Ботаниканың бөлімдері - Биология және Экология - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Биология және Экология

Ботаниканың бөлімдері
[ · Скачать удаленно (20.5Kb) ] 04.11.2012, 10:18
Ботаниканың бөлімдері


Ботаника жалпы биология ғылымының негізгі бөлімдерінің бірі болып табылады. Ол өз кезегіңде бірқатар жекелеген ғылымдарға бөлінеді. Олардың міңдеттеріне өсімдіктер мен өсімдіктер жабынының құрылысының және тіршілік жағдайының әртүрлі заңдылықтарын зерттеу жатады.
Өсімдіктердің морфологиясы — ботаниканың ең үлкен және ең ерте қалыптасқан бөлімдерінің бірі. Бұл өсімдіктердің жөне олардың жекелеген органдарының пайда болып қалыптасуының және әртүрлі тіршілік формаларының6 дамуының заңдылықтарын зерттейтін гылым. Сонымен бірге морфология өсімдіктердің органдарының түзілуін және дамуын, жекелеген особьтардың түқымнан пайда болуынан бастап өмірінің соңына дейін (онтогенезін) және осы особь жататын тұтастай түрдің немесе кез келген систематикалық топтардың тарихи даму барысын (филогенезін) ескере отырып қарастырады.
Морфологияның дамуына байланысты, оның белгілерінің негізінде бүрынғыдан да көбірек мамаңцанған ғылымдар пайда болды: цитология (өсімдіктердің негізгі структуралық бірлігінің, яғни клеткасының құрылысының қалыптасуының заңдылықтарымен дамуын зерттейді); гистология немесе анатомия (өсімдіктердің оргаңдарын түзетін әртүрлі ұлпалардың қалыптасуын, дамуын және құрылысын зерттейді); эмбриология (ұрықтың дамуының заңдылықтары мен құрылысын зерттейді); оргонография (өсімдіктердің органдарының, ягни тамырының, сабағының, жапырағының, гүлінің, жемісінің және т.б. мүшелерінің пайда болуын, дамуын жөне құрылысын зерттейді); палинология (тозаңдар мен споралардың морфологиясын зерттейді).
Категория: Биология және Экология | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Ботаниканың, бөлімдері
Просмотров: 1042 | Загрузок: 206 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar