Гнозистің мида ұйымдасуы мен оның зақымдалуы - Биология және Экология - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Биология және Экология

Гнозистің мида ұйымдасуы мен оның зақымдалуы
[ · Скачать удаленно (37.1Kb) ] 30.10.2012, 22:20
Гнозистің мида ұйымдасуы мен оның зақымдалуы

ЖОСПАР

Кіріспе
І бөлім. Қалыпты және зақымдалған жағдайдағы гнозистік мәселелер.
1.1. Қалыпты жағдайдағы гнозис және оның түрлері.
1.2. Гнозистің мида ұйымдасуы мен оның зақымдалуы.

ІІ бөлім. Түрлі зақымдардан гнозистің бұзылуы.
2.1. Мидың маңдайлық бөлімдері әлсірегенде гностикалық процестердің бұзылуы.
2.2. Көру қабықшасы әлсірегенде заттық қабылдаудың бұзылуы және симультанды агнозия.
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе

Психиканы функциялық жүйе ретінде түсіну үшін психиканы сыртқы тәжірибе іс-әрекетті туғызған ішкі іс-әрекет ретінде осының құрамына кіретін оның са қажетті бөлігі немесе жағы ретінде қараудың аса маңызды болады. Алайда бұл пікір қисынды түсіндіруді талап етеді. Ең алдымен психиканың ролін анықтайтын, сыртқы және ішкі іс-әркеттің өзара қатынасының табиғатын анықтайтын, сыртқы және ішкі іс-әрекеттің өзара қатынасының табиғатын анықтайтын жағдай айқын емес. Ішкі іс-әрекет сыртқы іс-әрекеттің функциялық бөлігі немесе өзінің ерекше функцияларын осы іс-әрекет жүйесінде орындайтын органы болса ала ма немесе сыртқы және іс-әрекеттер функциялық жағынан мәні бірдей ме және бірыңғай, іс-әрекеттің екі жағы.
Биологиялық белсенділіктің өрістеуі, жаңа тіршілік жағдайларына қосылумен байланысты. Жоғарғы психикалық функция тіршілік әрекетінің аймақтарын кеңейту, ұдайы жаңа жағдайларға барып және онда организмге сәйкес іс-әрекетті қамтамасыз ететін жаңа рефлекторлық жүйелерді қалыптастыруды талап етеді.
Тіршілік ортасының күрделенуін организмнің соған сәйкес күрделенуімен жеңеді. Биологиялық түрлері белсенділігі тұрақты болған жағдайда, физиологиялық жүйелерге сәйкес автоматты функциялық өрістеу, табиғи сұрыпталу жолымен психикамыздың жоғарғы функциясы бейімделу біртіндеп қамтамасыз етіледі. Сондай – ақ салыстырмалы түрде біркелікті ауысып отырады. Жоғарғы психикалық функциялары осы кездегі көптеген психологиялық мәнге жауап беретіндей.
Психиканы түсіндірудің тағы бір танымал тәсілі оған мидың немесе жүйке жүйесінің функциясы деп анықтама беру яғни психикаға қарағанда белгілі бір зат деп қабылдауға болатын нақты физиологиялық органмен қиюластыру.
І бөлім. Қалыпты және зақымдалған жағдайдағы гнозистік мәселелер.
1.1. Қалыпты жағдайдағы гнозис және оның түрлері.
Баланың өсіп, дамуы орталық нерв системасының «жетілу» дәрежісне байланысты. Мидың тиісті бөлімдері дамып болмайынша бала жүре де, сөйлей де алмайды.
Мектеп жасына дейінгі баланың жалпы организмінің қызметі, оның ішінде жоғарғы жүйке жүйесі мен үлкен ми сыңарлар қыртысының қызметі тез дамиды. Сезіну, қабылдау, ақыл-есікөңіл бөлуі, ойлауы сияқты балалардың жалпы психикалық дамуы күшейеді.
Кішкене сәбидің миының қызметі – үлкен ми сыңарларының қыртысы мен ми қыртысы асты бөліктерінің қызметі тез дамиды. Мидың бұл екі бөлігінің бірігіп атқаратын қызметін И.П.Павлов жоғары дәрежелі нерв қызметі деп атаған.
Бала туғанда құрылысы қалыптасып туады, ал ми қыртысы қызметі туғаннан кейін ана құрсағынан тыс өмірдегі ішкі және сыртқы тітіркендіргіштердің әсерінен дамиды. Тиісті рецепторлар қабылдаған тітіркену организмнен өзіне жауап қайтаратын реакция тудырады, сөйтіп организмнің өзін қоршаған ортамен әрекеттестігі белгіленеді, бұл бала туғанда бірге туған дайын реакция, яғни шартсыз (туа біткен) рефлекстер негізінде пайда болады.
Нерв процестерінің функционалдық жетілмеуі салдарынан жаңа туған сәбидің сипаты өзгешелеу болады. Қандай да бір рецепторлы тітіркену жеке емес, тұтас реакция тудырады. Мысалы, сәби қолын ауыртып алса, тек қолын тартып алып қана қоймайды, жалпы тынышсызданып түрлі қимылдар жасап, мазасызданады.
Жаңа туған сәбилердегі тамақ және сезім мүшелер доминатты алғашқы шартты рефлекстер болып есептелінеді. Бұл рефлекстер бала өміріндегі белгілі жағдайдың негізінде пайда болады. Тіршілік жағдайының өзгешеліктеріне қарай әртүрлі шартты рефлекстер қалыптасады. Бұл алғашқы шартты рефлекстердің пайда болуы. Ми қыртысының шартты рефлекторлық қызметінің бастамасы, ми қыртысының жеке бөліктерінің дара байланысын «тұйықтау» қабілетін белгілеу екендігінің дәлелі. Сонымен ми қыртысының шартты рефлекторлық қызметінің дамуы балаларда өмірінің алғашқы айынан бастап, 3 жасқа дейін өте тез дамиды. Алғашқы бірінші айдың аяғы екінші айдың басында көру және есту сезімдерінің пайда бола бастауынан көру мен есту шартты рефлекстері қалыптасуы мүмкін.
Түйсіну негізінде функциялар дамиды. Жалпы психологияда оны таным деп белгілесе, нейропсихология оны белгілі бір модальдікке жататын гнозис деп атайды. Енді аса гнозистік пайда болу тарихы жөнінде бірер сөз. Антропогенез белгілі бір кезеңінде адам психиасында пайда болуы, яғни адамзаттың даму тарихында жекелеген анализаторларда ассоциациялық байланыс туындауымен келіседі. Космостағы жекелеген планеталар сияқты оның әрқайсысы бір-бірінен бөлек жұмыс істейді. Біртіндеп олар мәліметті біріне-бірі бере бастайды. Осыған орай бір түйсік екінші біреуінен қосымша күш немесе қуаттауы болғаннан кейін, немесе басқалай айтсақ, басқамен біріге отырып, күрделі дағды – гнозистылыққа айналады. Әрбір анализатордың өзінің өзгешелігіне ғана тән гнозис түрі жасалынады. Мысалы, алғашқы кезеңге сылдырмақпен танысуды алып көрейік. Оны көру түйсігі арқылы оның көру образын меңгереді. Біз мұнда сол сылдырмақтың дыбысы туралы айтып отырғанымыз жоқ, тек көру арқылы пайда болған образын меңгеруді ғана сөз етіп отырмыз. Ал ендігі кезеңде, сол сылдырмақты қағып-сілку арқылы сол затты көру образының беріп жатқан дыбысын, яғни оның есту образымен байланыстыруға тырысады. Ең соңында сылдырмақтың дыбысын есту арқылы оны басқа ойыншық арасынан тауып алатын дәрежеге жетеді.
Осыдан, осы ойыншықтың туындауы барысында көру және есту түйсігінің арасында ассоцияциялық байланыс пайда болады. Міне, осы сияқтыларды нейропсихологияда көру және есту гнозисі деп атайды. Гнозис – тану деген мағынаны білдіреді. Экстрорецепторлық түйсіну түрлеріне байланысты көру, есту, тері (тактильді), дәмдік, иіс гнозистері қызмет көрсетеді. Түйсікке байланысты адам белгілі бір білімдерді ала бастады.
Шартты рефлекстер әр түрлі сыртқы тітіркендіру әсерінен де қалыптасады. Шартты рефлекстердің бала өмірінің алғашқы айынан-ақ қалыптасу мүмкіндігі – баланы алғашқы күннен бастап дамыту қажеттігінің анық дәлелі.
Сыртқы қоздырғыштарға қандай да бір жауап реакцияларын беру қабілетімен қатар ми қыртысы клеткаларына бірінші күннен бастап тежелу жағдайы немесе «тежегіш қозу» да тән қасиет (П.К.Анохин). Мұндай тежелу екі қоздырғыштың бір уақытта әсер етуі негізінде пайда болады да олардың бірі екіншісінің әсерін жояды (тежейді). Мысалы, сәбилік кезеңнің сәбилері бір нәрсе істеп отырғанда, «алаңдау» немесе ырықсыз зейін тудыратын құбылыс болса, онда ол өзінің істеп отырған жұмысын тоқтатады. Өйткені, сәбилерде барлық «жаңа нәрсеге» бейімделу реакциясы өте күшті болады. Сондықтан да сәбилер сәл нәрсеге өте тез көңіл бөлгіш келеді.
Категория: Биология және Экология | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: зақымдалуы, оның, ұйымдасуы, мида, Гнозистің
Просмотров: 926 | Загрузок: 218 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar