АРТЫҚ ҚОР ЗАТТАРЫ - Биология және Экология - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Биология және Экология

АРТЫҚ ҚОР ЗАТТАРЫ
[ · Скачать удаленно (15.7Kb) ] 04.11.2012, 10:13
АРТЫҚ ҚОР ЗАТТАРЫ

Артық қор заттары деп уақытынша метоболизмнен шығарылып тасталған заттарды айтады. Олар өсімдіктің вегетативтік денесін түзуге немесе энергетикалық материал түрінде әртүрлі тіршілік процестеріне жұмсалады. Олар вакуольде немесе цитоплазмада жиналады. Вакуольдерде қор заттары ерітінділер түрінде, ал цитоплазмада ресми тіркелген қосымша заттар түрінде болады: алейрон дәңдері, крахмал дәңдері, май тамшылары.

Алейрон дәндері. Бұл қорлық белоктың түйіршіктері, олар әдетте пісіп жетілген дәндердің қорлық ұлпаларының клеткаларында пайда болады. Дәндер пісіп жетілген кездерде ұсақ вакуольдерде белок жиналады. Дәндер піскен кезде вакуольдер суын жоғалтады да алейрон дәндеріне айналады . Бұл бастапқы қалпына келетін процесс: дән жерге түскен соң оның бойына су өтеді де ісініп өнеді, осы кезде алейрон дәңдері қайтадан вакуольге айналады.

Алейрон дәңдері дөңгелек формалы болып келеді, олардың диаметрі 0,2-ден 20 мкм.-дің арасында ауытқып отырады. Сыртынан олар мембранамен қапталған. Қарапайым алейрон дәндерінде белок аморфтық масса түрінде болады (бұршақ тұқымдастарыңда, жүгеріде, күріште), ал күрделі алейрон дәндеріңде аморфты массаға бір, сиректеу 2—3 белоктік кристалл және құрамында қорлық фосфор болатын кішілеу дөңгелек денешік-глабоид кіреді .

Белоктік денешіктер клетканың басқада бөліктеріңде: мысалы, ядросында, пластидтерінде, митохондрияларында, эндоплазматикалық ретикулымында түзіле алады.

Крахмал дәндері. Өсімдіктің ең кең таралған және аса қажетті қорлық заттарының бірі. Крахмал дәндері барлық органдардың клеткаларыңда кездеседі, әсіресе олар өсімдіктің дәңдерінде және түрі өзгерген жерасты сабақтарында (түйнектерінде, баданаларында, тамырсабақтарында) көптеп жиналады. Крахмал дәндері тек пластидтерде ғана түзіледі. Жоғарыда айтылғандай хлорпластарда алғашқы крахмалдың дәндері пайда болады. Бірақта олар, бұл жерде көптеп жиналмайды. Ферменттердің көмегімен алғашқы крахмалдар қантқа айналады және глюкоза түрінде жапырақтан өсімдіктің басқа органдарына тасымалданады (яғни беріледі). Қанттың екінші рет крахмалға айналуы лейкопластарда жүреді (амилопластарда). Екінші рет крахмал дәндерінің түзілуі амилопластың стромасының белгілі бір жерінен басталады. Ондай жерлерді крахмалдың түзілу орталығы деп атайды. Крахмал дәңдерінің өсуі жаңа қабаттардың пайда болуы арқылы жүреді. Іргелес қабаттарда (смежные слои) жарықтың сәулесінің сынуының көрсет-кіштері әр түрлі болуы мүмкін, сондықтанда олар микроскоппен көрінеді. Қатқабаттылық центрлес шеңберлі және эксцентрлі болып келеді (25-сурет). Крахмал дәндерінің өсуіне байланысты амилопластың стромасының көлемі кішірейеді және белгілі бір кезеңде оның қабатының жұқаратындығы сонша, оптикалық микроскоппен мүлдем көрінбей қалады, Бірақта екінші реттік крахмал дәндерінің сыртында барлық уақытта екі мембраналы қабықшаның және строманың жұқа қабатының болатындығын естен шығармау керек.

Егер амиллопласта, айналасына крахмалдың қабаттары жиналатын бір орталық болса, онда қарапайым дәндер түзіледі. Ал егер екі немесе оданда көп орталық болса, онда күрделі дәндер түзіледі. Жартылай күрделі дәндер мынадай жағдайда пайда болады. Егер крахмал алдымен бірнеше нүктелердің айналасында жиналса, содаң соң қарапайым дәндердің шеттері түйіскеннен кейін барып, олардың айналасында барлығына бірдей ортақ қабаттар пайда болса. Крахмал дөңцерінің көлемі үлкен мөлшерде ауытқып отырады. Мысалы, картопта олардың диаметрі 100 мкм. жетеді, бидайда және қарабидайда крахмал дәндерінің диаметрі 2—9 мкм. ден аспайтын, ұсақ түйіршіктерден 30—40 мкм.-ге дейін жететін үлкен дөндерге дейін болады, ал жүгерінің крахмал дөндерінің диаметрі 5-тен 30 мкм. дейін барады.

Крахмал дәндерінің формасы, молшері, құрылысы өсімдіктердің әрбір түрлеріне, кейде тіптен әрбір сортқа ерекше тән болып келеді. Бұл жағдайды ұнның құрамына анализ жасағанда үнемі ескеріп отырады.

Шыны май тамшылары. Шыны май тамшыларының формасы сфера тәрізді болып келеді және олар гиалоплазмада жиналады. Олардың саны мен молшері клеткаларда ауытқып отырады. Шыны майының тамшылары барлық органдардың клеткаларында кездеседі, әсіресе дәндер мен жемістер оған аса бай болады.
Категория: Биология және Экология | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: қазақша, Андроцей
Просмотров: 791 | Загрузок: 182 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar