Қожабай Хибасов - Қазақ әдебиеті - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Қазақ әдебиеті

Қожабай Хибасов
23.06.2013, 10:03
Қожабай Хибасов

        

         Хибасов Қожабай 1945 жылы 23- тамызда Қарақалпақстан Республикасы Хожелі ауданы Сарайкөл аулында дүниеге келген. Қ.Хибасов еңбек жолын 1963 жылы орта мектепті бітірген соң туған аулында токарьлықтан бастады.1964-1966 жылдары мектепте лабарант,клуб меңгерушісі болды. 1966 жылы мұғалімдікке ауысты. 1971жылы Нөкістегі Қарақалпақ мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетін бітірді. 1974жылы Бейнеу ауданындағы жаңадан құрылған Жанкелдин орта мектебінде, 1980жылы Ы.Алтынсарин мектебінде директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін абыроймен  атқарды.

         Ұйымдастырушылық қабілетін дұрыс бағалаған аудан әкімшілігі оны 1985жылы тамыз айында Сыңғырлау мектебінің директоры қызметіне жоғарылатты. Осы мектептегі ұзақ жылдардағы қызметінде  Қ.Хибасов жолдас өзін білгір маман ғана емес, іскер де әділ басшы ретінде көрсете білді. Мектептегі оқу-тәрбие ісінің осы заманғы талапқа сай жүруіне , ұрпақ бойында ұлттық қадір-қасиеттердің молырақ даруына айрықша еңбек сіңірді.

         Қ.Хибасовтың  ұзақ жылдардағы педагогтік  қызметі  "Респблика оқу -ағарту ісінің үздігі" белгісімен , Білім  Министрлігі мен Жастар Одағының Құрмет Грамоталарымен, облыстық, аудандық білім беру салаларының Грамоталарымен марапатталды.

         Тағдыр соқпағы әуел бастан-ақ оған әке жолымен жүруді жазған болатын. Ол сол жолда, жас ұрпақ тәрбиесінде отыз жылға жуық уақыт еңбек етті. Ұстазының биік те, парасатты тұлғасын бала жүректерінде мәңгі ұялатар мыңдаған шәкірттер одан дәріс алды, тәрбиесін көрді. Оның өмірдегі басты алған қойған мақсаты да осы еді.

         Өзі сегіз жыл жұмыс істеген  Сыңғырлау  орта  мектебі қазір мұғалім кадрлармен, материалдық  базамен қамтамасыз етілген, оқу-тәрбие  ісінде  аудандағы алдыңғы қатардағы  білім ордаларының біріне айналды .Бұл істерде Қ.Хибасов жолдастың ұлан-ғайыр еңбегі бар.

        
Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Жадыра
Просмотров: 456 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar