Ішкі құлақ (внутреннее ухо); (auris interna, лат. auris — құлақ, interna — ішкі) - Биология және Экология - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Биология және Экология

Ішкі құлақ (внутреннее ухо); (auris interna, лат. auris — құлақ, interna — ішкі)
[ · Скачать удаленно (15.9Kb) ] 04.11.2012, 09:40
Ішкі құлақ (внутреннее ухо); (auris interna, лат. auris — құлақ, interna — ішкі) — есту және тепе-тендік сақтау рецепторлары орналасқан құлақ бөлігі. Ол самай сүйектің тастық (қайыршық) бөлігінде орналасады, сыртқы сүйектік және оның ішіндегі жарғақтық шытырмандардан құралған. Осы екі шытырман аралығындағы лимфа сұйығын перилимфа деп атайды. Ал жарғақтық шытырман қуысындағы сұйықты эндолимфа дейді. Сүйектік және оның ішіндегі жарғақтық шытырандар үш бөліктен құралған. Олар: кіреберіс (саға), үш жартыдөңгелекше өзек және ұлу (иірілімді өзек). Кіреберістің жарғақтық шытырманын бір-бірімен жіңішке эндолимфалық өзекпен жалғасқан сопақ және дөңгелек қапшықтар құрайды. Сопақ қапшық (утрикулюс) бір-бірімен өзара перпендикулалы жазықтықтарда (сагиттальды, сегментальды және фронтальды) орналасқан үш жартыдөңгелекше жарғақтық өзектермен, ал дөңгелек қапшық (саккулюс) қысқа өзек арқылы жарғақтық ұлу өзегімен жалғасады. Бұлардың ішінде эндолимфа сұйығы болады. Есту талдағышының рецепторлары — жарғақтық шытырманның ұлу өзегін бойлай орналасқан иірілімді мүшеде (Корти мүшесінде) орналасқан. Жарғақтық ұлу өзегі — сүйектік ұлу қуысында болады. Тепе-тендік мүшесінің рецепторлары жарғақтық қапшықтардың ішкі бетіндегі «дақ» (макула) деп аталатын дөңесінде және жарғақты жартыдөңгелекше ампуласының ішкі бетіндегі «қырша» деп аталатын дөңестеу жерінде орналасады. Бастың немесе дененің кеңістіктегі өзгеру жағдайы туралы ақпарат осы аталған құрылымдарда түзіледі.
Категория: Биология және Экология | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: құлақ, interna, Auris, (auris, ішкі, ухо), лат., (внутреннее
Просмотров: 704 | Загрузок: 197 | Рейтинг: 5.0/16
Всего комментариев: 0
avatar