Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы - География - Рефераттар - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Рефераттар » География

Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы
[ · Скачать удаленно (44.0Kb) ] 08.11.2012, 10:50
Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы 12 маусымда орнатылды.

Италия Республикасының Елшілігі 1992 жылы қазан айында Алматы қаласында ашылды.
2005 жылғы сәуірден бастап Италия Республикасының Елшілігі Астана қалсында.

Қазақстан Республикасының Елшілігі 1996 жылы Рим қаласында ашылды.

Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Хамзаев (2004 жылғы қазаннан).

Италия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі - Диего Лоренцо Лонго. (2002 жылғы қыркүйектен).

Италиядағы Қазақстан Республикасының Құрметті консулдары – Венето аймағы бойынша Н.Ларони мырза, Кампания аймағы бойынша – С.Москати.

Саяси қатынастар

Италияның саясаткерлері арасында қазақстан-италия серіктестігін дамыта түсу ойы берік қалыптасқан. Елдегі ішкі саясат жағдайына қарамастан, Үкімет басындағы жүргізуші және оппозициядағы партиялар да осы ұстанымда. Екі ел арасындағы халықаралық маңызды мәселелр, оның ішінде Азия қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде екі ел көзқарасының сәйкес келетінін Италияның ресми тұлғалары да айтады. Италия ҚР Президенті Н.Назарбаевтың АӨСШК және трансатлантикалық серіктестікке қатысуындағы ынталарын түсіне отырып, Қазақстанның негізгі сыртқы саясаттағы озықтығын мойындайды.

Бүгінде Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы геосаяси көпір және әлем бойынша келешектегі ең бай мұнайлы аймақ ретінде қарастырылады. Италияның болашақта мұнайға деген мұқтаждығының көлемді бір бөлігін Каспий аймағы арқылы қамтамасыз етуді ойластырып отырғаны анық.

Италияның билеуші топтары Президент Н.Назарбаевтың саяси жетекшілігін, сонымен бірге, басқа ТМД елдеріне қарағанда Қазақстанда демократияның үстемділігін мойындайды.

Ресми Рим ҚР-ның Еуропа институттарымен сыбайластыққа ұмтылуына дұрыс қарайды және Қазақстанның бұл мәселесіне көмектесуге дайын екенін білдіреді. Қазақстанның Еуропа кеңесімен және оның органы – Венеция комиссиясымен байланысын демократиялық жолмен дамытқысы келетіні ҚР-ның демократиялық жолды таңдап отырғанының кепілі.

Қазақстан 1998 жылдан бері осы Комиссияның тұрақты қатысушысы болып саналады.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев 1993, 1998 және 2003 жылдары Италияға жасаған ресми үш сапарында Италия басшысымен және Үкімет басшыларымен кездесіп, бірнеше екі жақты құжаттарға қол қойды.

1997 жылы Италия Президенті О.Л.Скальфаро мен Премьер-министр Р.Проди Қазақстанда болды.

Парламент деңгейіндегі қарым-қатынастар. 1997 жылдың көктемінде Италия Парламенті мен ҚР Паламент Мәжілісі екі жақты достық тобын құрды. Міндеті – екі елдің парламенттері арасындағы байланысты дамыта отырып, тәжірибе алмасу.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Сауда-экономикалық саласында қазақстан-италья ынтымақтастығы белсенді дамуда. Италия Қазақстанның ірі сыртқы сауда серіктесі санына кіреді.

2003 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 1,3 млрд. доллар құрады, оның ішінде экспорт – 1,1 млр.доллар, импорт – 200 млн. доллар. 2004 жылы тауар айналымының мөлшері 3,5 млрд.долларды құраған. Экспорт – 3,1 млр.доллар, импорт – 400 млн.доллар. 2005 жылы 4,8 млрд.еуро құрады.

Экспорттың негізгі құрылымы – мұнай, табиғи газ, асыл металдар, мұнай өңдеу өнімдері, мыс, цинк, басқа да түсті металдар мен одан жасалған бұйымдар, қара металдар, мақта, химиялық өнімдер, құрылыс материалдары, машинаға қатысты жабдықтар және т.б.

Импорт номенклатурасы да дамып барады. Оның негізгі бөлігі киім-кешек, аяқ-киім, жиһаз, жабдықтар, ХТТ, тамақ өнеркәсіп тауарлары, көлік, химия және фармацевтік өнімдерін сатып алуға бағытталған.

Қазақстанда 42 қазақстан-италья бірлескен кәсіпорны және 8 италия компанияларының өкілдігі тіркелген. Жұмыс әр салада - пайдалы қазба байлық орындарда, ауыл-шаруашылық тауарларын өңдеуде, тамақ өнеркәсібінде, ауыл-шаруашылық машина жасауда, ауыр, жеңіл өнеркәсіпте, энергетика, ХТТ шығаруда дамып келеді.

1993-2004 жылдар аралығында ҚР-ға шетел инвесторларының мөлшері бойынша АҚШ, Оңтүстік Корея және Ұлыбританиядан кейін Италия 4-і орында. 2004 жылдың аяқ кезеңдегі көрсеткіші бойынша Қазақстан экономикасына итальяндық инвестициясының көлемі 1,6 млрд. АҚШ доллардан асады.

Италия компаниялары ҚР жылу энергетикасы кешеніне қатысты Қазақстан нарығын меңгеруде белсенділік танытуда.

2005 жылы Италия компанияларымен жалпы сомасы 749,12 млн. АҚШ доллар құрайтын Karachaganak Petroleum Operating, Agip Kazakhstan North Caspian Operating Company, TengizChevroil жобаларына 817 шарттар жасалынды. 2006 жылдың І-ші тоқсанында итальяндық компаниялар аталған жобаларға 58,73 млн. АҚШ доллар құрайтын 205 шарттар жасасты.

SACE экспорттық несиелерді сақтандыру жөніндегі Италияның мемлекеттік компаниясы Қазақстанның несиеге қатысты ұстанымын қарастырып, оны Ресеймен бірге төртінші деңгейге көтерді. Бұл жөнінде компанияның сарапшылары ҚР макроэкономикалық көрсеткішінің тұрақтылығы, тауар айналымының өсу динамикасы, банк жүйесінің беріктігі және басқа да себептермен түсіндіреді.

Экспорт несиелерін сақтандыру саласында да ынтымақтастық дамуда. 2005 жылы АҚ «Экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтау корпорациясы» мен «SACE» экспорт несиелерін сақтандыру жөніндегі Италияның мемлекеттік компаниясы арасында өзара түсінушілік туралы Меморандумға қол қойылды.
Сауда-экономикалық салада Қазақстан-Италия арасындағы қатынасы дамуының негізгі қадамы өнеркәсіп және экономикалық ынтымақтастық пен (ҮАЖТ) алмасу жөніндегі Үкіметаралық жұмыс тобының мәжілісі болып саналады. Мәжіліс 1998 жылы 15 қыркүйекте Рим қаласында, 2002 жылы 23 мамырда Астана қаласында және 2004 жылы 11 қарашада Рим қаласында өткен болатын. 3-ші ҮАЖТ мәжілісі барысында екі жақты экспорттық-импорттық тасқынның диверсификациясы жолымен сауда-экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай тереңдету мәселесі талқыланды. Сонымен қатар бірлескен кәсіпорындарды құру және мұнайгаз машина жасауда, тоқыма және былғары саласына итальяндық инвесторларды тарту ұсыныстары жасалды.

2004 жылы 24 ақпанда Рим қаласында ҚР сауда-өнеркәсіп палаталар Кеңесінің Өкілдігін ашу рәсімі өтті. Ашылу рәсімінде қазақстандық кәсіпкерлер (8 компания өкілдері) мен Италияның бизнесмендері (75 адам) қатысты.

2005 жылғы 8 наурызда Милан қаласында "ҚазИнвест” АҚ төрағасы А.Баталовтың қатысуымен Қазақстаннның "ҚазИнвест” инвестицияларға жәрдемдесу орталығының тұсаукесері өтті.

2005 жылғы 15 наурызда Равенна қаласында Жерорта теңізі оффшор конференциясына орай Agip KCO ұйымдастыруымен "Қашаған” жобасы бойынша тауар мен қызмет нарығымен танысуға арналған халықаралық тұсаукесері өтті.

2006 жылы 20-23 маусым аралығында Астана қаласында итальян кәсіпкерлері үшін ҚР кластерлік бағдарламасының тұсаукесері өтті. "Италия-Қазақстан” Ассоциациясының қатысуымен 20-дан астам италияндық компаниялар мен 100-ден астам қазақстандық компаниялар екі жақты ынтымақтасу мүмкіншіліктерін талқылады. Тұсаукесердің нәтижесі бойынша екі жақты байланыс орнатылды.

Аймақтық ынтымақтастық. 2003 жылы Оңтүстік-Қазақстан облысынан келген делегация Токсана аймағында болып қайтты. Саяси кездесулермен қатар екі аймақтың бизнес өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум ұйымдастырылды. Қазіргі таңда аталмыш аймақтар өкілдері арасында ниет білдіру хаттамасы қол қоюға дайын, сонымен қатар Тоскананың бизнес өкілдерінің Қазақстанға келуі дайындық үстінде.

Лигурия, Абруццо, Пулья, Марке және Молиз аймақтарында Қазақстан бизнесі деп аталатын тұсаукесер өтті. Тұсаукесер барысында Италия кәсіпкерлері Қазақстанмен екі жақты қатынас дамытуға қызығушылық танытты.

Нәтижесінде екі жақ Лигурия және Батыс-Қазақстан, сондай-ақ, Абруццо және Солтүстік-Қазақстан облыстары арасында бауырластық орнатуға уәделесті. Бүгінде аталған аймақтардың әкімшіліктері мен іскер топтары екі ел арасындағы байланысты арттыруға атсалысуда. Сонымен бірге Бари Университеті Қазақстанның Ауыл-шаруашылық университетімен Ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қоюға ниет білдірді.

Білім саласындағы ынтымақтастық. 2005 жылдың сәуір айында ҚР Білім және ғылым министрі Б.Әйтімова Италияда жұмыс сапарымен болып қайтты. Сапардың мақсаты – байланыс орнату мен "Болашақ” бағдарламасы шеңберінде Италияның жоғарғы оқу орындарында Қазақстан азаматтарының білім алу мүмкіндігі бойынша келіссөз өткізу, сондай-ақ ғарыш саласындағы ынтымақтастықты жандандыру. Сапар барысында Білім беру, университет пен зерттеу министрі Л.Мораттимен, Италияның негізгі университет басшысымен, "Финмекканика” қорғаныс және аэроғарыш компаниясы директоры Д.Марескамен кездесулер өтті. Кездесулер нәтижесінде екі жақ аталған бағыттарда озық ынтымақтастық орнатуға даяр екендіктерін паш етті.
Категория: География | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: италия, Қазақстан, Республикасы
Просмотров: 1681 | Загрузок: 229 | Рейтинг: 5.0/11
Всего комментариев: 0
avatar