Жүрек қан тамырлар жүйесінің аурулары түрлері - Биология және Экология - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Биология және Экология

Жүрек қан тамырлар жүйесінің аурулары түрлері
[ · Скачать удаленно (52.5Kb) ] 30.10.2012, 21:52
Жүрек қан тамырлар жүйесінің аурулары



МАЗМҰНЫ

Кіріспе…………………………………………………………………………………………….. 6
Негізгі бөлім
1.1 Жүрек қан тамырлар жүйесінің аурулары…………………………………… 7
1.2 Жүрек пен қан тамырлар жүйесі ауруларының бөлінуі……………….. 9
1.3 Жүрек қабыну аурулары…………………………………………………………….. 10
1.4 Жүрек етінің аурулары………………………………………………………………. 16
1.5 Жүрек етінің зат алмасуының бұзылуы аурулары……………………….. 20
1.6 Жүректің ішкі қабыну аурулары…………………………………………………. 27
2. Қорытынды…………………………………………………………………………………. 29
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………………………. 30
3. Тіркелген мәліметтер
3.1 Миокардоз ауруы нәтижесінде жылқының көкірек қуысындағы
ісік………………………………………………………………………………………………….. 31


Анықтамалар

Иньекция – арнайы сұйықты организмге диагноздық немесе емдік мақсатпен енгізу
Перикардит – жүрек қабының қабынуы
Гидроперикард – шемендену
Миокардит –жүрек бұлшық етінің қабынуы
Миокардоз – жүрек бұлшық етінің зат алмасуының бұзылуы
Миокардиофиброз – жүрек бұлшық етінің фиброзданып, өзгеруі
Эндокардит – жүрек ішкі қабының қабынуы
Тромбоз – қан түтігінің қан ұюынан бекітілуі
Невроз – жүйке қажуы

Қысқартылған сөздер мен белгілер

мл – миллилитр
см – сантиметр
% – пайыз
мин. – минут
м – метр
г – грамм

Нормативтік сілтемелер

Бұл курстық жұмыста пайдаланылған сілтемелер төмендегі құжаттарға негізделген:
ГОСТ 2.102-68 ЕСКД. Конструкторлық құжаттардың толықтығы мен түрі.
ГОСТ 2.104-68 ЕСКД. Негізгі жазулар.
ГОСТ 2.201-80 ЕСКД. Конструкторлық құжаттар мен жасалған бұйымдардың белгілері.
ГОСТ 2.601-95 ЕСКД. Пайдалану құжаттары.
ГОСТ 2.304-81 ЕСКД. Сызба шрифттері.
ФС ЮКГУ 4.6-002-2004 СМК. Оқу құжаттарын толтыру қағидалары.
Графикалық талаптарға қойылатын жалпы талаптар.

Аннотация

Бұл курстық жұмыс мына бөлімдерден тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, техника қауіпсіздігі және қорытынды.
Кіріспе бөлімінде осы пән оқытатын дәріс барысы туралы жалпы түсінік қамтылған.
Негізгі бөлімінде жүрек қан тамырлары жүйесі ауруларының бөлінуі, жүрек қабының аурулары, жүрек еті аурулары, жүрек етінің зат алмасуының бұзылуы, жүрек ішкі қабының аурулары және осы аурулардың шығу себептерін, емі, сақтандыру шаралары туралы жалпы түсінік қамтылған.
Техникалық қауіпсіздік бөлімінде малды емедеген кезде техник шараларды қалай орындау туралы мәліметтер қамтылған.
Қорытынды бөлімінде өз ойымды тұжырымдап, малды емдеу жолын қарастыру туралы айтылған. Сонымен қатар қорытындыда осы ауруды емдеу және сақтандыру шаралары туралы өзімнің ой-тұжырымдарым жазылған.

Кіріспе

Ветеринария ғылымының малдың жұқпалы емес ішкі аурулар бөлімі жұқпалы емес емес ішкі аурулардың пайда болу себептерін, өту ерекшеліктерін зерттеп анықтау әдістерін ем әрекеттерінің және сақтандыру шараларын дамытып, жедел жетілдіретін пән.
Арнайы бағыттандырылған ауылшаруашылық кәсіпорындарының мал шаруашылығы өнімдерін (сүт, ет, жүн және жұмыртқа) өнеркәсіптік технологиясы бойынша өндіретін кешендерді нәтижелі пайдалану тек қана аурулардан сақтандыру бағытындағы теориялық, методологиялық және ұймдастырушылық салаларының жеткен жетістіктерін түгелдей дерлік есепке ала отырып, сонымен қатар ауру малды дара және топтық емдеуді ары қарай дамытып, жетілдіру арқылы іс жүзіне асыруға болады. Соған байланысты малды түрлі жағдайларда аурулардан сақтап қалу үшін жоспардың негізгісі ретінде диспансеризация жүргізу ұсынылады.
Кей аурулардың, әсіресе зат алмасуының бұзылуынан сақтау, топтан сақтық ем жүргізу әдістерін қолданғанда ғана жақсы нәтиже береді. Сапасыз және ылғи азықтың бір түрімен ғана азықтырғандырғанынан пайда болатын ауруларды айықтыруда азықпен емдеудің диетотерапия мағынасы зор.
Сапасыз азықтарды дайындаған, азықты дайындау технологиясын бұзған және малды бағып-күтуге, әсіресе қыста қорада тұратын мезгілде гигиеналық ережелерді бұзған шаруашылықтарда ауру малдардың саны көбейеді. Сондықтан агрономиялық және ветеринариялық лабораторияларда азықтарды тексеруді кең түрде жүргізудің тек ауруды анықтауда ғана емес, сапалы және дұрыс азықтандыруын қадағалаудың маңызы зор.
Бұл жалпы биологиялық аурутану зооинженериялық, агрономиялық және қоғамдық-экономикалық ғылым салаларымен пәнаралық тығыз байланысын үзбей мамандықты қалыптастыратын пән.

Жүрек қан тамырлар жүйесінің аурулары
Жүрек пен қан тамырлар жүйесі – мал организміндегі ең басты жүйенің бірі. Оның негізгі қызметі – ағзалар мен ұлпаларды оттегімен, сумен және түрлі нәрлі заттармен қамтамасыз еткізіп, зат алмасуынан қалған керексіз заттарды денеден шығару.
Малда жүрек пен қантамырлар аурулары көбінесе індетті немесе түрлі жұқпалы емес аурулардың асқынуынан болады. Кейде, негізгі ауруды жойғаннан кейін малдың шығынға ұшырауына жүрек пен қан тамырларының қайтадан орнына келмейтіндей болып өзгеруі себепкер болады. Бұл аурулар арнайы бағыттандырылған шаруашылықтар мен өнеркәсіптік кешендерде жиі кездесіп тұрады. Осы бағыттағы өндіріс барысында кездесіп тұратын себептер (малдың тығыз орналасуы, үздіксіз жұмыс істеп тұрған тетіктердің шуылдары, т.т.) малды ылғи үрейлендіріп, жүйкелерін қажытып, жүрек пен қан тамырлар жүйесінің қызметтерін бұзуларына әсер етуі.
Жүрек пен қан тамырлары қызметінің бәсеңдеуі көбінесе жүрек етінің жиырылу қабілетінің әлсіреуінен болады. Тыныс алу және басқа да жүйелер мен ағзалардың аурулары әр түрлі дәрежеде жүрек пен қан тамырлары қызметтерінің бәсеңдеуіне себепші болады.
Жүрек пен қан тамырлары қызметінің бәсеңдеуі мынадай негізгі белгілермен көзге түседі: жүрек соғуының ырғағы бұзылады, ентігеді, көгереді және ісінеді. Ырғақтың бұзылуына қатынасты белгілер мыналар: жүректің тез соғуы, шоқырақ ырғағы, эмбокардия (жүрек соғысының, дыбысының күші мен құбылысының біркелкіленуі), қосымша жиырылуы, біркелкі емес аритмия (ырғақсыздық), териовентрикулярлық (жүрек құлақтары мен қарыншаларының арасындағы) бөгелістер, жүрек құлақшалары, мен қарыншаларындағы Гис тармақтары мен жүректің Пуркинье талшықтарындағы бөгеттемелер.
Категория: Биология және Экология | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: түрлері, аурулары, жүрек, тамырлар, жүйесінің
Просмотров: 4306 | Загрузок: 390 | Рейтинг: 4.4/5
Всего комментариев: 0
avatar