Уәйіс Қайралапов - Қазақ әдебиеті - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Қазақ әдебиеті

Уәйіс Қайралапов
23.06.2013, 09:55
Уәйіс Қайралапов 1927ж Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ақжар елді мекенінде дүниеге келді.
Ақтөбе, Қызылорда педагогикалық институттарының қазақ тілі мен әдебиеті және тарих факультеттерін бітірген. Форт-Шевченко қаласында ұстаздық жолын бастаған.
Форт-Шевченко  қалалық оқу бөлімінің бастығы , Маңғыстау ,Бейнеу аудандық білім беру бөлімдерінің бастығы міндеттерін атқарды. 
"Ақбөбек", "Махаббат ғаламаты", "Маңғыстау аңыздары мен ақиқаттары" еңбектерінің авторы. Ол 1993жылы дүние салды.

Махаббат ғаламаты

Жан жазының алтын таңын атырып,

Кәрі-жасты тұрар бірдей шақырып,

Тіршілікте болған емес - болмас та

Махаббаттан мойны ұзын тақырып

Тамсандырған талайды естен тандырып

Талай жанның жүректерін жандырып

Махаббаттың кіршігі жоқ жалауы,

Желбіреумен қала бермек мәңгілік.

Талайлардың аңсағаны, құмары

Ем дәрісі, даруы , бой тұмары

Махаббаттың алтын үйі мәңгілік,

Азбайтұғын миллиондардың тұрағы.

 
Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Жадыра | Теги: Уәйіс, Қайралапов
Просмотров: 911 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar