Айырша без - Биология және Экология - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Биология және Экология

Айырша без
[ · Скачать удаленно (21.3Kb) ] 30.10.2012, 22:30
Айырша без
Айырша без – тимус көптеген бөлікшелерден тұратын қос без. Төстің ішкі бетінде, жүрек ұясының (ортаңғы қабырғаның) үстіңгі жағында орналасқан. Астыңғы жағы жүрек қабы – перикардпен, артқы жағы ірі-ірі қан тамырлармен шектескен. Айырша безін көзбен көріп, қолмен ұстау қиын, сондықтан ол ойдағыдай зерттелмеген. Без екі – қабық және ми қабаттардан тұрады. Онда екі түрлі жасуша бар – лимфоид жасуша (ұсақ микроциттер) негізінен қабық қабатта, торлы жасуша астыңғы қабатта орналасқан. Олар бірігіп селдір торға айналады, торда лимфоциттер орналасады.
160
Бездің қандай қызмет атқаратыны тек соңғы уақытта зерттеле бастады. Көкірек хирургиясының жедел дамуы осы безді алып тастауға мүмкіндік берді. Бірақ арнайы әдіспен орнын ауыстырып сапса, ол тез арада ыдырап, бойға сіңіп кетеді.
Ғылыми деректерге қарағанда өсу (есею) барысында, атап айтқанда жеткіншек жасына келіп, жыныс жетіле бастаған кезенде без ұлғаяды (үлкейеді). Жыныс жетіліп болған сон ол кері дамиды (инволюция) – құрамында безді құрылымдар азаяды да, олардын орнын дәнекер тін басады.
Тәжірибе жүзінде алынған деректерге жүгінсек, айырша без жыныс бездерінің дамуын тежейді. Айырша безі алып тасталған не шала жетілген жас малдың жынысы тез, мерзімінен бұрын жетіледі, ондай мал өспей қалады, немесе баяу өседі. Жас мал (торпақ, баспақ т. б.) піштірілсе, айырша безі, оның тіндері ұлғайып, дамып кетеді, ал безде кері даму үрдісі тежеледі. Айырша безі инволюцияға (кері дамуға) ұшырамаған адамның жіліктері ұзарып ұлғаяды, мұндай адам әдетте кестірілген (ендері алынып тасталған) адамдарға ұқсайды.
Айырша без қызметі жыныс бездері қызметімен тығыз байланысты екені жоғарыда айтылды. Мұнымен қатар ол қызметі жағынан ұдайы басқа да бездермен байланыста болады. Мәселен, бүйрекүсті безді алып тастаған жағдайда айырша безде инволюция болмайды (ол кері дамымайды), ал жіті өтетін індет аурулардың, сондай-ақ кейбір төтенше себептердің (жарақаттану, ауырсыну, суға шектен тыс хлор қосу, улану) әсерінен инволюция жіті өтеді. Демек, айырша без бен, бүйрекүсті без де қызметі жағынан тығыз байланысты, байланыс сипаты көбінесе қарама-қарсы.
Айырша без денеде кальций алмасуын реттеуте қатысады, жануар денесіне инемен айырша без сығындысы енгізілсе, сүйек тінінде көп мөлшерде кальций жинала бастайды, оның есесіне қанда кальций азая түседі. Айырша безді алып тастаса, кері әсер туады, яғни кальций сүйекте азаяды да қанда көбейеді.
Айырша без денеде стероидтар, нуклеин қышқылдары, С витамині (аталған безде бұл витамин өте көп, бұл жағынан ол бүйрекүсті безден кейін екінші орын алады) алмасуын реттеуге қатысады.
Соңғы он жыл ішінде іске асырылған түбегейлі зерттеулерге қарағанда, айырша без адам (жануар) денесікде жүріп жатқан иммундық, қорғаныс, бейімделу әсерленістеріне да қатысады. Мәселен, жаңа туған қозының (бұзаудың, торайдың т.б.) айырша безін алып тастаса (тимэктомия) ол өспейді және қатты арықтайды (рантинг не вастинг – синдром, ағыл. rant – бойдың өспеуі, wastus – арықтау, жүдеу).
Жынысы жетілген ересек жануардың айырша безін алып тастаса, 1 бұл оның өсуіне айтарлықтай ықпал жасамайды, тіршілік ету мерзімің қысқартпайды, бірақ қанда лимфоциттер саны азаяды, сол бездері біршама семіп, иммундық әсерленіс нашарлайды. Айырша безде Т-лимфоциттер «пісіп» жетілетіні анықталған.
Айырша безін алып тастаған жануар лимфоциттерінде иммунды дене түзілу қабілеті төмендеп кетеді, мұның салдарынан орны ауыстырып салынған не басқа жануардан алып салынған тері кесінділері денеге жабысып түспей қояды. Безді алып тастау нәтижесінде қанда гаммаглобулин азаяды.
Кейбір қолаңсыз себептердің (жұқпалы ауруға шалдығу, қатты тоңып шаршау, оттегі жетіспеуі т.б.) әсерінен айырша без қызметі нашарлап кетсе, әдетте қан құрамында лимфоциттер саны азаяды, уақытша сөл түйіндері мен бездің көлемдері кішірейеді.
Айырша бездің адам (жануар) денесінде иммундық биологиялық әсерленіске қатысуы, қазіргі кездегі пайымдауларға жүгінсек, сол бездегі әсер етуші зат, гормон не гормондар тобы (әзірге олар табылған жоқ, тек без сығындысының әсері ғана зерттелуде);
а) лейкоцитин бөгде зат қармау қабілетін күшейтеді;
ә) лимфоциттің антитән бөліп шығаруын үдетеді;
б) иммундық, әсіресе фагоциттік (қармау, жұту) қасиеті күшті лимфоциттер, мәселен, Т-лимфоциттер түзілуіне септігін тигізеді. Дәлелденген деректерге жүгінсек, айырша безде Т-лимфоциттер «пісіп» жетіледі, мұндай лимфоциттер қатыспаса, денеде бір қатар аса маңызды иммундық әсерленістер жүрмей (өтпей) қояды. Т-лимфоциттердің иммундық ақпаратты бір орыннан екінші орынға ауыстырып отыратыны, жасушада иммунитет қалыптасуын қамтамасыз ететіні анықталды. Олар – иммунологиялық жады, сондықтан да жолында кездескен заттардың қайсысы «өзінікі» қайсысы «басқаныкі» екенін тез таниды.
Ғылымда Т-лимфоциттер «киллер», яғни жендеттер деп аталады. Олар бірден тап беретін және ұзақ жасайтын лейкоциттер. Белгілі бір ағзаны не оның бөлігін бір орыннан екінші орынға ауыстырып саларда тимустағы тап осы лейкоциттер гомо- (біртектес) және гетеро- (әр тектес) трансплантаттарды қабылдау әсерленісіне, сондай-ақ денеде бірқатар аллергендерге (антигендерге) қарсы аллергиялық әсерленістер қалыптасуына белсене қатысады.
Айырша безден басқа лимфоидтық ағзаларда «пісіп» жетілетін В- лимфоциттердің көптеген антитәндер түзетін плазмалық жасушаларға ауысуы да осы Т-лимфоциттердің қатысуымен өтеді.
Сонымен қорғаныс, бейімделу сияқты иммундық қасиеттер қалыптастыруда гипофиз, бүйрекүсті без жүйесімен қатар, айырша без де үлкен орын алады.
Француз химиктері айырша безден бөліп алынған гормон (10 амин қышқылынан тұратын пептид) туралы нақты деректер жариялады. Бұл гормон денеге енгізілісімен адамға (жапуарға) белгілі бір бағытта биологиялық әсер етеді екен. Клиницист ғалымдар мынаны байқады. Тіндері шектеп тыс ұлғайып, айырша без тым үлкейіп кетсе, адам кейде ерекше дерт – миастенияга (бұлшықеттің әлсіздігінің үдеуіне байланысты адамның жүре алмай қалуы) душар болады. Бұл патология холинэстеразаның шектен тыс көп шығып, қозуды жүйке жүйесінен ет тініне өткізетін ацетилхолиннің жедел ыдырауынан туатын қасірет. Осыған орай ет-жүйке түйіспелерінде деполяризация әдеттегіден едәуір ауытқиды. Status thyraicolymphaticus кезінде болмашы сырқаттанған адамға наркоз беруге тура келсе, ол қабылдай сала кенеттен өліп кетуі мүмкін. Көбінесе бұл холинэстераза белсенділігінің төмендеуіне байланысты ацстилхолиндік шок тууынан болады.
Сонымеи айырша без осу үрдісіне қатысады, лимфоцит (Т-лимфоцит) түзілуін үдетіп, антитән қалыптасуын жеделдетеді. Демек, ол денеде иммундық биологиялық қорғаныс әсерленістерін тудыруда үлкен роль атқарады. Мұнымен қатар жыныс бездері қызметін тежейді, яғни адамның жынысын жетілдіру үрдісіне ықпал етеді. Айырша без сығындысы – тимозин:
а) лейкоциттердің фагоциттік қызметін жақсартады;
ә) гормон бөлініп шығуын үдетеді;
б) иммундық қабілеті бар лимфоциттер (Т-лимфоциттер) түзілуіне септігін тигізеді.
,���� �
���
.б.). Паратгормонның аталған әсері негізінен (остеобласт) сүйек тінін бұзатын элементтері бар, оның байланыстарынан кальцийді жұмылдыратын жасушаларды белсендіру қабілетіне байланысты. Осыған ұқсас өзгерістер (остеоцит) сүйекаралық матрикс талшықта, белок, тінаралық сұйықтықта органикалық және минералды қосылыстардың алмасуына белсенді қатысатын жасушалар.
Паратгормон остеобластар – құрылыс үрдістерін қамтамасыз ететін жасушалар қызметін тежейді.
Паратгормонның бұл әсерлері бірігіп, кальций мен фосфордың сүйектен «шығуына», тіпті ондағы белокты құрамыстың қалыпты жағдайдан бұзылуына әкеледі. Гормон мөлшерден едәуір артық болса, сүйекте «бос кеңістік» пайда болады яғни остеопороз дамиды.
Бүйректе паратгормон ұшқары түтікшелерде фосфаттардың кері сіңуін төмендетеді де, ал кальцийдің кері сіңуін (реабсорбция) жоғарылатады. Паратгормонның бүйрек жасушаларына және сүйек тініне физиологиялық әсері аденилат циклаза – оАМФ жүйесі арқылы асатыны дәлелденген. Паратгормон несеп арқылы Na+. Са2+ иондарының, фосфаттардың шығуына көмектесетіні анықталған. Бұл ретте осы гормонның тирокальцитониннің синергисті ретіндегі әсері көрінеді.
Паратгормонның әсерін іске асыруда, кальцийдің ішек арқылы сіңуінің күшеюінің маңызы зор. Паратгормон бүйректе белсенділігі темен витамин Д-дан гормондық белсенді түрі витамин Д3 жасалуына әсер етеді.
Витамин Д3 нысана ағзаларға көбінесе паратгормонның синергисі ретіңде әсер етеді, атап айтқанда ішекте тамақ құрамындағы кальцийдің қанға сіңуін күшейтіп, сүйектік деполардан кальций мен фосфатты шығарып, бүйректің бастапқы түтікшелерінен кальций, фосфат және натрийдің кері сіңуін тездетеді.
Соңғы жылдары паратгормонның басқа да бұрын нысанаға жатқызылмаған ағзаларға да әсер ететіні анықталды. Мысалы, айырша безі, сүйек майы, артерия қаны, қан тамырларының ет қабатына, қарын-ішек қабырғасындағы бездерге әсер етеді. Жақында паратгормонның рецепторлары жүйке тінінен де табылды. Жаңа туған және одан үлкен балаларда қалқансерік бездері қызметінің жеткіліксіздігі салдарынан гипокальциемия табылды. Әсіресе мерзімінен бұрын туған балаларда гипокальциемия тереңірек әрі айқын көрінеді. Осыған байланысты кальций тұрақтылығының (гомеостаз) қалыпты жағдайы бұзылуынан туатын спазмофилия белгілері жиі байқалады.



сік ������

амадан көп емес гипотиреоз кезінде зат алмасу, жылу жасалу деңгейінің төмендеуі байқалып, соның салдарынан суыққа сезгіштік жоғарылап, жалпы көңілсіздік (апатия), әлсіздік, тез шаршаушылық, зейіні мен психиканың бұзылуы пайда болады. Жер шарының әртүрлі жергілікті топырағында, суында, тамақ құрамында йод аз болған жағдайда, сол жердің бірқатар тұрғындарының қалқанша безінің сөліністік қызметі бұзылып, сөл бөліну мөлшері өзгеріп (дисқызмет), онда өз гормонының гипер- немесе гипосекрециясы пайда болуы мүмкін. Қалқанша безінің бұл патологиялық өзгерісін эндемиялық зоб деп атайды. Көбінесе ол таулы аймақтардың тұрғындарында кездеседі.
Швейцария және Норвегияның таулы аймақтарындағы мектеп жасындағы балалардың жартысынан көбі эндемиялық зобпен бұрыннан ауыратыны анықталды. Зоб Кавказ, Орал, Карпат, Орта Азия және Қазақстанда, соның ішінде Алматы облысында кездеседі.
Адамға тәуліктік йодтың қажет мөлшері 0,15-20 мг. Организмге қажетті йодтың мөлшері үнемі жетпесе тиреоидтық гормондардың түзілуі бұзылады. Зоб дамуының алғашқы кезеңінде, әсіресе йодтың тапшылығы аз болған жағдайда, қалқанша без фолликулаларының өсуі организмге қажетті гормон жасауын уақытша қамтамасыз ете алады. Бірақ йод жетіспеуі елеулі болған жағдайда гипотиреоз әрі қарай, микседема мен кретинизмге жеткенге дейін дами береді.
Топырағы мен суының құрамында йод мөлшері аз аймақтарда эндемиялық зобтан сақтандыру мақсатымен, тамаққа йодталған ас тұзын қолданады (100 кг тұзға 2,5 г йодты калийді қосады).


Категория: Биология және Экология | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Айырша
Просмотров: 2375 | Загрузок: 292 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar