Қыз баланың, бойжеткеннің, әйелдің гигиенасы - Биология және Экология - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Биология және Экология

Қыз баланың, бойжеткеннің, әйелдің гигиенасы
[ · Скачать удаленно (16.2Kb) ] 30.10.2012, 22:23
Қыз баланың, бойжеткеннің, әйелдің гигиенасы.

Жеке бас гигиенасының бірінші ережесі – тазалық, ол туралы бұрыннан белгілі. Жекеленген кейбір арнайы жеке бас гигиенасының адам жынысына, жыныс ағзалар құрылысы және қызметіне байланысты кейбір арнайы жағдайлары бар.
Етеккірдің басталуы, қыз баланың алдына бір мәселе қояды. Алдымен етеккірдің келуі денсаулық жағдайына,қыз баланың жеке гигиена ережелерін сақтауына байланысты екенін есте ұстау керек.Әдетте, дені сау,шыныққан, спортпен шұғылданатын жақсы тамақтанатын қыз балаларда етеккір жақсы өтеді.
Жалпы сау қыз бала да етеккір келген кезінде жабығу сезуі мүмкін. Алайда бұл сырқат емес,қалыпты жағдай. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстану қажет. Ой, физикалық жұмыстардан бас тартпау керек. Алайда ауыр физикалық жұмыстарды азайту керек.
Күнтізбе құрып, оған менструация басталу күнін, сосын ұзақтылығын және шамамен жоғалған қан көлемін ( орташа, көп, аз) жазып отырған жөн.Жоғалған қан мөлшерін салма ылғалдануы дәрежесі және оны алмастыру жиілігімен анықтауға болады.
Етеккір кезінде сыртқы жыныс ағзаларын таза ұстағанның маңызы зор. Бұл үшін оларды леген үстінде таза жылы (ыстық емес) сумен алдынан артқа қарай жұмсақ иіс сабын қолданып жууы керек. Жуынуды тәулігіне 2 реттен кем емес өткізу керек. Осы кезде Күнделікті душ қабылдаған дұрыс. Ваннада, теңіз, өзендерде жуынуға болмайды, өйткені менструация ауру тудырғыш микробтарға жол ашады да жыныс ағзаларының қабынуын тудырады. Моншадан, әсіресе булы моншадан алшақ жүрген жөн, өйткені жоғары температура қан бөлінуін күшейтеді.
Етеккір келген кезінде арнайы салмалар қолдану қажет. Менструация кезінде тағамға ащы тамақтар қолданбау керек, өйткені олар қан ағуын күшейтеді.
Етеккір кезінде жазды күндері – тығыз жататын ішкі киім, қысты күндері –жылы трико, рейтуз және жылы аяқ киім киген жөн.
« Нәзіктік» түсінігін баяндаудың қажеті жоқ, алайда осы кезде де кейбір сәттерді ескеру қажет. Нәзіктік (әйелдік) ол тек сыртқы физикалық пішіні ғана емес, ол әдемі, дұрыс мүсін, мәнді жүріс. Мәселен тым алшаң адым, не теңселіп жүру нәзіктік түсінікке жат белгі. Грациялық – бұл алдымен қозғалуды қадағалау. Артық, сонымен қатар дөрекі қозғалыстар, не жұлқынып сөйлеу де әдемі емес.
Қатты дауыс шығарып сөйлесу, күлу, әсіресе, қоғамдық орындарда көргенсіздік болып табылады.
Дұрыс киім кию аса орынды болып табылады. Бұл кезде таным болуы тиіс, осы танымды тәрбиелей білу қажет. Әдемілікті бәрінен көре білу керек – қоршаған ортадан, мәдениеттен, адам денесі гармониясынан. Жақсы киіне білу қажетті талаптарды, жағдайларды талап етеді. Ең бастысы алған зат бағасы, не оның сәнділігі емес. Моданы қолдау қажет, бірақ оны қумау керек. Егерде бірде біреудегі сәнді киім жақсы көрінсе, оның сізде де жақсы көрінуі мүмкін бола бермейді. Бұл жағдайларда сәнді киімнің өзі дөрекі көрініп, ол сіздің парықсыз және әдепсіз екендігіңізді баяндайды.
Косметика- қыз баланың сыртқы бейнесінің маңызды құрамды бөлігі. Өкініштісі, ол қыз бала бейнесін әсемдеуден гөрі, дөрекілейді.
Аса боялған ерін ерсі көрінеді, аса пудраланған бет көркі келіспейді.Аса ғаламат шаш түстері, тушты ұлпалы кірпік бейнелері әсер бермейді. Жаныңызда ұстайтын жайт, ол ең әдемі жеріңіз –бұл сіздің бетіңіз, оны танымды ете білу қажет, яғни көлеңкемелермен көріктілеу қылу, оңдылығын көрсету, гармониялық емес жерін жасыру үшін тек Кустодиев, Матисс не Пикассо сияқты бояулы сурет салудың қажеті жоқ.
Косметика бойынша ұсыныстар өте көп, және өзін сыйлайтын қыз бала косметика өнімдерін дұрыс пайдалана (әрине өз танымы бойынша) білу керек.
Тағы бір жайтта айта кету маңызды шығар. Көбі махаббат белгісін көрсету үшін қызмет етеді: әсерлі көзқарас, қол алу, сүю. Алайда, махаббат дәлелін тек физикалық жақындық деп сезінетін және бірнеше кездесуден соң қыз балаларды жақындыққа тартатын жасөспірімдер бар. Көбінесе мұндай жағдайларда үлкен махаббаттың орнына терең жүрек шайқалуы байқалады. Әсіресе, егер жас қыз жеңілтектікпен жыныстық жақындыққа өз таңдасына сеніп, келіссе, ал оның қызға ешқандай махаббат сезімі болмаса, жас шақта бұндай қарым-қатынастар қауіпті, өйткені қыздар еш дайындықсыз не өзін, не баласын қамтамасыз ете алмайтын ана болуы мүмкін. Организмде де тым ерте жүктілікке жақсы реакция бермейді.
Жүктілікке жасанды түрде үзу қажеттілігі тууы әбден мүмкін. Ал біріншілікті жүктілікті, әсіресе осындай ерте жаста үзу кейіннен ұрпақсыздыққа әкелуі ықтимал. Бұл сирек жағдай емес: біріншілей үзілген жүктіліктің 16 пайызы дәл осылай аяқталады. Көптеген жасөспірімдер жас қызбен жақындыққа түсіп, өз құмарлықтарын ғана қандырады. Көбіне қажеттіліктері әрдайым сексуалды емес, мансапқұмарлық болып табылады. Бұдан кейін жасөспірім өзінің жеңісімен сирек емес жағдай.
Өздеріңізді сақтаңыздар, сізден ешқайда қашпайтын жайды тым ерте тануға асфықпвңыз. Өзіңізге сыйластықпен қарaңыз. Өз роліңізді, өз қажеттілігіңізді есте сақтаңыз. Адамзат ұрnағын сақтап қалу, бағасыз тұқымдық материалды сақтап қалу- сіздің қолыңызда.
Категория: Биология және Экология | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: әйелдің, гигиенасы, бойжеткеннің, баланың
Просмотров: 8026 | Загрузок: 745 | Рейтинг: 3.3/3
Всего комментариев: 0
avatar