Қайта өрлеу дәуірінің философиясы - Философия, социология - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Философия, социология

Қайта өрлеу дәуірінің философиясы
[ Скачать с сервера (54.3Kb) ] 26.01.2013, 19:24
Қайта өрлеу философиясының ерекшелігі.

Қайта Өркендеу дәуірі философиясы мен мәдениетінің пайда болуы мен қалыптасуының алғы шарттары:

0 енбек құралдары мен өндіріс қатынастарының дамуы, капиталиста қатынастардың пайда болып, феодализмнің дағдарысқа ұшырауы;

0 сауда мен кәсіптің дамып қалалардың өркендеуі, феодалдар мен Шіркеуден тәуелсіз мәдени, саяси орталықтардың пайда бола бастауы;

0 ұлы жағрапиялык жаңалықтар (Колумб, Васко да Гама, Магеллан);

0 ғылыми-техникалык жаңалықтар (қару-жарақ, оқ-дәрі, домен пеші, микроскоп, телескоп, кітап басу, медицина, астрономия, космология және т.б.);

0 ұлттық мемлекеттердің пайда болуы, абсолюттік монархияның үстем болуы;

0 ұлттық әдеби тілдердің қалыптасуы;

0 ІІІіркеу мен схоластикалык философияның дағдарысы, Еуропада сауаттылық деңгейінің өсуі.

Қайта Өрлеу Заманы философиясының негізгі идеялары мен белгілері:

0 антикалық, классикалық дәстүрді қайта жаңғырту;

0 мәдениеттегі өтпелі кезең, мәдениеттің гүлденуі, дамуы;

0 гуманизм принципін айқындау-адамның шығармашылыққа, еркіндікке, бақытка деген кұкын анықтай бастау;

0 антропоцентризмнің дамуы, адамның өз табиғатына қайта оралуы;

0 пантеизм-Құдай мен табиғатты, табиғат пен адамды барабарлықта қарастыру;

0 аристотелизм, платонизм, стоикалык және Эпикурлық фило-софиясы ойларының модификациясы;

0 дүниені ғылыми, жаратылыстану ілімдері тұрғысынан тану элементтерінің пайда болуы (гелиоцентризм, әлемнің шексіздігі, анатомиялық білім және т.б.);

0 Реформация философиясы - католицизмді реформациялау, шіркеуді демократияландыру; Құдай, шіркеу және дінге сенушілер арасында әділеттілікті орнату мақсат болды;

0 индивидуализмнің үстем болуы, әлеуметтік теңдік идеясының кең тарауы;

0 әлеуметтік мәселелерге, қоғам мен мемлекет мәселелеріне қызығушылық таныта бастау;

0 философиялық ойлаудың антифеодалдык, антисхоластикалық және антитеологиялық үрдісі.

Қайта Өркендеу дәуірі философиясының негізгі багыттары:

0 гуманистік;

0 неоплатондық;

0 натурфилософияшылдық;

0 реформациялык,;

0 саяси;

0 сопиалистік- утопиялық.

Соңғы үш ағымды «әлеуметтік - саяси бағыттар» деп атауға болады.

Гуманистік бағыт XIV ғ.-XV ғ. орта шені, оның орталығы Италия болды. Гуманизмнің негізгі сипаты:

0 адам тағлымы, оның ұлылығы мен құдіреті; ,

0 антишіркеулік және антисхоластикалық бағыттылығы;

0 ортағасырлық Құдай, теоцентрлік көзқарастан адамның өзіндік құндылығы, адами, антропологиялық зерделеуге өту;

0 антропоцентризм, адамгершілікті дәріптеу, өмірлік оптимизм;

0 гуманистік философия көркем формаға, әдебиетке жакын болды.

Көрнекті философ - гуманистер сонымен бірге ақын жазушылар болды.

Данте Алигьери (1265-1321)- ортағасырдың соңғы және сонымен бірге Жаңа заманның бірінші ақыны. Шығармаларын италиян тілінде жазды. Атақты шығармалары: «Құдіретті комедия» (Тозақ, Арылу, Жұмақ),

«Той», «Жаңа өмір». Өз шығармаларында Данте:

0 христиандықты дәріптеді, бірақ оның қайшылықтары мен догматтарын астарлы сынға алды;

0 адамды мадақтады;

0 адамды құдай жаратылым деуден алшақтай берді;

0 адамды құдай және табиғи бастамалардың гармониялық үйлесімдігі деп ұғыну;

0 адамның бақытты болашағына сенім, адам табиғатының ізгіліктігін дәріптеу.

Франческо Петрарка (1304-1374) - бірінші гуманист, жаңа еуропалық лириканы жасаушы. Шығармалары: «Өлеңдер кітабы», «Менің құпиям».

0 адам өмірге бір-ақ рет келеді, өмір - жайсаң;

0 адам Құдай үшін емес, өзі үшін өмір сүруі керек;

0 адам табиғи, әрі рухани тұрғыда еркін болуы тиіс;

0 адам өз-өзіне, өз күшіне сүйене отырып, бақытқа жете алады;

0 о дүниелік өмір жоқ, адам тек адамзат жадында мәңгілікте қалады;

0 адамның ішкі дүниесі мен сырт бейнесінің сұлулығының гармониясы.

Лоренцо Валла (1507-1557) - «Ақиқи игілік тұрғысындағы ләзаттану туралы» деген трактаттың авторы.

0 Шіркеуді терістеді, схоластиканы жасандылығы үшін сынады;

0 адам мүмкіншілігі мен парасатына сенді;

0 адам мәселесін жете зерттеді, оны әлем орталығы деп ұғынды;

0 әйел мен еркек теңдігін жақтады;

0 белсенді іс- әрекетке, күреске, дүниені өзгертуге шақырды;
Категория: Философия, социология | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: дәуірінің, өрлеу, Қайта, философиясы
Просмотров: 5520 | Загрузок: 1306 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar