Ағылшындардың салт-дәстүрлері мен мерекелері - География - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » География

Ағылшындардың салт-дәстүрлері мен мерекелері
[ Скачать с сервера (18.5Kb) ] 22.06.2013, 21:06
Тақырыбы:  Ағылшындардың салт-дәстүрлері мен мерекелері

Жоспар:

І.Кіріспе бөлім Ағылшындар мәдениетіне шолу.
ІІ.Негізгі бөлім Ағылшындардың салт-дәстүрлері мен мерекелері:
  1.Ағылшындардың салт-дәстүрлері
  2.Ағылшындардың ұлттық мерекелері
ІІІ.Қорытынды бөлім  Ағылшындардың салт-дәстүрлерінің, мерекелерінің  маңыздылығы, ерекшелігі


Ағылшындар мәдениетіне шолу.

   Англия (англ. England) - өте мықты, тарихи

   Англия- көп ғасырлар бойы сақталған ескі, таңғаларлық және қызықты дәстүрлерге  бай ел.  Англия  Ұлыбританияның  83%-ын құрайды. Англияның астанасы - Лондон қаласы.

   Ағылшындықтар  өздерінің ағылшын тілінде таза сөйлейтіндерін мақтан тұтады. Кейде өздерін шала ағылшынша сөйлейтін американдықтармен салыстырады. Ағылшындықтар үшін ағылшын тілі- қоғамдық ортада адамдармен қарым- қатынастарда өз пікірін ашық айту тәсілі.

   Ағылшындықтар салты бойынша қарым-қатынас жасап отырған адамның ойын бөлмеу, сөйлесіп отырған адам сөзіне құрметпен қарау керек. Ағылшындықтардан "мүмкін", "маған солай секілді", "мен ойлаймын..." деген  сөздерді сөйлесу барысында жиі естиміз. Бұл - сыпайылықтың белгісі.

  Ағылшындықтар адамдарды жасының үлкендігіне қарап құрметтеп қана қоймайды.Сонымен бірге адамдардың сезімінің жоғарылығына қарап құрметтейді. Ағылшындар  бірін- бірі ұнатып жатса  некелесуге асықпай-ақ жай ғана бірге өмір сүріп көреді. Егер осы аралықта бірін- бірі  жете танып, түсінісіп жатса некелерін уақыты келгенде қидырады. Ал түсініспеушіліктер болып жатса екіге бөлініп кете береді. Мұның нәтижесі ажырасып кетуден, сәтсіз отбасы атамнудан сақтанатындығы  екен.

Ағылшындардың салт-дәстүрлері

    Англия ұлттық дәстүрге, әсіресе ұлттық киімдерге бай ел. Ағылшындардың ең танымал киімі- ауылдық жерлерде жаз мезгілінде  билейтін моррис атты би киімі. Бұл киімді тігудің кейбір ерекшеліктер бар. Негізінен  бұл би жерге қатысты магиялық  белгімен байланысты.

  Ағылшындықтар "Ескі- демек сенімді. Ескі сөзі күмәнсіздікті білдіреді. Жаңа ой- күдікті, жаңа технология- сенімсіз." деп есептейді.Ағылшындардың неше мың  жыл бұрынғы салт-дәстүрлері әлі күнге дейін сақталған. Оның дәлелі ағылшындықтар әлі күнге дейін тойды ескі дәстүр бойынша өткізеді.

    Некенің алдында атастыру (яғни уәделесу) көптеген елдерде орындалады. Англияда атастыру рәсімі  алдында   күйеу жігіт  пен   келінге әр түрлі сынақтар жүргізіледі.Атап айтар болсақ, жігіт қыз айтқан, қалаған нәрсенің барлығын орындайды. Ал келін болса бір қолымен ескі сандықтың қақпағын ұстау қажет.

     Ағылшындықтарда тағы бір қызықты мынандай салт-дәстүр бар. Тойға келіннің 10 құрбысы мен  күйеу жігіттің 10 құрдасы міндетті түрде күйеу жігіт пен қалыңдық киімін киіп шығады.  Яғни ағылшындықтардың діни- сенімі бойынша, жаман ниетті жын шайтан 10 жұп  ішінен нағыз күйеу жігіт пен қалыңдықты таба алмайды және  өз жаман ниетін жүзеге асыра алмайды екен.  ХVІІ ғасырда тойларда қалыңдық әртүрлі түстердегі киімді киетін болған. Ал Англия ханшайымы Виктория алғаш рет тойға ақ көйлек киген. Содан бастап ақ көйлек кию дәстүрлі түрде жалғасқан. Ақ көйлек пәктікті, тазалықты білдіреді.

  Қалыңдыққа орындауға тиісті міндеттер:

   - Қандай бағада болса да қарызға алынған нәрсенің өтемі тойдан кейін міндетті түрде қайтарылуы тиіс.

   - Дәстүр бойынша қалыңдыққа сыйланатын сыйлық жаңа болу қажет. Ол жаңа отбасының жаңаша бақытын білдіреді.

  -Жаңа түскен келіннің үстінде көгілдір түсті бірнәрсе болуы қажет.Көгілдір түс риясыздықты білдіреді.

    Ағылшындықтар мамыр айы - нағыз отау құруға ыңғайлы, қолайлы, жайлы ай   деп есептейді. Осы айда отау құрған  екі  жас бақытты, ғұмырлары  ұзақ  болады деп сенген.

   Ағылшындықтар шай ішуді, әсіресе сүт қосып  ішкенді жақсы көреді.Ағылшындықтар үшін шай ішу "тек қана ішіп алып, жұмысқа жүгіру"  емес. Оларда   шайды ерекше ниетпен ішу ертеректен бері бар. Шайды ішіп отырып армандарын,  болған жақсы жәйттарды еске алып, ерекше көңілмен ішеді екен.  Ағылшындарда   тіпті шай  ішу дәстүр болып  табылады.

  Ағылшындарда ең көне әрі қоғамдық дәстүрі"чаепитие"(қазақша баламасы- шай ішу)   деп аталады. Бұл дәстүр ерекше құрметпен орындалады, шығыс елдерінен кем емес. Бұл жақта үнді шайы мен қытайдың ұсақ дәрежедегі  шайы  көп қолданылады. Ал өздерінен шығатын өте  ерекше  аралас шайды жолға шыққанда, таза ауаға,  серуенге шыққанда өздерімен алып шығады. Шайды  таңғы аста, жұмыста, үйге келген кезде  ішеді, бірақ кешкі астан кейін шай ішуге болмайды.

         Ағылшындықтардың үйдің жанына бау-бақша отырғызуы да олардың тағы бір ерекше дәстүрі болып табылады. Ол кезде ағылшындықтар аула ішін өте әдемі, өте таза, әртүрлі  көкөніс, гүлзарлармен безендіру де олардың өте жақсы дәстүрі болып келеді. Тіпті талапқа сай өте әдемі  бау- бақшалар конкурсы да  болып тұрады. Конкурста жеңген жеңімпаз өзін өте таза, ұлттық салт-дәстүрді өте қатты сыйлайтын ағылшынмын деп есептейді.

       Ағылшындарға  тән  тағы бір ерекше дәстүр-  өз балаларына өте жақсы, сіңімді білім беру. Ағылшындар балаларын көбінесе ақшалы оқуға, әсіресе қыздарды бір бөлек, ер балаларды  бір бөлек оқытатын мектептерге  беруді жөн санайды(балалдың білімді болғаны дұрыс деп есептейді).

   Ағылшындар дәстүрі бойынша, түскі асқа ерекше киім кию міндетті емес. Күндізгі киіп жүрген киімімен жүре беруіне болады. Мыс, джинсы, футболка, т.б.

     Ағылшындарда хан отбасы қатысуымен болатын  тағы бір дәстүр бар.Бұл дәстүр  1605 жылдан бастау алады.Әдетте бұл дәстүр қазан- қараша айларында өткізіледі.

    Одан бөлек тағы бір дәстүрі сонау ХІІІ ғасырдан бері келе жатқан монархиялық қайырымдылық шарасы ұйымдастырылады. Бұл көбінесе  ғибадатханаларда, мешіттерде зейнеткерлерге ақша беру, қиыншылықта өмір сүріп жатқан жандарға қол ұшын берумен басталады.   Деректерге сүйенер болсақ,  ХІІІ ғасырдың өзінде кароль кедей және ауру жандарға киім мен тамақ берген.

Ағылшындар ұлттық  мерекелері  

Ағылшындарың ерекше мерекесі - Рождества мерекесі.   Ағылшындардың  салттары  бойынша, Рождества кезінде үй  ішін әдемі бұйымдармен безендіреді. Ескі дәстүр бойынша үйдің барлық терезелеріне шырағдан қойылады, сондықтан бұл түн  "шырағдан түні" деп те аталады.    

   Ұлыбританияда  "Рождества- әкеден" сыйлық сұрауға болады. Яғни өзінің арман еткен затын, болмаса, өзінің не тілейтінін хатқа жазып, оны тасқа байлайды да лақтырып жібереді. Ескі діни-сенімдер бойынша, ол хатты Рождества-әкенің өзі алып, қалағанын береді екен.  Бұл мереке уақытында ағылшындықтар бір- біріне, бірдей бағаға сыйлық сыйлауына  болады. Жеребе тастау арқылы бір адам есімін суырып алады да сол адамға арнайы сыйлық жасауға кіріседі. Рождества алдында өзін сыйлайтын әрбір адам барынша барлық жақындарына, таныстарына ашық хат арқылы ол адамға не тілейтіндігін жазып, сыйлайды екен. Ағылшындықтар үшін Рождества мерекесі "отбасы мерекесі" деп есептелінеді. Сол күні басқа үйге қонаққа баруға баруға болмайды, бірақ  басқа отбасылармен бірігіп, жаңа жылды мейрамханада қарсы алуларына да болады екен.

Католиктік Рождества мерекесінің өткізілу уақыты:

   Желтоқсан айының 24-күнінің 25-іне қараған түні  Рождества Христова түнін тойлайды. Рождества Христова- христиандық маңызды мерекелердің бір түрі және 145 ел жыл сайын тойлайтын ерекше мереке.  Желтоқсан айының  26 сы күні- әулие   Стефанды еске алу  күні. Желтоқсан айының  27 сі күні- Иоанна Богослованы  еске алу күні. 28- желтоқсан Вифлемскті еске алу күні( Бұл күні әулие бүлдіршіндерге ерекше ықыласы ауады ) . 29 және 30 желтоқсан күндері Иисусты, Марияны, Иосифты еске алады екен. Рождества күні (31желтоқсан күні) сағат тілі 12 ге жақындағанда үй қожайыны есікті ашып  тұрады. Сағат тілі 12-ге жеткенше есікті ашып Жаңа жылды күтеді. Бұл ескі жылды шығарып салғанның, Жаңа  жылды  қарсы  алғанның  белгісі екен.  1қаңтар күні Рождестваны тойлау аяқталады.

  Хеллоуин(өте қорқынышты)- ағылшындардың балаларға арнап жасалатын мейрамы. Хеллоуин -қазан айының соңғы күні өткізілетін Валентин күні. АҚШ-та       Рождестводан кейінгі тұрған, халық жаппай тойлайтын мереке. Көп жылдар бойы Ирландия мен Шотландия дін қызметкерлері осы мерекені тойлатқан. ХІХғасырда Ирландия мен Шотландия имигранттары бұл мерекені Америкаға әкелді. Мерекенің басты белгісі- мұрны, көзі, аузы ойылған асқабақ. Бұл мереке түнде өткізіледі, себебі американдықтардың ойынша сол түні шайтандар мен перілер келеді деп сенген. Қорыққандықтан өздері де әртүрлі киімдерге киініп, бет- ауыздарын бояп, перілер мен  шайтандарды алдап соғуға тырысады. Алғашында бұл мереке балалар арасында өткізілетін. Уақыт өте үлкендерде мерекеге қызығып қатыса бастады. Мысалы :Нью-Йорк те үлкен-кішісі көшеде өткізілетін парадтарға қатысады.Барлығы жын-перілер, мыстандар, сиқыршылардың киімін киіп қолдарына асқабақ ұстайды. Және бұл парад  таң атанға дейін жалғасады. Америкада  бұл күнге таяу уақыттары конфеттер және де корнавальдық киімдер сатылымға шығады, мұндағы ең көп тұтынушы европалық отбасылар болып табылады.

Хеллоуин мейрамының тарихы 

  Христиандық дәуірге дейінгі кезеңде  қазіргі Англия мен Ирландияның, сондай-ақ Франция аумағында кельт атты жұрт өмір сүрген. Кельттердің жыл санауы қыс және жаз  болып екі бөліктен тұратын. Олар Күнді өздерінің жоғары құдайы деп санайтын.Олардың түсінігі бойынша, Күн қыс мезгілінде өлілердің патшасы Самхейннің (Самайн) тұтқынында болады-мыс. Тура 31қазан күні (біздің жылсанау бойынша) кельттер өздерінің Самхейн деп аталатын ең үлкен мейрамдарын тойлайды екен. Бұл мейрам күзгі өнімді жинау науқанының аяқталатынын және ескі жыл бітіп, жаңа жылдың басталуын білдіретіндіктен, ерекше мәнге ие еді. Сонымен бірге Самхейн қатал қыстың басталуын білдіреді. Бұл күні мазасыз әруақтар мен сиқырлы тіршілік иелері біздің әлемімізге өтеді деп сенетін. Сондықтанда кельттер әруақтар сияқты киініп алып, арғы беттен келетін тылсым күштерді тыныштандыру үшін, әр үйге барып тамақ сұрап жүретін болған. Сондай-ақ әр түрлі бал ашулар өткізілетін. Мысалы, жастар қосақталып отырып,ұзын пішіндісі -еркек, ал дөңгелектеу келгені әйел деп есептеп, шырмауық жапырақтарын жанып жатқан отқа лақтыратын болған. Алаудың екпініндегі жапырақтар, бір-біріне жабысатын болса, жақында той боларын, ал екі жаққа ұшып кетсе , айырылысуды білдіреді деп есептеген. Аңызға сенсек, ішіне жанып тұрған шырағдандар орнату арқылы асқабақтан қорқынышты шамдар жасауды ирландиялық ұста Джек ойлап тапқан. Ол осы шамдары арқылы шайтанды екі рет алдап, одан өз өміріне қастандық жасамайтыны туралы уәдесін алған-мыс. Бірақ та кінәлары үшін ол жұмаққа жіберілмеген және ол шоқ болып жанған көмірді жел тиіп қалмау үшін  бос асқабаққа салып,өз жолын жарық ете отырып, ақырзаман келгенше жер бетін кезіп жүру керек болған. ХІХғасырда Ирландия мен Шотландия имигранттары бұл мерекені Америкаға әкелді.Тек өткен ғасырдың 1920жылы Нью-Йорк пен Лос-Анджелес қалаларында алғаш рет ресми тойланды.Келе -келе Хеллоуинде ағаштарды өртеу, шамдарды сындыру секілді ұсақ бұзақылықтар сәнге айнала бастады. 1950 жылдардан бастап Хеллоуин коммерцилық тұрғыдан пайда әкеле бастады.Костюмдер, әшекейлер, ашықхаттар және басқа да заттар өте жоғары сұраныстарға ие бола бастады. АҚШ пе Канадада тойланып келген жаңаша сипаттағы Хеллоуин бүгінде Еуропа мен басқа да құрлықтарға қанатын жая бастады.

   Ағылшындардың салт-дәстүрлерінің, мерекелерінің  маңыздылығы, ерекшелігі.

  Ағылшындардың салт- дәстүрлерінің ерекшелігі -  сыпайы,  ескі, көңілді  және жағымды.Қазіргі заманда ескі салт-дәстүрді сақтап жүрген елдер кемде-кем. Ағылшындықтардың барынша балаларына жақсы білім беруге тырысу көңілге қонымды.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Merriam -Webster's  ensyclopedia of world Religions (1999).

2.http www hallowen com

3 http www aif ru
Категория: География | Добавил: Жадыра
Просмотров: 8656 | Загрузок: 394 | Рейтинг: 3.5/2
Всего комментариев: 0
avatar