Қазақстан Республикасы мен Австрия Республикасы арасындағы қатынастар - География - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » География

Қазақстан Республикасы мен Австрия Республикасы арасындағы қатынастар
[ · Скачать удаленно (39.0Kb) ] 08.11.2012, 11:21
Қазақстан Республикасы мен Австрия Республикасы арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

1992 жылғы 18 қаңтарда Австрия Республикасы Қазақстан Республикасының егемендігін таныды.

1992 жылғы 19 ақпанда дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

1995 жылы Австрия Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды.

2002 жылғы қарашада Алматыда Австрия Республикасының Құрметті Консулдығы ашылды. Құрметті консул – Клаус Райнхофер.

2005 жылғы қыркүйектен бері - Австрия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Д.Қуанышев.

2006 жылғы 16 шілдеден бері –Қазақстан Республикасындағы Австрия Республикасының Уақытша Сенімді Өкілі (Вена қаласында тұрақтанған) Франц Веснер.

Саяси қатынастар

Қазақстан мен Австрия арасындағы саяси қарым-қатынастар екі мемлекет лидерлері мен сыртқы саяси ведомстволары басшыларының кездесулері барысында қалыптасқан сындарлы диалогпен сипатталады.

1991ж. қазанда ҚР Президенті Н.Назарбаев пен Австрияның Федералды Канцлері Ф.Враницкийдің кездесуі өткізілді (Байқоңыр ғарыш айлағынан австриялық ғарышкері мінген ғарыш кемесін ұшыру кезінде).

1993 ж. 2 ақпанда Қазақстан Перзиденті екінші рет ресми сапармен Австрияда болды. Сапар барысында Федералдық Президент Т.Клестильмен және Федералдық Канцлер Ф.Враницкиймен кездесулер өткізіліп, екі жақты экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

1993 ж. сәуірдің аяғында Федералдық Канцлер Ф.Враницкий Қазақстанға сапармен келіп, өткізілген келіссөздер барысында Әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімге және Қарағанды металлургиялық комбинатын қайта жабдықтауға инвестиция салу туралы меморандумға қол қойылды.

1996 ж. қазан мен 1997 ж. сәуірде екі жақты ынытмақтастықтың нақты бағыттарын талқылау мақсатында Алматыға Австрияның Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия және Кавказ істері жөніндегі өкілетті өкілі Хайдемария Гюрердің іссапарлары өткізілді.

1999 ж. шілдеде Президенті Н.Назарбаев жетекшілік еткеен делегация Орталық және Шығыс Еуропа елдеріне арналған Зальцбургте өткізілген экономикалық саммитке қатысып, оның шеңберінде Австрия Президенті Т.Клестильмен кездесу өткізілді. Тараптар екі жақты және көп жақты форматтағы ынтымақтастықтың ахуалы мен болашағына қатысты мәселелерді талқылады.

2000 ж. ақпанда ҚР Президенті Австрия Республикасына кезекті сапармен барып, Австрияның Федералдық Президенті Т.Клестильмен, ЕҚЫҰ Бас Хатшысы Я.Кубишпен келіссөздер және Австрияның Экономикалық Палатасының өкілдерімен кездесу өткізді.

2004 ж. 9-10 қыркүйекте өткен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Австрияға сапары екі ел арасындағы қарым-қатынастың дамуына қосымша серпін берді. Тараптар Қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға, Экономикалық, ауыл шаруашылық, экологиялық, өнеркәсіптік, техникалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды. Соңғы құжатта Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия құруды көзделген. Қазақстан-Австрия үкіметаралық комиссиясының тең төрағалары міндеттерін атқару қазақстан тарапынан ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Р.Әлиевке, австрия тарапынан Министрдің орынбасары мәртебесіндегі АР Экономика және еңбек федералдық министрлігінің сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі бас директоры Й.Захсқа жүктелген.

Парламентаралық байланыс. 2004 ж. 19 ақпанда ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының қысқы сессиясы шеңберінде қазақстан-австрия парламентаралық келіссөздері жүргізіліп, нәтижесінде екі жақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттары белгіленді.

Сауда экономикалық қатынастар

Қазақстан мен Австрия арасындағы тауар айналымы 2005 жылы 158,1 млн. долларын құрады, яғни тауар айналымының 2004 жылмен (142,6 млн.долл.) салыстырғандағы жылдық өсімі 10,8% құрайды.

Атап айтқанда, 2005 жылы экспорт көлемі 1,1 млн. доллар құрап, 2004 жылмен (0,8 млн.долл.) салыстырғанда 37,5%-ға өскен.

2005 жылы импорт көлемі 157,0 млн. доллар құраған, бұл 2004 жылмен (141,8 млн. АҚШ долл.) салыстырғанда 10,7%-ға жоғары.

2005 жылы Қазақстан Республикасы Австрияға негізінен келесі өнімдер экспортталды:
мұнай және мұнай өнімдері, минералдар және минералды шикізат, металдар, мақта, радиоактивті шикізат;

Қазақстанда шамамен 40-қа жуық австриялық фирмалардың өкілдіктері тіркелген, соның ішінде «Фест Альпин Трейдинг», «Фест Альпин Фертриб», «Вальтхам», «АСГ Хандельс унд Бетайлигунг», «Цинекс», «Вико Хандельс», және т.б. бар.

Австриямен әріптестік байланыстарды жолға қойған қазақстандық фирмалардың арасынан «Қарағандыкөмір» ӨБ, Ертіс химия-металлургиялық комбинаты, «Жезқазғантүстіметалл», «Фосфор» ӨБ, «Қазжелдорснаб», «Химпром» ӨБ, «Медполимер» АҚ және т.б. атап өтуге болады.

Соңғы жылдары банк саласындағы қазақстан-австрия ынтымақтастығы жандана түскендігі байқалады. 2001 ж. австриялық «Райффайзен Центральбанк» «ТұранӘлем» банкінің 10% акцияларын сатып алғанын және бірқатар жобаларды қаржыландыруға қатысқанын атауға болады.

Аймақаралық деңгейде Павлодар облысы Каринтия федералдық жерімен сауда-экономикалық байланыстар орнатқан. Алматы мен Төменгі Австрия федералдық жері арасында экономикалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған.
«Ынтымақтастық туралы меморандумға» және «ҚР Үкіметі мен АР Үкіметі арасындағы әуе байланысы туралы келісімге» сәйкес аптасына екі рет «Австрия Әуе жолдары» авиакомпаниясы Вена-Алматы-Вена бағытында ұшақ қатынастарын қамтамасыз етеді. «Австрия Әуе жолдары» авиакомпаниясының өкілдіктері бір мезгілде Алматы мен Астанада ашылды. Бірақ, 1999 ж. қыркүйекте австриялық тараптың бастамасымен шығынды болуына орай бұл рейстер тоқтатылды.

Әскери-техникалық ынтымақтастық

2003 ж. 2 мамырда Қазақстандағы Австрияның Елшілігі жанында ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты Өкілдің Әскери кеңесшісі қызметін қоса атғаратын Әскери атташе тағайындалды.

Әскери сала бойынша ынтымақтастықты дамыту мақсатында Австрия Қорғаныс Министрлігі қазақстандық әскери қызметкерлердің таулы жерлерге және бітімгерлік бөлімшелерді дайындау курстарында оқыту мүмкіндігі қарастырылуда. Тілдік дайындық пен жаппай қырып-жою қаруларынан өорғану саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі курстарды ұйымдастыру да жоспарланып отыр.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

1992 ж. қол қойылған ынтымақтастық жөніндегі меморандумға сәйкес австриялық тарап жыл сайын Әлемдік банктің Венадағы Біріккен институтында рыноктық экономика, маркетинг және банк ісі мәселелері бойынша қазақстандық мамандар үшін тәжірибелер ұйымдастырады.

Венаның Дипломатиялық академиясына жыл сайын Қазақстан Республикасы СІМ қызметкерлері мамандаық білім алуда.

ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Каринтия федералдық жер аймағы арасында білім беру және ғылым саласы бойынша ынтымақтастық қалыптасқан. Қазақ Мемлекеттік әлемдік тілдер университетінде Қазақстандағы бірінші «Австриялық кітапхана» ашылды. Қазіргі таңда осы университет пен Австрия Федералды білім беру министрлігі арасында жыл сайын студенттер және оқытушылармен алмасу туралы келісім бар. Австрияның Академиялық алмасу жөніндегі қызметі жыл сайын қазақстандық студенттерге Австриядағы ЖОО-да білім алу үшін шәкіртақылар ұсынады.

Австрияда қазақ диаспорасы тұрақтанған (барлығы - 72 адам).
Категория: География | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Австрия, қатынастар, арасындағы, Қазақстан, Республикасы
Просмотров: 1030 | Загрузок: 208 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar