Агранулоцит(гр. а’ — жоқ және лат. granulum — дән, дәнше, түйіршік; лат. kytos — қуыс үяшық, жасуша) - Биология және Экология - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Биология және Экология

Агранулоцит(гр. а’ — жоқ және лат. granulum — дән, дәнше, түйіршік; лат. kytos — қуыс үяшық, жасуша)
[ · Скачать удаленно (15.4Kb) ] 04.11.2012, 09:33
Агранулоцит(гр. а’ — жоқ және лат. granulum — дән, дәнше, түйіршік; лат. kytos — қуыс үяшық, жасуша) — қанның дәншесіз ақ қан жасушасы (лейкоциті); дәнсіз лейкоцит қанның ақ клеткалары олардың цитоплазмасы дәнсіз (гранула жоқ). Көптеген омыртқасыз жануарлардың агранулоциттері бір түрлі – амебациттер – ал омыртқалы жануарларда екі түрлі лимфоциттер және моноциттер.
Агранулоцитке қан жасушаларының лимфоциттері және моноциттері жатады. Бұлардың цитоплазмасында арнайы бояулармен боялатын дәншелер болмайды. Лимфоциттер — организимдегі түрліше иммунологиялық реакцияларға белсенді қатысатын маңызды қан жасушалары. Олар қан лейкоциттерінің жалпы санының 20- 40% құрайды. Адам мен жануарлар организмдерінде лимфоциттердің екі түрі: Т және В лимфоциттер болады. Т лимфоциттер (тимусқа тәуелді лимфоциттер) жасушалық иммунитетке, В лимфоциттер (лат. bursa — қапшық) сұйықтық (гумаральдық) иммунитетке жауапты. Т лимфоциттер жүйесінде әсерлі (эффекторлы) жасушалардың үш популяциясы болады. Олар: Т киллерлер (цитотоксикалык лимфоциттер), Т хелперлер (көмекшілер) және Т супрессорлар (баяулатқыштар). В-лимфоциттер жүйесінің эффекторлы жасушарына плазмобласттар мен плазмоцитгер (иммундыглобулиндер бөлетін жасушалар) жатады. Қан моноциттері — ұлпалар мен мүшелер макрофагтарының (ірі жемір жасушалар) бастама ізашар жасушалары.
Категория: Биология және Экология | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: дәнше, kytos, дән, және, қуыс, Агранулоцит(гр., түйіршік, granulum, лат.
Просмотров: 687 | Загрузок: 188 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar