Сақтаған Бәйішев - Экономика - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Экономика

Сақтаған Бәйішев
[ · Скачать удаленно (47.0Kb) ] 14.11.2012, 00:28
ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИСТЕРІНІҢ КӨШ БАСТАУШЫСЫ
(Академик Сақтаған Бәйішевтің туғанына 100 жыл толуына орай)

Қазақстанда экономикалық ғы¬лым¬ның қалып¬тасып дамуы және осы сала бойынша кадрлар даярлау негі¬зінен екінші дүние¬жүз¬ілік соғыс¬¬тан кейін қолға алынғаны бел¬гілі. Осы өрісті істің басында С.Бәйішев, С.Толыбеков, М.Бутин, Т.Шә󬬬кенбаев, С.Нейштад, Ф.Же¬р嬬бя¬¬тьев сияқты зиялы азаматтар тұрды. Олар ғылыммен айналыса жүріп, жас экономист кадрларын, әсір¬есе, қазақ жастарынан көптеп даяр¬лауды өздерінің ел алдындағы парызы деп санады.
Сақтаған ағаның есімін алғаш рет 1956 жылы (ол кезде мен КазГУ-дың экономика факультеті¬нің студенті едім) саяси экономия¬дан емтихан тапсырып жатқан кез¬де естідім. Доцент Л.Фрид¬ман: "Капи¬талды” қазақ тіліне аударған Сақ¬таған Бәйішев деді. Мынандай ғажап (ол кезде ұлы деп есептедік) еңбекті аударған, сірә, тегін кісі емес шығар деген ой келді алғаш¬қы¬да. Кейін С.Бәйішевтің сол эко¬но¬микалық фа¬куль¬¬тетте оқыған проб¬ле¬малық леꬬцияларын тыңдау¬дың сәті түсті. Салмақты сөзі, терең ой-пікірі, мін¬беде өзін қара¬пайым ұстауы, ауди¬тория¬ға деген ілтипаты біздерді, әдет¬¬те сынампаз студенттерді, бірден баурап алды.
Тағдыр содан кейін ширек ғасыр бойы Сақтаған ағаның қамқоршыл аясында болуға жазған екен. Сәкең¬мен бірге ғылыми конферен¬ция¬ларда, симпозиум¬дарда, басқа жиын¬дарда, іссапар¬ларда болдық. "Қазақстанның әлеу¬мет¬тік-экономи¬калық дамуы” проблемалары жөнін¬дегі ғылыми кеңесте бірге қызмет атқардық. Асыл ағамен әрбір кездесу, жүз¬десу, сұхбаттасу біздер үшін, ол кез¬дегі жас та жасамыс ғалымдар үшін үлкен өмір мектебі болды.
Академик С.Бәйішев – энци¬клопедист ғалым еді. Ол тарихшы, шебер аудармашы, өткір пуб¬лицист әрі қоғам қайраткері болды. Дей тұр¬ған¬мен, Сақтаған Бәйішұлы, ең алды¬мен, үлкен эко¬но¬мист-ғалым болып, республикамызда экономи¬ка ғылымының дамуына баға жетпес зор үлес қосты.
Экономист-ғалым ретінде С.Бә¬йі¬шев саяси экономияның қазақ тіліндегі терминологиясын жасау¬ға мол үлес қосты, тіпті осы маңызды да күрделі жұмыстың басы-қасында жүрді. Бүгінгі таңда талай ғалым¬дар, студенттер, журна¬лис¬тер осы терми¬нологияны пайда¬ланып келе¬ді, алай¬да, олардың бәрі бірдей бұл Сақтаған Бәйішұлының еңбегі екенін біле бермеуі де мүмкін.
Терминологияны жасау деген айтуға ғана жеңіл. Ол өнермен ұш¬тасып жататын ғылым. Эконо¬ми¬калық терминдерге орыс тілі қазақ тілі¬не қарағанда бай ғой. Әр тер¬минге қазақ тілінде балама сөз табу керек болды. Бұл мүмкін бол¬ма¬ған жағдайда орыс термині негі¬зінде қаншама жаңа сөздер құрас¬тырыл¬ды. С.Бәйішевтің тікелей басшы¬лы¬ғымен жұмыс атқарған аудар¬машылар тобы бұл қиын міндетті ойдағыдай орындап шықты.
Өмірінің соңғы жылдарында Сақтаған Бәйішұлы Батыс Қазақ¬станның әлеуметтік және экономи¬ка¬лық даму мәселелеріне ерекше назар аударды. 1981 жылдың 1 қаза¬нында сол кездегі одақтың ресми органы "Правда” газетінде С.Бәйі¬ше⬬тің "Мол байлықтың мекені” деген проблемалық мақа¬ла¬сы жария¬ланды. Онда төрт об¬лыс¬ты қамтитын Қазақстанның батыс аймағы мұнай мен хромға және сондай-ақ фосфорит, боксит, темір, көмір мен калий тұзы сияқ¬ты минералды шикі¬заттың түр¬леріне бай екендігі, бірақ олардың әрі жеткіліксіз игеріліп жатқандығы сөз болады. Бүгінде біздер көреген ғалымның ғылыми болжамдары¬ның жүзеге асып жатқан¬дығының куәсі болып отыр¬мыз. Алайда, осын¬¬¬дай шешім қабылдауға түрткі болған адамдардың көш басында академик Бәйішев тұрғанын еске сақтай бермейміз.
Сақтаған Бәйішұлы Қазақстан¬дағы шағын және орта деңгейдегі қалаларды дамытуға назар аударды. Ғалымды, әсіресе, 1900 жылы қала атағын алып, 60-жылдардың орта¬сына дейін Ақтөбе облысының мәд嬬ни орталықтарының біріне айналған Темірдің тағдыры ерекше толған¬дыратын. Бірақ, кейінірек ау¬дан орталығы басқа жерге көшіріл¬ген¬нен кейін, бұл ескі қала бұрын¬ғы халық шаруашылығы мәнін жоғалта бастады. С.Бәйішев өзінің мақала¬ларын¬да Темір қаласының қалпын қайта орнықтыру, оны одан әрі дамыту қажеттігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеп берді. Акаде¬мик¬тің пайымдауынша, Темір қала¬сын¬да және осы қала іспеттес басқа да елді мекендерде жеңіл және та¬мақ өнер¬кәсібін, сондай-ақ тұр¬мыс¬¬тық қамту кәсіпорындарын барынша дамыту керек. Қазіргі уақытта босап қалған шағын қала¬лар мен аудан орталық¬тары¬ның қиын тағдырын еске алғанда, акаде¬мик Бәйішевтің ғылы¬ми тұжы¬рымдары бүгін де өзінің маңыздылығын жойған жоқ-ау деп ойлаймыз.
Сақтаған ағаны еске алғанда XX ғасырдағы қазақ зиялыларының нар тұлғасы көз алдыма келеді. Жас болсақ та өздерін көріп, сөздерін естіген ғұламалар легі: Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, Т.Тәжібаев, Ә.Марғұлан, І.Омаров, Т.Дархан¬баев, А.Закарин, тағы басқалар Ахмет Байтұрсы¬нов¬тың, Әлихан Бөкейхановтың, Мұс¬та¬фа Шоқай сынды Алаш аға¬лары¬ның дәстүрлерін жалғас¬¬тыру¬шылар емес пе? Мақтан етер ел бо묬са, мақ¬¬тауға тұрарлық ұлдары¬мыз Құдайға шүкір, баршылық қой.
Қ.Сәтбаев пен М. Әуезовтің мерейтойларын бүкіл әлем болып атап өтуі осының айқын айғағы екені даусыз. Біздің Сәкең де – осы ұрпақтың төл өкілі, лайықты мүшесі. Қанекең, Мұхаңдар Сәкең¬ді өз қатарына зор құрметпен қуана қабылдаған екен. Оған архивтен 1956 жылы 15-16 маусымда Қазақ КСР Ғылыми академия¬сының С.Бәйі¬шевті академиктікке және сол жиналыста Академияның вице-пре¬з謬денттігіне сайлауы тура¬лы хатта¬маны оқығанда көзім жет¬ті. Академия президенті Қаныш Сәтбаев ғылым кандидаты болса да С.Бәйішевті көрегендікпен әрі батыл түрде академиктікке, әрі вице-прези¬денттікке ұсынады. Оны М.Әуезов, Т.Тәжібаев, Н.Сауран¬баев, І.Кеңес¬баев бірауыздан қуат¬тайды. Шынын айту керек, Ака¬демия жиналысы сол кездің өзінде партиялық жиналыстан өзгешелеу болатын. Академиктер пікірлерін ашық-ақ айта алатын. Алайда, сол кезде Сәкең үшін тарихи жиналыс¬та ол туралы бір ескертпе сын ай¬тыл¬мапты. Өйткені, С.Бәйішев өзі¬нің ғылыми еңбегі¬мен, қо¬ғамдық-саяси қызметімен академик болуға да, вице-президент болуға да әбден лайық еді.
Сол хаттаманы оқи отырып, абзал ғұлама аға¬лары¬мыздың пара¬саттылығына, кең жүректі¬лігіне, ру¬хани жомарттығына тәнті болବ¬сың. Пенде¬ші¬ліктен аулақ, қыз¬ғаныш, күйініш дегендер қара¬сын жоғалтқан. М.Әуезов өзінің терең мағы¬налы сөзінде Сәкеңнің марк¬сизм еңбек¬терін қазақ¬¬шаға аударуы нағыз ғылыми ерлік деп бағалайды, ал аса күрделі филосо¬фия¬лық-эконо¬ми¬калық шығарма¬лардың қазақ тілінде жарық көруін ұлттың рухани мерекесі деп түйіндеді.
Мұхтар Омарханұлы Акаде¬мия¬ның сол жалпы жиналысында былай деген еді:
"Жолдастар! Мен де бүгін бір сөйлегенімде айтқандай, С.Б.Бәйі¬шев¬тің кандидатурасын зор құрметпен, оны Қазақ КСР Ғылым академиясы құрамындағы акаде¬мик¬теріміз қатарына осы ұсынып отырғанымыздың орындылығына және қажеттілігіне деген толық сеніммен қолдаймын.
Бәйішев жолдастың ғылыми-зерттеу және қоғамдық қызметін бағалай отырып, біз мынан¬дай қоры¬¬¬¬¬¬¬¬¬тындыға келеміз: бұл кісі бар¬¬лық жағы¬нан да лайықты кандидат деп танимыз. Бұл кісіге нағыз ғалы쬬ға қажет ішкі әділдік тән. Екін¬ші сөзбен айтқанда, оны прин¬циптілік деп айтамыз. Бұл кісіде адамгершілік, турашылдық, өзгер¬мес табандылық бар. Мұндай қа¬сиеті бар адамдар академияға қазір өте қажет. Академия қатары осын¬дай лайықты адамдармен толық¬тырылуы керек.
Мен С.Б.Бәйішев арқылы Ғылым академиясы өз қатарын лайық¬ты академикпен толық¬тырады деп ойлаймын” (ҚР ҒА архиві, ф.2, оп. 1, д. 710, л. 25-29).
Бұдан кейін сөз сөйлеген акаде¬мик Д.А.Зыков, Төлеген Тәжібаев, академияның корреспон¬дент-мүшесі Е.Д.Шлыгин және басқа¬лары С.Бәйішевтің вице-пре¬з謬дент¬тікке бірден-бір лайықты канди¬дат екен¬дігін, академиктер қатарына нағыз үлкен ғалымның қосылған¬дығын зор ризашылықпен атап өтті. Осының бәрі кейінгі ұрпақтарға үлкен ғибрат емес пе?
"Шәкіртсіз ұстаз тұл” дейді ха¬лық. Академик Бәйішевтің айтулы ғылыми және ұстаздық мектебі болды. Ол Қазақстанның сол кез¬дегі әлеуметтік-экономикалық өмірі мен тарихының аса маңызды проблема¬ларын айқындап, оларды терең зерттеуге қамқорлық жасады. Оның алдынан өткен 150 шәкір¬тінің 30-ы ғылым докторы болған екен! Олар¬дың қатарында кейін¬нен академиктер қа¬тарына қосылған Аманжол Қошанов, Яхия Әуб¬әкіров, Манаш Қозы¬баев, Кен¬же¬ғали Сағадиев т.б. бар. Тек осы еңбегі¬мен ғана Сәкең артына өшпес із қалдырған жоқ па? Ол кісінің ізбасарлары мен шәкірт¬тері¬нің көп болатын себебі, Сақтаған Бәйішұлы тынымсыз ғылыми ізде¬ніс пен белсен¬ді педагогтық қыз¬мет¬ті шебер ұштас¬тырды. Ол отыз жыл бойы білімнің қара шаңырағы – Қазақ мемлекеттік универси¬тетін¬де және Алматы халық шаруа¬шы¬лығы институтында оқыту¬шылық қызмет атқарды.
С.Бәйішев – Қазақстанға ғана емес, бүкіл Орта Азия республи¬калары үшін экономика ғылым¬дары¬¬ның кандидаттары мен док¬тор¬ларын даярлау жөніндегі ғылы¬ми кеңестің алғашқы төрағасы бол¬ған адам.
Ғұлама ағамыздың тағы да бір тамаша қасиеті – жұмысқа қабі¬леттілігі мен шапшаңдығы еді. Бос уақыты жоқ десе де болғандай. Ке鬬¬де осы ағамыз қай кезде ұйық¬тап, қай кезде дем алады деп таңда¬на¬тынбыз. Айталық, түс ауа 250-300 беттік қолжазба алдына әкелінсе, кешке қарай үйіне ала кетеді де, ертеңінде таңертең өз қолымен мар¬¬жандай етіп жазылған пікірін қоса иесіне қайтарып беріп жатады. Қай¬сыбірде сондай қолжазбаларды демалыс кезінде санаторийге ала ке¬тіп, пікірін, рецензиясын пошта¬мен жіберетін кездері де аз болмайтын.
Сақтаған аға ірі қоғам қайрат¬кері, ғұлама ғалым болумен бірге үлкен¬дерге ізетті іні, кіші¬лер¬ге өне¬гелі аға, әке бола білген азамат еді. Ол кісі¬нің кішіпейілділігі, қарапа¬йым¬дылығы, әсіре¬се, жас ұрпаққа деген мейірім¬ділігі жайында жұрт тірі кезінде-ақ тамсана айтушы еді. Белгілі азамат, беделді қайраткер, ғалым-экономист Мәжікен Бутин¬¬нің үйінде академик ағамен талай рет дәм¬дес болдым. "Сондайда ірі адам¬дар осынша¬ма кіші¬¬пейіл, қара¬пайым болады екен-ау” деп таң¬дан¬¬ғаным әлі есімде. Ол өзінің құрбыларымен сы¬пайы қалжың¬дасып, өзі де күліп, өзгелерді де кү묬¬діріп отыратын. Өмірден көр¬гені көп адам ұлағатты әңгімелері¬мен тыңдаушыларын баурап алатын.
Академик Бәйішев бояма, жалған¬шы емес, туған халқының ыстық жүрегінің нақ төрінен орын алған шын бақытты адам екен. Оған 1989 жылы күзде Сақтаған Бәйіш¬ұлы¬ның туғанына 80 жыл толуын мерекелеуге Ақтөбе облы¬сын¬да Ака¬де¬мияның делегациясын басқарып барғанымда көзім анық жетті. Облыс орталығында оның өмірі мен ғы¬лыми-қоғамдық қыз¬метіне арналған ғылыми-тео¬рия¬лық конференция өтті. Кейін мереке ол туып-өскен Байғанин ауданындағы "Ақжар” совхозында жалғасты. Жерлестері ғұлама ағаны зор сүйіс¬пеншілікпен еске алып, аруағына бас иді. Тойды өткізуде бәлендей жасандылық, әсіресе, қолдан ұйым¬дас¬¬тырушылық болған жоқ. Шығып сөйлеушілер Сәкең туралы жүрек¬терінің ең терең түкпір¬лері¬нен шық¬қан жалынды, асыл сөз¬дерін қуана, шаттана айтты. Сәкең¬нің бала кезіндегі досы Әлиев Байбосын ақсақал¬дың әзілдей айтқан естелігі тыңдаған жұртты бір желпіндіріп тастады. "Менің Сақ¬та¬ған¬нан бір-екі жас үлкендігім бар еді, – деп бастады қария естелігін. – Бірақ біз бастауыш мектептегі оқуды бірге бастадық. Сәкең зерек бала болатын. Оқуды өте үздік оқыды. Темір қаласындағы 7 жыл¬дық орыс-қазақ мектебін бітірген¬нен кейін, оқуымызды одан әрі жалғас¬тыруға уәделескен едік. Алай¬да, оқуға жүргелі тұрғанда өзімнің жақын бір туысым келіп, мені ат бауырына алып, сабақ оқуы¬ма жібермеді. Ал Сақтаған жүріп кетті. Оның сол сапары үлкен өмір жолына, ғалымдық жолға ұласты. Мен осы үлкен дарын иесімен парталас болғаным¬ды мақтаныш етемін. Сол жолы Сақтағанмен оқуға бірге кетсем, Жемнен тағы бір ака¬демик шыға¬тын еді”, – деп жұртты күлдіріп еді сонда Байбосын ақсақал.
Жоғарыда айтқанымыздай, С.Бәйішев экономист-ғалым ғана емес, сонымен бірге қоғам, мемле¬кет қайраткері әрі публицист еді. Соғысқа дейін комсомол орган¬дарын¬да қызмет атқарды. "Ленин¬шіл жас” (қазіргі "Жас Алаш”) газетінің бөлім меңгерушісі, редак¬торы¬ның орынбасары, 1938-1941 жылдары республикалық "Социа¬лис¬тік Қазақстан” (қазіргі "Егемен Қазақ¬стан”) газетінің редакторы болды. Ұлы Отан соғысы басталы¬сымен ол өзі тіленіп, майданға аттан¬ды, Алматы¬да жасақталған 100-ші атқыш¬тар бригадасының әскери комиссары, әскери құрама¬ның саяси бөлімінің бастығы, Қызыл Армияның бас саяси басқармасының жауапты қызмет¬кері болған. Соғысты фашизмнің ұясы – Рейхстагқа шабуыл жасаған үшінші екпінді армияның құра¬мында Бер¬линде аяқтады. Оның жауынгерлік істері бірінші дәрежелі "Отан соғысы” орденімен және бірнеше әскери медальдармен атап өтілді. С.Бәйішевтің әскери комис¬сар бол¬ған¬дағы қызметі жайында майдан¬дастары жазған бірнеше естелік кітаптары бар.
Соғыстан кейін С.Бәйішев Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Өнер істері жөніндегі басқарманы, СОКП Орталық комитеті жанын¬дағы марксизм-ленинизм инсти¬туты¬ның қазақ филиалын басқарды. 1938 жылдан бастап 1971 жылға дейін Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің мүшесі, бірінші, алтын¬шы сайлан¬ған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. 1959-1963 жыл¬дары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы міндетін атқарды. 1956 жылдан 1968 жылға дейін Қазақ КСР Ғылым академиясының вице-президенті, "Қазақ КСР Ғылым академиясының хабаршы¬сы”, "Қазақ КСР Ғылым акад嬬мия¬сы¬ның хабар¬лары. Қоғамдық ғылымдар сериясы” журналдары¬ның бас редакторы болды.
С.Б.Бәйішев 1982 жылы маусым айында дүние салды. С.Бәйішевтің есімін мәңгілік есте қалдыру тура¬лы республика Министрлер Кеңесі¬нің қаулысы бойынша марқұм¬ның соңғы жылдары тұрған үйіне мемориалдық тақта орнатыл¬ды. С.Бәйішев балалық шағында оқы¬ған Ақтөбе облысын¬дағы Темір орта мектебіне, Ақтөбе қаласын¬дағы университет пен облыс¬тық кітап¬ханаға оның есімі берілді.
Бәйішев ілімі, Бәйішев тағы¬лымы әлі талай ұрпақтарға таусыл¬мас рухани қазына, жарқырай беретін шамшырақ болады. Бүгінде оның асыл арманы замана тала¬бына сай іске асып келеді.

Авторы: Сағындық САТЫБАЛДИН, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі.
Категория: Экономика | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Сақтаған, Бәйішев
Просмотров: 1101 | Загрузок: 219 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar