Қазақстан Географиясы - География - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » География

Қазақстан Географиясы
[ · Скачать удаленно (43.5Kb) ] 08.11.2012, 12:16
Қазақстан Географиясы

Оңтүстік – Қазақстан Облысы Қазақстанның Оңтүстігінде, шамамен Тұран ойпатының шығысымен Тянь – Шань тауының батыс бөлігінде орналасқан.Аумақтың үлкен бөлігі жазық дала, Қызылқұмның дөңес тізбекті топырағы, Шардара шөл даласы (оңтүстік батыс, Сырдарияның сол жағалауы), және Мойынқұм (солтүстікте, Шудың сол жағалауы) алып жатыр.
Солтүстік бөлігінде Бетпақ – Дала шөлі, оңтүстік шетінде – Мырзашөл.Облыстың орталық бөлігін Қаратау жотасы (қ.Бессаз – 2176 м.), оңтүстік – шығысын – Алатау Таласскасының батысының шеті ғана,Қаржантау жоталары (биіктігі – 2824м дейін ) және Угам (ең биік нүктесі – Сайрам шыңы – 4238м ) иемденіп жатыр.
Ең үлкен ірі өзендер – ол Сырдария (Келес, Құрықкелес, Арыс, Бұғын т.б.тармағы) облыстың оңтүстігі мен солтүстік – батыс аумағынан ағып өтеді, және Шу өзені (өзеннің төменгі ағысы), солтүстікте ағып, Мойынқұм топырағынан жоғаоып кетеді.
Облыс алаңы 117,3 мың шаршы км немесе республиканың 4,3 % аймағы, Солтүстік пен Оңтүстік үлескінің арлығы тікелей 600 кмқамтиды.Облыс тез континентальды климат аймағында орналасқан.Құнарлы жері, күн сәулесі тұрақты түсетін кең – байтақ өлкенің осы өңірі әртүрлі ауыл – шаруашылық бағытын, біріншіден – жер шаруашылығын және мал шаруашылығын дамытуға өте қолайлы аймақ. Егін, мақта, күріш және жүзім бақшалары жоғары дәрежеде мол өнім береді.
Облыстың табиғи байлығы минералды – шикізат ресурстары және полиметалл рудасының табылған ошағы.(Қаратаудың оңтүстік батысында Кентау қаласының маңы, Ащысай, Байжансай, Мерғалысай және т.б.ошақтар).
Үлкен өндіріс қызығушылығы Қаратау жотасында темір рудасының табылғанын көрсетеді.Бұл облыста құрылыс заттарын шығаратын минералды – шикізат ресурсы бар.(әк, гипс, кварц құмдары, отқа төзімді керамикалық және бетонды саздар, минералды бояулар, ұсақ майда тастар).
Оңтүстік Қазақстан облысы : солтүстікте Қарағандымен, шығыста Жамбыл облысымен және батыста Қызылорда облысымен, оңтүстікте Өзбекстан мемлекетімен шектелген.Халық саны – 1978,3 мың адамды құрайды.
Оңтүстік Қазақстан Облысы әкімшілік бірлігі ретінде 1932 жылы құрылды.Аумақтың көп бөлігі тегіс жазық жер және 117,3мың шаршы км құрайды.Аумақтың солтүстік және батыс бөлігі – кең байтақ жазық ұлан дала, оңтүстік – шығысы Талас, Алатау, Ұғам, Қаржантау таулы жоталарымен көтерілген. (биік нүктесі – Сайрам шыңы, 4338м).Облыстың ең ірі өзендері – Сырдария және Шу.
Облыс көлеміндегі жер қойнауы – сұрғылт түсті, кейбірі тұзды сор жер.Жер бетінде өсетін өсімдік әлемі сан түрлі, оның ішінде жусанды дақылды өсімдіктер, құмды шөлейтті жерлерде – сексеуіл, өзен маңында – қамысты батпақты және тоғайлы ормандар, тау бөкперінде – арша жайылымдары, жабайы алмалар, таулы аймақтарда – жайылымдар алады.
Қысы жылы, жайлы (10 С – қа дейін), ал жазғы ауа – райы өте ыстық(+ 35 С – қа дейін)Вегетациялық кезең – 230 – 320 күндерді қамтиды.Орташа есеппен жауын – шашын мөлшері жылына 100 – 450 мм дейін, ал биік таулы аймақтарда 800 мм дейін жетеді.


Қарағанды облысы Еуразияның нағыз орталығында орналасқан.Тарихы мол бұл аймақ Қазақстан мен басқа да елдердің экономикалық және мәдениет айырбастау жол қатынасы болған.Қарағанды облысы жаңа қала болып 1997 жылдың мамыр айында құрылды.
Қазақстанның оңтүстігінде Оңтүстік–Қазақстанмен және Жамбылмен, солтүтік – шығысында Павлодармен,солтүстік – батысында Қостанаймен, шығысында Шығыс Қазақстанмен,оңтүстік–батысында Қызылордамен, оңтүстік – шығысында Алматы облыстарымен шекараланған Алаңы 428 мың шаршы км. 9 – ауылшаруашылық аудандарға бөлінеді. Аумақта 11 – қалалар және 39 – ауыл кенті,588 – село және ауыл округтері орналасқан, орталығы Қарағанды қаласы.Бұл орталық аймақтың демографиялық өсуінің және дамуының негізгі ерекшелігі халық санының мүлдем динамикалық өзгеруі болды. 1993 жылға дейінгі ортажылдық өсуінің екпіні 1989 – 1992 ж.ж. кезеңдерінде 0,7 % құрайды, бұдан кейін халақ саны түсе бастады. 1999 жылға дейінгі адам санының ортажылдық төмендеуі 0,9 % құрайды. Кейінгі жылдары халық санының төмендеу екпіні күрт қысқарды, 2005 жылы алғаш рет осы өсу көрсеткіші нықталып, осы бағытты мақсатты түрде жалғастыруды көздеді.
Қазақстан Республикасының 1999 ж. санағына сүйенсек, орталық қазақстанның халық саны 1 410 218 адамды құрады, яғни 1989 жылмен салыстырғанда 19,1% қысқарды , содан кейінгі жылдары – тағы 5,6% , 2006 жылдың басында халық саны 1 331 702 жетті.
ТАБИҒИ МӘЛІМЕТІ.Облыс Қазақстанның орталығын, ең көрнекі – Сарыарқа жерін алып жатыр, геоморфологиялық қатынасы жағынан өзіндік және бір қалыпты емес, ал табиғаты жағынан күшті көтерілген. Рельеф өзендер алқабымен, құрғақ жерлерден, жер асты суларының көтерілуінен күрделенген.
Облыстың климаты күрт өзгеретін, тез континентальды. Жаз маусымы ыстық және өте құрғақ, ал қыста аз қар жауғанымен боранды және ызғарлы суық желді. Көктем айлары тек сәуір айында түскенде қарағанды жері тіріліп әсемденіп жасыл шөптерге, түрлі түсті ашық қызғалдақтарға оранады. Жазғы қапырық күндері облыста ауа температурасы +37 С – қа дейін көтеріледі. Күн сәулесінің қатты түсуі жасыл шөптерді және кең байтақ даланы сары түске енгізеді. Мұндайдан бұтақ ағаштарының көлеңкесі және арасында жауған қысқа жауын – шашын құтқарады.
Облыс – жануарлар әлеміне бай және алуан түрлі. Оңтүстігімен оңтүстік – батысында жасыл шөптер кілемше жайқалғандай, көптеген киік отарларын қызықтырып тартады. Оларды – алтын киік деп те атайды. Киік – мамонттың қазіргі түрі, Сарыарқаның ең ежелгі фаунасының өкілдері. Олардың тәтті еттері Франция. Италия, Англия мемлекеттерінің мейрамханаларында таңдаулы тағам болып есептелінеді. Ал киіктің мүйізі емдік қасиетімен ерекшелінеді. Ол мүйізді тибет және қытай медициналарында қолданған. Осы киік мүйізінен алынған сығындыда тынышталдыратын өзіндік қасиеті бар.Жылдық орташа жауын – шашын мөлшері 100 – ден 300 мм. Жауын – шашынның көп бөлігі қыста жауады. Ең суық ай – қаңтар. Аяз – 40 С – қа дейін жетеді.


АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ЖАЙЫНДА МӘЛІМЕТ.
Атырау облысы 1938 жылы құрылған, Республиканың батыс бөлігінде орналасқан. (1992 – ші жылға дейін Гурьев облысы деп атаған)
Облыстың аумағы 118,6 мың шаршы км тең. Облыстың орталығы Атырау қаласында (1992 ж. дейін Гурьев қаласы),Орал өзенінің маңында орналасқан.1640 жылы негізі қаланды.
Облыстың тұрғылықты халқы 2005 жылы 1 – желтоқсанда 471,6 мың адамды құрады. Оның ішінде – 268,4 мың адам (яғни 56,9%) қалалық тұрғындар, ауылдық тұрғындар саны – 203,2 мың адам(43,1%). Атырау қаласында 2005 ж 1 – желтоқсанда 175,3 мың адам тұрғындаған немесе облыстың 37,2% бүкіл халқы деуге болады.
Атырау мен Астана аралығы – 1810 км Облыс бойынша орташа есеппен тұрғылықты халық тығыздығы (1 шаршы км аумағына) 4 адамды құрайды.
Облыста 7 – аудан, 2 – қала, 11 – қыстақ және 178 – ауыл бар.
Облыстың ұлттық құрамы 1999 ж санақ қорытындысы бойынша : қазақтар – 89,0% ; орыс – 8,6 % ; украиндар – 0,3 % ;немістер – 0,2 % ;беларустар – 0,1 % ; басқа ұлттар – 1,8 % қамтыды.

Категория: География | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Қазақстан, Географиясы
Просмотров: 1783 | Загрузок: 237 | Рейтинг: 4.5/2
Всего комментариев: 0
avatar