Адольф Дистервегтің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1790-1866) - Философия, социология - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Философия, социология

Адольф Дистервегтің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1790-1866)
[ Скачать с сервера (64.0Kb) ] 02.09.2014, 08:34

Адольф Дистервегтің педагогикалық қызметі мен теориясы.

(1790-1866) 

 

Дистервегтің педагогикалық қызметі мен

ғұмырнамалық деректері.

 

   Немістің ғұлама педагогі Адольф Дистервег ХІХ ғасырдың орта кезіндегі герман буржуазиялық-демократиялық педагогикасының көрнекті прогрессивті өкілі болып табылады. Ол шағын келген өндірістік қала Зиген Вестералияда чиновник-заңгердің жанұясында дүниеге келді. Дистервег оқыған орта мектепте догматикалық оқыту жүйесіне жеккөрушілікпен қарады. 1808 жылы ол Гербон университетіне оқуға түседі, онда математика, философия және история ғылымдарын оқып, одан кейін Тюбинген университетіне ауысып, 1811 жылы толық курсын бітірді және кейінірек философия докторы ғылыми дәрежесін алды.

   Студенттік кезінде Дистерверг Руссоның және Песталоццидің педагогикалық идеяларымен танысты, оның прогрессивтік педагогикалық көзқарасының қалыптасуына шешуші әсер еткен Франкфург-Майнадағы үлгілі мектепте 1813-1818 ж.ж. жұмыс еткен жылдары болды. Онда Песталоццидің шәкірттері мен ізбасарлары жұмыс істеді.

   Песталоццидің демократиялық көзқарасына қалай болса, солай қараған Гербарттан Дистервегтің айырмашылығы алдыңғы қатарлы швейцар педагогінің алдыңғы қатарлы әлеуметтік-педагогикалық көзқарасын өте қызу жақтаушылардың бірі болды.

   Бірнеше жылдан кейін мұғалімдер семинарларының біріне директор болып тағайындалған. Дистервег өзінің тәжірибесінің негізінде қайта қарай отырып, Песталоциидің дидактикалық қағидаларын бірізді насизаттай бастады.

   1827 жылы Дистервег “Тәрбие және білім беру үшін Рейн бетшелері” атты демократиялық журнал шығара бастады. Онда 400 ден аса мақалалар жариялады.

   1832 жылы Дистервег мұғалімдер семинариясының директоры болып, Берлинге ауыстырылды. Онда “Педагогикалық қоғамды” негіздеді. Дистервегтің неміс мұғалімдерін біріктірудегі қызметі осылай басталды. Оның осы қызметі, сонымен қатар оның дін мәселесіндегі еркіндігі (бірақ ол атеист болмады), қарапайым халықты қолдады пруссия өкіметі тарапынан Дистервегті қуғындауға себепші болды.

   Өзінің мақалаларында сол қоғамдағы байлармен кедейлердің қарама-қайшылығын көрсете білді және еңбекшілерді ізгіліктің және адамдарға деген сүйіспеншіліктің негізінде өзара көмектесу үшін бірігуге шақырды. Өзінің қызметі және “чиновниктерге сүйкімсіз” танылған мақалалары үшін Дистервегке сөгіс берілді.

   1835 жылы өз тәжірибесін жинақтаған “Неміс мұғалімдерін ұйымдастыруға басшылық” атты көрнекті еңбегін жариялады. Бұл еңбек екі үлкен бөлімнен тұрады. Бірніші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелері мен дидактиканың негізгі ережелеріне арналған, екінші бөлімі- жеке пәндерді оқыту әдістемесіне. Бұл бөлім белгілі неміс мұғалімдері әдіскерлерінің қатысуымен жазылды. Дистервегтің белгілі еңбегі көптеген жылдар бойы алдыңғы қатарлы неміс мұғалімдерін халыққа білім беру үшін күресте қаруландырды. Бұл кітаптан оның байқалған Дистервегтің көзқарасы ресми педагогиканың ұстанымымен сәйкес келмеді: ол өзбетімен ойлай білетін, белсенді азаматтарды тәрбиелеуді талап етті. Оның барлық кейінгі жарық көрген еңбектері (мақалалары, әдістемелік басшылықтары, халық мектебі үшін оқулықтары) осы көзқарасты айқын білдіреді.

   ХІХ ғасырдың орта кезінде педагог-демократтың пруссия өкіметі тарапынан оның ізіне түсу бірден бірге күшие түсті. 1847 жылы мұғалімдер семинариясы директоры қызметінен босатты.

   1848 жылы революция кезінде Дистервег жаңадан ұйымдасқан “Барлық жалпы неміс мұғалімдері одағының” төрағасы болады және мектепті реформалау бойынша ұсыныстар жасайды. Ол мектепті шіркеуден бөлуді және балаларды жалпыға бірдей оқытумен қамтамасыз етуді, “жалыпадамзаттық”, азаматтың және ұлттық тәрбиені іске асыруды талап етті.

   Революция басылғаннан кейін Дистервегті біржола шығарып жіберді. Бірақ Дистервег өз мақалаларында мектепті шіркеудің бақылауынан азат етуді талап етті, ол мұғалімдерді жалған беделге бағынудан адам етуге шақырды. Ол “тек ғана ерікті, дербес адам басқаны еркіндік және дербестік үшін тәрюиелей алады” деп дәлелдеді.

   Дистервег халық мектептері мен мұғалімдер семинарлыра туралы 1854 жылы реакциялық заңдар-ережелер бастауыш білім беру мен мұғалім даярлаудың жалпы ғылыми, жалып білім беретін деңгейін біршама шектегендігін, шіркеулердің ролін арттырғанын, алдыңғы қатарлы әдістемеге тиым салғандығын дәлелдеді. Нағыз реакцияның күшейген кезінде осылай тікелей және ашық қарсылық білдіру орасан зор азаматтық қажырлықты қажет етті.

   Халықтың арасында Дистервегтің беделі арта түсті. 1858 жылы ол депутаттар палатасына сайланды және онда өзінің белсенді күресін әрі қарай жалғастырды: өзінің кейбір парламенттік сөздерінде ол “ережелердің” зияндылығын дәлелдеді, діни тестілерді құрғақ жаттау балаларды топастыққа алып келетіндігін атап көрсетті.

   Дистервегтің сөйлеген сөздері неміс мұғалімдеріне ерекше әсер етіп ғана қойған жоқ, сонымен қатар оны орыстың алдыңғы қатарлы қайраткерлері де қолдап, ерекше үн қосты.

   “Неміс мұғалімдерінің мұғалімі” атанған ғұлама педагог-демократ 1866 жылы қайтыс болды.

 

 

Дистервегтің педагогикалық жүйесінің негізгі қағидалары.

 

 

   Дистервег жалыпадамзаттың тәрбе идеясын жоқтады. Ол педагогикалық проблемаларды шешуде сословиялық және шивинистік көзқарасқа қарсы күресті. Бұл талаптың дерексіздік сипатына қарамастан, бұл идея сол кезде өте қажет болды, себебі пруссия өкіметі дін мен монархизмге негізделген тар көлемдегі ескі сословиялық тәрбиені насихаттады.

   Мектептің міндеті, деп көрсетті Дистервег, ізгілікті адамдарды және саналы азаматтарды тәрбиелеу, ал “нағыз пруссиялықтар” емес. Адамзатқа және өз халықына сүйіспеншілік адамдарда тығыз бірлікте дамуы қажет деп көрсетті. “Адам – менің атым, неміс- менің есімім”, - деп жазды.

   Тәрбиенің негізгі қағидасы Песталоцциден кейін Дистервег табиғатқа сәйкестік деп көрсетті. Оның қарастыруына тәрбиенің табиғатқа сәйкестігі -  бұл адамның шәкірттердің жас және дара ерекшеліктерін ескеріп отыруды айтады. Ол мұғалімдерді баланың зейінінің, есінің, ойлауының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп отыруға шақырды; ол психологияда “тәрбие туралы ғылымның негізін” көре білді. Дистервегтің ерекше еңбегінің бірі педагогиканың дамуының қайнар көзі болып табылатын педагогикалық тәжірибеге оның қатынасы. Дистервег балаларды тәрбилеу тәжірибесін және педагогикалық еңбектің шеберлерінің жұмысын зерттеудің қажеттігіне ерекше көңіл бөліп отырады.

   Табиғатқа сәйкестік қағидасына қосымша ретінде Дистервег тәрбие мәдени сипатқа сәйкес болу керек деген талаптар қойды. Ол “тәрбиеде адамның туған және өмір сүретін орны мен жағдайы еске алыну қажет, бір сөзбен айтқанда, сөздің кең мағынасында, бүкіл қазіргі мәдениет,”- деп жазды.

   Негізгі міндет- балада адамдық қасиеттерді дамыту.

   Ол тәрбиенің ең жоғарғы мақсаты “дербестікті дамыту, ол шындыққа, сұлулыққа және жақсылыққа жұмыс істеуі қажет” деп көрсетті. Сонымен қатар оның Гербарттан айырмашылығы ол шындық, жақсылық және сұлулық тарихи өзгеріп отыратын ұғымдар болып табылады деді. “Шындық,- Дистервегтің айтуынша,- адамзатпен бірге мәңгілік қозғалыста болады”.

   Адамның дамуында Дистервег үш сатыны көре білді: біріншіден, түйсіктердің үстемдік ету сатысы; екіншіден, ес сатысы немесе елестетулердің жиынтығы; үшіншіден, ақылдың сатысы.  Дистервег балалардың жас ерекшеліктерін ескеру негізінде оқытуды дұрыс ұйымдастыруға ұмтылу “баланың табиғи нышандарын” асыра бағалаумен, оның пікірінше, табиғатынан қаланған ұштасып келеді.

   Оның баланың дамуы туралы ойлары прогрессивтік педагогикалық теорияға қосылған елеулі үлес болып табылады.

 

Категория: Философия, социология | Добавил: Jahcepik | Теги: Мен, қызметі, педагогикалық, (1790-1866), теориясы., Дистервегтің, Адольф
Просмотров: 462 | Загрузок: 170 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar