Мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығысы - Экономика - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Экономика

Мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығысы
[ · Скачать удаленно (127.5Kb) ] 14.11.2012, 00:26
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының
құрамы мен құрылымы

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар— бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Нарықтық қатынастарға кешкенге дейін КСРО-ның мемлекеттік бюджетінің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың ақша жинақтарына негізделіп келді. Ол бюджет кірістерінің жалпы сомасының 90% құрады және негізінен екі төлемнен — айналым салығы мен пайдадан алынатын төлемдерден тұрды. Бұл жүйе 1930 жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрді. 1980 жылдары енгізілген өндірістік қорлар, еңбек ресурстары және басқалары үшін ақы түрінде пайдадан алынатын нормативті төлемдер қолданылып жүрген төлемдер жүйесін өзгертпеді және жеке кәсіпорындар қызметінің жеке-дара нәтижелеріне бағытталып отырды.
Дағдыдағыдай, кірістердің қөзі салықтар немесе оларға бара-бар төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады.
Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің құрылымы мына бөлімдерден тұрады:
1) кірістер:
салықтық түсімдер;
салықтық емес түсімдер;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
ресми трансферттер түсімдері;
2) шығындар;
3) операциялық сальдо;
4) таза бюджеттік кредит беру:
бюджеттік кредиттер;
бюджеттік кредиттерді өтеу;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
қаржы активтерін сатып алу;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
6) бюджет тапшылығы (профициті);
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану):
қарыздар түсімі;
қарыздарды өтеу;
бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады.
Бюджеттің кірістері салықтық және басқа міндетті төлемдер (салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер), ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептелуге тиісті ақшалар болып табылады. Салықтық емес түсімдер—бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге мемлекеттік мекемелерге бектіліп берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақшалар жатады. Ресми трансферттердің түсімдері — бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне Ұлттық қордан бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері.
Мақсатты ресми трансферттерді қоспағанда, кірістердің нысаналы мақсаты болмайды.
Бюджеттің шығындары —қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаттары. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.
Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:
1) мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;
2) тұрақты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;
3) мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар—мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында (мемлекеттік органдардың өздерінің тұтынуына арналмаған) өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) мемлекеттік органдардың ақы төлеуі;
4) жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер—қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақша нысанындағы төлемдермен байланысты шығындар;
5) заңи тұлғаларға субсидиялар—мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңи тұлғаларды өтеусіз және қайтарусыз негізде қаржыландыру;
6) ресми трансферттер—бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақ Ұлттық қорға трансферттер төлеу және мемлекеттік міндеттемелерді орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.
Заңи тұлғаларға субсидиялар нақты саланы немесе қызмет аясын әлеуметтік-экономикалық дамыту міндеттерін іске асырудың басқа, неғұрлым тиімді тәсілі болмаған реттерде ғана Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда берілуі мүмкін. Заңи тұлғаларға субсидия берудің басым бағыттары орта мерзімді фискалдық саясатпен айқындалады.
Ресми трансферттердің жалпылама сипаты да, нысаналы мақсаты да болуы мүмкін. Нысаналы сипаты бар ресми трансферттер нысаналы трансферттер болып табылады.
Республикалық және жергілікті бюджеттерді болжауға болмағандықтан жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдыруға болмайтын қаржыландыруды талап ететін шығындарды қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамында Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың резервтері құрылады.
Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың резерві:
1) төтенше резервті;
2) шұғыл шығындарға арналған резервті;
3) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің кассалық алшақтығын жабуға арналған резервті кіріктіреді.
Үкімет резервінің және жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы көлемі тиісті бюджет түсімдері қөлемінің екі пайызынан аспауға тиіс.
Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдарының резервтерінен ақша бөлу тиісті қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген көлемдер шегінде тиісінше Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жоятын шешімдері бойынша жүзеге асырылады.
Резерв құрамында көзделген ақша толық көлемінде пайдаланылған жағдайда Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган қажет болған кезде Парламентке немесе тиісті мәслихатқа тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган резервтерінің мөлшерін ұлғайту туралы ұсыныстар енгізеді.
Үкіметтің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған

жағдайда, бюджет бағдарламасының өкімшісі бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін ағымдағы қаржы жылының соңына дейін тиісті бюджетке қайтаруды қамтамасыз етеді.
Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану тәртібін Үкімет белгілейді.
Операциялық сальдо бюджет кірістері мен шығындары арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Бюджет шығындарының бюджет кірістерінен асып түскен сомасы теріс операциялық сальдо, ал бюджет кірістерінің бюджет шығындарынан асып түскен сомасы оң операциялық сальдо болып табылады.
Ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың жалпы көлемі бюджет кірістерінің келемінен асып түспеуге тиіс.
Таза бюджеттік кредит беру бюджеттік кредиттердің және бюджеттік кредиттерді өтеудің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Қаржы активтерімен жасалатын операциялар:
1) қаржы активтерін сатып алуды;
2) мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді кіріктіреді.
Қаржы активтерін сатып алу—заңи тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын мемлекеттік меншікке сатып алу операцияларымен байланысты бюджет шығыстары.
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер— мемлекеттік меншіктегі заңи тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қатысу үлесін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге де мемлекеттік мүлікті сату жөніндегі операцияларға байланысты бюджетке түсетін түсімдер.
Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо қаржы активтерін сатып алу мен мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдердің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Қаржы активтерін сатып алу жөне мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бюджет тапшылығы (профициті) таза бюджеттік кредит беруді және қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдоны шегеріп тастағандағы операциялық сальдоға тең.
Теріс белгімен алынған шама бюджет тапшылығы, оң белгімен алынған шама бюджет профициті болып табылады.
Бюджет тапшылығының жол берілетін шекті мөлшері әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарымен белгіленеді.
Бюджет тапшылыгын қаржыландыру—қарыз алу және бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету. Оның көлемі алынған қарыздар сомасының, бюджет

қаражаты қалдықтары қозғалысының қарыздар бойынша негізгі борышты етеу сомасынан асып түсуі ретінде белгіленеді.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәні оң белгімен белгіленеді жөне бюджет тапшылығының шамасына сай келеді.
Бюджет профицитін пайдалану—қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге бюджет профицитін, қарыздар қаражатын, бюджет қаражатының бос қалдықтарын жұмсау. Оның көлемі қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасының алынған қарыздар және бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы сомасынан асып түсуі ретінде белгіленеді.
Бюджет профицитін пайдалану мәні теріс белгімен белгіленеді және бюджет прфицитінің шамасына сай келеді.
Қазақстан Республикасының экономикасы басынан кешіріп отырған нарықтық қатынастарға көшу кезеңі оның бюджетінің мазмұнына, кірістері мен шығыстарына айтарлықтай ықпал етіп отыр. Бюджеттің, әсіресе оның шығыстарының абсолютті және относителді тез өсуі оған тән сипат болып отыр. Бұл инфляциялық процестерден және егеменді мемлекеттің функцияларының кеңеюінен, Қазақстанның ішкі және сыртқы қауіпсіздігін өзі қамтамасыз ету қажеттігінен туып отыр.
Бюджеттің кірістері — бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан, алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдердің, салыққа жатпайтын және өзге де түсімдердің, сондай-ақ негізгі капиталды сатудан түсетін кірістердің көлемі.
"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне" сәйкес республикалық бюджетке -түсетін кірістер мыналар болып табылады:
1) салықтық түсімдер, алымдар және басқа да міндетті тәлемдер: корпорациялық табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орыңдалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге және Қазақстанның аумағына импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы, импортталатын тауарларға акциздер, газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнайға салынатын акциздер, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері, экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым, телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алынатын алым, теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді, азаматтық әуе кемелерін, радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды, дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені үшін, радиожиілік сеьстрін, кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем, әкелінетін және әкетілетін тауарларға кеден баждары, отандық тауар өндірушілерді қорғау шаралары ретінде алынатын баждар, консулдық алым, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін бергені үшін мемлекеттік баж, жүргізуші куәліктерін және

көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер бергені үшін алынатын мемлекеттік баж, мемлекеттік нотариат кеңселері нотариустарының нотариаттық іс-әрекет жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж және басқа алымдар мен төлемдер;
2) салықтық емес түсімдер республикалық меншіктен алынатын кірістер (республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен Ұлттық банктің таза табысы бөлігінің түсімдері, республикалық меншіктегі: акциялар пакеттеріне дивидендтер, заңи тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер, мүлікті жалға беруден алынатын кірістер, Үкіметтің депозиттері, екінші деңгей банктерінің шоттарында орналастырылған мемлекеттік сыртқы қарыздар, республикалық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер), қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін кірістер, республикалық меншіктен түсетін басқа да кірістер); республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдер және осы мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуларды өткізуден түсетін ақша түсімдері; мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санк-циялар, өндіріп алулар және республикалық бюджетке түсетін басқа да салыққа жатпайтын түсімдер);
3) негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер (республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік босалқы қорлардан, резервтерден тауарларды, материалдық активтерді сатудан түсетін ақшалар);
4) ресми трансферттердің түсімдері (облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен алынған ресми трансферттер, Ұлттық қордан республикалық бюджетке алынған мақсатты трансферттер).
Республикалық бюджетке республикалық бюджеттен кредиттерді өтеуден, республикалық меншіктегі мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, Үкіметтік қарыздарды өтеуден түскен түсімдер есепке алынады.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы республикалық бюджет кірістерінің құрамы мен құрылымы мына мәліметтермен сипатталады.

Республикалық бюджет кірістерінің
көлемі мен құрылымы.

Түсімдердің атауы млн.теңге %
ТҮСІМДЕР 722034 100,0
1. КІРІСТЕР 649000 89,9
Салықтық түсімдер 603396 93,0
соның ішінде:
корпоративтік табыс салығы 272632 45,2
қосылған құнға салынатын салық 222161 36,8
акциздер 6019 1,0
Салықтық емес түсімдер 39348 6,1
Капиталмен жасалған операциялардан алынатын кірістер 6256 0,9
II. АЛЫНҒАН РЕСМИ ТРАНСФЕРТТЕР 57630 8,0
III. КРЕДИТТЕРДІ ҚАЙТАРУ 15404 2,1

Дерек көзі: Қаржы Министрлігінің статистикалық бюллетені № 6, маусым 2004ж.

Кестеден көрініп тұрғандай, кірістердің негізін салықтық түсімдер құрайды, ал салықтық түсімдердің негізгі көздері, бұрынғыдай қосылған құнға салынатын салық пен корпорациялық табыс салығы болып табылады. Республикалық бюджет кірістерінің басқа едәуір көзі—салықтық емес түсімдер және капиталмен жасалған операциялардан алынатын кірістер.
Бюджеттің шығыстары — бұл бектілген бюджет шегінде қайтарылмайтын негізде бөлінетін қаражаттар.
Республикалық бюджеттің шығыстары мына бағыттар бойынша жұмсалады:
1) жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету: Қазақстан Республикасы Президентін және оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және күзету, Парламенттің, Үкіметтің және Конституциялық кеңестің жұмыс істеуі, сайлаулар мен референдумдар өткізу, мемлекеттік бюджетті болжау мен республикалық бюджетті жоспарлау, салық службасы органдарының қызметі, республикалық меншікті басқару, мемлекеттің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру, мемлекеттік қаржылық бақылау, кеден қызметтері, мемлекеттің сыртқы саяси қызметі, іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу мемлекеттік статистикалық есеп, мемлекеттік службаның бірыңғай жүйесін ұйымдастыру, заңнамаларға сәйкес қызметтің әр түрлі салалары мен қызмет сферасында мемлекеттік сыйлықтар беру және мемлекеттік наградалармен марапаттау және басқалары.
2) қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік: мемлекеттің қорғанысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, лаңгестікке және экстремизм мен сепаратизмнің басқадай көріністеріне қарсы күрес, Қазақстан аумағында қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, паспорт және виза жұмысын жүзеге асыру, жедел іздестіру, тергеу қызметі, азаматтық қорғаныс жүйесін ұйымдастыру, экономикалық және қаржы сфераларындағы құқық қорғау қызметі және басқалары.
3) құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметі: әділет сферасындағы қызмет, азаматтар мен мемлекеттің мүдделерін құқықтық қорғау, зандылық пен құқықтық тәртібін қамтамасыз ету, соттың сараптамалық қызметі, сот жүйесінің жұмыс істеуі және басқалары.
4) білім беру: білім берудің республикалық ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру, республикалық мектеп олимпиадаларын өткізу, республикалық деңгейде орта кәсіби білімі бар мамандарды даярлау, жоғары кәсіби жөне жоғары оқу орындарынан кейінгі кәсіби білімі бар мамандарды даярлау, республикалық деңгейде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, білім берудің республикалық ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету, республикалық маңызы бар білім беру ұйымдарында балаларды оңалту және басқалары.
5) денсаулық сақтау: жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету, ауру адамдарды шетелде емдеуді ұйымдастыру, ерекше қатерлі инфекцияларға қарсы іс-ерекет, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары үшін қан, оның компоненттері мен препараттарын өндіру, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің санитарлық-эпидемиологиялық сауаттылығын республикалық деңгейде және мемлекеттік шекара мен көлікте қамтамасыз ету, сот-медицина және сот-психиатрия сараптамасын жүргізу және басқалары.
6) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру: бюджет қаражаттары есебінен зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға зейнетақы төлемдері, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, экологиялық апат аумақтарында тұратын адамдарға әлеуметтік көмек, әскери қызметшілерге құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне медициналық қызмет көрсету, құрбандарына және одан зардап шеккендерге төлемдер, көші-қон іс-шаралары, баланың туылуына байланысты әлеуметтік төлемдер және басқалары.
7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік:
8) ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары:
9) өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және қызметі:
10) көлік және коммуникациялар:
11) экономикалық қызметті реттеу: стандарттау, метреология және сертификаттау, патенттерді, тауар белгілерін тіркеу және қорғау, мемлекеттік инновациялық саясат, мемлекеттік экспорттық және импорттық бақылау, саудалық және демпингке қарсы реттеу, бәсекелестікті қорғау және табиғи монополияларды реттеу.
12) басқада бағыттар: облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне, Ұлттық қорға берілетін ресми трансферттер, үкіметтік борышқа қызмет көрсету және оны өтеу, мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау.
Республикалық бюджеттен сонымен бірге барлық мемлекеттік органдардың және басқа мемлекеттік мекемелердің қызметтін қамтамасыз етуге (кадрларды қайта даярлауды және бұл мемлекеттік мекемелер

қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қоса алғанда), бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға, халықаралық ынтымақтастыққа, сондай-ақ қолданбалы ғылыми зерттеулерге, мемлекеттік басқарудың орталық органдардың заңнамалық актілері мен көзделген өзге де функцияларына жұмсалатын шығындар да қаржыландырылады.

Республикалық бюджет шығыстарының
көлемі мен құрылымы (2003ж.)

млн.теңге %
ШЫҒЫСТАР 773893 100,0
ШЫҒЫНДАР 734809 94,9
1. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсетулер 44066 5,7
2. Қорғаныс 40435 5,2
3. Қоғамдық тәртіп және кауіпсіздіқ 73822 9,6
4. Білім беру 23241 3,0
5. Денсаулық сақтау 19105 2,5

6. Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек 202043 26,1
7. Тұрғын ұй-коммуналдық шаруашылығы 10321 1,3
8. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік 12879 1,7
9. Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану 8486 1,1
10. Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау 43040 5,6
11. Өнеркәсіп және құрылыс 1395 0,2
12. Көлік және байланыс 59663 7,7
13. Басқалар 68345 8,8
14. Борышқа қызмет көрсету 34338 4,4
15. Ресми трансферттер 93630 12,1
КРЕДИТТЕР 39085 5,0

Дерек көзі: Қаржы Министрлігінің статистикалық бюллетені № 6, маусым 2004ж.
Орталық мемлекеттік органдарды және олардың аумақтық бөлімшелерін ұстауға жұмсалатын шығындар Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен бекітілетін штат саны лимиті мен Үкімет бекітетін натуралдық нормалар негізінде жоспарланады.
Нарықтық қатынастарға кешу жағдайында республикалық бюджет шығыстарының құрылымы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда — ұлттық шаруашылықтың, ең алдымен орталықтандырылған күрделі жұмсалымдарға жұмсалатын бюджет қаражаттары шұғыл қысқаруда. Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты мемлекеттік кәсіпорындардың едәуір белігі акционерлік қоғамдарға өзгерді, олар ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржы рыногында жұмылдырылған меншікті қаражаттар мен ресурстар есебінен жүзеге асыруы тиіс.
Алайда нарықтық механизмдердің іс-әрекеті жағдайында да жеке салалар мен аумақтарды, мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды, экономиканың мемлекеттік секторын бюджеттен қаржыландыру өзінің шешуші маңызын сақтап қалуда.
Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда шығыстардың құрылымында бюджеттік ресурстардың әлеуметтік бағыттылығы арта түсуде. Республикалық деңгейдегі білім беруді, денсаулық сақтауды, әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру және басқа бағдарламаларды қамтитын әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын тікелей шығындар барлық шығыстардың 60 пайызынан асып отыр. Сонымен бірге өнімсіз мақсаттардың: басқаруға, армияға, құқық қорғау органдарына, үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге, дипломатиялық мекемелерді ұстауға, дүниежүзілік қоғамдастыққа біріккен шараларды жүргізу квоталары бойынша жарналарға және т.с.с. жұмсалатын шығындар да өсуде. Бұл мақсаттарға жыл сайын бюджет қаражаттарының 1/3 бөлігі жұмсалады.
Сөйтіп, жалпы мемлекеттік мәні бар шараларды қаржыландыруды қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз ететін республикалық бюджет елдің экономикалық процесін реттеуде аса маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге республикалық бюджеттің жоғары маңыздылығы жергілікті бюджеттердің рөлін төмен түсірмейді. Тап солар биліктің жергілікті органдарының өздерінің функцияларын орындауын қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етеді, халықтың тұрмыстық әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға, тиісті аймақтың азаматтарының материалдық және мәдени дәрежесіне айтарлықтай ықпал етеді (жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
Рынокқа өтпелі кезеңде бюджет жүйесінің барлық дербес буындары жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қоғамдық өндірістің құндық ара қатынастарын жақсартуға ықпал етеді, нарықтық инфрақұрылымды дамыту және азаматтардың әлеуметтік кепілдерін қанағаттандыру үшін ұлттық табысты қайта бөлудің белсенді құралы болуы тиіс. Бұл тек салықтардың ынталандырушы рөлін күшейту, бюджеттен қаржыландырудың және қаражаттарды пайдаланудың прогрессивті нысандарын, әдістерін қолдану жолымен бюджет ресурстарын қалыптастырып, жұмсау кезінде жоғары тиімділікке қол жеткізу жағдайында ғана мүмкін. Сонымен қатар бюджет рәсімін, барлық деңгейлердегі бюджеттер арасындағы, сондай-ақ мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы қаржылық өзара қарым-қатынастарды одан әрі демократияландыру мен жетілдіруді қажет етеді.
Категория: Экономика | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: кірісі, мемлекеттік, шығысы, бюджеттің
Просмотров: 3060 | Загрузок: 256 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar