Кобра (Naja) - Биология және Экология - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Биология және Экология

Кобра (Naja)
[ · Скачать удаленно (18.5Kb) ] 04.11.2012, 09:54
Кобра (Naja) – аспидтер тұқымдасына жататын улы жыландардың жалпы атауы. "Кобра” сөзі португал тілінен аударғанда жылан деген ұғымды білдіреді. Кобралардың 6 туысы 10 түрі бар. Еуропадан басқа барлық құрлықтың тропиктік және субтропиктік аймақтарында, Австралия, Африка және Оңтүстік-Шығыс Азияда таралған. Кобралардың бет сүйегі болмайды. Көзінің қарашығы дөңгелек. Олар айбат шеккен кезде денесінің алдыңғы бөлігінің үштен бірін тік көтереді де, мойын омыртқаларындағы 8 жұп қозғалмалы қабырғаларының көмегімен екі жағына қарай мойнын кеңейте алады. Қабыршағы тегіс. Құйрық асты қалқаны екі қатар. Жоғары жақ сүйегінің алдыңғы бөлімінде қозғалмайтын улы тістері болады. Орта Азия ККобрасының (N. oxіana) дене тұрқы 150 – 170 см-ге жетеді. Реңі ашық сарғыштан күңгірт қоңырға дейін құбылып тұрады. Өскен сайын негізгі түсі қарайып, көлденең жолақшалары кеңейіп күңгірттенеді және құрсағындағы жолақтары жойылады, оның орнына дақтар пайда болады. Бұлар Үндістан, Пәкстан, Ауғанстан, Иран, Түрікменстан, Өзбекстан және Тәжікстанда да тараған. Өзен жағалауында, құмды шөлдерде кездеседі. Теңіз деңгейінен 2000 м биіктікке дейінгі тауларға көтеріледі. Жазда кемірушілердің індерін, тас астындағы қуыстарды, топырақтағы шұңқырлар мен тоғайларды, су жағасындағы қамыстарды паналайды. Қыстауға қыркүйек – қазан айларының аяғында кетеді де, наурыздың аяғы мен сәуір айының басында шығады. Олар қосмекенділермен, бауырымен жорғалаушылармен, соның ішінде ұсақ жыландармен, сүтқоректілермен және құстармен қоректенеді. Мамыр айында шағылысып, шілдеде аналығы 6 – 19 жұмыртқа салады (ұз. 40 – 55 мм, салм. 12 – 19 г.). Тамыздың екінші жартысында, қыркүйектің басында жас жыландар (ұз. 31 – 39 мм) жұмыртқаны жарып шығады. Жылына екі рет (көктемде және күзде) түлейді. Өте улы. Уы медицинада емдік заттар, дәрі-дәрмек дайындауға пайдаланылады. Жылан питомниктерінде өсіріледі. Өте сирек кездеседі. Түрікменстанның Бадхыз, Репетек, Копетдаг; Өзбекстанның Арал-Пайғамбар, Қарақол қорықтарында қорғауға алынған. Халықар алық табиғат қорғау одағының "Қызыл кітабына” енгізілген. Көзілдірікті Кобра (N. naja) мойнының желке жағында көзілдірікке ұқсас ашық түсті сурет бар. Аты осыған байланысты қойылған. Ұз. 160 – 180 см. Өте улы жылан. Уы бірден қанға араласып, асқазан арқылы көздің шырышты қабығын зақымдайды. Кобралардың ішіндегі ең ірісі – патша Кобрасы (N. bungarus). Оның ұз. 5,5 м-дей. Үндістанның джунглиінде, Бирма, Үндіқытайда, сондай-ақ, Малай топаралында кездеседі. Ал аспидті Кобра (N. naje) – Мысырда ежелден құдіреттілік пен қайраттылықтың символы ретінде саналған. Кобралар 10 – 15 жылдай тіршілік етеді. Олардың уы жүйке жүйесіне әсер етіп, тыныс алу орталығын жансыздандырады. Кобраларды серпентарийлерде (жылан уын алу үшін ұстайтын арнаулы орын) ұстайды.
Пайдаланған әдебиет

Қазақ Энциклопедиясы, 10 – том
Категория: Биология және Экология | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: (Naja), кобра
Просмотров: 781 | Загрузок: 189 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar