Міндетті әлеуметтік сақтандыру - Экономика - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Экономика

Міндетті әлеуметтік сақтандыру
[ · Скачать удаленно (103.0Kb) ] 14.11.2012, 00:25
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы»
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы
№423-11 Заңы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі, 2006 жылғы 20 ақпандағы Зандарына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілген осы Заң мәжбүрлеп таратылу үстіндегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жасасылған міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайлары басталған кезде сақтанушыларға (сактандырылушыларға, пайда алу-шыларға) тиесілі сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының құқықтық жағдайын, кұрылу тәртібін және қызметін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу мән-жайларын (шарттылықтарын) айқындауға ат салысады.
Осы «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының құрылымдық мазмұны мынадай көрініс тапқан: 1-тарау. Жалпы ережелер (1—2-баптар); 2-тарау. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорыньщ қызметін мемлекетгік реттеу және бақылау (3—4-баптар); 3-тарау. Қорды КҮРУ және оның қызметі (5—8-баптар); 4-тарау. Қорға қатысу тәртібі (9— 14-баптар); 5-тарау. Кепілдік төлемдері және өзге де қорғау шаралары (15—17-баптар); 6-тарау. Сактандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі қатысушыларының кұқықтары мен міндеттері (18—21-баптар); 7-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер (22—24-баптар).
Аталмыш Заңның заңи сипаттамасьтна тоқталмастан бұрын ескеретін маңызды жәйт, Қазақстандағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары заңнамалык актілерде көзделген белгілі бір негіздерге орай сақтандыру (қайта сактандыру) ұйымы таратылған жағдайда тиісті сақтанушыларға (сақтандырылғандарға, пайда алушыларға) қатысты сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды кепілдендіретін қор кұруға (қатысуға) құқылы. Сонымен қатар, міндетті сақтандыру рыногында өздеріне тиесілі сақтандыру қызметгерін керсететін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қорға қатысуы міндеттілігі Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде көзделуі ыктимал. «Сақтавдыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-тармағының осындай ережелері «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8,9, 10, 18, 19, 24-баптарында нақтылы нысаналандырылған. Мәселен, осы Заңның 24-бабының 1-тармағына сәйкес: «Қазақстан Республикасының заң актілерімен лицензиаттардьщ Қорға қатысу міндеті көзделген сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары Қор құрылған күннен бастап бір ай ішінде қатысу шартын жасасуға міндетті».
Сонымен, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы зандар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, «Сақтандыру қызметі туралы», «Сақтандыру төлемдеріне кепіддік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарынан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқыктық актілерінен тұрады.
Осы Заңның 1-бабына сәйкес мына:
1) агент банк — банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен агенттік келісім негізінде кредиторларға кепіддік төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсететін банк немесе ұйым; 2) кепілдік төлемі — «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міңдетті сақтандыру шарты бойынша басталған сақтандыру жағдайлары бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының осы Занда көзделген тәртіппен және шарттармен сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) төлейтін ақша сомасы; 3) міндетті сақтандыру шарты — Қазақстан Республикасының міндетті сақтан-дыру туралы заң актісі негізінде сақтанушының сақтандыру ұйымымен жасасқан шарты; 4) қатысу шарты — Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры мен сақтандыру ұйымының арасында осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттармен жасасылған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шарты; 5) өтініш беруші — Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актісімен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті қатысу көзделген міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру қүқығына лицензия алуға ниет білдірген, Қазақ-стан Республикасының зандарына сәйкес сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген занды тұлға не сақтандыру үйымы; 6) кредитор — мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде кепілдік төлемін алуға кұқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы); 7) етемақы төлемдері — Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторымен жасасылған міндетті сақ-тандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықакылары төлеміне орай қатысушы-сақтандыру ұйымына төленетін ақша сомасы; 8) міндетті жарналар — осы Занда және Қазақстан Республика-сының езге де нормативтік құкықтық актілерінде айкындалған тәртіппен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысушы-сақтандыру үйымы төлейтін, Қазакстан Республикасы-ның міндетті сақтандыру туралы заң актісінде Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті қатысу көзделген міндетті сақтандыру түрлері бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақылары бөлігі түріндегі ақша сомасы; 9) міндетті сақтандыру — Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына сақ-тандыру ұйымының міндетті қатысуын көздейтін, Қазақстан Республикасының заң актісінде белгіленген міндетті сақтандыру түрі; 10) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы — сақтандыру телемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып та-былатын, әзіне қатысты мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі занды күшіне енген сақтандыру ұйымы; 11) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві — міндетті жарналар есебінен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қалыптастыратын ақша сомасы, сондай-ақ Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының талаптарын қанағаттандыру тәртібімен олар мәжбүрлеп таратылған сақтандыру үйымынан алған және тек қана кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша сомасы, сондай-ақ сақтандыру жағдайын, келтірілген зиян мөлшерін анықтауға байланысты шығыстар мен кепілдік және етемақы тәлемдерін жүзеге асыруға байланысты шығыстар сомасы; 12) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі — осы Занда көзделген, қатысушы-сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылған жағдайда міндетті сақтандыру шарты бойынша сақ-тандыру жағдайы басталған кезде сактанушылардың (сақтан-дырылушылардың, пайда алушылардың) кұқықтары мен завды мүдделерін қорғауға бағытталған ұйымдық-құқықтық шаралар кешені; 13) қатысушы-сақтандыру ұйымы — Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын жасасқан сақтандыру ұйымы; 14) меншікті капитал - Сактандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының оның міндеттемелеріне азайтылған активтері мен сақтандыру телемдеріне кепіддік беру резерві; 15) уәкілетті орган - сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау женіндегі мемлекеттік орган; 16) шартты міндеттемелер қатысушы-сақтандыру ұйымынын төтенше жарналарды төлеу үшін ол қалыптастыратын Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры алдындағы міндеттемелері; 17) төтенше жарналар — осы Заңвда кезделген жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қосымша төлейтін ақша сомасы сияқты негізгі үғымдар пайдаланылады.
Сөйтіп, осы Заңның 3-тарауының «Қорды құру тәртібі және оның органдары» деп аталатын 5-бабына орай: 1) Қор коммер-циялық емес ұйым болып табылады және өз қызметін осы Заңның және құрылтай құжаттарының негізінде жүзеге асырады. Қордьщ ұйымдық-құқықтык нысаны акционерлік қоғам болып табылады; 2) Қордың кұрылтайшысы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті органмен келісім бойынша Қордың қаржылық есептілігінің көлемін, табыс ету тәртібі мен мерзімдерін айқындайды; 3) Қордың қызметіне жалпы басшылықты бес адамнан түратын директорлар кеңесі жүзеге асыра-ды. Директорлар кеңесінің құрамына уәкілетті органның бір өкілі, Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымдарынан бір өкіл, құрылтайшының бір екілі, Қордың ағымдағы қызметіне басшы-лықты жүзеге асыратын, құрылтайшы тағайындайтын Кордың бас директоры және Қордың бір өкілі кіреді; 4) Қордьщ банк шоттары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашы-лады. Кепілдік төлемдерін жүзеге асыру үшін, сондай-ақ Қордың ағымдағы каржылық-шаруашылык қызметін жүзеге асыру мақсатында Қордың банк шоттары екінші деңгейдегі банктер-де ашылуы мүмкін.

3. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405-ІІ Заңы
2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11- III және 20 желтоқсандағы №13-111 ҚР Зандарына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, халықты әлеуметтік қорғау жүйесімен қамтылатын азаматтарды әлеуметтік қорғаудын, мемлекет жүзеге асы-ратын нысандарының бірі ретінде Қазақстан Республикасындағы міндетті әлеуметтік сақтандырудын, құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру негіздерін белгілеуге ат салысатын осы Заңның құрылымдық бөлімшелері былайша мазмұндалған: 1-тарау. Жалпы ережелер (1—13-баптар). 2-тарау. Әлеуметтік аударымдар (14— 19-баптар). 3-тарау. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау (20—24-баптар). 4-тарау. Әлеуметтік төлемдер және олардан үстап қалу (25—26-баптар). 5-тарау. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (27—32-баптар). 6-тарау. Қорытынды ережелер (33—35-баптар).
Аталмыш заңның 1-бабында осы заңның реттеуші әлеуетінің ауқымында пайдаланылатын: 1) Қордың активтері - әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік аударымдарды төлеу мерзімі өтіп кет-кендігі үшін алынған өсімпүл, инвестициялық табыс және Қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялык сый-ақыны, әлеуметтік төлемдерге бағытталған қаражатты және қате есептелген немесе артықтөленген қаражатты қайтаруды шегеріп тастағанда, Қорға түсетін Қазақстан Республикасының зандарында көзделген өзге де түсімдер; 2) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі — Қор) әлеуметтік аударымдар алы-мын жинауды және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болған асыраушысынан айрылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерін қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтік қатер жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға төлемдер төлеуді жүргізетін заңды түлға; 3) асыраушы — өзінің асырауындағы отбасының еңбек етуге қабілетсіз мүшелерін өз табысы есебінен асыраушы адам; 4) табысты ауыстыру коэффициенті — әлеуметтік төлемнің әлеуметтік аударымдарды есептеу кезінде негізге алынған табыс мөлшеріне қатынасын айқындайтын коэффициент; 5) асырауындағылар санының коэффициенті - қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерінің са-нын ескеретін коэффициент; 6) қатысу стажының коэффициенті - міндетті әлеуметтік сактандыру жүйесіне қатысу стажына (күнтізбемен есептегендегі уақыттың жалпы мөлшеріне) қарай айқындалатын коэффициент; 7) еңбек ету қабілетінен айрылу коэффициенті - езі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесіне қарай айқындалатын коэф-фициент; 8) әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі -жүмыс берушінің қызметкерге орындалған жұмыстар, көрсе-тілген қызметгер үшін табыс түрінде төлейтін шығыстары. Өзін-езі жүмыспен қамтыған адамның әлеуметтік аударымдарын есептеуге арналған объект оның алатын табыстары болып табылады; 9) міндетті әлеуметтік сақтаңдыру - еңбек ету қабіле-тінен айрылуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, сон-дай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты кірістің бір бөлігін етеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралар жиынтығы; 10) әлеуметтік аударым-дарды төлеуші (бұдан әрі — төлеуші) — осы Занда белгіленген тәртіппен әлеуметтік аударымдарды есептеуді және Қорға төлеуді жүзеге асырушы жүмыс беруші немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам; 11) әлеуметтік төлемді алушы (бұдан әрі -алушы) — өзі үшін Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген не оларды өзі төлеген және әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган оған қатысты әлеуметтік төлем таға-йындау туралы шешім шығарған жеке адам, ал міндетті әлеуметтік сактандыру жүйесінің өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда — қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс бодды деп жариялаған) асыраушының асы-рауында болған отбасы мүшелері; 12) өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам (осы Заңға қолдануға болатын) өзіне табыс әкелетін жұмыспен өзін қамтамасыз ететін жеке кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат; 13) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі — мемлекет белгілейтін және кепілдік беретін, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың арасындағы қатынастарды реттейтін нормалар мен ережелердіңжиынтығы; 14) әлеуметтік төлемдер - алушының пайдасына Қор жүзеге асыратын ай сайынғы төлемдер; 15) әлеуметтік аударымдар — өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға, ал асыраушысынан айрылған жағдайда оның асырауында болған отбасы мүшелеріне осы Заңға сәйкес әлеуметтік төлемдер алу қүқығын беретін, Қорға төленетін осы Занда белгіленген міндетті төлемдер; 16) әлеуметтік қатер — еңбек ету қабілетінен айрылуына және (немесе) жүмысынан айрылуына, асыраушысынан айрылуына әкеп соқтырған оқиғанын, басталуы, соның салдарынан езі үшін әлеуметтік ауда-рымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы, не ол қайтыс болған жағдайда оның асырауында болған отбасының мүшелері осы Заңға сәйкес әлеуметтік төлемдерді алу құқығына ие болады; 17) әлеуметтік аударым-дар ставкасы — әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің шамасына проценттік қатынаспен кәрсетілген, Қорға теленетін міндетті төлемдердің тіркелген мөлшері; 18) әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік төлемдерді есепке алу женіндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі - Орталық) - аймақтарда міндетті әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдер аударуды жүзе-ге асыратын, әлеуметтік аударымдар мен төлемдердің дербес-тендірілген, орталықтандырылған есебін жүргізетін құрылымдық бөлімшелері (бүдан әрі құрылымдық бөлімшелер) бар мемлекеттік кәсіпорын; 19) уәкілетті орган — Қор қызметіне реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыра-тын мемлекеттік орган; 20) әлеуметтік телемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган халықты әлеуметтік қорғау саласын-дағы орталық атқарушы орган және оның аумақтық бөлімшелері; 21) еңбек ету қабілетінен айрылу — қызметкердің жұмысты орын-дау, қызмет көрсету қабілетінен айрылуы, оның дәрежесі ай-рылған еңбек ету қабілетіне проценттік қатынастан көрінеді; 22) мівдетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің әзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысы - өзі үшін әлеуметтік аударымдар төленетін және осы Занда көзделген әлеуметтік қатер жағдайлары басталған кезде әлеуметтік төлем алуға құқығы бар жеке адам; 23) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйе-сіне қатысушылар — телеуші; міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысу-шысы; алушы; Орталық; Қор; Қазақстан Республикасының Үкіметі; Қазақстан Республикасынын, Үлттық Банкі; өзге де уәкілетті органдар сияқты негізгі үғымдар көрініс тапқан.
Әлеуметтік-экономикалық орнықты дамып келе жатқан Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы зандары Қазақстан Республикасының Конституциясы-на негізделеді және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республика-сының өзге де нормативтік қүқықтық актілерінен түрады. Со-нымен бірге егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықара-лық шартта осы Зандағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. Осы Заңның 4-бабында міндетті әлеуметтік сақтандыру түрлері ретінде: I) еңбек ету кабілетінен айырылу жағдайы; 2) асыраушысынан айырылу жағдайы; 3) жұмысынан айырылу жағдайы көрсетілген. Оның 8-бабына сәйкес: «Жұмыс істейтін зейнеткерлерді қос-пағанда, қызметкерлер, Қазақстан Республикасының аумағында түратын және Қазақстан Республикасының аумағында табыс келтіретін қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзін-өзі жұмысын қам-тыған адамдар міндетті әлеуметтік сақтандырылуға тиіс».
Осы Заңның 5-бабына орай міндетті әлеуметтік сақтандырудын, негізгі принциптеріне: 1) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы зандарын сақтаудың және орындаудың жалпыға бірдейлігі; 2) әлеуметтік тәлемдерді қамтамасыз ету үшін қолданылатын шараларға мемлекеттің кепілдік беруі; 3) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қаты-судың міндеттілігі; 4) осы Заңға сәйкес әлеуметтік аударымдар-ды тек әлеуметтік төлемдерге пайдалану; 5) әлеуметтік тәлем-дердің осы Занда көзделген мән-жайлар бойынша міндеттілігі; 6) әлеуметтік төлемдердің мөлшерін саралау; 7) міндетті әлеу-меттік сақтандыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар-дың қызметіндегі жариялылық сияқты принциптер жатады.
Әлеуметтік қатерлі жағдайлар басталған кезде мемлекет азаматтарға осы Занда белгіленген шарттылықтарға қарай міндетті әлеуметтік сақтандыру түрлері бойынша әлеуметтік төлемдерді алу кұқығына кепілдік береді. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы міндетті әлеу-меттік сақтандыру түрлері бойынша әлеуметтік қатерлі жағдайлардын басталуына қарай міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын қүруға байланысты осы Заңның қолданылу ауқы-мындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

САҚТАНДЫРУ ЗАҢНАМАСЫ ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУҒА ҚАТЫСЫ БАР ӨЗГЕ ДЕ ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕР

Сақтандыру заңнамасы және сақтандыруға қатысы бар езге де заңнамалық актілер сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметі аясында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге ат салысатын нормативтік құқықтық актілер, былайша айтқанда Қазақ-стан Республикасының Зандары болып табылады. Бұл жерде сақтандыру заңнамасы тек сақтандыру саласын және сақтандыру қатынастарын тікелей әрі жан-жақты реттеу мақсатында қабылданған сақтандыру туралы арнайы зандардың жүйесін білдіреді. Сақтандыруға қатысы бар заңнамалық актілерге Қазақстан Республикасының басқа құқық салалары ауқымын-дағы қоғамдық қатынастарды регламенттеуге әрі реттеуге арналғанымен құрамында сақтандыру құқығының нормалары (кездесетін) бар кодекстер, зандар жатады.
Алайда, «заңнама» (законодательство) ұғымының, заң жүзінде нактылы ашып керсетілмеуі айтарлықтай проблема туында-тып отыр. Мәселен, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 2) тармақшасында (законодательство) «зандар — белгіленген тәртіппен қабылданған нормативтік қүкықтық актілердің жиынтығы», ал 1) тармақшасында «нормативтік құқықтық акт — референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды тұлғасы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылауын езгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат» деген айқындама берілген. Демек, бұл ретте заңнама кодекстерден, зандардан, лауазымды тұлғалардың — министрлер мен орталық мемлекеттік органдар басшыларының, ҚР Үкіметінің, Қазақстан ҰҮлттық Банкінің және т.б. органдардың нормативтік қаулыла-рынан, нормативтік құқықтық бұйрықтарынан, нормативтік құқықтық қаулыларынан б.а. заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерден де тұрады деп айтуға болады.
Осы орайда қаржыгерлер мен заңгерлер ескеруге тиіс маңызды жәйт, бүгінде көптеген заңтанушы ғалымдар мен прак-тик мамандар «заңнама» (законодательство) терминінің мағынасын зандардың және оларға сәйкес қабылданған (қазіргі кезде «заңға тәуелді» деп аталған) нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы деп түсіндіреді. Осындай көзқарастың бүрыс екен-дігін, біздің ойымызша, бірнеше тұрғыдан дәлелдеуге болады. Біріншіден, «заңнама» термині қодданылмай түрып қандай болмасын заңның орысша мәтініңде «законодательство» деп аталған жеріңде «зандар» деген сөзді қолданатынбыз (мәселен, гражданское законодательство — азаматтық зандар, финансовое законодательство — қаржылық зандар, налоговое законодательство — салықтық зандар). Екіншіден, мемлекеттегі бірден-бір заң шығарушы орган (законодательный орган) Қазақстан Республикасының Парламенті болып табылатындықтан әрі қандай болмасын заңнамалық акті бірінші кезекте Қазақстан Респуб-ликасыньщ Конституциясына негізделетіндіктен заңи күші мен иерархиясына қарай заң өзіне сәйкес қабылданған (подзаконные) нормативтік құқыктық актілермен бір қатарда түра алмайды. Бұл орайда заңнама тек салалық кодекстерді және зандарды, былайша айтқанда салалық заңнамалық актілерде ғана қамтуға тиіс. Үшіншіден, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер ағымдағы (қолданыстағы) зандардың негізінде әрі олардың атқарылуын нысаналап шығарылатын нормативтік қүқықтық актілер болғандықтан заңнамалық актілер (бұл ретте зандар) қатарына жатқызылмайды. Сондықтан «заңнама» құрамында заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер көрініс таппайды. Төртіншіден, сақтандыру зандары мен заңға тәуедді нормативтік құқықтық актілер сақтандыру құқығының сыртқы нысанын (қайнар көздерін, негіздерін) қалыптастыратындықтан, осындай мән-жайды сақтандыру заңнамасымен шатастыруға болмайды.
Сонымен, сақтандыру заңнамасы Қазакстан Республикасы-ның Конституциясына негізделген сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасы арнайы завда-рының жүйесінен құралады. Бүгінгі танда Қазақстан Респуб-ликасының сақтандыру заңнамасы сақтандыру қызметін ұйымдастыру, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызмет бағытын, құқықтық мәртебесін, органдарын айқындау, мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделерін қаржылық, әлеуметтік және өзге тәуекелдерден қорғаудың тиімді тетігі, сондай-ақ ұзақ мерзімді ішкі инвестициялардың сенімді көзі - сақтандырудың рөлін нығайтуға бағытталған ұлттық сақтандыру индустриясын тиісінше дамытудың қүқықтық, экономикалықжәне үйымдастыру негіздерін ұтымды қалыптастыру, сақтандыру рыногына жаңа сақтандыру өнімдері мен технологияларды енгізу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметтер көрсетуі (сақтандыру өнімдерін сатуы) сапасын жақсарту, сақтавдыру рыногының субъектілері мен кәсіби қатысушыларын қадағалау тиімділігін арттыру мән-жайларын регламенттейтін әрі осы орайда туыңдайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін, сақтавдырудың салалары мен түрлерінің нормативтік құқықтық базасын қалыптастыратын сақтандыру заңнамалық актілерінің, былайша айтқанда сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы зандардың жиынтығынан тұрады.
Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы барлық Зандары міндетті түрде Қазақстан Республикасы Конституциясының принциптері мен ережелеріне негізделетіні жөнінде жоғарыда айтылған болатын. Осыған байланысты бірінші кезекте Қазақстан Республикасы Консти-туциясының тиісті баптарынан үзінді келтірген жөн.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ

1995 жылғы 30 тамызда өткізілген республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағын өзінің жоғары заңи күшімен тікелей қамтитын нормативтік қүқықтық акті болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелері адамның және азаматтың өміріне, денсаулығына, мүліктеріне, еңбек ету бостандығына, меншік субъектілері мен объектілеріне, кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, мүлікті кез кел-ген кәсіпкерлік қызмет ауқымыңда пайдалануға, әлеуметтік қамсыздандыруға, қоршаған ортаны қорғауға қатысты сақтан-дыру қүқығының жалпы принциптерін белгілеуге, сақтандыру саласындағы мемлекеттік саясат басымдықтарын айқындауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік (экон-микалық) қызметтің бір түрі сақтандыру қызметінің конституциялық негіздерін құруға және сақтандыру туралы зандарды қабылдауға байланысты мән-жайларды белгілі бір дәрежеде регламенттейді.
Осы орайда сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметінің кон-ституциялық негізін құруға ат салысатын Қазақстан Республикасы Конституциясының мынадай баптарында:
1) 1-бап, 1-тармағы: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».
2) 4-бап, 2-тармағы: «Конституцияның ең жоғары зандық күші бар және Республиканың бүкіл аумағывда ол тікелей қолданылады».
3) 6-бап, 2-тармағы: «Меншік міндет жүктейді, оны пайдала-ну сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз кұқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді».
4) 12-бап, 3-тармағы: «Республиканың азаматы әзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міңдетгер атқарады»; 5-тармағы: «Адамның және азаматтың ез қүқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бос-тандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нүсқан келтірмеуге тиіс».
5) 13-бап, 1-тармағы: «Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына қүқығы бар және езінің қүқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы»; 2-тармағы: «Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар».
6) 15-бап, 1-тармағы: «Әркімнің өмір сүруге құқығы бар».
7) 24-бап, 1-тармағы: «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін тандауына қүқығы бар...»; 2-тармағы: « Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуы-на, сондай-ақ жүмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар».
8) 26-бап, 4-тармағы:«Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген занды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға қүқығы бар...»
9) 28-бап: «1. Қазақстан Республикасының азаматы жасы-на келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де занды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мелшеріне, әлеуметтік қамсыздан-дырылуына кепілдік беріледі. 2. Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлёуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленіп отырады».
10) 29-бап, 1-тармағы: «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар».
11)31-бап: «1. Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. 2. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады» деп айтылған.
Бұл ретте аталған конституциялық нормалардың тікелей сақтандыру құқықтық бағытты ережелері 6-баптың 2-тармағында, 13-баптың 1-тармағында, 24-баптың 2-тармағында, 28-бабында, 31-бабында көрініс тапқанын байқаймыз. Ал қалған баптар құқық саласы ретіндегі сақтандыру құқығының жалпы принциптерін белгілеуге мүмкіндік беріп отыр.

САҚТАНДЫРУ ЗАҢНАМАСЫ

Сақтандыру заңнамасы, бүгінгі танда ұлттық сақтандыру қүрылысының іргетасын қалау, ұлттық сақтандыру рыногының тиісінше жұмыс істеуін ұйымдастыру әрі сақтандыру қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттің ұлттық сақтандыру индустриясын дамыту басымдықтарына сай туындайтын кешенді сипатты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған «Сақтандыру қызметі туралы», «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы», «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы», «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы», «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-кұкықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Туроператордың және турагенттің азаматтық-қүқықтықжауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Қызметі үшінші түлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақ-тандыру туралы», «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның емірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жүмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Көлік қүралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы зандарының жиынтығынан тұрады.

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126-П Заңы

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 2003 жылғы І5 мамырдағы, 11 маусымдағы, 10 шілдедегі ҚР зандарына, 2004 жылғы 11 маусымдағы ҚР Заңына, 2005 жылғы 8 шілдедегі, 23 желтоқсандағы ҚР зандарына, 2006 жылғы 31 қаңтардағы, 20 ақпандағы, 5 мамырдағы, 5 шілдедегі ҚР заң-дарына сәйкес айтарлықтай өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, көптеген баптары жаңадан редакцияланған. «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 78-баптан құралатын 13-тараудан тұрады.
Осы орайда аталмыш Заңның кұрылымы мынадай көрініс тапқан: 1-тарау. Жалпы ережелер (1-5-баптар); 2-тарау. Сақ-тандыру қызметін үйымдастыру (6—9-баптар); 3-тарау. Сақтан-дыру рыногы(Ю-іб-баптар); 4-тарау. Сақтандыру делдалдығы (17-18-баптар); 5-тарау. Актуарийлік қызмет және аудит (19-20-баптар); 6-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құру (21-36-баптар); 7-тарау. Лицензиялау (37-40-баптар); 8-тарау.уәкілетті орган және сақтандыру ісін қадағалауды жүзеге асыру (41—44-баптар); 9-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарыныңқызметін реттеу (45—52-тарау); 10-тарау. Санкциялар және өзге де ықпал ету шаралары (53—61-баптар); 11-та-рау. Қайта құру (62—64-баптар); 12-тарау. Тарату (65—73-бап-тар); 13-тарау. Есеп беру және өзге де мәселелер (74—78-баптар).
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы За-ңының «Сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңдар» деп аталатын 1-бабына сәйкес: «1. Сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы зандар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республи-касының Азаматтық кодексінен, осы Заң мен Қазақстан Рес-публикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінең тұрады. 2. Осы Заңмен тікелей реттелген қатынастарды қоспағанда, сақтандырудан туындайтын және өзге де заң актілерінің қолда-нылатын аясына жататын қатынастар осы актілермен реттеледі. 3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Зандағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады».
Ал оның «Осы Заңмен реттелетін қатынастар» деген 2-бабына орай: «1. Осы заң кәсіпкерлік қызмет түрі ретінде сақтандыруды жүзеге асырудың негізгі ережелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, сақтандыру брокерлерін қүру, лицензиялау, реттеу, олардың қызметін тоқтату ерекшеліктерін, өзге де жеке және занды тұлғалардың сақтандыру рыногындағы қызметінің талаптарын, сақтандыру рыногын мемлекеттік рет-теу міндеттерін және сақтандыру қызметін қадағалауды қамтамасыз ету принциптерін белгілейді. 2. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі — уәкілетті органның) және (немесе) Қазақстан Республикасының Үлттық Банкінің (бұдан әрі — Ұлттық Банк) осы Заңға сәйкес қабылдайтын нормативтік құқықтық актілері сақтавдыру рыногының барлық қатысушы-лары үшін міндетті болады».
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы За-ңының «Сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі» деп аталатын 4-бабында: «1. Сақтандыру дегеніміз, сақтандыру ұйымы ез активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқы-лы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы не-месе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе занды тұлғаның мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешені. 2. Сақтандыру қызметі — сақтандыру (қайта сактандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заң-дарының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызметі» деген үғымдар айқындалған.
Аталған Заңның 5-бабының (Шетелдік жеке және занды тұлғалар мен азаматтығы жоқ адамдарды сақтандыру) 1-тармағында:« Шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік занды тұлғалар, оның ішінде өз қызметін Қазақстан Республи-касының аумағында жүзеге асыратындар сақтандыру арқылы қорғалу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен және завды тұлғаларымен бірдей пайдаланылады» деп айтылған.
Ал «Қазақстан Республикасы резиденттері емес сақтандыру ұйымдарының сақтандыруы» деп аталатын 5— 1-бабына сәйкес: «1. Занды түлғаның немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүліктік мүдцелерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке түлғаның мүліктік мүдделерін сақтандыруды тек қана сақтандыру ұйымы — Қазақстан Республикасының резиденті жүзеге асыра алады. 2. Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру ұйымдарымен, жұмыс істеу, оқу, емделу немесе демалу мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде уақытша болатын жеке тұлғалармен — Қазақстан Республикасының резиденттерімен Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде уақытша болу кезеңіне ғана сақ-тандыру шарттарын жасасуға жол беріледі. 3. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жеке және занды тұлғалардан — Қазақстан Республикасы резиденттерінен Қазақстан Республикасының резидент еместері пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) төлеуге байланысты төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға тыйым салынады».
Категория: Экономика | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Міндетті, сақтандыру, әлеуметтік
Просмотров: 1789 | Загрузок: 213 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar