Этнолингвистика - Экономика - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Экономика

Этнолингвистика
[ Скачать с сервера (20.4Kb) ] 14.11.2012, 00:00
КІРІСПЕ
Этнолингвистика - жалпы ғылымға тән диференция процесінің тіл біліміндегі бір көрініс іспетті іштей жіктелудің нәтижесінде пайда болған. Тіл білімінің экстралингвистика, психолингвистика, паралингвистика, статлингвистика, т.б. салаларымен қатар тұрады. Бұл сала көп жағдайда этностың шығу тегіне, оның салт-дәстүріне, ата-бабаларының тағылымына, қоршаған табиғи ортасына, сондай-ақ этнос өмір-тіршілігіне қажетті де ерекше орын алатын заттық (материалдық) мәдениеттің қыр-сырына да ерекше мән беріп келеді. Бірақ осыған қарап, этнолингвистиканы этнографизмдердің немесе тіл мен этнография фактілерінің жай қосындысы деп қарауға болмайды. Этноним (грек - othos - халық, onyma - есім, атау) - ру, тайпа, ел, халық, ұлт аттары. Этнонимдер ұран, ту, таңба ретінде де жұмсалып ру, тайпа, ұлыс ел аттарымен де, солардың ішінен шыққан ру басылары мен би, ақсақал, батырлардың есімдерімен де аталған, жер-су аттары ретінде де қолданылған этнонимдер дербес мағыналы, көбінесе жинақсыз, көптік ұғымдарды білдіретін сөздер. Ал этнонимика (грек othos -- тайпа, халық, onyma - ат, есім) - этнонимдердің шығуы мен таралуы, қолданылуын және құрылымын зерттейтін ономастиканың бір бөлімі. Этнолингвистиканың қалыптасу процесін, мазмұны мен мақсатын, зерттеу объектісі мен өзіндік тәсілін осы салада істелген бірқатар жұмыстар ауқымы, бағыт-бағдары мен сипатын пайымдауға әбден болады [I, 2]. Қазіргі таңда қазақ этнолингвистикасы өзіндік бағыт-бағдары, ұстанатын қағидалары бар іргесі ғылым саласына айналып отыр. Этнолингвистика - тілді мәдениетке қатысты зерттейтін, сонымен бірге тілдің қызметіндегі және дамуындағы тілдік, этномәдени және этнопсихологиялық факторлардың өзара әсерін қарастыратын тіл
білімінің саласы. Этнолингвистикаға қатысты еңбектердің көбісі сөздік
түрінде болғанымен оған бағышталған ғылыми зерттеулер мен
тақырыптық жинақтар да баршылық. Ол төңірегінде біз I тарауда
тоқталамыз және бұл тарауда М.Әуезовтың «Абай жолы» романындағы
тілдің таныту барысында, жеке қаламгердің сөз қолданысы туралы сөз
болды. «Абай жолы» роман эпопеясы елдің тарихи мен тұрмыс
салтының көл-көсір көп суреті ғана емес, ол халықтың тағдыры, өткені
мен келешегі жайындағы терең толғаныс тарихи шындық, өмірдің
философиясы мен поэзиясы ұштасқан кесек көркем туынды.
Тарихи романның мақсаты мен міндеті біздің алдымызға тарихи фактілердің ішкі, сыртқы қыры мен сырын ашып тастауға, ел мен дәуірдің ерекшелігін, әдет-ғұрпы мен салт-санасын көрсетуге міндетті.
«Қазақ халқының өткенін зерттегісі келетін ғалымның бірде-бірі
бұл кітапты жалап өте алмайды: ғалым-филолог одан фольклордың бай
материалдарына қанығумен қоса, қазақ әдеби тілі мен сөздігінің қаз
басуы мен қалыптасуын көреді, ғылым-этнограф көне заманмен қоса
көнерген небір тұрмыстық белгілер мен өмір құбылыстарын біледі.
Ғалым экономистер Қазақстанның XIX ғасырдағы халық
шаруашылығының бақташылық құрылысынан дәлме-дәл нақты
мәліметтер алады, ондағы тап қайшылығының өзіндік ерекшелігімен
танысады, ғалым-юристер шариғаттан бастап, билер кесіміне шейінгі
даланың заң жобаларынан жобағалы мағлұматтар жинайды» деп
тұжырымдайды академик Қ. Сәтбаев.
«Абай жолының» тілі Р.Сыздықованың, Е.Жанпейісовтың, М.Серғалиевтің, Б.Шалабаевтың, Х.Кәрімовтің т.б. ғалымдардың
еңбектерінде зерттелді. Дипломдық жұмыстың басты нысаны ретінде
этнолингвистиканың зерттелу жайы және М.Әуезовтың «Абай жолы»
романындағы салт-дәстүрге байланысты сөздерде қатысты тілдік
материалы алынды. М.Әуезовтің шеберлігін дәлелдеу мақсатында оның
романы мен Р.Сыздықованың, Е.Жанпейісовтің т.б. шығармалардан да материалдар пайдаланылды. Диплом жұмысының негізгі мақсаты - М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы салт-дәстүрге байланысты
сөздердің этнолингвистикалық сипатын ашу, олардың морфологиялық
құрылымын талдау. Кіріспеде этнолингвистика туралы түсінік жайлы сөз еттік. Негізгі бөлім II тараудан тұрады. I тарауда
этнолингвистиканың зерттелуін, қалыптасуын сөз етсек. II тарауда
«Абай жолындағы» салт-дәстүрге байланысты сөздердің лексикалық
мағынасын ашып, морфологиялық құрамын ажыратуға тырыстық, әрбір
салт-дәстүрге анықтама беріп, олардың энтимологиялық сыр-сипатына үңілдік.

I тарау.
Этнолингвистиканың зерттелу жайы
Этнолингвистика - халықтың этногенезін тұрмыс-салты мен әдеп-
ғұрпын, мекен-жайын, басқа халықтармен тарихи-мәдени байланысын,
күнделікті тұрмысын, материалдық және рухани мәдениетін зерттейтін тіл білімінің жаңа саласы [1; 539]. Тіл мәселелерін мәдениетпен халық
әдет-ғұрпымен, салт-санамен байланыстыра зерттеу XX ғасырдың 20-
70 жылдарында орын ала бастады. Тіл білімінде қалыптасқан екі түрлі
бағыт бар. Олар негізінен Америка мен ФРГ-да дүниеге келген.
Алғашқы этнолингвистикалық зерттеулер ретінде мына еңбектерді
атауға болады: Эдуар Сепирдің 1921 жылы шыққан «Тіл», 1929 жылы
шыққан «Лингвистиканың жайы», Б.Уорфтың «Тіл, ойлау және
шындық» (1959) жинақтары. Э.Сепир индеецтердің көптеген
тайпаларының тілдерін зерттесе, неміс линвисі Л.Вайсгербер «Неміс тілінің күші» туралы төрт томдық еңбек жазды. Америка мектебі тіл
мен мәдениетті негізгі проблема деп алса, Германия тіл мен халықты
I орынға қояды. Яғни, тіл функциясын, оның қоғамдағы даму рөлін
асыра сөз етеді. «Тіл адам санасы мен объективтік шындық арасындағы
бірыңғай қатынас тізбегіне ене отыра, өзі сол санадан, объективтік
шындықтан туған туынды болып табылады» дейді В.А.Звягинцев [2; 323 .
Америка ғалымдарының еңбектерінде «этнолингвистика»
терминінің орнына көбіне «антрополингвистика», «этносемантика»
атаулары қолданылады. Осы бағытта зерттеулер жүргізген Ресей
этнолингвистикасының өкілдері Н.И.Толстой, В.В.Иванов, В.Н.Топоровты т.б. Олар тілдің тарихын, этнолингвистикалық
атластарын жасап, тілдегі және халық мәдениетіндегі аумақтық және әлеуметтік диалектілерді т.б. зерттейді [1; 17].
«Этностың басып өткен сан ғасырлық даму жолы, оның белгі-
бейнелері біздерге тас мүсіндер мен жартастарға қамалған сына жазулар
арқылы, мәдени ескерткіштер мен әртүрлі ғимараттар түрінде жетуі мүмкін. Бірақ бұлар этнос өмірінің мың да бір елесі ғана, оның шын
мәніндегі даналығы мен дүниетанымы тек тілінде ғана сақталады. Әрбір дәуірде өмірге қажет болған құрал-сайманның, қару-жарақтың, киім
мен ішер тамақтың, тұрмыстық заттар мен салт-санаға, әдет-ғұрып,
наным-сенімге, ойын-күлкі, той-домалаққа байланысты ұғымдардың аты-жөні, сыр-сипаты т.б. тек тіл фактілері ретінде ғана. Яғни жеке сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер мен мақал-мәтел арқылы ғана бізге жетуі мүмкін» [1; 34] дейді.
Бүгінгі таңда қазақ этнолингвистикасында ғылыми негізі
қалыптаса бастаған, жан-жақты ізденіс нәтижесінде ерекшелігі мен
үрдісі айқындалып келе жатқан «дербес те перспективті ғылым саласы
ретінде танылып отыр». Мұны белгілі ғалым профессор
М.М.Копыленко өзінің «Этнолингвистикасының негіздері» деп аталатын еңбегінде айқын көрсетіп отыр.
Этнолинвистикаға қатысты еңбектердің көбісі сөздік болғанымен оған бағышталған ғылыми зерттеулермен тақырыптық жинақтар да баршылық. Осы орайда қазақ этнолингвистикасы бойынша академик Ә.Қайдардың көп жылдар бойы дайындап жүрген «Қазақтар ана тіліәлемінде» атты 4 томдық этнолингвистикалық сөздігін атауға болады. Қазақ тіл білімінде этнолингвистика ілімінің негізін салушы академик Ә.Т..Қайдаров. Этнолингвистикада халықтың, этногенезін, тұрмыс салты мен әдеп-ғұрпын, мекен-жайын, басқа халықтармен тарихи- мәдени байланысын, күнделікті тұрмысын, материалдық және рухани мәдениетін зерттейтін тіл білімінің жаңа саласы.
Ол саланың ерекшелігі, зерттеу пәні т.б. қырлары туралы
академик Ә.Қайдаровтың және профессор Е.Жанпейісов пен
М.Копыленко еңбектерінде жан-жақты айтылған. Этнолингвистиканың
жеке бағыт ретінде пайда болуы этнографияның қойнауында XIX
ғасырдың 70-жылдарынан бастап АҚШ-тың тіл білімінде басталған. Ол
солтүстік сосын Орталық Американың үндіс тайпаларын зерттеумен
тығыз байланысты кеңінен өріс алады да, алғашында негізінен
этнографиялық, материалға көңіл бөлінді. Бірақ бірте-бірте америкалық
үндістер тілдерінің туыстығын зерттеу басты мәселеге айнала бастады.
Соның негізінде америка тіл білімінде жаңа дәстүрдің негізі
қалыптасты. Америка ғалымдарының еңбектерінде «этнолингвистика»
терминінің орнына көбіне «антрополингвистика», «этносемантика»
атаулары қолданылады.
Бұл саланың Ресейде қалыптасуы Ф.И.Буслаевтың,
А.Н.Афанасьевтің, А.А.Потебняның т.б. еңбектерімен байланысты. XIX
жылдардың 70-80 жылдарында фольклористика саласының жанданып, тіл
мен мәдениеттің байланысын зерттеудің жаңа жақтарының ашылуы -
этнолингвистика пәнінің ұғымы мен міндеттерін кеңейтіп, өзі жаңа
жаңа сатыға көтерді. Осы бағытта үлкен жұмыстар жүргізіп жатқан, өзіндік мектептері бар Ресей этнолингвистиканың көрнекті өкілдері деп бірінші кезекте Н.И.Толстойды және В.В.Топоровты т.б. атауға болады. Олар өз зерттеулерінде нақты бір тілдің тарихын сол тілде сөйлеуші ұлттың тарихымен тығыз байланыста қарастырады, этнолингвистикалық
атластар жасайды, тіл мен мәдениеттің ара қатысына байланысты
мәселелерді, тілдегі және халық, мәдениетіндегі территориялық және
әлеуметтік диалектілерді, ана тіл мен ежелгі мәдениетті, тіл білімі мен
мифологияың шекарасындағы өрісті т.б. зерттейді.

«Лингвистикалық, энциклопедиялық сөздікте»
этнолингвистиканың кең, түрдегі ұғымына осылайша анықтама
берілген: «Этнолингвистика қандай тәсіл арқылы берілгенніне қарамай
(сөз, пән, салт т.б.) мәдениеттің халықтық психологияның және
мифологияның «мазмұнын» лингвистикалық әдістер көмегімен
зерттейтін кешенді пән» [8;597].
Ол қазақ тіл біліміндегі жаңадан қалыптасып дамып келе жатқан
этнолингвистика саласының да ерекшелігі мен өзегін құрайды.
Жалпы тіл біліміндегі этнолингвистикалық даму барсына шолу
жасап, жеке сала ретіндегі негіздерін анықтауға арналған
еңбегінде профессор М.М.Копыленко қазақ тіл біліміндегі академик
Ә.Т.Қайдаров бастаған этнолингвистикалық мектепті қазіргі
этнолингвистикадағы жаңа бағыт деп бағалап, оның негізгі ерекшелігін
былай деп көрсетеді: «Это направление изучает этнос в зеркале языка. В
нем нет симбиоза дисциплин, поскольку язык представляется главным и
непосредственным предметом анализе; этнология, история,
культурология и прочие нелингвистические дисциплины привлекаются
как вспомогательные» [I, 17].
Демек, негізгі салмақ лингвистикаға жүктеледі. Оның себебі мен
мәнін нақты түсіну үшін академик Ә.Т.Қайдаровтың төмендегі пікірін
келтірейік: «Этностың басып өткен сан ғасырлық даму жолы, оның
белгі\бейнелері біздерге тас мүсіндер мен жартастарға қашалған сына
жазулар арқылы, мәдени ескерткіштер мен әртүрлі ғимараттар түрінде
жетуі мүмкін. Бірақ бұлардың бәрі этнос өмірінің мың да бір елесі ғана.
Оның шын мәніндегі даналығы мен дүниетанымы тек тілінде ғана. сақталады. Әрбір дәуірде өмірге қажет болған құрал-сайманның, қару-
жарақтың, киер киім мен ішер тамақтың, әдет-ғұрып, наным-сенімге, ойын-күлкі, той-домалаққа
байланысты ұғымдардың аты-жөні, сыр-сипаты т.б. тек тіл фактілері
ретінде ғана, яғни жеке сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер мен
мақал-мәтел, арқылы ғана бізге жетуі мүмкін». Осы тұжырым біздің
жұмысымыздың да кағидасының негізін құрап, бағытын белгілейді.
Көненің көзіндей тілдің қат-қабат қойнауларында сақталып қалған
бұл дүниенің сыры мол. Оның тереңіне үңіліп, тарихымен тұтас қарап
сырын ашу - этнолингвистиканың үлесі. Осы орайда академик
Ә. Т. Қайдаровтың ұзақ жылдар бойы орасан бай материал жинап,
сұрыптап оларды макрожүйелер («Адам», «қоғам», «табиғат») мен
микрожүйелерге бөліп, табиғи жүйе бойынша жіктеп, топтап, өзара
байланысты салаға бөліп, үлкен идеографиялық классификация
негізінде жасап жатқан қазақ тілінің этнолингвистикалық сөздігінің
болашағы зор, маңызы ерекше.
Осы саладағы зерттеу жұмыстарының ішінде Е.Жанпейісовтың
еңбектері өзінің теориялық деңгейімен, бай этнографиялық
материалымен кең ауқымды салыстырмалы, этимологиялық
талдаулармен ерекшеленеді. Солардың арасында М.Әуезовтың
щығармаларының материалы негізінде қазақтың этномәдени
лексикасын тарихи-лингвистикалық зерттеуге арналған соңғы шыққан
монографиясының орны бөлек [11; 65]. Осы еңбекте материалдық рухани мәдениетке, халықтық өлшемге, туыстыққа және
қатынастарға лексикадан тұратын бай материалды талдау үстінде басқа түркі тілдерінің деректері де кеңінен пайдаланылған.
Кітаптың соңында М.Әуезов шығармаларындағы этнолексемалардың тізімі берілген.
Қазақ тіл білімінде жеке-жеке қырлары жан-жақты қарастырылып
өріс алып келе жатқан этнолингвистика саласының дамуында жақында
жарық көрген профессор М.М.Копыленконың осы мәселенің жалпы
теориялық негіздерін түсіндіруге арналған "Основы этнолингвистики"
(Алматы, 1995) атты монографиясы елеулі жаңалық болды. Бұл жұмыс --
тікелей этнолингвистика негіздерін анықтауға арналған жалпы тіл
біліміндегі тұңғыш зерттеу. Басқасын былай қойғанда, автордың
тақырыпқа әртүрлі дәрежеде қатысы бар 1300-ден аса үлкенді-кішілі
қыруар ғылыми зерттеулерді көрсетуінің өзі үлкен еңбек. Және
оларды жай көрсетіп қана қоймай, тақырыптық табиғатын ескере
отырып таныстырып, әрқайсысы жөнінде өзінің көзқарасын, ой-пікірін
білдіріп отырады.
Кітап арқылы зерттелу тарихына қысқаша шолудан басталып, әр қарай
славян және өзге де түрлі үндіеуропа тілдері бойынша әр кезде
жарияланған, сондай-ақ жалпы түркітанушы еңбектерде
этнолингвистикаға байланысты кездесетін теориялық тұжырымдар мен
түрлі байқаулар негізінен толық қамтылған. Атап айтқанда,
М.Қашқари еңбегіндегі этнолингвистикалық материалды талдаудан
бастап, бергі дәуірдегі В.Гумбольдт, Э.Сепир, А.А.Потебня, қазіргі
замандағы Н.И.Толстой, В.В.Иванов. В.Н.Топоров т.б. ғалымдардың
бұл саладағы ізденістеріне дейін кеңінен тоқталады. Осындай ізденістер
нәтижесінде "этнолингвистика" терминінің Б.М.Уорфқа тиесілі екенін
анықтайды. Соның бәрін қорыта келіп, этнолингвистика саласының
отырған негізгі қағидасымен үндеседі. [9; 17].
Жалпы бұл салада әртүрлі тақырып қорғалып жатқан көптеген докторлық (Е.Жанпейісов, Ә.Ахметов, Ж.Манкеева) және кандидаттық
(С. Сәтенова, А.Жылқыбаева, А.Мұқатаева, К.Аронов, Р.Шойбеков) диссертациялар «Қазақ» этнолингвистикалық мектебінің негізі қаланып, бағыт-бағдарын, өзіндік зерттеу тәсілін қалыптастыра бастағанын көрсетеді.
Этнолингвистикаға тән бір ерекшелік - оның тілдік объектілер мен фактілерге жаппай емес, зерттеудің нақтылы мақсаты мен тақырыптарына қарай сұрыптап алып, саралай қарастыру, осы орайда ол тілдің ең басты, әрі негізгі тұлғасы жеке-дара сөздерді ғана емес, атау сипаттағы жай тіркестер мен көркемдік, бейнелік, астарлы да ауыс
мәнге ие тұрақты тіркестерді де (фразеологизм, теңеу — салыстыру, мақал), тіпті, түсінік, ұғым,пікір, дерек, мағлұмат беретін кішігірім көркем
жанрлық мәтәндердә де объекті етіп қарастырады.
Этнолингвистиканың бір міндеті - сан алуан бұлақтардан этнос болмысына қатысты фактілерді тірнектеп жинау болса, екінші міндеті- оларды саралап жүйеге салу, олардың мазмұнын айқындау, тәтіштеп
түсіндіру, қорыту, яғни оларды этностың өзі туралы «сөйлете білу» (12,476).
Сонымен, қазақ этнолингвистикасының қалыптасу, даму үрдісінен
кейбір өзіндік ерекшеліктер де байқалады. Ол жалпы
этнолингвистикалық идеясында туындап, қазақ этносын оның тілі
арқылы танып білу мақсатымен бұдан 15-20 жыл бұрын (1985 ж.) өзінің
бағыт\бағдарын, мақсат-мүддесін айқындай түскен, зерттеу
объктілерін саралап, тәсіл-әдістерін күн санап ширата түскен ғылым
саласына жатады.
Категория: Экономика | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Этнолингвистика
Просмотров: 1417 | Загрузок: 459 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar