ВАКУОЛЬ - Биология және Экология - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Биология және Экология

ВАКУОЛЬ
[ · Скачать удаленно (14.8Kb) ] 04.11.2012, 09:58
ВАКУОЛЬ

Вакуоль клетка шырыньша толы қуыс, ол цитоплазмадан тонопласт арқылы бөлініп тұрады. Вакуоль эндоплазматикалық ретикулумның локальдық кеңістігінен пайда болады, онда клетка шырыны жиналады. Бұл кеңістіктер ретикулумнен бөлініп дөңгелектенеді, ал ретикулумньщ мембранасы тонопластқа айналады. Вакуольдің түзілуіне шамасы Гольджи аппаратының элементтері де қатыса алады. Өте жас клеткалардың өзінде де кішілеу вакуольдер болады. Жас клеткалардың өсуінің нәтижесінде вакуольдердің көлемі де ұлғаяды. Жақсы жетілген клеткалардың көпшілігінде, оның ортаңғы бөлігін алып жататын бір үлкен вакуоль және цитоплазманың клетка қабықшасына жақын жататын бөлігінде шашыраңқы орналасқан көптеген ұсақ вакуольдер болады. Егер ядро клетканың ортасында орналасса, онда оны қоршаған цитоплазма клетканың қабықшаға жақын жатқан қабаты мен жіпшелері (тяждары) арқылы байланысады. Бұл жіпшілер (тяждар) орталық вакуольді бірнеше ұсақ вакуольдерге бөледі. Клежа шырьшы дегеніміз, протопластан бөлініп шығатьш әртүрлі органикалық және органикалық емес байланыстардың судағы ерітіндісі. Өсімдіктердің әртүрлі түрлеріңде, тіптен бір өсімдіктің әртүрлі органдарында клетка шырынының химиялық құрамы бірдей болмайды. Клетка шырынының реакциясының өдетте қьшіқылдығы төмен, немесе бейтарап, сиректеу сілтілі больш келеді.

Клетка шырьшының химиялық құрамы

Органикалық, заттар: азотты заттар: белоктар (протеиндер, претидтер), амин қышқылдары (аспарагин, триозин, лейцин және басқалар), алкалоидтар (хинин, морфин, никотин, колхицин, кофеин және басқалар); азотсыз заттар: моносахаридтер- глюкоза, фруктоза; дисахаридтер-сахароза, мальтоза; полисахаридтер- инулин, глюкозидтер (амигдалин, сапонин, соланин, пигменттер-антоциан, антохлор және басқалар), илік заттар (танидтер), органикалық қышқылдар (қымыздық, алма, вино, лимон және басқалар), кристалдар (қымыздық және басқа қышқылдардың тұздары), эфир майы және басқалар.

Органикалык емес заттар: нитраттар, хлоридтер, фосфаттар.

Бұл заттардың біреулері, мысалы углеводтар, қорлық, екіншілері- экскреторлық, яғни зат алмасудың соңғы өнімдері болып табылады.

Клежа шырьшьщ ресми тіркелген компоненттерінің біріне қымыздық қьппқылы кальцийдің кристалдары жатады (Са С204). Қымыздық қышқылы клежаньщ тіршілік-әрекетінің зиянды өнімдерінің бірі болып табылады. Одан өсімдік кальцийдің иондарының көмегімен құтылады. Қымыздық қышқылы кальций өсімдіктің, негізінен қартайған, яғни тіршілігін тоқтатуға жақын клежаларында, формасы әртүрлі болып келетін жекелеген кристаддар түрінде, друз деп аталынатын біріккен кристалдар түріңде, пачкаға жиналған рафид түрінде және басқалар түріңде жиналады. Қымыздық қышқылы кальцийдің кристалдары әсіресе өсімдіктің оқтын-оқтын түсіп отыратьш органдарында — ағаштардың қабықтарында, жапырақтарында, пияздың баданаларының құрғақ қабықшаларыңда жөне басқаларда аса көп жиналады. Әдетте друздар қос жарнақты өсімдіктерде, ал рафидтер дара жарнақты өсімдіктерде болады.
Категория: Биология және Экология | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ВАКУОЛЬ
Просмотров: 1242 | Загрузок: 198 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar