Агрофитоценоз агроценоз (гр. ‘agros’ егістік жер, phyton өсімдік, koinos жалпы) - Биология және Экология - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Биология және Экология

Агрофитоценоз агроценоз (гр. ‘agros’ егістік жер, phyton өсімдік, koinos жалпы)
[ · Скачать удаленно (17.0Kb) ] 04.11.2012, 09:34
Агрофитоценоз агроценоз (гр. ‘agros’ егістік жер, phyton өсімдік, koinos жалпы) — құрамына мәдени және екпе дақылға зиян келтіретін арамшөптер кіретін адам қолымен жасалған өсімдік бірлестігі; ауыспалы егіс, тыңайту және өсімдіктерді қорғау жүйесі бірыңғай шаруашылық тәртіпте қолданылатын агроэкожүйенің (бір егістіктің) біртекті үлескісі шегіндегі мәдени өсімдіктер мен арамшөптер жиынтығы.
Агрофитоценоз ауыспалы егістің немесе көп жылдық дара дақылдық егістіктің барлық фазаларын біріктіреді. Ауыспалы егіс барысында мәдени өсімдіктер өзгергенде топырақты арамшөптердің тұқымды және өсімді бастамасы (тамырсабағы) тұрақты сақталады. Агрофитоценоздың құрылымы мәдени өсімдікті еккеннен қар жауғанға дейінгі өсімді маусымда өзгереді. Мұндайда мәдени өсімдіктердің дамуына байланысты биіктеп өсуі, өркендер саны, жалпы биомассасы, өсімді және генеративті мүшелері арасындағы жайғасулары ғана өзгеріп қоймай, арамшөптердің маусымдық қозғалыс құрамы мен күйі де өзгереді. Олар әр түрлі кезеңде гүлдеп, жеміс береді. Сонымен қатар Агрофитоценоз құрылымы климаттың ауытқуынан және ауыспалы егіс фазасына байланысты өзгеріске ұшырайды. Ылғалды және климаты салқын жылдары мәдени өсімдіктердің өсуі тежеліп, арамшөптер қаптап кетеді. Гербицидтер қолданудан да Агрофитоценоздың құрылымы өзгереді. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде табиғаттағы жабайы өсімдіктер 4 мәдени өсімдіктер тобына бөлінеді:
адамның араласуы нәтижесінде өзгеріске ұшыраған өсімдіктердің табиғи тобы мәдени түрге айналдырылған Агрофитоценоз деп аталады. Бұған жоспарлы түрде пайдаланылатын табиғи орман мен жайылым, шабындықтар жатады;
қолдан егілген орман мен көп жылдық екпе шөп шала мәдени Агрофитоценозға жатады. Олардың өсіп-жетілуіне жоспарлы шаралар қолданылмайды;
қолдан егіп, үнемі бақылап, жақсы өсіп-өнуіне түрлі шаралар қолданылып отыратын өсімдіктер құрамы (егістіктер, бақтар, т.б.) мәдени Агрофитоценозға жатады;
интенсивті Агрофитоценозға жылыжай, гидропоника өсімдіктері жатады. Мұнда адам топырақты ғана емес, ауаны да реттеп отырады.
Категория: Биология және Экология | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: koinos, ӨСІМДІК, егістік, Phyton, жалпы), Жер, агроценоз, (гр., ‘agros’, Агрофитоценоз
Просмотров: 976 | Загрузок: 171 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar