Ұмытшақтық туралы - Биология және Экология - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Биология және Экология

Ұмытшақтық туралы
23.06.2013, 13:33
Адамның жасы ұлғайған сайын ұмытшақ бола бастайды.Кейде бірнәрсеге жұмсағысы келген баласының атын ұмытып, үйдегі бар ұл-қыздарының атын түгендеп шығады.

Немесе жұмыста біреуге тапсырма бергіңіз келсе, атын ұмытып «кім… кім… бері келші» деп отырғаныңыз.
Мұндай ыңғайсыз жағдайдан құтылудың жолы В1, 2, В 6 витаминдердің, Е витаминін, сондай-ақ бидайдың талқанын пайдаланыңыз, ал жұмыртқаға көп әуес болмаған жөн.Сондай-ақ, балықта, жаңғақта, шемішкеде жүйке жұмысын жақсартатын оттегісіз қышқыл көп.Бұлар мидың жұмыс істеу қабілетін жақсартады.

Ұмытшақтықтың алдын алу


Жас ұлғайған сайын адамдар ұмытшақ бола бастайды. Оның алдын алу үшін емдік өсімдіктерден жасалған тұнбаны ішу керек. Оны көктем мезгілінде дайындап үш-төрт жыл пайдалануға болады. Жаңа гүлдеген бақбақ, бидайық, теңгежапырақ тамырларын бір мөлшерде алып, олардан қоспа жасайды. Қоспаның бір ас қасығын бір стақан ыстық суға бұқтырып, бір сағаттан соң сүзеді. Таңғы ас алдында үштен бір бөлігін ішу керек. Тұнбаны көктемде міндетті түрде үш апта үзбей ішкен жөн. Ал қалғанын кейін қалаған уақытта қабылдауға болады. Оның құрамында қарт адамның денсаулығын нығайтатын өте пайдалы заттар бар.
Категория: Биология және Экология | Добавил: Жадыра | Теги: туралы, Ұмытшақтық
Просмотров: 642 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar