Аборттар және оның зиянды әсерлері - Биология және Экология - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Биология және Экология

Аборттар және оның зиянды әсерлері
[ · Скачать удаленно (17.6Kb) ] 30.10.2012, 22:21
Аборттар және оның зиянды әсерлері

Түсік не жүктілікті жасанды жолмен үзу – қарапайым операция емес, ол күрделі хирургиялық араласу, оның ауыр асқынулары брлуы мүмкін. түсіктің кері әсерлері жақын күндері ғана емес, бірнеше айлардан да соң байқалуы мүмкін.
Жатырдың ұрық жұмыртқасын алып тастау үшін, оның мойынының каналын кеңейтуге тура келеді. Ал бұл ауыртпалықтар тудырады, ол әсіресе бұрын тумаған әйелдерге ауыр тиеді.
Түсік операциясы кезінде көбінесе жатыр мойнында жарықшақтар мен жарылулар пайда болады. Олар арқылы ұдайы жыныс жолдарында болатын микробтар жеңіл өте алады. Тусіктен кейін жайылыңқы қанталаған жара түріндегі жатырдың ішкі беткейінде инфекция қақпасы болып табылады. Жатырда пайда болатын қан ұйындылары микробтар , соның ішінде ауру тудырғыштары үшін жақсы қоректік орта. Сондықтан жатырдың, жатыр түтіктерінің, аналық жыныс бездерінің қабынуларына шалдығуы қауіпі зор екені түсінікті, тіптен қан зақымдалуы сепсис те болуы мүмкін. бұл аурулар көптеген зардаптар тудырады, сонымен қатар толық қайтымсыз ұрпақсыздыққа, тіпті әйел өліміне әкеледі. Дәрігерлер қаншалықты тәлімді, мамандандырылған болса да, ол ешқашан ұрық жұмыртқасының толығымен қырылып алынғанына кепілдік бере алмайды. Өйткені барша операция тек қол сезімімен, көрмей жасалынады. Егер жұмыртқаның азғантай бөлігінің өзі жатырда қалып қойса, әйел өміріне қауіпті, көп мөлшерде қан ағуы байқалады. Бұндай жағдайларда қайта қыруға кіріседі, ал кей жағдайларда – толығымен алып тастауға тура келеді. Ал бұл қайтымсыз ұрпақсыздыққа ұшырау.
Сонымен қатар түсік әйел ағзасының қайта қырылуын, бейімделуін дөрекі түрде үзеді. Соның нәтижесі психологиялық және эмоционалды бұзылулар, сонымен қатар бедеулік, ұрпақсыздық, семіру, сексуалдық бұзылыстар, жыныстық сезім жоғалады. Махаббатпен сүйікті адамының жақсы көру сезімдері жойылады. Осы барлық айтылған асқынулар бірінші жүктілікті үзгенде байқалуы әбден мүмкін. Сондықтан, жағдайды жан-жақты ойлап, бағалап, сараптап алған жөн. Бұның бағасы өте жоғары: болашақ ана бола алмау немесе өмірін қию.
Әлемде жасөспірім қыздар арасында бұл көкейкесті мәселе болып табылады. Жыл сайын 40 мыңнан астам жас 17- дегі түсік жасайды, ал 15-ке дейінгілердің 3 мыңы жүктілікті үзеді. Түсіктен кейінгі өлімге ұшырау деңгейі де жоғары, ол батыс елдерімен салыстырғанда 8 есе көп шаманы көрсетеді.
Қазақстан Республикасының түсік жағдайы өте төмен. Түсік қазірдің өзінде туылу деңгейін реттейтін негізгі әдіс болып табылуда. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметтері бойынша репродуктивтік жас шамасындағы 1000 әйелге шаққандағы түсіктер саны Батыс Еуропа, Ұлыбритания, АҚШ елдері көрсеткіштерінен 5-10 есе көп.
Қазақстан жастары арасындағы түсік мәселесі қандай? А. Акановтың деректері бойынша 1999 жылы 18- ге дейінгі қыздар арасында 9177 түсік тіркелген. Олардың 177- сі 15 жасқа дейінгі жасөспірім қыздарға келеді. Сонымен қатар, 18 жасқа дейінгі қыздардың 53 пайызы түсік қайта жасалынған. 29 түсік қылмысты болған (түсік жасауға рұқсаты жоқ тұлғалар жасаған). Жастар арасындағы 410 түсік асқыныс алған, және 1 жағдайда қыз бала болған. Жаңа мыңжылдықты қарсы алған көрсеткішіміз осындай, ол оптимизмді қоса алмайтыны көрініп тұр.
Түсіктер алғашқы ғасырларда белгілі болған. Бірақ халық санын реттеуші ретінде қолданылмаған.
Ортаңғы ғасырларда шіреулерде жасанды түсік жасауға тыйым жасалынған. Өйткені бұл адам өлтіру кінәсімен тең келді. Уақыт өтіп жатты, жүктілікті жасанды үзу практикаға қайтадан кірді және әйелдің тілегі немесе ерлі-зайыптылардың шешімі маңызды болды.
Кенеттен төбесі жасыл түскендей өткізілген физиологиялық эксперименттік нәтижесі әлемге жайылды. Адамның эмбрионы адамға тән барлық сезімдерді және анасының сезімдерін сезуге қабілетті болып шықты. Датчиктер мен приборлар түсікті жүргізу кезіндегі ұрықтың қозғалыс белсенділігін және эмоционалды күйін тіркеп отырды. Бұл кезде ұрық аурудан және үрейден бүрісіп қалып, қорқыныштан айқайлаған сияқты болған. Ол өлуді қаламаған, бірақ өзінің өмірін сақтауға әлсіз. Ол өлуі керек деп әйелдің өзі шешті.
Категория: Биология және Экология | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: оның, Аборттар, Зиянды, және, әсерлері
Просмотров: 1209 | Загрузок: 211 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar