АДАСТЫРУШЫ ДІНИ АҒЫМДАР - Философия, социология - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Философия, социология

АДАСТЫРУШЫ ДІНИ АҒЫМДАР
[ Скачать с сервера (80.0Kb) ] 02.09.2014, 08:33

Мұртаза БҰЛҰТАЙ
Философия ғылымдарының
кандидаты, дінтанушы

АДАСТЫРУШЫ ДІНИ АҒЫМДАР

Бүгінгі археология, антропология ғылымдары діни сенім-наным жолдары мен жүйелерінің тым ерте дәуірлерден бері адамзаттың даму, өркендеу және кемелдену барысымен біте қайнаса жалғасып келе жатқанын дәлелдейді. Кейбір биохимия және генетика саласы ғалымдары (Rebecca Cann, Mark Stoneking, Douglas Wallace) дүниежүзінің көптеген аймақтарындағы адам нәсілдерінің генетикалық ерекшеліктерін салыстыра отырып, бүгінгі адамзаттың түр-тұқиянында бір атадан тарағаны туралы қорытынды жасаған. АҚШ-тағы Станфорд университеті профессорларынан Луиги Лука Кавалли-Сфорза (Luigi Luca Cavalli-Sforza) және әріптестері 40 жыл бойы дүниежүзіндегі 5 мыңдай тілді зерттей келе, оларды ірілі-ұсақты 17 топқа бөліп, түп негізінде барлық тілдер бір көне тілден тараған деген тұжырымға келген. АҚШ Коломбия университетінен Ральф Солеки (Ralph Solecki) Солтүстік Ирақтағы Шанидар (Shanidar) үңгірінде 1957 жылы жүргізген қазба жұмыстарында табылған заттар осыдан 60 мың жыл бұрын өмір сүрген неандерталь адамдарының діни нанымының болғандығын дәлелдеген (көбірек мәлімет үшін мына еңбекті оқыңыз: Roger Lewin, The Origin of Modern Humans, W.H. Freeman and Co., New York, 1993).
Адамзаттың ойлау деңгейі биіктеген сайын, ғылым-білім саласындағы табыстар көбейіп, өркениет сатысы өрлеген сайын, діннің қоғам өміріндегі рөлі мен маңыздылығы да күшейе берген. Адам баласының дамуы мен діни сана-сезім және қатынастардың да дамуы бірге жүрген десек қате болмас. Көне Мысырдағы перғауындардың ел мен дінді қатар билеуі, Рим императорларының ең биік діни мәнсапқа ие болуы, Үндістанды билеген Ашоканың (м.б. ІІІ ғ.) буддизмді тарату жолындағы қанды жорықтары, христиандардың шармық (крест) жорықтары, пайғамбарлардың ғибратты өмірі зерттелгенде тарихтағы ең елеулі уақиғалардың басы қасында діннің жүргендігі байқалады. Алып мемлекеттердің күйреуі яки пайда болуы, төңкерістер, соғыстар, көштер көбінде не белгілі бір дінді жою үшін немесе белгілі бір дінді орнату яки тарату үшін жасалған. Осы соқтықпалы-соқпақты жолды бастан кешкен адам баласы діннің ең кәміл формасы ретінде исламға қол жеткізді. Миладтан кейінгі VII-ғасырда әз елші Мұхаммед Абдұллаһұлы (569-632) арқылы күллі адамзатқа жіберілген ислам діні Жаратушының жаратылғандарға жіберген ең соңғы һәм ең кәміл өмір сүру, ойлау, сезіну, ұйымдасу және даму жолын ұсынды...
Адам баласы жаратылысындағы оң және теріс қабілеттері, күшті һәм әлсіз жақтары бойынша Жаратушының саф дініне қол сұға отырып, көпшілік жағдайларда дінді бұрмалап, дінге өзгерістер енгізіп, діннің бақилық сипатын фәнилендіріп, ізгілік пен бақытқа жеткізуші арнасын ауыстыруға талпынумен болды. Тарихта болған күрделі уақиғаларды терең зерттегенімізде есі сау адамға қорқынышты яки жиіркенішті көрінуге тиісті көптеген іс-амалдардың «дін үшін» немесе «діншіл» атанған топтың бастамасымен болғандығын көреміз. Еуропадағы инквизация жылдарында (1184-1834) шіркеудің бұйрығымен өлтірілген он мыңдаған ғалымдар, кінәсіз өртелген жүз мыңдаған әйелдер, Америкада еш жазықсыз қырылған миллиондаған үндістер, Африкада құлдыққа әкетілген миллиондаған бейкүнә адамдар т.т. осы пікіріміздің айғағы. Әлемдегі барлық діндер өзінің негізгі формасынан ауытқып, басты мақсатынан ажыратылған тұста діндердің ішінен діндер бөлініп шығып, олардың өзі қырқысып, ондаған, тіпті, жүздеген бағыттарға бөлініп, бүгінгі аса күрделі һәм бақылануы неғайбыл діни ахуал пайда болды. Мұсылмандар да осы фәнилендіру зобалаңының, дінге іріткі салу фитнәсінің қиянатшыл уә жойқын тепкісіне душар болды. Пайғамбарымыздың кезінде бөлінбеген және Құранда «ешқашанда жіктерге бөлінбеңдер!» (Құран, Әли Имран сүресі, 3/103) бұйрығының болғанына қарамастан мұсылмандар бастапқыда саяси топтарға бөлінді, оның арты сенім және құқық қағидалары бойынша жіктелуге ұласты. Осы бөлінудің мұсылмандарға еш жақсылық әкелмегені, әлбетте, белгілі. Алайда, бүгінгі діндер және мәзһәб уә тариқаттардың (конфессиялар уә секталар) пайда болу және қалыптасу тарихын аса мұқияттылықпен зерттеп, талдап, ғибрат алған жөн. Тек қана Аллаһ Тағаланың меншігіндегі «діни алаңға» фәнилердің қол сұғуы жалғасқан сайын, дін ішіндегі бөлінушілік болған сайын, ізгілік пен бақытқа кенелтетін діннің, өкінішке қарай, азап пен адасушылыққа апаратын сипатқа ие болатынына куә боламыз. Осындайда, белгілі философ һәм идеолог Карл Маркстың (1818-1883) «дін – халықтың апиыны» деген мәшһүр сөзі еріксіз еске түседі. Карл Маркстың йаһұди (еврей) жанұяда дүниеге келіп, христиан қоғамда өскендігін ескергенде, оның түсінігіндегі діннің қандай дін екені өздігінен белгілі. Дегенмен, ізгілікке баулитын сипатынан айырылған және фәни пенделерге яки пұттарға құлдық ұруға үгіттейтін діннің шын мәнінде апиын болатыны да даусыз...
Фәнилердің қол сұғуы мен бұрмалауына ұшыраған өзге діндерден исламның басты ерекшелігі һәм артықшылығы – оның негізгі бұлағы Құранның қол сұғушылық пен бұрмалаушылықтан ада болғандығында. Фәнилер қанша тырысқанымен Аллаһ Тағаланың кітабы пайғамбарымызға түсірілген күйінде ғасырлар бойы сафтығын, хақтығын сақтап келеді. Исламға қол сұғушылық Құран аяттарын өзгерту арқылы емес, аяттардың мағыналарын бұрмалау және Құранға жанама бұлақтарды ойлап шығарып, солар арқылы тұрмыстағы дінге жаңалықтар мен өзгерістер енгізу арқылы болған. Бүгін ислам атын жамылып жүрген көптеген ағымдардың өзара тіл табыса алмай жүргені де сондықтан. Оның ішінде, бастапқыда болғанындай, саяси мақсатты көздейтіндер, дінді билікке келудің құралы етіп пайдаланғысы келетіндер, дінді табыс көзіне айналдырғандар мен исламды жойғысы келетін сыртқы күштердің әрекеттері бар екені белгілі. Демек, Аллаһ Тағаланың саф дінін түсіну және мұсылман үмметі ішінде Құранның айқын бұйрықтарына қайшы пайда болған алауыздықты жою үшін жасалатын бір ғана нәрсе бар – Құранға жүгіну және оны басшылыққа алу. Сонда ғана мұсылмандар арасында келісім мен түсіністік пайда болады.
 

Категория: Философия, социология | Добавил: Jahcepik | Теги: діни, АДАСТЫРУШЫ, АҒЫМДАР
Просмотров: 459 | Загрузок: 211 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar