Космоновтика ғылымына үлес қосқандар. - Физика, астрономия - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » Физика, астрономия

Космоновтика ғылымына үлес қосқандар.
22.06.2013, 21:33
Жоспар:

Кіріспе бөлім.

Космонавтика ғылымына  қысқаша шолу.

Негізгі  бөлім.

1.Э.К.Циолковский- космонавтиканың  негізін  қалаушы.

2.Ю.А.Гагарин- ғарышқа  тұңғыш  ұшқан  полковник.                     

3.Қазақтың қос ғарышкері- Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев.

Қорытынды бөлім.       

Байқоңыр  ғарышжайы.

























  Космонавтика ғылымына  қысқаша шолу.

      Космонавтика,ғарышқа ұшу- ғарыш  кеңістігіне ұшу; жерден басқарылып ұшатын әр түрлі ғарыштық аппараттарды пайдаланып,ғарыштық кеңістікті игеруді қамтамасыз ететін  ғылым және техника салаларының жиынтығы. Космонавтика мәселелеріне :ұшу теориясы,траекторияны  есептеу ,т.б ғылыми техникалық  мәселелер –ракета тасығыштарды , т.б  құрастыру; медициналық-биологиялық  мәселелері; ғарыштық  кеңістікті  игерудің  халықаралық құқықтық  мәселелерін реттеу  жатады. Ғарыштық дәуірдің басы- 1957жылдың 4-қазанынан басталды.Бұл күні  бұрынғы  КСРО-да дүние  жүзіндегі ең  тұңғыш  Жердің  жасанды серігі  ұшырылды.

              Э.К.Циолковский- космонавтиканың  негізін  қалаушы.

      Циолковский Константин Эдуардович- осы  заманғы космонавтика  мен  ракеталық техниканың  негізін қалаған  ғалым.Ол 1857жылы Рязань  түбегіндегі  Ижевск  селосында  дүниеге  келді. Әкесі орманшы  болған.  Жас кезінде тамақ  ауруымен    науқастанып,біржолата есту  қабілетінен  айрылған болатын.Құлағы  естімегендіктен  ол гимназияда  оқи  алмайды  да, білімін  өз бетімен  жетілдіреді. Оның  отбасы  үлкен  болғанымен  жұпыны тұрды.  Калугадағы  музей-үйіне  барған  кісілер  оның  қарапайым  ғана жұмыс  бөлмесімен , ғылымның өзіне қажетті  толып  жатқан  модельдер мен  құрал-саймандар  әзірлеген  шеберханасымен  танысады. Үй шатырын  ол обсерватория  етіп  пайдаланады. Ол төбеге  орнатылған  шағын  дүрбі  арқылы  Күн мен Айға , жұлдыздар  мен  планеталарға  бақылау жасады.  1880жылдан  Боровскідегі  уездік  училищеде  математика және  физика  пәндерінен  сабақ  берді. 1885жылдан  басқармалы  тұтас  металл дирижабльді ,  металл  қаңқалы (каркасты) ұшақ-монопланды  жобалаумен  әрі  олардың  теориялық  мәселелерімен айналысты. 1897жылы Ресеейде  тұңғыш  рет  аэродинамикалық  құбырды жасап,  қарапайым   модельдерді  сынаудан  өткізді. Бірақ Циолковскийдің  техникалық идеалары  патшалық Ресейде  жүзеге  аспады. Қазан  төңкерісінен кейін оның  еңбектері  Кеңес  өкіметі тарапынан  жан-жақты  қолдау  тапты. Циолковскийдің  негізгі  ғылыми еңбектері реактивті  қозғалысқа, космонавтиканы  және  ракета  жасауды  дамытудың ең тиімді  жолдарын  анықтауға, көпсатылы  ракета  түрін  жасауға , ракеталық отын  түрлеріне , сұйық  отынды  ракеталық қозғалтқыш  мәселесіне,  планетааралық  қатынастың  дамуына  арналған. 1903-жылы  ұлы  ғалым  өзінің «Әлем  кеңістіктерін реактивтік  құралдармен  зерттеу» деген мақаласында планетааралық ұшулардың мүмкіндігін дүние жүзінде  алғаш  рет ғылыми тұрғыда дәлелдеп берді.

.

К.Э.Циолковский

1924-жылы Циолковскийге  Н.Е.Жуковский атындағы Әуе  флоты  академиясының  құрметті  профессоры  атағы  берілген. КСРОҒАпланетааралық  қатынас  саласындағы  үздік  еңбектері  үшін  берілген К.Э.Циолковский   атындағы  Алтын  медалін  белгіледі. Айдың  көрінбейтін  жағындағы кратердің  бірі Циолковский  есімімен  аталады.

         Ю.А.Гагарин- ғарышқа  тұңғыш  ұшқан  полковник.

      Гагарин Юрий Алексеевич (09.09.1934ж, Ресей, Смоленск обл. Гагарин ауд. Клушино с.- 27.03.1968ж, Мәскеу)-ғарышқа  алғаш  ұшқан  адам, полковнмк (1963ж), Кеңес одағының батыры (1961ж). 1951-жылы  Мәскеу  маңындағы Люберцы қаласындағы  қолөнер училищесін, 1955-жылы Саратов индустрия  техникумын  бітірді. 1955-жылдан Кеңес  армиясы  қатарында бірінші Чкалов  әскери- авиациялық  ұшқыштар училищесін бітіргеннен (1957ж)  кейін Солт. Флоттың  жойғыш  авияциялық бөлімдерінде қызмет  етті. 1960-жылы  ғарышкерлер қатарына  алынды. 1961жылдан  ғарышкерлер отрядының  командирі болды. 1961-жылы 12-сәуірде  тарихта  тұңғыш  рет «Восток» ғарыш  кемесімен  Байқоңыр ғарыш  алаңынан  ғарышқа  ұшты. Ол Жерді айналып  ұшып, 1сағ 48мин –тан  кейін  ол ұшқыш- ғарышкер  ретінде  өзінің  ұшу  шеберлігін  жетілдіріп, ғарышкерлерді үйретіп-жаттықтыру ісіне тікелей араласты. 

       Қазақтың қос ғарышкері- Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев.

Қазақтың  тұңғыш ғарышкері-Тоқтар Әубәкіров. Ол 1946-жылы 27-шілдеде  Қарағанды  облысы , Қарқаралы ауданы,  Бірінші май аулында дүниеге  келген.  Оған 1998-жылы Технология ғылымдарының докторы, 1997-жылы профессор, 1990-жылы Кеңес одағының  еңбек  сіңірген  ұшқыш-сынақшысы, 1992-жылы авиция генерал- майоры , 1988-жылы Кеңес одағының  батыры, 1995-жылы  Қазақстан  республикасының халық қаһарманы деген атақ берілді. 1962-65 жылы Теміртау  құйма  механикалық  зауытының токары  болды, есімі  облыстық Құрмет  кітабына  алтын әріппен  жазылды(1964ж).Тоқтар Әубәкіровтің  ғарышқа  сапар ь шегуі  Қазақстан Республикасының  егемендік  алуына  байланысты 1991-жылы  жүзеге асырылған  болатын.

       Талғат Мұсабаев- Байқоңыр ғарышжайынан үш  рет  ғарышқа  сапар  шегіп(1994,1998,2001),Ресей мен Қазақстанның ғылыми бағдарламасы  бойынша  тәжірибелер мен  зерттеулер  ьжүргізді.  Ашық  ғарыш  кеңістігіне  шығудың  небір  қиындықтарын  өз әрәптестерімен  бірге  жеңе  білді.

        Байқоңыр  ғарышжайы.

     Байқоңыр –ғарыш алаңы.  Қызылорда  облысы Қарақшы ауданы аумағында  орналасқан. Іргесі 1955 жылы қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды  таңдап алу  кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық  болуы, экватор жазықтығына жақын дығы, ракета ұшырудың  қауіпсіздігі, қайтып  оралатын ғарыштық  нысандар үшін  қолайлы қону  аймақтарының болуы, т.б факторларескерілді. Байқоңырдың  басты және  көмекші  нысандары  мен қызмет  ету  орындары  кең  аймақта  орналасқан, олар бір-бірімен автомиль жолдары және теміржолдары арқылы  байланысқан.              

 

Байқоңыр –ғарыш алаңы.                                            







































Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Физика және астрономия: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық.2-басп./Алматы: «Мектеп» баспасы,2009

2. «Қазақстан»ұлт. Энциклопедиясы.Бас редакторы- Ә.Нысанбаев.-Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы,1999. 720бет. 597-бетте.

3.«Дүниетану»Жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған оқулық/-Алматы;Атамұра, 2004.-168беттік.

 

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Физика, астрономия | Добавил: Жадыра
Просмотров: 1970 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar