары дәрежеге жетті. Экономикалық өсу-өрлеудің факторлары мен қайнар көздерін, шаруашылық құрылымын және т. б. жағдайларды күрт өзгертті;

 -жаңа принципті техника мен технология жасалып өндіріске енгізілуде. Сапалық жаңа өндіріс аппараты қалыптасып келеді. Бірлескен жұмыс күші даму үстінде;

 -қазіргі ғылыми -техникалық прогрестің ерекшеліктерінің бірі- микроэлектрониканың жедел қарқынмен дамуы және пайдаланылуы. Микроэкономикалық техниканың негізінде электрондық ақпарат, жасанды интеллектуалды элементтерді бойына дарытқан электронды есептеу машиналары, икемді автоматтандырылған өндіріс пайда болды. Бұл қазірдің өзінде, әсіресе келешекте қоғамдық өндірісті дамытудың негізгі факторына айналары сөзсіз;

 -ғылыми –техникалық прогрестің қарқынды дамуы қоғамдық өндірісті алға бастыруда ғылымның рөлінің өскендігінің айқын көрінісі. Ғылым мен өндіріс қосылып біртұтас процеске айналды. Демек, ғылым өндіргіш күштердің тікелей элементіне айналғандығы жөнінде айтқымыз келеді. Осының негізінде:

 -қалдықты аз қалдыратын немесе тіпті қалдықсыз технология өмірге келді. Мұның экономикалық және экологиялық маңызы өз алдына ереше,

 -3-

 

өндіріске озық технологияны пайдалну қазіргі ғылыми- техникалық революцияның негізгі көріністерінің бірі, машина компонентіне және элементтеріне жаңа сапалық өзгерістер енді. Бұл жағдай адамның өндірістегі орны мен рөлін мүлдем өзгертті, жұмысты күрделендірді, жаңа биік талаптар қойылды, қазіргі ғылыми –техникалық революция әлемдік сипатқа ие болды, бүкіл дүниежүзілік құбылысқа айналды, биотехника кең өріс алды.

 Қазіргі ғылыми- техникалық прогресс өте тапшы шикізаттарды жасанды жолмен алған заттармен алмастырудың негізгі бағыттарының біріне айналдырып отыр. Бұл материалдарды өңдеудің жаңа әдістерін одан сайн жетілдіріп және іс жүзінде пайдалануды тездетеді.

 Ғылыми техникалық революция жұмыс күшінің сапасын жақсартуға жол ашады. Демек,бұл білімберу жүйесінде де революциялық өзгерістер енгізеді. Осы бағытта капитализм едәуір икемділік көрсетті, білім мен ғылымнң мән- мағынасын дұрыс түсінді, оларға жағдай жасап, жан-жақты дамуына жол ашты.

 Тәуелсіздікке қолы жеткен жас мемлекет Қазақстан үшін мұның маңызы зор. Білім беру жүйесін уақыт, өмір талабына сай қайта құру сөзсіз ізгі ниеттен туған , ұлы мақсатты көздейтін прцесс екендігін естен шығармаған абзал.

 Ғылыми- техникалық революцияның дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне тән ортақ жағдайлары мен заңдылықтары бар. Олардың негізгілері мыналар: шаруашылық салаларының және экономиканың құрылымдық өзгеріске ұшырауы ; техника мен технологияның бір типтегі түрлері; бірлескен жұмыс күшінің кәсіптік- мамандық құрылымының өзгеруі; - жұмыс күшінің сапасына деген талаптың өсуі; еңбек өнімділігі мен еңбек интенсивтілігінің артуы; жұмысшы күшінің әрдайым босап қалуы; өндірістік емес салада жұмыс істеушілердің үлес салмағының өсуі және т. б.

 Ғылыми – техникалық прогрестің екі нысаны бар. Ол эколюциялық және эволюциялық нысандар. Бірінші нысанда өндіріске енгізілген техника мен технологияны жетілдіру және тарату прцестеті сол бұрынғы ғылыми- техникалық принципке негізделген. Ғылыми – техникалық прогрестің революциялық нысны өндірісте жаңа сападағы ғылыми – технкалық прнциптерді пайдалануға негізделген. Бұл процесс қазіргі заман – ғылыми- техникалық прогресс заманы екендігін көрсетеді.

 Қазіргі ғылым мен техниканы адамдардың игілігіне қызмет еткізу үшін не қажеттің бәрі бар. Қазіргі ғылыми – техникалық прогресс қоғамдық өндірістің материалдық негізін түбегейлі өзгертті. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, басқару, еңбек жағдайын жақсарту және т. б. әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешуге қадам жасалды. Ғылыми-техникалық прогресс қоғамының басты өндіргіш күші адамның жан-жақты өсіп жетлуіне, оның әл-ахуалы мен рухани байлығын арттыруға әсерлі ықпал жасап келеді. Сөйтіп ғылыми-техникалық прогресс қоғамның барлық саласында дамытушы пәрменді күшке айналды.

 

 -4-

 

Ғылыми-техникалық революцияның ықпалымен рыноқктық қатынасқа байланысты еңбекшілердің қоғам алдына қоятын талаптарының ауқымы өсті, түрлері көбейді. Қазір қарапайым адамдар еңбек және тұрмыс жағдайын жақсарту және сауықтыру, еңбек ақы мөлшерін жұмыс күшінің ұдайы өндірісінің талабына сәйкестендіру, кәсіпорындарға жұмысшы бақылауын кең түрде қолдану, өндірісті басқару және әлеуметтік мәселелерді шешуге хақылы болуын, қоршаған ортаны аялау жөнінде өкіметтің, атқарушы органдардың батыл шешім қабылдауын, еңбекке деген құқықты іске асыру, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және соғыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, осы саладағы жетістіктердің бәрін де бейбіт мақсатқа пайдалану және т.б. талаптарды өткір қойып отыр.

Қазіргі технологияның дамуы өндірістің табиғи фактордан тәуелсіздігін бәсеңдетсе, екінші жағынан, оның рөлі барған сайын күшейіп ( мысалы, ұдайы өндіріс процесінде бұрын ескерілмеген немесе жете ескерілмеген ресурстар ), әуе және космос кеңістігі, дүниежүзілік мұхит т.б.. еніп отыр. Осылайша табиғат ресурстарын экономикалық айналымға қамту көлемі барған сайын арта түсуде. Бұдан бір тұтас экологиялық-экономикалық ұдайы өндірістік жүйе қалыптасты деп қорытынды жасауға болады. Заманымыздың ғұлама ғалымы академик Вернадскийдің сөзімен айтқанда, бұл – ноосфера дәуірінің басталуы.

Ғылым мен практикада дәлелдегеніндей, интенсивтендіру қоршаған ортаны, табиғатты әлсіретпейді, қайта оның сол қалпында сақталып, жетіліп отыруына, табиғи қалпында қоры таусылмай ұдайы өндіріліп тұруына ықпал етеді. Адамдардың табиғатқа ықпалы қай қоғамда да қандай шаралар қабылдап, оны ақылмен ойластырып, ұйымдастырып іске асыратындығына байланысты. Біздің еліміз жағдайында табиғатқа көзқарас, оны аялау, қорғау, сақтау мәселесіне жете көңіл бөлінбей келгені өкінерлік жағдай. Қандай мөлшерде, қаншаға түссе де ең алдымен өндірістік жоспарды орындау керек деген принцип табиғатқа, адам баласына орны толмас зиян келтіріп келгенін айтпасқа болмайды. Арал теңізі, Семей, Капустин Яр полигондарына байланысты жайлар, аймақтық мәселе дер едік.Өйткені республика халқына, табиғатына, оның болашағына тигізген қайғы-қасіретін бір мемлекет күшімен жою қиын, оған әлемдік деңгейде бірлескен шаралар жүйесі керек. Дүниежүзілік мұхит, теңіздер де олардың мұнай өндірумен ( бұл өндірудің 25 проценті) байланысты қатты ластанып отыр, тіпті ондағы өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесіне зор қауіп төнуде. Сондай-ақ егістік жерлерде минерал тыңайтқыштарын орынсыз енгізудің адамзат пен табиғатқа зиянды әсер- ықпалы қаншама десеңізші. Сондықтан экологиялық проблемалар қазір дүниежүзілік көлемде қатты шиеленіскен күйде. Табиғаттан алуды ғана білу жеткіліксңз, оны сақтап , қорғау туралы кең бағдарламалық шараларлы тез арада іске асыру бүкіл адамзаттың, болашақтың ең басты міндеті.

 

 

 -5-

 

 Қорыта айтқанда , ғылыми – техникалық прогресс қоғамдық дамудың, оның әлеуметтік мәні мен мазмұнын жоя алмайтын, бірақ дүниеде болып жатқан барлық құбылыстарға орасан зор ықпал ететін табмғи, обьективті процесс.

 Адам тарихы дамудың жемісі, барлық қоғамдық- экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ол ғажайып құдіретті күш, табиғаттың алып тұлғасы. Адам өндіргіш күштің басты элементі, өндірістің субьективті жеке факторы. Қоғамдық өндіріс адамсыз іске аспайды, оның нәтижесі адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға, солардың мүддесі үшін қызмет етеді. Игіліктерді өндіруші бір ғана күш бар. Ол да адам. Қоғамды өркендетушіде адам .Адам қоғамнан тыс өмір сүрмейді, қоғамның аяаында болады, соның өрісінде дамиды. Адам барлық өндіріс түрлерінің шешуші факторы. Сондықтан қоғам дамуының сатыларына байланысты ол үнемі даму үстінде болады. Адамның өндірістегі орны, рөлі, адамға қойылатын өндірістік , әлеуметтік және т. б. талаптар күшейді. Еңбектің сипаты мен мазмұны, ұйымдастыру, басқару, тиімділігін арттыру, жұмыс жағдайлары мен жұмыс уақыты, еңбек белсенділігін арттыру және т. б. сан алуан жағдайлар қоғам да әр түрлі болып келгендігі белгілі. Сондықтан жүйесінде адам дамуының заңдылықтары әр түрлі қоғамдық құрылыстың дамуына сәйкес келеді, сонымен белгіленеді.Өндірісте адам факторының барлық қоғамға тән ортақ даму заңдылықтары бар. Олардың негізгілері:бірлескен жұмыс күшінің қалыптасуы, еңбекшілердің жалпы және кәсіптік білімінің өсуі , мамандфқ дәркжесінің көтерілуі, маманданған еңбектің нәтижелілігі мен тиімділінің артуы, күрделі еңбектің басым болуы, кәсіптік құрамының және ой еңбегі мен дене еңбегінің арақатынастарының өзгеруі, енбек мазмұнының және жұмысшылардың өндірістегі атқаратын қызметінің өзгеруі, адам факторының маңызының арта беруі және т. б. Енді осыларға қысқаша тоқталамыз.

Өндірістгі адам фвкторының даму заңдылықтарының бірі-жиынтық жұмыс күшінің қалыптасуы. Бірлескен жұмыс күші – тарихи ұзақ мерзімді қамтитын, тереңдей түскен қоғамдық еңбек бөлінісінің және коопеоациясының нәтижесі. Оның материалдық негізін өндіріс құрал- жабдықтарының дәреж

«Қан мен тер» трилогиясының сюжеттік – композициялық желілері де бір бағытта өрістенгенімен, авторлық, лирикалық шегіністер роман оқығаларын жаңа сапалармен толықтырады, қаһарманның есею үрдісін ашатын белгілі әрекеттердің психологиялық дәлелдемесін дайындаушы мәнді детальдар қызметінде жүреді. Бұл орайда «Қан мен тер», «Ботакөз», «Тоқаш Бокин», «Жолдастар», «Өмір мектебі», «Ақ Жайықтағы» тәрізді алма кезектесіп отыратын, бір тартыстың орнына, екінші қақтығыстар арқауымен күрмей байлап, ілестіре дамытып отыратын күрделі композицияға құрылғаны аңғарылады.

«Қан мен терде» - ХХ ғасырдың алғашқы жиырма жылы, революциялық дәуірдің дүмпуі, сілкіне де бұлқына бастаған Арал өңірі, революция рухымен ояна бастаған, таптық күреске аттана бастаған қазақ халқы.[1. 89]

Міне осынау дәуірдің әдебиетте көркем суретін салмақшы болған Нұрпейісов неге иек артып, нені үлгі тұту керек еді. Осы жерде алдымен бір кездегі жас Михаил Шолохов еске түседі. Ол өзінің «Тыныќ Дон» секілді ұлы  туындысына кірерде, оның көз алдына эпопеяның ең керемет үлгісі ретінде Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романы тұрғаны тәрізді, жас Нұрпейісов «Қан мен тер» трилогиясына кірісерде, көз алдына тарихи – революциялық эпопеяның оңды үлгісі ретінде Михаил Шолоховтың ұлы туындысы «Тынық Дон» тұруы және сол үлгіні Нұрпейісовтің ақылымен де, жүрегімен де қабылдап өнеге тұтуы бақыт боп табылған.

«Тынық Донның» қаһарманы –Дон казагі Григорий Мелехов, «Қан мен тердің» қаһарманы – балықшы Еламан. Оларды туыстастыратын – тағдыр. Екеуі де шырғалаңнан шындық іздеп шарқ ұрушылар, екеуі де халық ортасынан шыққандар. Бірақ бірін-бірі қайталау емес. Әрқайсысы өзді-өзі .

Еламан образын жасарда Нұрпейісов Шолоховтың Григорий Мелеховына көз тікті ме екен. Меніңше сөз жоқ, сөйткен. Шолоховтың құдіретті күші  Мелехов секілді єрі айрықша дара, әрі сонымен бірге жалпы адам жаратылысына тән үздік характерлі образ жасауы Нұрпейісовті баурап алған жай тәрізді. Сөйтіп, Нұрпейісов Шолохов ықпалына түсіп, одан үйренуі даусыз деп білсек, енді ол ұлы суреткерден қалай үйренді деген сұрақ туады. Бұл сұраққа Шолохов  Лев Толстойдан қалай үйренсе, Нұрпейісов Шолоховтан солай үйренді деп жауап беруге тура келеді.

 Нұрпейісов өзінің шыѓармашылыќ оқу, үйрену, іздену жолында адам характерінің диалектикасын Шолоховша тануды, бала кезден туасы пайда болған характер қырларының келе-келе әлеуметтік ортамен, революция мен азамат соғысы тұсында түп-түбірімен қопарылған халық өмірімен тоғысқан күрделі күйін  Шолоховша суреттеуді үйренді демекпіз. Шынында да Нұрпейісов геройының жанына Шолоховша үңіледі, оның геройы манекен емес, қатып семген қалып емес, өзгеріп отыратын, құбылып, құлпырып отыратын, көбіне қайшылығы мол динамикалы характер.

Нұрпейісовтың Еламаны Шолоховтың Григорий Мелеховына қаншама ұқсас болғанмен, ол кәдімгі байырғы қазақы образ өзі кедей, сауатсыз, батырлығы да, жауынгерлігі де жоқ айрықша ақыл таланты да жоқ, қарапайым жігіт. Басынан қаншама қайғы – қасірет, аштық, қорлық жағдай өткізсе де, ол көпке шейін айнала дүниеде не болып жатқанын, өзінің неге бақытсыз екенін, тағдырының неліктен сонша қатал екенін түсіне бермейді.

           Еламан образы – типтенген жиындық образ. Еламан сықылды көңіл көзі болатын-ды. Тәңірберген, Кәлен, Ақбала образдары да шындыққа сай көркем дәлелдемемен, психологиялық тереңдікпен Шолоховша мінезделген. Мұның сыры неде? Мұның сыры Шолохов шеберлігінің құпия сырын терең түсінуде. Және    дисертатсиясында былай деген Еламанды жазушы кезінде “Еламан бойындағы қасиеттердің көпшілігі өзіне ұқсас екендігі айтқан болатын”. [4. 16]

Нұрпейісов ұстазынан не үйренді дегенде алдымен айтар сөзі: социалистік реализм әдісінің маңызды кілтифатыын үйренді деу. өз әл-қадарынша Нұрпейісов геройларын Шолоховша суреттеуге тырысады, бірақ Шолохов геройларының көшірмесі дерлік онда біреуі де жоқ. «Қан мен тер» геройлары – кәдігулі қазақтар, малшылар, балықшылар, Нұрпейісовтің жерлестері, ағайын – жұрты.

Бұрынғы кезде романдағы дағдылы әдетпен ескі мен жаңаның күресі деп талдаған. Бұл романдаа да Еламанды революционер, Тәңірбергенді үстем таптың өкілі деп көрсеткен. Қазақ әдебиеттерде күрделі бейнелер көп, олар: Құнанбай, шілік, Итбай, Итбай, Шәкен және Тәңірберген бейнелері. Бұлардың бәрі сәтті шыққан образдар. Мәселен, «Абай жолы» эпопеясындағы Құнанбай орбазына келсек, ол өте күрделі жасалған  сом характер. Оның типтілігі, жинақтылығы, даралық қасиеттерінің қайталанбас ерекшелігі шүбә келтірмейді. Көркемдік кемелдігі жағынан Ќұнанбай образы қазақ жазушыларының шығармашылығында бұрын-соңды кездесетін ескі әлеуметтік құрылыс туғызған ұнамсыз кейіпкерлердің қатарында, әсіресе еліміздегі халыққа қарсы қара күш иелері тұлғаларының арасында теңдесі жоқ үздік образ. Бұл кесек тұлғаның бұралаң қалтарысы көп. Қаталдық пен қатыгездіктің, зұлымдық пен зымияндықтың рухын бойына жиған Құнанбай, ұрда - жық алаңғасар, күйкі мінезді, күйгелек жан емес, ол өзінің таптық тұрғысында табанды да құретті. Айласы мол залым, мейірімсіз, қаныпезер.[2. 66]

Ал, Ғ.Мүсіреповтың «Оянған өлкесіндегі» Игілік – пәрменді, қу, айлалы, заман жаңалығына сергек түлкі іспетті жырқыш.

Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан  кейін» романындағы Шәкен образы - өте керемет жасалған шебер кейіпкер. Оның кереметі нағыз типтілігінде. Қазақ әдебиеттерінде озбыр, зұлым, бай, болыстың жексұрын типі аз емес. Ал, мына шәкеннің «кереметі» оның белгілі бір қысқа кезеңге тез бейімделе қойған хамелеондық қылығында, үстем тап атаулының  типті өкілі рөлдерінде Шәкен кешегі жоғары аталып өткен кейіпкерлердің бүгінгі жаңа жағдайдағы мұрагері. Бұл бір жағынан революция орнатқан совет үкіметі бұрынғыдай олардың үкіметі емес екенін біліп үрейі ұшқан бай, екінші жағынан жаңа экономикалық саясат оларды өткен күнге қайта апарар деп соқыр үмітке мінген бай. Осы қос қырлы ұғыммен ол дұшпандық айла – тәсілін әбден машықтандырған қу, сұм.

Ал, аталмыш романдағы Тәңірберген образы болса, басында бала жігіт кезінде әлі жамандықпен  ауызданбаған, ешкімге зияны жоқ, биязы ғана жас мырза сияқты еді.[3. 229] Ол бар мінезін жүре келе ашады. өз табының мақсатын көздеген тартыс, күресте қатал, мейірімсіз, арам, айлалы жігіттің  ой-санасында, сезім-сезігінде ара-кідік ар-ұят, ұждан және т.б. ізгі адамгершілік қасиеттері де ұшқындап қояды сол кезде оның айнала дүниеге ақынша романтикалы көз жанарымен қарайтына бар. Ал өз табының күйрегініне көзі жеткен кезде Тәңірберген өз қатарынан бір мойын озық парасаттылық танытады. Ол заман заңы жөнінде философиялық ой түйеді. Ұзақ күрестің нәтижесінде Еламан өз табының жеңетініне сенсе, Тәңірберген өз табының жеңілетінін түсініп торығады.Тәңірберген образы бұл кейіпкерлерге ұқсайды, бірақ ерекшеліктері де бар. Себебі, әр жазушы бұл оқиғаны, кейіпкерлерін, әр түрлі етіп көрсетеді, шеберліктері де болып келеді. Тәңірберген сырт көзге бұл ауылдың мал жаны мен ісі жоқ кісі секілденіп, бойын аулақ салып жүрген мен түптеп келгенде мал қамын мына екі ағасынан артықырақ ойлайтын жігіт. [2. 66]

Қазақ халқының революцияға келу жолын, ұлы өзгеріске араласуын әр жағынан бейнелеуде. Мәселе оқиғалардың көңіл - күйінің, жан дүниесінің бүтіндей тарихи өзгеріске түсуін бейнелеуде. Осы тұрғыдан Еркебұлан (Ғ.Мүсірепов, «Кездеспей кеткен бір бейне»), мен Еламан (Ә. Нұрпейісов, «Қан мен тер») образының арасында елеулі айырмашылық бар. Айталық, әуелгі шығармада орыс, украин достығымен бірге совет үкіметін орнатушылардың саналы күресіне шыққан, қалыптасқан революция күрескерін көрсек, келесі туындыда қатардағы кедей, Еламанды сондай күреске ұзақ шырғалаң жол кешу үстінде кездестіреміз. Еркебұлан нақты дерекке незізделіп, очеркті – насихатты тұрғыдан суреттелсе, Еламан сол өмір жолында шырмалып жан-дүниесінің бірте-бірте түлеу барысында бейнеленеді. Аса күрделі, іштей қарама-қайшылыққа толы кейіпкерлерді шығарманың басты қаһарманы ету Х. Есенжанов («Ақ жайық» романындағы Хакім) пен І.Есенберлин («Қатерлі өткел» Бүркіт) шығармашылығына да тән қасиеттер деп білу керек.

Қазақ даласының таулары мен өзендері, көлдері мен кендері, қалалары мен ауылдары әрқайсысы өз жерінде, өз орнында, өз қасиеттерімен құнды, қажет екені секілді «Қан мен Тер» трилогиясы да атақты романдар қатарында өзіне тән ерекше де айырықша қасиеттерімен қымбат. Ол қандай қасиеттер? Бұл сұраққа жауап беру үшін алдымен  шығарманың өз қатарындағылармен ұқсастығын көрсету қажет. Ал ұқсастық белгілер әдебиетіміздің ұлттық топырағынан туындап, ондағы тамыр жайған құнарлы дәстүрлермен, одан әрі ұлы орыс әдебиеті мен әлем әдебиетінің көркем тәжірибиесімен астасады. Әбдіжәміл Нұрпейісов романының бойына осы дәстүрлердің мол дарығанын көру қиын емес. Басқаны былай қойып, Абай поэзиясында аяусыз әшкереленген әлеуметтік қайшылықтар, адам табиғатына таптық қоғам жапсырған сұмдық мінез – құлықтар Нұрпейісов романынан да кең өріс алған. Мысалы, мұндағы Судыр Ахмет пен Нығметті көргенде, Абайдағы «сабырсыз, арсыз, еріншек, көрсеқызар, жалмауыз» есіңе түседі. Қарақатын мен Балкүмісті көргенде, Абайдағы «Құдайым қанағатын алған» Қарақатынмен «өтірік пен өсекті жүндей сабаған» типтер есіңе түседі. Төлеу, Қалау деген сұмырайларды көргенде, «бойда қайрат, ойда көз жоқ», «арсыз, ұятсыз салтынан, қағып кетер артынан» оңбағандарды көресіз, Тәңірбергеннің арамза ағасы Алдабергенді көргенде, «кейбір пірге қол берген, іші залым, сырты абыз» сұмдар көз алдыңа келеді, ал енді оның пасық ағасы Қаратаз болысты көргенде Абай масқаралаған «ала жылан, аш бақа күпілдіктер» алдыңнан шыққандай болады.

Сондай – ақ, «Абай жолындағы» М. Әуезов жасаған, «Дауылдан кейіндегі» Ғ.Мұстафин жасаған, «Оянған өлкедегі» Ғ. мүсірепов жасаған типтік характерлердің де көп нышандары дәстүр түрінде «Қан мен Терде» де бой көрсетеді. Мысалы, Жиренше, Шілік, Шәкен типтері мен Тәңірберген типінің арасында ортақ, ұқсас сипаттар өте көп. Еламан образының қалыптасу жолындағы сергелдең орыс әдебиетінде Павел Власов (М. Горькийдің «Ана» романындағы), қазақ әдебиетінде Хакімнің (Х. Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясындағы) өткен жолының кейбір кезеңдерін еске салады. Айырмашылығы Еламанның оқымағандығы. Сондықтан да оның бастан кешкен ұзақ сонар азап жолы қазақ еңбекшілерінің революцияға келу жолының кейбір соқпақтарын аңғартады. Ең оңай тәсіл, өзінің азаматтық асуынан азаппен жеткенхалық жолын, күрескер жолын оның саяси, моральдық қалыптасу процесін оп – оңай етіп көрсету ғой. Бірақ, ол шын суреткерлік тәсіл боп табылмас еді, Әбдіжәміл Нұрпейісов осының оңайын емес, қиынын қалаған.

Ал романдағы Ақбала образы басында Анна Каренина секілді, бірде «Тынық Дондағы» Аксинья секілді бірден оқушы назарын аударды. Өзінің сүйкімді қасиеттерімен, сұлу, таза сезімімен сүйсіндірген ол ақыры оқушының көңілінен шықпай, кірбің түсіреді. Әрине, ол жиреніш емес, аяныш тудыратын хал – деп М±ќаметжан Ќаратаев пікір білдірген екен.[4] Иє,оқушы қанша тілектес болса да, Ақбала жүрек әмірімен қоғам заңының арасындағы шытырман қайшылықтан шыға алмады, қате үстіне қате жасады, оны өзі бір мезет Еламан алдында мойындады. Бірақ оның Еламан жоқта Тәңірбергенге тайып тұруы тек «махаббат» әмірімен ақталмаса керек. Бұл тұс Ақбаланың бастан алғау-талғау сүйіспеншілігінен адамгершілігі үстем болуға тиіс тұс еді. Ақыры ол осының тауқыметін тартып күйкі күйге душар болды. Сонымен, баста жақсы образ бара-бара солғын тартты. Ақбала тағдыры аянышты болғанымен, трагедиялы қалып ала алмады. Ақбаланың Еламан алдында өз қылығына өкінуі, ұзын сары Әнуарға тиіп, оның жетім балаларын асырауы әйел бақытсыздығын аз да болса жұқартқандай.

«Қан мен Тер» трилогиясында Арал, Шалқар, Ақтөбе аудандарындағы революциялық дәуірдің өмір құбылыстары суреттелген. Сол секілді «Тар жолтайғақ кешу», «Ботакөз», «Өмір мектебі» романдарында, «Амангелді» пьесасында Солтүстік пен Орталық Қазақстан, «Ақ Жайық» трилогиясында Батыс Қазақстан, «Тоқаш Бокин» романында Жетісу өлкесінде өткен оқиғалар көрініс тапқан. Бұл романдардың бәрі бір тақырыпта жазылғанымен идеялары әр түрлі, Жалпы, «Қан мен Тер» романының тақырыбы-Қазан төңкерісі кезіндегі қазақ даласындағы қоғам өмірін, төңкерістің қазақ даласына келуін, сондағы қайшылықтар мен тартыстар. Ал, трилогияның нысаналы бағыты қазақ халқының революциялық дәуірдің бастан кешкен күрделі өткелдерінің көркем картинасын жасау.

Єбдіжєміл Нұрпейісов асқан шеберлікпен, өзіне ғана тән шеберлікпен алған нысанасына жетті, тақырыбын ашты, идеясын насихаттады.«Қан мен тер» қазіргі қазақ прозасында теңдесі жоқ оқшау туынды. «Абай жолынан» кейін әдебиет айдынын лайлап алмай, мұншалық мөлдір, таза толқындар туғызып, дәлірек айтқанда мұншалық сыншыл шынайы шығарма жазып берген [5. 434]

Әбдіжәміл Нұрпейісов қаламгерлік қажыры мен қайсарлығына таңданбасқа болмайды. Демек, «Қан мен Тер» романы қазақ өмірінің тіршілігін сомдаған,  қазақ әдебиетіндегі ең құнды да таусылмас қазыналы еңбек деп ауыз толтыра айта аларымыз анық.

есінен іздеген жөн. Қарапайым еңбек құралы, еңбек бөлінісі бұл құбылысты қажет еткен жоқ. Әрбір детал және жекелеген операциялар бойынша еңбек бөлінісі бірлескен жұмыс күші құрылуының беташары болса, машина дәуірі оны біржолата қалыптастырады. Машина еңбекті кооперациялауға, қоғамдастыруға топтастыруға, еңбек бөлінісіне тікелей жол ашады. Өйткені машинаның жұмыс жасауы тек қана бірігіп қоғамдастырылған еңбектің арқасында жүзеге асады, маманданған еңбекті қажет етеді. Әрбір еңбек ететін адам өзгелермен бірлесіп өндірісте өнім өндіреді. Бірлескен жұмыс күші өндірісте еңбек ететін адамдардың арифметикалық сандық қосынды көрсеткіші емес. Ол әлеуметтік-

 

 -6-

 

экономикалық салдар, байланыс қатынастарын сипаттайтын ерекше сапалық бірігу процесі.

Адамның өндіріс факторы ретінде дамуының негізгі бір заңдылығы оның жалпы және біліми кәсібінің өсуі. Әлемдегі дамыған кездерде

 

адамдардың жалпы және кәсіби білімінің биік деңгейге көтерілгендігі өмір талабы. Келесі заңдылық- маманданған еңбектің салмағы өсті , берер нәтижесі мен тиімділігі артты. Бұл қоғамдық өндірістің материалдық базасының жақсаруымен, озық техника мен технологияны пайдаланумен тығыз байланысты. Бірдей уақыттың ішінде жоғары білікті еңбек, жай еңбекке қарағанда анағұрлым көп тұтыну құнын өндіреді, мұндай еңбектің нәтижесі мен тиімділігі жоғары.

Қоғамдық өндірістің дамыған сайын ондағы күрделі еңбектің басым болуы да заңдылық.Өйткені күрделі еңбек жай еңбектен көп тиімді. Сондықтан өндіріс оны басым пайдалануға мүдделі. Ғылыми- техникалық прогоестің нәтижесі, шаруашылықтың салалық құрамдарының өзгеруі, жаңа өндіріс салаларының дүниеге келуі, еңбек бөлінісінің тереңдей түсуі кәсіптік құрылымның өзгеріп тұруын заңды процеске айналдырды. Жаңа кәсіп, жаңа мамандық түрлері пайда болды. Қоғамдық өндірістің дамуы нәтижесінде дене және ой еңбектерінің ара салмағы да өзгеріп отырады. Адамның өндірісте атқаратын қызметтерінің ішінде ой еңбегі басымырақ болып келеді. Дене еңбегінің де бейнесі өзгеріске ұшырайды. Бұлар ғылыми- техникалық прогрестің озық нәтижелерін өндіріске тікелей пайдалануға байланысты. Адамзат қоғамының даму сатысының бәрінде еңбек мазмұны күрделі бола бермек. Өндірісті механикаландырып, кешенді түрде автоматтандырғанда, робот техникаларды, икемді технологияны енгізгенде және т. б. Ғажайыптардың бәрі де еңбек мазмұнына сапалы өзгерістер енгізеді. Бұл әкономикалық дамудың жалпылама негіздерінің зор ерекшелігі.

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Jahcepik | Теги: Ә.Нұрпейісовтың, талдау, Қан, салыстырмалы-салғастырмалы, Мен, тер, романына
Просмотров: 598 | Загрузок: 169 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar