Қапшағай су қоймасындағы өсімдік қоректі балықтардың қазіргі жағдайы - География - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » География

Қапшағай су қоймасындағы өсімдік қоректі балықтардың қазіргі жағдайы
07.11.2014, 00:24

Материалдар мен әдістемелер. Мақала 2013 жылғы (күз, қыс және көктем) Қапшағай суқоймасында жүргізілген ғылыми – зерттеу жұмыстары мен әдебиет көздерін ескере отырып жазылды. Зерттеу жұмыстары Қапшағай су қоймасының сыртқы және инкубациялық цехта жүргізілді. Балықтарды аулау үшін тор көздері 20,24,30, 50,60,70,80,90,100 мм және әрбір аудың ұзындығы 25 м болатын құрма аудың көмегімен ауланады. Ауланған балықтардың систематикалық анықтаулар жүргізілді. Зерттеу жұмыстары Правдин И.Ф.(Руководство по изучению рыб) әдістемесі бойынша жүрзгізілді.

Зерттеу нәтижелері. Қапшағай су қоймасындағы жүргізілген далалық зерттеу жұмыстары кезінде жалпы саны 546 дана балықтар жиналды. Әрбір станцияға құрма ау түні бойы құрылды, жалпы уақыты 12 сағатты құрады. Аулау ауа райына қарап уақытын қысқарту, болмаса басқа да жағдайлар себеп болғанда аулау бір тәулік деп есептелген. Су қойманың әрбір кәсіптік аудандарында балықтар әркелкі данамен кездесті. (1-кесте)

Кесте 1. Қапшағай су қоймасындағы кәсіптік маңызы бар өсімдікқоректі балықтарын аулау ерекшеліктер

Ақ дөңмаңдай балығы биологиялық, экологиялық сипаттама.

Ақ (Hypophtalmichthys molitrix) және шұбар (Aristichthys nobilis) дөңмаңдай – тұқы балықтарының бөлек тұқымдас астына – дөңмандай жатады. Бұл ірі , тез өсетін , салмағы 50 кг-нан асатын балықтар. Олардың бас үлкен және көздері төмен орналасқан. Денесі ұсақ қабыршақты.
Жыныстық жетілуі климаттық жағдайға байланысты. Орталық Азияда ақ дөңмандай – 3 жасында, шұбар дөңмандай – 4 жасында пісіп жетіледі. Аталықтары аналықтарына қарағанда бір жыл ерте жетіледі.
Салмағы 7-10 кг-дық жұмыс 8 өнімділігі бір млн уылдырық шамасында. Судың 20-23 ◦C температурада уылдырықтан шыққаннан кейін 80-85 сағаттан кейін аралас қоректенуге көшіп активті жүзе бастайды.

Ақ амур (Ctenopharyngodon idella) – тез өсетін, салмағы 40-50 кг-ға және ұзындығы 1 м-ге жететін балық. Денесі валиктәрізді , ірі қабыршақпен қапталған. Басқа тұқытәрізділердегідей амурдың жағында тістері болмайды, қорегін төменгі жақ сүйектенде орналасқан мықты аратәрізді тістерін қолданады.
сімдікпен қоректенуге ақ амур өмірінің бірінші жылында ұзындығы 3 см шамасы болғанда көшеді. Егер рационында коловратка, шаянтәрізділер және хирономидидтер сияқты жануарлар қорегін 30 % болса, 7 – 12 см шабақтар өте жақсы өседі. Кейінгі қорегінің негізін жоғарғы су өсімдіктері және су қоймаға келетін жерде өсетін өсімдіктерді құрайды.
Ақ амурдың өсуінің мүмкіншіліктері өте зор. Оптимальды температура мен оттегілік режимде, қорегінің жеткілікті жағдайында ақ амур 1.5 жасында 10-12 кг-ға жетеді.
Ақ амурдың уылдырығы батипеоагикалық: үлестік салмағы судан ауырлау. Инкубациялық периоды судың температурасына байланысты 18-20 сағаттан 3 тәулікке дейін созылады. Егер судың температурасы оптимальді төмен не жоғары болатын болса, эмбрионның дамуы бұзылады. Өсімдік қоректі балықтардың уылдырығы мен ұрығы су еріген оттегінің төмендеуіне өте сезімтал келеді.

Ақ амур (Ctenopharingodon idella, Valenciennes, 1844). 1970 жылы суқоймаға ақ амурдың әр түрлі жастағы жас шабақтары жіберілген. Ал 1971-1987 жылдар аралығында 4223 мың дана бір жылдық шабақтар ыжәне 5.94 мың дана екі жылдық шабақтары жіберілген. Осы түр үшін бұл көрсеткіш жеткілікті көлемде болатын. Қазіргі танда Қапшағай суқойсасында оның саны аса жоғары емес. Суқойма бойынша незінен жоғары сатылы өсімдіктері жақсы дамыған жерлерінде ғана таралған. Бұл аймақтар, әрине суқойманың жоғары сол жақ жағалауы мен жоғары сатылы өсімдіктер жақсы дамыған өзендердің құярлық аймақтары болып табылады. Ақ амурдың негізгі бөлігі Іле өзенінің құярлық аймағында кездеседі. Ақ дөңмандай сияқты ақ амур балығы – пелагофил, яғни уылдырығын су қабатына шашады. Ақ амур балығы бойынша негізгі мәліметтер осы суқойманың құярлық ауданында жиналады.
Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 2013 жылғы күздің соңына қарай (қараша) жиналған материалдардың нәтижесінде ақ амурдың Іле өзеніне қыстау өрісі анықталған, сонымен қатар ол шұңқырларды қыстап шығатыны анықталған. Оның өрістеу уақыты сазан балығының қысқы өрістеу уақытымен сәйкес келді. Бірақ одан айырмашылығы ақ амурдың өрістеу үйіріндегі дарақтардың барлығын жыныстық жетілген балықтар құраған.

Қорытынды. Су қойма акваториясында кездесетін кәсіптік маңызы бар өсімдік қоректі балықтардың таралуы олардың биологиясына, мекендейтін әрбір экологиялық бөліктеріне байланысты. Суқойманың жалпы алғанда үшінші және төртінші кәсіптік аудандарында өсімдік қоректі балықтар кең таралған. Ақ амур балығы су қойма бойынша барлық аудандарда аз мөлшерде кездеседі. Ақ дөңмандай және шұбар дөңмандай балықтары орташа деңгейде. Аталмыш балықтар су қойманың сол жақ жағалауы яғни үш төрт кәсіптік аудандарында жоғары деңгейде кездесті. Осы балықтардың таралуын біле отырып , олардың тұрақты қорын , кәсіптік деңгейін бірқалыпты ұстап тұру үшін суқоймадағы түрлі жағдайларға байланысты (гидрологиялық , антропогендік т.б.) жұмыстар нақтылы жүргізіліп отырылуы тиіс.

Әдебиеттер

1. Определение рыбопродуктивности рыбохозяственных водоемов и их участок, разработка биологичиских обоснований ОДУ (общих допустимых уловов) и выдача рекомендаций по регулированию рыболовства на водоемах международного, республикансгого и местного значений Балхаш-Алаколького бассейна. Раздел: Капшагайское водохранилище: Отчет о НИР //КазНИИРХ. – Алматы, 2012. – 129с
2. Правдин И.Ф. руководств по изучению рыб. – М.: Пищевая промышленность, 1966.-376 с.
3. комплексная оценка эколого-эпидемиологического состояния биоресурсов основных рыбохозяйственных водоемов Казахстана для формирования государственного кадастра. Раздел: Капшагайское водохранилище и река Или: Отчет о НИР (заключительный)//КазНИИРХ. – Алматы, 2011.С – 105.
4. Рыбы Казахстана. Т.1 – Алма – Ата: «Наука», 1986.С – 271.

Авторлары: Д.Даркенбайулы, Г.А.Кулманова

Категория: География | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: қазіргі, жағдайы, қоректі, ӨСІМДІК, қоймасындағы, су, Қапшағай, балықтардың
Просмотров: 429 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar