ҚАН АЙНАЛЫМЫ МҮШЕЛЕРІ АУЫРАТЫН СЫРҚАТТАРДЫҢ ЖАЛПЫ КҮТШІ - Биология және Экология - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Биология және Экология

ҚАН АЙНАЛЫМЫ МҮШЕЛЕРІ АУЫРАТЫН СЫРҚАТТАРДЫҢ ЖАЛПЫ КҮТШІ
[ · Скачать удаленно (22.8Kb) ] 30.10.2012, 22:05
ҚАН АЙНАЛЫМЫ МҮШЕЛЕРІ АУЫРАТЫН СЫРҚАТТАРДЫҢ ЖАЛПЫ КҮТШІ


Жүрек-қан тамыры жүйесі бузылған сырқат күтімінің негізгі міндеті — жүректің жұмысын жеңілдету. Бүл кез-де дене тыныштығының маңызы зор. Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі жеңіл дәрежеде жүрек қызметін калпьша келтіру үшін төсек тартып жату режимін қатаң сақтау жетіп жатыр. Сондықтан мейіркеш сырқаттьщ төсектен тұрып кетпеуін қадағалауы тиіс. Барлық физио-люгиялық жайлар палатада істеліп, дәрет ыдысы мен «уткалар» төсекке беріледі. Сырқатты жуындырады, ша-шын тарайды, жеке басының гигиенасы бойынша бар-лық шаралар орындалады.
Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі ауыр кезде сырқаттың төсегін қолайлы салып, арқасына, басының астына бірнеше жастықтар салуы немесе кереуеттің бас жағын көтеруі қажет. Сырқатты жүмсақ ьщғайлы крес-лоға немесе арқасына бірқатар жастықтар тастап кере-уетке көлденең отырғызып, аяғының астына шағын отырғыш қоюға болады. Ұзақ төсек тартып жатқан сыр-қаттың денесі ойылып қалатынын естен шығармау керек, еондықтан сырқаттың сегізкөзінің үстіне ақ жайма жап-қан резеңке дөңгелек салады. Төсегі жұмсақ, ьшғайлы болуы тиіс. Теріні өте таза мүқият үстау керек, себебі сырқат ісінуі салдарынан жұқаланып, құрғай бастайды, л<арылған жерлер оңай пайда болып, одан ісік сарысуы ағып, терінің кеселге ұшырауына қолайлы жағдай жа-сайды. Егер сырқат өздігінен жуына алмаса, күнделікті таңертең және кешке оның терісін суға немесе қандай да бір дезинфекциялайтын ерітіндіге (камфора спирті, арақ, иіс су, т. б.) малынған мақтамен немесе сүлгімен сүрту қажет. Сырқатты ваннаға тек дәрігердің рұқсаты-мен түсіреді.
Мейіркеш сырқаттың ішін босатуын қадағалап әрі дәрігердің белгілеуі бойынша (іш босататын) ішектерді тазартатын клизма салуы тиіс. Сырқат ішін босатқан соң дәрет алғызу керек.
Палатада және оған жақын сенекте өте тыныштық болуы керек. Сырқатты тынышсызданудан, ренішті ха-бар, шаршататын әңгімелерден сақтау қажет. П^алатаны
жиі желдетіп жүру керек, Жүрегі ауыратын сырқаттар оттегіне зәру болғандықтан организмді қажетті мөлшер-де оттегімен қамтамасыз етудің мадызы зор. Оттегін енгізу тәсілін дәрігер белгілейді»
Комплексті терапеяда емдік тағам үлкен роль атқа-рады. Тағамдық рацион былайша құрылады, диурезді (несеп бөлу) сүйықты, ас тұзын және кейбір белоктар мен майларды шектей отырып (№ 10 мен Юа диетасы) диета белгілеу арқылы көбейту. Сондай-ақ жеңіл тамақ күндері де (алма, ірімшік, сүт, т. б.) қолданылады. Қа-лориясы аз, белок қүрамы бойынша қүнарсыз диетаны тез аз уақытқа белгілейді. Тамақты шағын үлеспен күні-не 5—6 рет беру керек. Соңғы тамақ ұйықтаудан 3 са-гат бұрын ішілуі тиіс. Тағамдық рационға майсыз ет пен жеткілікті мөлшерде көміртегін (қант, тасап, кйсель), жеміс-жидек, В және С топтары витаминдерін қосады. Сырқат жақсы ұйықтап тұруы үшін оны төсекке қолай-лы жатқызып, палатаға таза ауа жіберіп, тыныштық . сақтау керек, Үнемі ұйқтай алмайтын болса, дәрігердің белгілеуімен ұйқтататын дәрі береді.
СЫРҚАТТЫҢ ЖЕКЕ БАСЫНЫҢ ГИГИЕНАСЫ
ТӨСЕК-ОРНЫНЫҢ САЛЫНУЫ
Сырқат ұзақ уақыт төсек тартып жатып қалуына байланысты оның жататын орны ьщғайлы әрі таза бо-луының маңызы зор. Жуып, дезинфекциялауға одай болу үшін кереует никелденген немесе майлы сырмен сырлан-ған және оның үстіне сырқат өзін еркін сезінуі үшін оның бойына сай болуы тиіс. Сырқатқа кезкелген жағы-нан жақындау оңай болуы үшін кереуеттердің арақа-шықтығы кемінде 1,5 м болуы керек. Кереуеттің бас жа-ғы қабырға жақта тұруы тиіс. Кереуетті жылжытып тұру үшін оның аяғында шағын доңғалақтар болуы қа-жет. Кереуетті арнайы тағандардың көмегімен де орьш ауыстырып қоюға болады, оларды кереуеттің басы мен аяқ жағына бекітеді, бүл әдіс кереуепі еденнен біршама көтеріп, жеңіл орын ауыстырып қоюға мүмкіндік бере-ді. Кереуетті осылайша қозғау тәсілі сырқатты мазала-майды.
Кереуеттің торы мен матрац асты төсеніші болады. Матрац үстіне ақ жайма салады, оның жиырылып неме-се бүктеліп қалмауы үшін шеттерін матрацтың астына тығады. Жастықтарды тіке және астыңғысы (қүс жүні) үстіңгіден (жүн) шығып тұрғандай, ал үстінгісі кереует-тің басқы арқасына тірелетіндей етіп саладьь Жастық-тарға ақ тыс кигізіледі. Қөрпенің бәйкеден жасалғаны дұрыс, себебі ол жақсы желдетіліп, дезинфекци5іланады. Жазда сырқатқа мата көрпелер жамылуына боладьь Оған сейсеп кигізіледі.
ТӨСЕК-ОРЫН ЖАПҚЫШТАРЫН ЖӘНЕ ІШҚІ КИІМДЕРДІ АУЫСТЫРУ
Төсек-орын жапқыштарын гигиеналық ваннаға түс-кен ооң бір аптадан үзартпай ауыстыру керек. Қажет болуын-а қарай қосымша да ауыстырылады. Бөлімшеде төсек-орын жапқыштарының бір тәулікке жететін қоры болуы тиіс. Жапқыштарды орталық жылыту радиатор-ларына кептіріп, сырқатқа қайтадан беруге болмайды. Қірлёген жапқыштарды клеенка қаптарға салып, дереу палатадан әкету керек. Жуылатын жерге жіберілгенше кір киімдерге арналған бактарға немесе жәшіктерге са-лынып арнайы бөлінген бөлімде сақталынады. Төсек-орын жапқыштарын (әсіресе ауыр науқастардың) ме-йіркеш кіші мейіркеш көмегімен ауыстыру керек. Мейір-кеш күн сайын ертемен кіші мейіркештің кірлеген жапқыштарды тапсырып, лсаңасын алғанын қадағалауы керек.
Сырқат жай-күйіне қарай төсек-орын жапқыштарын ауыстырудың түрліше тәсілдері болады. Егер сырқат жүріп-тұратын жағдайда болса, онда ол төсек-орын жапқыштарын кіші мейіркеш көмегімен өзі ауыстырады. Егер сырқаттың басын көтеруіне рұқсат етілсе, кіші мейіркеш оны орындыққа отырғызады да, ақ жаймасын өзі ауыстырады. Төсек тартып жатқандардың ақ жай-масын ауыстыру анағұрлым қиын, Ол үшін кірлеген ақ жапқышты бас және аяқ жағынан шиыршықтап бүктеп^ белі тұсынан жайлап шығарып алады. Бинт тәрізді екі жағынан ораған таза ақ жайманы домалатьш, жайлап сырқаттың сегіз көзіне жақындатады, ал содаң кейін басы мен аяғына қарай түзетеді. Ақ жайманы басқа да тәсілмен ауыстыруға болады: сырқатты төсектің шетіне қарай жылжытып, кір жапқышты ұзына бойына бинт^ тәрізді орайды да оның орнына тазасын төсейді, содан кейін сырқатты қарама-қарсы жағына жылжытып, екін-ші жағынан кір жапқышты шығарып алып, тазасын (2-сурет); жаядьг^
Төсек-орын жапқышын әдетте екі адам сырқатқа көп күш түсірмей отырып ауыстырады.
Ауыр науқастың іш киімін ауыстыруда (3-сурет) ме-йіркеш қолдарын сырқаттың сегіз көзі астынан көйлек-тің.етегін қымқыра ұстап, оны жайлап басына қарай ысырады, содан кейін сырқаттың екі қолын көтеріп» мой-нына жиналған көйлекті басынан шығарады. Осыдан кейін ОБЫҢ қолдарын босатадьь Сырқатты осы әдіске
керісінше тәртіппен киіндіреді: алдымен көйлектің жеңін кигізеді, содан кейін оны басынан өткізіп, түзетіп кигі-зедһ
Ауыр науқастар үшін, мысалы миокарданьщ инфарк-тысына арналған арнайы көйлектер тез киіліп шешіледі. Егер сырқат қолы жарақаттанған болса, алдымен кейлекті сау қолынан шығарады. Ал кигізерде керісінше: алдымен ауру қолынан, содан кейін сау қолынан өткі-зеді.
Категория: Биология және Экология | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: АУЫРАТЫН, СЫРҚАТТАРДЫҢ, айналымы, КҮТШІ, мүшелері, жалпы
Просмотров: 1201 | Загрузок: 214 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar