Ұйқы безінің морфологиясы мен физиологиясы және оның гормондары - Биология және Экология - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Биология және Экология

Ұйқы безінің морфологиясы мен физиологиясы және оның гормондары
[ · Скачать удаленно (50.0Kb) ] 30.10.2012, 22:09
Мазмұны
Кіріспе…………………………………………………………………………………………………………3
І Әдебиетке шолу
1.1 Ішкі секреция бездерінің физиологиясы және функциялық реттелу жолдары……………………………………………………………………………………………………….5
1.2 Гормондар мен биологиялы активті заттардың химиялық құрылымы бойынша жіктелуі және олардың әсер ету жолдары мен механизмдері…………12
ІІ Ұйқы безінің адам организміндегі қызметі
2.1 Ұйқы безінің морфологиясы мен физиологиясы және оның гормондары…20
2.2 Ұйқы безінің қызметі мен патологиясы………………………………………………… 21
2.3 Ішкі секреция бездерінің зерттеу әдістері………………………………………………30
2.4 Оңтүстік Қазақстан Облысының (ОҚО) қалалары мен аудандары бойынша ұйқы безінің ауруы «Қант диабетінің» таралу көрсеткіші (3 жылдық динамика бойынша)………………………………………………………………………………………………….. 31
Қорытынды……………………………………………………………………………………… 33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………………………………….. 34


Кіріспе
Ағзадағы барлық жасушалар, ұлпалар мен мүшелер бір – бірімен байланысып , олардың қызметі және сыртқы ортамен қарым – қатынасы жүйке және гуморальді жолмен реттеулі арқылы іске асады. Нейрогуморальді реттеу жүйесі біртұтас, тығыз байланысқан механизм. Нерв және гуморальді жүйе бір- бірімен тығыз байланысын келесі мысалдар дәлелдейді:
- Биоэлектрлік процестердің табиғаты физико – химиялық, иондардың трансмембраналық жылжуы;
- Нерв жасушадан келесі нерв жасушаға , немесе атқарушы мүшеге қозу медиаторлар арқылы іске асады;
- Нерв және гуморальді жүйенің тығыз байланысы гипоталамо-гипофизарлық деңгейінде айқын байқалады.
Орталық нерв жүйесінің ішкі секреция бездерінің қызметін реттеу гипоталамус арқылы жүзеге асады. Гипоталамус афференттік жолдары арқылы орталық нерв жүйесінің басқа бөлімдерімен байланысқан, атап айтсақ , жұлын , сопақша ми, ортаңғы ми, таламус, базальдік түйіндер, ми қыртысының белгілі аймақтарымен . Сондықтан гипоталамусқа бүкіл ағзадан ақпарат келеді, содан барлық ішкі секреция бездеріне жіберіледі.
Гипоталамустың нейроскреторлық жасушалары афферентті нерв импульстерін гуморальді факторға – релизинг- гормондарға, ал олар гипофиздің клеткаларының қызметіне әсер етіп , түзелетін гормондардың түзілуіне , бөлінуіне әсер етеді. Бұл гормондар мүшелер мен ұлпаларға әсер етеді.
Ішкі секреция бездерінің қызметін реттеуде симпатикалық және парасимпатикалық нерв талшықтарының медиаторлары зор роль атқарады, сондықтан ішкі секреция бездерінің әрекеті екі жақты бақыланады. Бірақ, кейбір ішкі секреция бездерінің реттелуі гипофиздің қатысуымен жүреді. Мысалы, қалқанша маңындағы без, ұйқы безі т.б. Бұл бездердің қызметі антогонист – гормондардың, метаболиттердің концентрациясының өзгеруімен реттеледі.
Гипоталамус жүйке жүйесінің бөлігі, мұнда жүйелік реттеу эндокриндік реттеуге ауысады. Гипоталамус ядроларының нейрондары бөліп шығаратын нейтропепидтер либерин және статин деп аталған. Қазіргі кезде келесі релизинг – гормондар, либериндер анықталған – тиролиберин (ТРГ), молиберин (ЛГ – РГ), кортиколиберин (КРГ), соматолиберин (ГР – РГ), пролактолиберин (ПРЛ – РГ), меланолиберин (МСТ – РГ). Бұл либериндер гипофизден түзілу жылдамдығына әсер етеді.
Статиндер тобына – соматостатин, пролактостатин, меланостатин жатады.
Ішкі секреция бездері бөлетін затын гормондар деп атаған. Гормондар- биологиялық белсенді заттар, ішкі секреция бездерінде түзіліп, қанға түсіп жүйелер мен мүшелердің қызметіне әсер етеді.
Гормон деген терминді 1902 жылы В. Бейлис және Э. Старлинг ұйқы безі сөлінің бөлуін реттейтін секретин деген затқа байланысты ұсынған.
Эндокриндік жүйе мүшелерінің жұмысын, алмасу процестерін, ағзадағы теп-теңдікті, тұрақтылықты қамтамасыз етуде үлкен роль атқарады.
Бездің қызметінің бұзылуы ағзада түрлі ауруларды туындатады.
Қорыта айтсақ, ағзаның қалыпты жұмыс атқаруын, сыртқы орта әсерлеріне бейімделуі нерв жүйесімен қатар ішкі секреция бездері зор роль атқарды.
Менің бұл ғылыми жұмысымдағы алға қойған мақсатым-ішкі секреция бездерінің оның ішінде ұйқы безінің қызметінің бұзылуы салдарынан болатын аурулардың таралу деңгейін анықтау қант диабетіне профилактиканы міндетті түрде қолға алатын болса, онда біздің мақсатымыздың орындалғаны.
Эндокринологияның, физиологияның және морфологияның жетістіктері ағзаның функцияларын реттеудегі механизмімен байланысты.
1.1 Ішкі секреция бездерінің физиологиясы және функциялық реттелу жолдары
Адам және жануарлар организмі дамудың «онтогенез» деп аталатын циклін бастан өткізеді. Онтогенез дегеніміз жұмыртқа клеткасы ұрықтанғаннан бастап ағза өлгенге организм дейінгі аралықтағы даму кезеңі. Онтогенездік дамудың біраз уақыты жатырда өтеді, оны антенатальдық немесе пренатальдық онтогенездік даму деп атайды. Дамудың келесі сатысы организм туылғаннан бастап өлгенге дейінгі аралықты қамтиды. Мұны постнатальді онтегенездік даму деп атайды. Онтегенездік дамудың барысында дененің массасы мен көлемі ұлғайып, жеке мүшелері өседі. Мұнымен қатар көптеген сапалық өзгерістер – организмінің жекелеген физиологиялық жүйелері қалыптасып дамиды. Тұқым қуалаушылықтың ақпараттық механизмдері ағза дамуының бастапқы кезеңінде –ақ іске қосылып, ағзаның одан әрі дамуы мен қалыптасуында аса маңызды роль атқарады. Зат алмасу процесінің тұрақты жүруі мен жасушалардың қалыпты қызмет атқаруы – ішкі сұйықтың (қан, лимфа, ұлпалық, сұйық,т.б.) химиялық құрамы мен физикалық және химиялық қасиеттердің тұрақтылығына тікелей байланысты. Денедегі ішкі сұйық заттардың жиынтығын К.Бернар ағзаның «ішкі ортасы» деп атаған.
Американ физиологы У.Кеннон бұл концепцияны ұлғайтып, одан әрі дамытты. Ол ішкі ортаның тұрақтылығын реттейтін механизмдер мен жүйелерді зерттей отырып, организмнің ішкі ортасының химиялық құрамы мен оның физикалық және химиялық қасиетін тұрақты сақтауға бағытталған қасиетін «гомеостаз» (грек сөзінен homoios- тәрізді, stalls- тұрып қалу, қозғалмайтын) деп атады.
Биология мен медицина ғылымдарының табыстары гомеостаз туралы көзқарасты одан әрі кеңейте түсті. Гомеостазды тұрақты сақтауға организмнің барлық жүйелері қатысатын болса, өз кезегінде, гомеостаз жүйелердің қалыпты қызмет атқаруына ықпал етеді. Егер ағзаның ішкі ортасының химиялық құрамы мен физикалық және химиялық қасиеттері өзгеретін болса, оларды тұрақтандыруға бағытталған көптеген физиологиялық жүйелер де біртіндеп активтеніп, іске қосылады. Мысалы, жасушадан тыс ортада судың мөлшері азайып кетсе, қандағы вазопрессин гормонының концентрациясы көбейеді. Вазопрессин- бүйрек арқылы сыртқа шығарылатын суды қайтадан денеге сіңіреді. Сонымен, денеде жүріп жатқан кез келген физиологиялық процестер эндокриндік механизмдердің қатысуымен жүреді.
Оганизмнің жатырлық дамуының бастапқы кезеңдерінде олардың физиологиялық функцияларын реттеуді дамып келе жатқан жасушалардың өз ішінде түзілетін химиялық заттар атқарады. Функцияларды реттеудің осы сияқты жолдары ағза дамуының кейінгі кезеңдерінде де сақталып, белгілі бір шектелген аумақты ғана қамтитын болады. Жоғары сатыдағы жануарлар ағзадағы ұлпалық реттелу процестері, көбіне осы жолмен жүзеге асады. Қарапайым ағзалар тіршілігінде кең тараған функцияларындағы реттеу ролін зат алмасу барысында түзілетін жасушаішілік химиялық активаторлар деп аталатын химиялық заттар атқарады. Пайда болған химиялық акиваторлар өзара жақын орналасқан бір жасушадан екіншісіне еркін таралып отырады. Эволюциялық дамудың барысында нерв жүйесі қалыптасты және көп жасушалы ағзалардың жекелеген мүшелерінің өзара үйлесімді қызмет атқаруында жетекшілік рольне ие болды. Дамудың ондай кейінгі барысында нервтік элементтердің кейбіреулер биологиялық активті заттар түзіп, оларды сыртқа шығара алатын қасиетке ие болды. Нерв жасушаларының мұндай жүйелерін нейро секреторлық жасушалар деп атайды. Кейінен эндокриндік мүшелер немесе ішкі секреция бездері пайда болып, қалыптасады. Ішкі секрециялық бездерде түзілетін секреттер бірден қанға өтіп, өздері түзілген жерден алшақ орналасқан мүшелермен жүйелерге әсер етеді.
Категория: Биология және Экология | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: гормондары, оның, физиологиясы, морфологиясы, Ұйқы, безінің, және
Просмотров: 2304 | Загрузок: 293 | Рейтинг: 5.0/2
Всего комментариев: 0
avatar