Етеккір - Биология және Экология - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Биология және Экология

Етеккір
[ · Скачать удаленно (15.7Kb) ] 30.10.2012, 22:23
Етеккір

Етеккірлер(менструациялар). Етеккірлер не айлықтар –жыныстық жетілудің негізгі кезеңдерінің дұрыс өткендігінің басты белгісі.
Етеккір –сыртқы жыныс ағзаларынан сатылы түрде қанды бөлінулердің пайда болуы. Бұл айлық жыныс клеткаларының жетіліп, оның жыныс бездерімн шығуымен, сонымен қатар жатырдың кілегейлі қабығының сатылы түрде өсіп, пісіп- жетіліп, сылынуымен тығыз байланысты.
Ұрықтанған жыныс клеткасы жатыр қуысынан шыққан кезде оның қабырғасына бекуі (имплантация) тиіс. Жатыр қабырғасы бұл үшін дайын болуы керек. Егер босаған жыныс клеткасы ұрықтанбаса, имплантацияланбайды, ал имплантациялануға дайын кілегейлі қабат біраз уақыттан соң сылына бастайды. Осы кезең орта есеппен 28 күнге созылады. Алайда кему не ұзару ауытқулары болуы да мүмкін. Кезекті етеккір пайда болуымен қатар кезекті әйелдік айналым да басталады. Ол –организмнің басты эндокрин безі –гипофизбен қадағаланады. Гипофиз екі негізгі жыныс гормонын бөледі. Олардың біріншісі фолликулынталандырушы гормон (ФЫГ)аналық жыныс безінде фолликул дамуын қамтиды.Ол өз алдына эстрогендер жатырдың кілегейлі қабатын өсіреді. Фолликул жарылған кезде жыныс клеткасы босайды- бұл овуляция сәті. Бөлініп жарылған фолликул кейіннен сары дене – «уақытша» эндокрин безіне айналады. сары дене гипофиздің екінші гормоны – лютейндеуші гормон (ЛГ) әсерінен дами бастайды. Егер жыныс клеткасы ұрықтанса, онда сары дене өсе түсіп прогестерон гормонын бөледі. Ол гормон жүктілікті сақтайтын гормон болып табылады. алайда, егер ұрықтану мен имплантациялану байқалмаса, гипофиз қауырт түрде ФЫГ мен ЛГ бөлінуін азайтады, ал бұл сары дененің кері дамуына әкеліп соғады, яғни жатырдың үстіңгі кілегейлі қабық қабаты семеді (атрофия). Сөйтіп бәрі қайтадан басталады.
Ұрықтану (жүкті болу) овуляциядан кейін 2-3 күн ішінде болуы мүмкін. Овуляция сәтін дене температурасы арқылы анықтауға болады: ол шамамен бір градусқа ауытқиды.

Датчиктер мен приборлар түсікті жүргізу кезіндегі ұрықтың қозғалыс белсенділігін және эмоционалды күйін тіркеп отырды. Бұл кезде ұрық аурудан және үрейден бүрісіп қалып, қорқыныштан айқайлаған сияқты болған. Ол өлуді қаламаған, бірақ өзінің өмірін сақтауға әлсіз. Ол өлуі керек деп әйелдің өзі шешті.

Категория: Биология және Экология | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Етеккір
Просмотров: 2468 | Загрузок: 243 | Рейтинг: 2.5/4
Всего комментариев: 0
avatar